Дәріс№25
Арбашаның рамасы
Арбашалар қызметіне қарай жүк және жолаушылар болып екіге бөлінеді. Вагон арбашалары өс санына, рессор аспасының орналасуына, вагон шанағынан арбаша рамасына және рамадан доңғалақтар жұбына жүктемені беру әдісіне байланысты ажыратылады.
Доңғалақтар жұбының санына байланысты арбашалар бір өсті, екі өсті, үш өсті және көп өсті болып бөлінеді. СНГ темір жолдарында ең кеңінен тараған екі өсті арбашалар.
Дегенмен үш және төрт өсті арбашаларымен жүк вагондары да бар. Сонымен қатар үш өсті арбашалар жолаушы қызмет вагондарында қолданылады.
Рессорлы аспаның орналасуына байланысты:
арбашалар дара аспалы – орталық (12.1а-сур.) және буксалық (12.1б-сур.), яғни жүктеме доңғалақтар жұбына рессордың бір жүйесімен беріледі. Мұндай арбашалар тек жүк вагондарында қолданылады.
арбашалар екі рессорлы аспасымен (12.1в-сур.) – орталық және буксалық , олар арқылы жүктеме доңғалақтар жұбына бір ізбен беріледі.мұндай арбашалар көбінесе жолаушылар вагондарында қолданылады.
үш және төрт аспалы арбашалар (кейбір жолаушы вагондарында қолданылады)
12.1-сурет.
Арбашалардың бір қалыпты жүрісі бір ізбен орналасқан рессор жүйесінің санына байланысты емес, олардың статикалық майысуының қосындысына , оның орталық және буксалық аспасының арасында және басқа факторлардан тарқалуына байланысты.
Вагон шанағынан арбаша рамасына жүктемелер берілуі мүмкін:
оның бүйір рамалармен мықты байланған орталық көлденең рамалары арқылы(12.2а-сур.).Бұл әдіс буксалық рессорлы аспасы бар арбашаларда қолданылады;
арбашада орналасқан, рессорларға еркін тіреліп тұрған арқалық арқылы(12.2б-сур.). Мұндай әдіс ең бастысы жүк вагондарында, орталықтандырылған рессорлық аспасы бар арбашаларда қолданылады;
арбаша рамасына шарнирлі ілініп , бойлай орналасқан табақ рессорларға тіреліп тұрған арқалық арқылы. (12.2в-сур.). бұл іліну әдісі кеңінен таралмаған, себебі табақ рессорлар горизантал жүктемелерді серпімді қабылдай алмайды;
бесікшеде орналасқан рессорларға тірелетін арқалық арқылы (12.2г-сур.). мұндай аспа барлық белгілі серпімді элементтерді қолдануға мүмкіндік береді және жолаушылар вагондарының арбашаларында кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |