1. Жүк вагондары типтерін таңдау, вагондар параметрлері және ұзындық өлшемдері



жүктеу 11,12 Mb.
бет40/40
Дата14.09.2023
өлшемі11,12 Mb.
#43380
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Лекции для вагонников

Дәріс№37
Жүк вагондарының құрылысының қағидалары
Қазіргі жүк паркін жүк тасымалына арналған вагондар, сондай-ақ, вагон-мейрамханалар, пошталық, қол жүгіне арналған және белгілі бір мақсаттарға арналған вагондар (қызметтік, жол өлшеуші, вагон-зертханалар, вагон-клубтар, т.б.) құрайды.
Тасымал қашықтығына байланысты вагондар өзінің құрылғысы бойынша ерекшеленеді. Тағайындалуына қарай вагондар төмендегіше бөлінеді:
- алыс сапарға арналған – жолаушыларды үлкен қашықтықтарға тасымалдауға арналған; олар купелік және купелік емес болып бөлінеді; жатуға арналған қатты немесе жұмсақ дивандармен жабдықталғандықтан қатты немесе жұмсақ деп аталады;
- облыс аралық қатынасқа арналған – жолаушыларды 1000 км дейінгі қашықтыққа тасымалдауға арналған. Мұндай вагондардың отыруға ыңғайлы креслолары болады;
- қала маңылық – жолаушыларды қысқа ғана уақыт ішінде аздаған қашықтыққа тасымалдауға арналған; отыруға арналған (қатты немесе жұмсақ-қатты) дивандармен жабдықталған;
- вагон-мейрамханалар пойыз жолаушыларын сапар барысында тағаммен қамтамасыз етуге; пошталық – хаттарды, посылкаларды, басқа да пошта жүгін тасымалдауға арналған; қол жүгі вагондары – қол жүгін тасымалдауға арналады. Жылжымалы құрамның бұл тобы жолаушы тасымалына арналған вагондардан ішкі жабдықтарымен және ішкі жобасымен ерекшеленеді.
Алыс сапарға арналған пойыз вагондарында жолаушылар үшін мейлінше жақсы жағдай жасау қарастырылған. Ол үшін ондай вагондар мынадай талаптарға сай болуы тиіс: жолаушылардың жеткілікті көлемдегі орын-жайы, отыру және жату үшін ыңғайлы орындары; дәретхана бөлімдерінің тиімді және талапқа сай орналастырылуы; жылыту, желдету және салқындату жүйелерінің әрдайым жұмыс істеп тұруы; жеткілікті түрде жарықтандырылуы (жасанды және табиғи); жоғары сапада көркемделуі тиіс.
Жолаушылар тасымалдауға арналған арнайы және қосымша қызметтегі вагондар раманың көлденең арқалықтарымен 1, қабырға тіреулерімен 2 және төбесінің доғасымен 3 бекітілген жұқа қабырғалы бітеу қабықтан тұрады (13.7-сур.).



13.7-сурет

Қазіргі жолаушы вагондарының шанақтары конструктивті-технологиялық блоктардан тұратын (13.8-сур.) тұтастай алып жүруші тұтас металды конструкциялар. Шанақтың негізгі алып жүруші элементі рама 1, оның бүйір бойлық 7 және соңғы (буферлі) 11 арқалықтарына бүйір 5 және шеткі 2 қабырғалар бекітіледі. Жолаушы вагондарының ішкі жобасы олардың арналу мақсатына байланысты арақабырғалармен 3 жабдықталады.


Жоғарысы бүйір және шеткі қабырғалармен бекем қосылған шатырмен 4 жабылады.
Раманың негізгі алып жүруші элементі – кесілмеген жоталы арқалығы 6 және 10. Жоталы арқалықсыз рамаларда шүберенді арқалықтардың 9 арасына орналасқан бөлігі 6 болмайды, оның орнына бойлық гофрларымен металды гофрленген табақтар орнықтырылады.



13.8 – сурет.

Сонымен бірге жоталы арқалық 10, раманың консольды бөлігінде,соққылы-тарту құралдарының орналасуына қызмет жасайды. Қабырғалардың және шатырының қажетті мықтылығы мен беріктігін қамтамасыз ету үшін оларға бойлық және көлденең бекітуші элементтер қосады. Раманың, бүйір қабырғалар мен шатырының негізгі көлденең элементтерін бір жазықтықта орналастырған мақсатқа лайықты. Вагонның бөлек модельдерінде шанақ қабырғалары мен шатырын сыртынан гофрленген табақтармен көмкереді. Сонымен қатар каркастың бойлық бекітуші элементтерінің бөлігін болдырмайды, бұл дегеніміз шанақтың беріктігін, қаттылығын сақтай отырып, салмағын азайтуға мүмкіндік жасайды.


Жолаушы вагонының шанағынан беріктік қасиеттерін қамтамасыз етуден басқа, температуралық режим талап етіледі: сыртқы ауаның температурасы ұзағына «минус» 40оС болған жағдайда, шанақ ішіндегі температура «плюс» 18оС-тан төмен түспеу керек. Бұл шарт шанақтың жылылықты өткізбейтін материалмен және жылу жүйесімен жабдықталғандығынан туады.
Шанақтың негізгі типтері конструктивті орындалуы және өлшемдері бойынша бірыңғайланған және екі түрге бөлінеді: шүберенділердің арасында жоталы арқалықсыз және рама ұзындығы бойынша жоталы арқалығымен. Дегенмен, рама үстіндегі бөлігі ұқсас. Жоталы арқалықсыз шанақтар жоталы арқалығы бар шанақтарға қарағанда дайындалуына металл шығының аз кеткендігіне қарамастан үлкен жүктемелерді қабылдайды. Сондықтан пайдалануда олар кеңінен қолданылады.
Шанақтардың металды құрылысында алып жүруші элементтері үшін төмен қоспалы болатпен қатар коррозиялық тұрақтылығы жоғары тот баспайтын болат пен алюминий қоспасы қолданылады.
Жоталы арқалықсыз шанақ (3 сурет) рамадан, бүйір және шеткі қабырғалар мен шатырдан тұрады. Раманың орта бөлігінде жоталы арқалығы болмағандықтан консольды бөлігі және де бойлық бүйір арқалықтары мен шанақтың орта бөлігінде бойлық арқалықтарды бір-бірімен байланыстыратын элементтері нығайтылған. Раманың консольды бөлігінде соңғы 25, шүберенді 77 және жоталы 23 арқалықтары жоғарғы және төменгі жағынан ойықтары бар табақтармен жабылған. Табақтар формасы мен вертикалды элементтер соққылы-тарту құралдарынан бойлық күштеулердің бөлігін раманың бойлық бүйір арқалықтарына 12 және шанақтың бүйір қабырғаларына беруге арналған көлденең арқалықтар 22 мен тіреулерді 20 құрайды. Ойық 21 шанақты жүріс бөліктерімен қосатын шүберенге арналған. Бұдан басқа, консольды бөлік төсеніш элементінің бірі жазық табақпен 30 жабылған. Көлденең қимада дөңгеленген бұрыш формалы бүйір бойлық арқалықтар 12 бір-бірімен көлденең арқалықтармен 14 байланысқан. Орта бөлігінде шүберенді арқалықтар 17 арасында көлденең арқалықтарға 14 гофрленген табақтар 13 жабылған, олардың жоғарысынан ағаш бөренелер 18 мен жылылық өткізбейтін пакеттер 19 орналасқан.



13.9-сурет


Еден төсенішінің жоғарғы қабаты линолеуммен 16 қапталған ұсталық плиталардан 15 тұрады. Шанақтың бүйір қабырғалары жоғарғы 2 және төменгі 8 белдеулерден құралған, терезелік 6 және есік 3 ойықтары бар. Бүйір қабырғаның төменгі байлануы ретінде раманың бойлық арқалықтары 12, ал жоғарғы байлануы ретінде швеллер 11 қызмет жасайды. Гофрленген көмкермесі аралық 37 және есік тіреулерімен 33 бекітілген. Тор көз бөренелері 40 металл каркасқа болттармен бекітіледі. Жылу өткізбейтін пакеттер 39 тор көзге шегемен бекітілген гидроизоляциялық қазғаз 38 қабатымен оралған. Ішкі жағынан бүйір қабырғаларының терезе асты ұсталық плитамен 41, ал терезе үсті және консоль бөлігі араларының арақабырғалары ағаш талшықты плитамен 43 жабылған. Бүйір қабырғалары көмкермесінің қаттылығын қамтамасыз ету үшін терезе ойықтарының астында бойлық белдеулер 7 қондырылған. Шеткі қабырға раманың соңғы арқалығына 25 және бұрыштық тіреулерге 32 бекітіледі. Есік ойығы зонасында төменгі жағынан раманың соңғы арқалығына 25, ал жоғарғы жағынан көлденең арқалыққа 35 пісірілген, пойыз аударылған жағдайда жолаушыларға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, соққыға қарсы келетін мықты тіреулер 27 орналасқан. Төменгі бөлігінде соңғы арқалыққа табалдырық 24 қондырылған. Шеткі қабырғаларының гофрленген көмкермесінде 26 бұрыштық жәшіктері 31 бар.
жүктеу 11,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау