1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет30/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89

         
30           
соңда  іске  жарайды,  сонда  адам  десе 
болады»,  -  деп  ойын  одан  ары  дамыта-
тынын кӛруге болады. 
Сондай-ақ,  қулық  қылмай,  тілен-
бей, ӛз қайратыңа сүйеніп, еңбек етсең, 
қара жердің де беретінін, құр тастамай-
тынын айтып, адал еңбекке шақырады. 
Он 
тӛртінші 
сӛзінде: 
«Тірі 
адамның  жүректен  аяулы  жері  бола 
ма?»,  -  дей  келе,  рақымдылық,  мейір-
бандылық,  әртүрлі  істе  адам  баласын 
«ӛз  бауырым»  деп  сезіне  ойлағандай, 
оларға  да  болса  игі  еді  демек,  бұлар  – 
жүрек ісі екеніне тоқталады. Осылайша, 
руханилықтың  жайын  айта  келе,  адам 
болмысының  мәнін  ашады.  Тіл  жүрек-
тің айтқанына кӛнсе, жалған шықпайды, 
Амалдың  тілін  алса,  жүрек  ұмыт  қала-
ды  -  деп,  жүректің  дегенімен  жүруді 
қолдайды.  Осы  сӛзінде  «...құдайға 
терістіктен,  не  ар  мен  ұятқа  терістіктен 
сілкініп,  бойын  жиып  ала  алмаған  кісі, 
үнемі  жаманшылыққа,  мақтанға  салы-
нып, ӛз бойын ӛзі бір тексермей кеткен 
кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба ӛзі?» 
деп  сын  айтады.  Яғни,  адам  ар-ұятына 
қайшы  келетін  істерден  аулақ  болып, 
жаманшылық жасау мен мақтаншылық-
қа  салынбай,  әрдайым  ӛзін  бақылауда 
ұстау керектігін меңзейді. 
Он  бесінші  сӛзінде,  күнінде  бір 
мәрте,  болмаса  жұмасында  бір,  ең  бол-
маса  айында  бір,  ӛзіңнен  ӛзің  есеп  алу 
керектігін  айтады.  Сол  алдыңғы  есеп 
алғаннан  бергі  ӛмірді  қалай  ӛткіздің 
екен,  не  білімге,  не  ақыретке,  не 
дүниеге  жарамды,  күніңді  ӛзің  ӛкін-
бестей қылықпен ӛткіздің бе, әлде қалай 
ӛткізгеніңді  ӛзің де білмей қалдың ба  – 
соны саралап тұруға шақырады. 
Қырық бесінші сӛзінде: «Адамшы-
лықтың  алды  –  махаббат  сезімі»  делін-
ген. Және «махаббат сезім кімде кӛбірек 
болса,  ол  кісі  –  ғалым»  деп,  жүрегінде 
махаббат  сезімі  кӛп  адамды  жоғары 
бағалайды.  Әрине,  махаббат  біздің 
болмысымыз,  табиғатымыз  емес  пе? 
«Біз  жанымыздан  ғылым  шығара 
алмаймыз,  жаралып,  жасалып  қойған 
нәрселерді  сезбекпіз,  кӛзбен  кӛріп, 
ақылмен біліп», - деп, ӛзінің идеалистік 
кӛзқарасын білдіреді. 
Абай  қара  сӛздерінде  заманның 
ащы  шындығын  айқындай  отырып, 
оның 
болашақта 
қайда 
апарып 
соқтыратынын  ескерткендей  және  ол 
тығырықтан  шығудың  жолы  қоғамдағы 
қарым-қатынастарды 
ізгілендіруде, 
рухани-адамгершілік білім беру арқылы 
адамдар  бойындағы  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды  дамытуда  екендігін 
меңзегендей. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.  Абай. Қара сӛз. Алматы, 2009 ж. 
2.  Р.А.Мукажанова, 
Г.А.Омарова. 
Методика 
преподавания 
дисциплины 
«Самопознание» в школе - Алматы, 2013 г. 
3.  Р.А.Мукажанова,  Г.А.Омарова.  «Самопознание»  и  другие  учебные  предметы: 
возможности интеграции содержания и методов - Алматы, 2013 г. 
 
 
 
 
 
 
 
 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
59 


         
30           
ТҦЛҒА ҚАСИЕТТЕРІ, ДАМУЫ ЖӘНЕ МАМАНДЫҚ 
 
 
А.Нурекешова 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, Инновациялық технологиялар және ғылыми-
жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы 
 
 
Жалпы  білім  беретін  орта  мектеп-
тердің алдында тұрған маңызды міндет-
тердің  бірі  –  мектеп  оқушыларының 
білім  аясын  тереңдету  арқылы  кәсіби 
шеберлікке  баулу  болып  табылады.  Ал, 
қай  дәуірде  болмасын,  адамзаттың 
басты  міндеттерінің  бірі  –  ақылды  да 
саналы,  еңбексүйгіш  ұрпақ  тәрбиелеу 
екені  мәлім.  Адамның  жан-жақты  және 
үйлесімді  дамуында  еңбек  шешуші 
факторлардың  бірі  екені  белгілі.  Қазақ 
халқы  ертеден  еңбекті  асыл-мұрат 
тұтып  жас  ұрпақты  халқымыз  жалпы 
еңбекқорлыққа  тәрбиелей  отырып  он 
саусағынан  ӛнер  тамған  жан-жақты 
кәсіп  иесі  болуды  кӛздеген.  Сондай-ақ, 
әрбір  ӛнердің  ӛзінің  тұрмыстық  шаруа-
шылық  ерекшеліктеріне  байланысты 
ӛсіп ӛркендеп отырды. 
Атап  айтқанда,  кілем,  алаша, 
басқұр тоқу, текемет, киіз басу, сырмақ 
сыру,  ертұрман  даярлау,  күбі,  келі-
келсап,  сандық,  кебеже,  жүкаяқ,  бесік 
даярлау  және  зергерлік  бұйымдарды 
даярлауда қолӛнер шеберлерінің ӛзіндік 
қолтаңбалары  болды.  Аталған  кәсіпші-
лік  түрлеріне  жастарды  үйретуде  қол-
ӛнер  шеберлері  ӛздерінің  үлгі  ӛнегесін 
жалғастырып  отырды.  Жалпы  кәсіпші-
лікке бейімделу мен икемделуде үй іші, 
отбасының  қарым-қатынас  әсері,  ата-
аналарының  үлгі  жолдары  мол  болған. 
Бұл  айтылған  мамандықтың  барлығына 
бүгінгі  таңда  жеке  кәсіпкерлер  мен 
қолӛнер  шеберлері  және  мектептерде 
ӛтілетін технология пәні аясында бағыт-
бағдар  беріліп  келеді.  Бүгінгі  таңда, 
мектеп  оқушыларының  кейбір  кездерде 
мамандық  таңдауда  туындайтын  түсін-
беушіліктерінен  пәнге  деген  кӛзқарас-
тары  тӛмен  болып  жататыны  байқала-
ды.  Керісінше,  мектептерде  оқытыла-
тын пәндер ішіндегі «Технология» пәні-
нің  рӛлі  ерекше  екенін  түсіне  бермей-
міз. 
Демек, жастардың бойында еңбек-
сүйгіштік  және  еңбекке  икемділікке 
қалыптастыруда кәсіпке бейімдеу ықпа-
лының зор екені мәлім. Осындай талап-
тілектердің  ӛмірлік  қажеттілігі  ескері-
ліп,  қазақ  халқының  тұңғыш  ағарту-
шысы  Ыбырай  Алтынсарин  ұйымдас-
тырған  мектептердің  оқу  пәндері 
аясында  жастарды  қолӛнер  шеберлігіне 
баулу жоспарланып, кейін келе, ӛндіріс-
тік  білім  негіздері  мен  байланысты-
рылып  еңбекке  баулу  пәнінің  оқу 
бағдарлама мазмұнында кӛрсетілді. 
Ал,  бүгінгі  жаңарған  Қазақстан 
ӛзінің  экономикасының  қарқынды даму 
сатысында  әлемдік  стандартқа  сай 
ӛнімдер  шығаруда  барлық  ӛндіріс 
орындары  әлемдік  жаңа  технологиялар 
мен 
жабдықталып 
толықтырылуда. 
Аталған заманауи ӛндіріс орындарының 
білікті  мамандарын  даярлау  ісі  –  әрине 
арнаулы  кәсіптік  білім  алуға  бағыттай-
тын орта оқу орындары мен жоғары оқу 
орындарында даярланады. 
«Мамандық»  дегеніміз  –  еңбекке 
жарамды  қоғам  мүшелерінің  іс-әрекеті 
мен  кәсіби  санасын  біріктіретін  әлеу-
меттік  еңбегін  ұйымдастырудың  түрі. 
«Мамандық» – адамның дамуы мен ӛмір 
сүруіне  керек  күші  мен  ой  еңбегін 
бӛлудін  қоғамға  қажет  және  құнды 
жолы. 
Е.А.Климов 
пайымдауынша 
«Мамандық»  тұлғаның  ӛз  мүмкіндік-
терін  кӛрсете  алатын  және  дамуда 
болатын  жүйе.  «Мамандық»  –  кәсіби 
міндеттер  мен  жұмыс  түрлерін,  тұлға-
ның  кәсіби  ерекшеліктерін  кӛрсететін 
және  қажеттілігін  қанағаттандыратын 
жүйе.  Кәсіби  бағытталған  іс-әрекет 
дегеніміз  –  қимыл  мен  нақты  қимыл 
(операция), іс-әрекет сапасы (метакәсіби 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
60 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау