30
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ РЕТІНДЕ ТАНЫЛҒАН
SMART ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Ш.Қ.Қожахат
1
, Б.А.Досжанов
2
Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университеті, Инф-14-1м(п) магистранты
1
Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к.
2
Технологияның қарқынды дамуы
біздің сӛздік қорымызға жаңа ұғымдар-
ды енгізді. Солардың қатарында үлкен
де, кіші де жиі қолданатын Смартфон,
Смарт теледидар, Смарт мектеп, т.б.
атауға болады. Біз бұл құрылғылардың
басқаларынан қандай айырмашылығын
аса тереңдеп біле қоймасақ та бірақ
соларды алуға тырысамыз. Сонымен
Smart дегеніміз не? Smart ағылшын
тілінен аударғанда «ақылды» деген
мағынаны білдіреді. Ал технологиялық
сипатта да осы мағынада жұмсалады.
Яғни, ақылды технология, ақылды
техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлін-
ше ықшам, кӛп функциялы құрылғы-
ларды атаймыз. Ал педагогикалық
үдеріс
тұрғысынан
қарастыратын
болсақ, оқытудың бұл түрі электронды
оқыту, мобильді оқыту, кез келген
жерде, кез келген ортада оқыту деген
мағынада жұмсалады. Smart оқыту –
оқытудың жаңа түрі, қарқынды дамып
келе жатқан бірегей үдеріс. Бұл әлеу-
меттік желілер арқылы білім алу,
алмасу, жеке тұлғалық ерекшеліктерді
ескере отырып оқыту қызметі, оқушыға
бағытталған, бағдарланған, орталық-
тандырылған оқыту ортасы, ең соңында
Smart құрылғыларды пайдалана отырып
оқыту деген тұжырымдарды қамтиды.
Aлдымен Smart, технология ретінде
танылып дамыды. Біз ең бірінші,
мобильді құрылғы мен Smart техноло-
гияның ара жігін ашып алайық. Моbile –
ағылшын сӛзі, қозғалмалы, икемді деген
мағынан береді. Мәселен, бұл сӛз
автомобиль,
аэромобиль,
мобильді
телефон деген сӛздерде жиі кездеседі.
Сонымен мобиль – адам әрекетін
жеделдететін, қандай да бір затқа
шапшаң қол жеткізуге мүмкіндік
беретін құрылғы. Қазір біз ӛмірімізді
осы мобильдік құрылғыларсыз мүлдем
елестете
алмаймыз.
Ақпараттың
мобильдік құрылғылар арқылы дамуы
ақпараттық ортаның қарқынды дамуы-
на, сол арқылы мобильдік құрылғыны
пайдаланушылар санының бірнеше есе
артуына алып келді. Соған байланысты
интернет дамыды, сымсыз интернет
пайда болды, осыған орай мобильдік
құрылғының
қосымшаларын
үлкен
қарқынмен дамытып отырған әлемдік
нарық қалыптасты. Smart оқыту орта-
сын қалыптастыруда назар аударатын
бірқатар ұғымдар бар. Ең алдымен,
Smart learning – ақылды оқыту, Кибер
білім алу – онлайн тәртібінде білім алу
түрі, танымал құрылғы – ультрабук,
яғни ноутбуктің жетілген түрі, салмағы
900 грамм, контент – ақпараттық
ресурсты немесе веб-сайтты кез келген
маңызды
мазмұнмен
толықтыру.
Контент мәтін, мультимедия, графика
болуы мүмкін, клауд компьютинг –
қолданушыларға
интернет
сервисі
ретінде ұсынылатын мәліметтерді ӛңдеу
технологиясы, Smart жұмыс – АКТ
кӛмегімен уақытқа, кеңістікке шектел-
мей, ыңғайлы жұмыс істеу. Біліктілік
арттыру – «ӛмір бойы білім алу»
идеясының негізгі тетігі, тиімді жүйесі.
Адамның ӛмір бойы білім алуы міндетті
түрде жоғарғы оқу орнын тамамдап,
диплом алу емес, ӛмір бойында білік-
тілік арттыру арқылы ӛзін-ӛзі
жетілдіріп
отыруы,
тұлғалық
қажеттіліктеріне
сәйкес білім алуы. Бүгінгі күні
біліктілік
арттыру жүйесінде қашықтықтан білік-
тілік арттыру аса ӛзекті. Себебі бұл
маманның негізгі жұмысынан қол
үзбей-ақ білімін жетілдіруіне мүмкіндік
береді. Қашықтықтан оқытуды кеңінен
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
89