34
Деңгейлеп оқыту кезеңдері
І кезең.
Тану мен үйрену
ІІ кезең. Түсіну мен қолдану
ІІІ кезең. Жүйелеу мен қорыту
Мысалы, 8 сыныпта «Оксидтердің
формуласы, аталуы және жіктелуі»
тақырыбын ӛткенде мұғалім күнделікті
ӛмірде кӛріп жүрген әк пен құмды
оқушыларға табиғи кӛрнекілік ретінде
әкеліп кӛрсетеді. Бұлар оксидтер екен-
дігін, бұл екі заттың да құрамында
оттегі бар екендігін түсіндіреді. І кезең-
де оқушылар оларды таниды және сол
әк пен құмның формуласын және басқа
оксидтердің формуласын мұғалімнің
бағыт беруі бойынша жазып үйренеді.
ІІ кезеңде оксидтер құрамы неден тұра-
тындығын түсініп, І кезеңде ӛздері жаз-
ған оксидтердің атын атап қолданады.
ІІІ кезеңде ӛздері жазған бірнеше
оксидтерді құрамындағы оксид түзуші
элементтің табиғатына қарай жүйелейді
де қорытынды жасайды.
«Оксидтердің формуласы, жіктелуі және аталуы»
тақырыбына деңгейлік тапсырмалар
Деңгейі
Тапсырмасы
Ҧпайы Бағасы
І
Мына оксидтердің атын атап, сипатын анықта.
К2О, SО3, MnO, MnO2, CrO, Cr2O3, Р2 О5, Аl2 O3
5
3
ІІ
Мына оксидтердің формуласын жазып, сипатын анықта.
Хром (VІ) оксиді, магний оксиді, мырыш оксиді, күкірт
(ІV) оксиді, литий оксиді, кальций оксиді, бор оксиді,
азот (V) оксиді, кӛміртек (ІІ) оксиді, кӛміртек (ІV)
оксиді.
4
4
ІІІ
Мына оксидтердің қайсысында оттегі атомының
массалық үлесі кӛп?
Азот (І) оксиді, азот (ІІ) оксиді, азот (ІV) оксиді,
Азот (V)
оксиді
3
5
Осы үш деңгейлі тапсырманы
орындау барысында оқушы мынадай
мәселелік жағдайға кезігуі мүмкін.
Оқушы берілген оксидтердің сипатын –
негіздік, қышқылдық немесе екідайлы
екендігін анықтауы керек. Оқушылар
алдын-ала берілген мәтін бойынша
металдар оксидін – негіздік, ауыспалы
элементтер оксидін – екідайлы, ал бей-
металдар оксидін – қышқылдық оксид-
тер деп жіктейді. Осы жерде мұғалім
мынадай бағыт беруі тиіс. Бірнеше
валенттілік кӛрсететін металдардың
тӛменгі валенттілік кӛрсететін оксиді –
негіздік, орта валенттілік кӛрсететін
оксиді – екідайлы, жоғары валенттілік
кӛрсететін оксиді – қышқылдық қасиет
кӛрсетеді. Осы мәліметтен кейін оқу-
шылар; MnО – негіздік, MnО
2
– екі-
дайлы, Mn
2
О
7
– қышқылдық деп, ал
хром оксидтерін былай: CrО – негіздік,
Cr
2
О
3
– екідайлы, CrО
3
қышқылдық деп
сипаттайды.
Оқытудың үш ӛлшемді әдістеме-
лік жүйесінің тағы бір ерекшелігі –
тапсырманың жеке, жұптық, топтық
формада берілуі. Оқушылар жұптасып,
топтасып жұмыс жасау арқылы ӛзара
ынтымақтастыққа, бірге шешім қабыл-
дауға, бірлесіп нәтиже шығаруға үйре-
неді. Мысалы, бір жұп-екі оқушыға
ортақ мынадай тапсырма беріледі. №1
жұптық тапсырма. 5 моль кальций тұз
қышқылымен әрекеттескенде бӛлінетін
сутегі мен 5 моль мырыш күкірт
қышқылымен әрекеттескенде бӛлінетін
сутегінің кӛлемдері бірдей ме? Сонда,
бір есеп бойынша берілген екі тапсыр-
маны екі оқушы орындайды, екеуі
жауаптарын салыстырады да, нәтижесін
бірге айтады. Ал, топтық тапсырманың
бүкіл топ оқушылары белсенді жұмыс
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
177
34
жасайтындай етіп және уақытты шектеп
беру керек. Мысалы, бір топта 6 оқушы
бар делік. Топтағы барлық оқушының
берілген тапсырмада ӛз үлесі болуы
керек.
№1 топтық тапсырма. 0,5 моль,
1 моль, 2 моль, 2,5 моль, 3 моль, 5 моль
оттегінің массаларының қосындысы
нешеге тең? Мұндай жағдай да оттегінің
әр молінің массасын топтағы әр оқушы
табады да, соңында шыққан массаларды
қосады. Соңында, шыққан массаларды
қосып, топ болып жауабын айтады.
Егер, бір оқушы қателессе, есептің
жауабы дұрыс шықпайды да, әр оқушы
ӛз есебін қайта тексеріп шығады. Есепті
қате шығарған оқушы топтың ортақ
жетістігіне ӛзінің кері ықпалын тигіз-
гендіктен, келесі сабақта алға қарай
ұмтылып, ортақ нәтижені қанағаттанды-
руға ат салысары сӛзсіз. Оқытудың
мұндай формаларын ұйымдастырудың
негізгі мақсаты – оқушыға сенімділік,
ӛзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-
намыс және ӛзін-ӛзі сыйлау қасиеттерін
қалыптастыру. Оқытудың үш ӛлшемді
әдістемелік жүйесінде баға оқушыны
жазалау құралы ретінде емес, оны алға
қарай ұмтылдарушы, ізденіске талпын-
дырушы қозғаушы күш ретінде қолда-
нылады. Аталған технологияның ерек-
шелігі бойынша мұғалім оқушы баға-
сын «Ашық журналға» қоя алады. Оқу-
шының қызметі кӛптеген тұлғалық
қасиеттеріне қарай (интеллектуалды
дамуы, тіл мәдениеті, дебестігі, инициа-
тивасы, жауапкершілігі т.б) бағаланады.
Оқушының дамуы басқа оқушымен
емес, ӛзімен салыстырылады. Оқушыға
ӛзін-ӛзі бағалауға мүмкіндік беріледі.
Мен, 8 сыныпта «Қышқылдар, құрамы,
алу жолдары» тақырыбына жасалған бір
сабағымды ӛз әріптестеріме ұсынып
отырмын.
Кҥні:
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: §33 Қыш-
қылдар, құрамы, алу жолдары.
Сабақтың мақсаты:
а)
Білімдік: Қышқылдар құрамы,
құрылысы, жіктелуі және алу жолдары-
на тоқталу. Оқушыларды кез келген
қышқылдың формуласын, алу жолда-
рын жаза білуге және жіктелуін анық-
тауға үйрету.
ә)
Тәрбиелік: Оқушыларды мәтін-
мен жұмыс жасап, ӛз ойын еркін айта
білуге және жеке, жұптық, топтық фор-
мада жұмыс жасауға тәрбиелеу. Ӛзін-ӛзі
тануға және ӛзін-ӛзі бағалай білуге
үйрету.
б)
Дамытушылық: Оқушылар-
дың ой-ӛрісі мен таным белсенділігін,
шығармашылық белсенділігін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың тҥрі: Семинар-тренинг.
Сабақтың әдісі: Жеке шабу, жұп-
тық сайыс, топішілік сайыс, пікір
алмасу.
Сабақтың формасы: Жеке, жұп-
тық, топтық, ұжымдық.
Сабақтың кӛрнекілігі: ACTIVоte,
мәтін, интербелсенді тақта, үлестірме-
лер, құм, сынауық, су.
Сабақтың барысы:
№ Сабақтың барысы
Әдісі
Формасы
1
І кезең (5-7 минут)
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
ACTIVоte-пен жұмыс.
Жеке
2
ІІ кезең (20-25 минут)
1. Мәтінмен жұмыс.
2. Жұптық жұмыс
Мәтінді оқу, талдау.
Жұптық
ортақ тапсыр-
ма орындау.
Ұжымдық,
жұптық
3
ІІІ кезең (10-12 минут)
1. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
2. Күкірт қышқылын ӛндірудің пайдасы мен зияны.
Топішілік сайыс.
Пікір алмасу.
Топтық,
жеке
4
Сабақты қорытындылау, бағалау. (3 минут)
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
178