1. Жалпы ережелер



жүктеу 69,3 Kb.
Дата07.02.2018
өлшемі69,3 Kb.
#8956

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 6 мамырдағы    
№ 4-2/419 бұйрығымен     
бекітілген          

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»


мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (398)

1. Жалпы ережелер

      1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:


      1) көрсетілетін қызметті берушіге өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталу күнінен бастап – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан артық емес.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі–жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті беруші белгілеген өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімдерінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) сатып алынған бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидияларды алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуға субсидиялар алуға арналған өтінім:
      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуын растайтын шот-фактуралардың көшірмелерін;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесін.
      Химиялық әдіспен жалаңашталған мақта тұқымын сатып алған кезде субсидияларды алу үшін:
      мақта тұқымын химиялық әдіспен тазалауға арналған шарттардың көшірмелері;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялық әдіс бойынша мақта тұқымын жалаңаштауда орындалған жұмыстар актісі;
      2) сатып алынған бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына тиесілі субсидияларды алу үшін (тұқым өсіру шаруашылығына субсидиялар алу құқығын беру жағдайына):
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы арналған өтiнiм;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бірнеше өтінімдерді берген кезде өтінімдер тізілімі;
      3) егіске пайдаланылған, өзі өсірген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егіске пайдаланылған, өзі өсірген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтiнiм:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын нақты өндіру көлемдері жөніндегі тізілімнің көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себілген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары туралы актінің көшірмесі;
      4) арзандатылған құн бойынша сатылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне субсидиялар алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін ішінара арзандату үшін субсидия алуға арналған өтiнiм;
      жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сатуды растайтын шот-фактуралардың көшірмелері;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін нақты сату көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.


      Шағым жазбаша нысанды почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымда:
      жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиiс.
      Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, өтінішті/ шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      11. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).


      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) тиісті қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында;
      2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет ресурсында, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетілген.
жүктеу 69,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау