Білуге тиіс: қыздыру пештері мен мырыштау астауларының құрылысы, мырышталған бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар, бұйымдарды мырыштаудан кейін тазалау тәсілдері, бұйымдарды сілку тәсілдері және оларды реттеп салу ережесі, мырышталатын табақтардың сұрыптамасы.
645. Ыстық тәсілмен мырыштаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пішіні бойынша қарапайым бұйымдар мен бөлшектерді пештер мен астауларда белгіленген технология бойынша батырып алу арқылы ыстық мырыштау әдісімен мырыштау. Астауларға флюстер мен тұнба материалдарды құю. Бұйымдардың мырыштауға жарамдылығын анықтау. Өңделген және жуылған табақтарды, бұйымдар мен бөлшектерді мырыштау астауларына салу. Астауға мырышты оның қаптауға жұмсалу жағдайына қарай салу. Флюс қорабына мүсәтір құю. Ысқылау сақинасы арқылы мырышталған құбырларды тарту. Біліктілігі анағұрлым жоғары ыстық тәсілмен мырыштаушының басшылығымен диаметрі 1 мм сым мен торды мырыштау. Сымның дұрыс оралуын және оны барабаннан алуды бақылау. Білуге тиіс: қыздыру пештері мен мырыштау астауларының жұмыс қағидасы, ыстық мырыштау процессінің мәні, бұйымдарды балқытылған мырышқа батыру ережесі, орау аппаратының құрылысы, өңделетін металдардың атауы мен таңбалануы, химикаттармен және балқытылған мырышты қолдану ережесі.
646. Ыстық тәсілмен мырыштаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мырыштау үшін қол жетімділігі қиын жерлері бар табақ болат құбырларды, ыдыс және басқа да бұйымдарды батырып алу арқылы мырыштау. Біліктілігі анағұрлым жоғары мырыштаушымен бірлесе отырып, үздіксіз жұмыс істейтін мырыштау агрегатында табақ болат пен құбырларды мырыштау процессін жүргізу. Флюсті мырыштау үшін дайындау және оны балқытылған мырыш құйылған астауға салу. Мырыштың бұйым бетінде біркелкі таралуын бақылау. Мырыштау сапасын қабаттың құрылысы мен түсі бойынша айқындау. Табақтарды құрғақ тәсілмен мырыштау үшін сұйық флюстерді дайындау. Табақтарды мырыштау аппараттарында ыстық тәсілмен мырыштаудың флюстік режимін енгізу. Балқытылған мүсәтірге әртүрлі компоненттерді қосу арқылы анағұрлым көп жылжымалылық қасиетін беру. Агрегатты баптау. Қосып дәнекерлеу қорабындағы флюстің деңгейін бақылау. Диаметрі 1 мм дейінгі тор мен сымды мырыштау. Мырыш сынамасын алу және талдауға тапсыру. Білуге тиіс: үздіксіз мырыштау агрегаттарының, қыздыру пештері мен мырыштау астауларының құрылысы мен баптау тәсілдері, ыстық мырыштау кезінде қолданылатын металдар мен материалдардың негізгі қасиеттері, мырыштауға арналған балқыманың құрамы, флюстер мен тұнбаның қабат сапасына тигізетін әсері.
647. Ыстық тәсілмен мырыштаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз мырыштау агрегаттарында табақ болат пен құбырларды ыстық мырыштау процессін жүргізу. Табақ болатты өңдеу сапасы мен табақтардың мырыштау машинасына дұрыс берілуін бақылау. Біліктілігі анағұрлым жоғары ыстық тәсілмен мырыштаушымен бірлесе отырып, үздіксіз болат таспаны балқытылған мырыш құйылған астауда, үздіксіз жұмыс агрегаттарында ыстық мырыштау процессін жүргізу. Диаметрі 1 мм астам тор мен сымды мырыштау. Электролит пен өңдеу ерітіндісін дайындау. Сым мен тордың астау арқылы өтуінің белгіленген жылдамдығын сақтау. Мырыштау агрегатын баптау. Мырыштау агрегатының жабдықтарын баптау және жөндеуге қатысу. Профильді металлопрокаттан жасалған ірі көлемді элементтерді және бекіту бөлшектерінің бұранда бетін балқытылған мырыш құйылған астауда, лекті механикаландырылған желілерде біліктілігі анағұрлым жоғары мырыштаушымен бірлесе отырып, ыстық мырыштау процессін жүргізу. Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде үздіксіз жұмыс істейтін мырыштау агрегатының және лекті механикаландырылған желілердің кинематикалық, электр схемалары және агрегатты баптау ережесі, мырышты балқыту температурасы және балқытылған мырыш температурасының қабат қалыңдығына тигізетін әсері, орындалатын жұмыс көлемінде мырыш пен мырыштау үшін қолданылатын химикаттардың физикалық және химиялық қасиеттері, табақтар мен болат сымның ақаулықтарының түрлері мен бетін сапасын дайындау себептері.
648. Ыстық тәсілмен мырыштаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз болат таспа мен болат сымды үздіксіз жұмыс агрегаттарында балқытылған мырыш құйылған астауда ыстық мырыштау процессін жүргізу. Патенттеу және мырыштау процестерін қоса орындайтын агрегаттарда жоғары көміртектелген болат сымды мырыштау. Астау температурасын реттеу және мырыштау сапасын бақылау. Мырыштау агрегатын, жолақты салқындату және майлау жабдықтарын баптау. Профильді металлопрокаттан жасалған ірі көлемді элементтерді және бекіту бөлшектерінің бұранда бетін балқытылған мырыш құйылған астауда, лекті механикаландырылған желілерде ыстық мырыштау процессін жүргізу. Білуге тиіс: жолақ бетін, металлопрокат пен бекіткіштің бұранда бетін мырыштауға дайындау тәсілдері, қабатты ыстық мырыштау және кейіннен өңдеу және таспа мен сымды ажырату процессі, бақылау-өлшеу аспаптары мен мырыштау агрегаты автоматикасының құрылысы.
Диффузиялық тәсілмен мырыштаушы-хромдаушы
649. Диффузиялық тәсілмен мырыштаушы-хромдаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен құбырларды мырыштауға (хромдауға) термодиффузиялық тәсілмен дайындау. Бөлшектерді жәшіктерге салу, шикіқұрамды себу және тығыздау. Бөлшектері бар жәшікті термодиффузиялық құрылғыға салу. Термоөңдеуден кейін жәшікті құрылғыдан, ал бөлшектерді жәшіктен алу. Құбырға шикіқұрам толтыру және оны құрылғыға салу. Термоөңдеуден кейін құбырды термодиффузиялық құрылғыдан алу, шикіқұрам мен қақты алып тастау, құбырдың сыртқы бетін тазалау және эпоксидті шайырмен қаптау. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, құбырды мырыштау және эпоксидті композициямен қаптауға дайындау ережесі, бөлшектерді жәшіктерге салу және олардың онда орналасу процессі, мырыштауды дұрыс жүргізу үшін шикіқұрамды жәшіктер мен құбырларға салу тығыздығы.
Достарыңызбен бөлісу: |