Билік органы Ауылшаруашылық басқармасы Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру



жүктеу 58,12 Kb.
Дата23.05.2018
өлшемі58,12 Kb.
#16588

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты беруші паспорты





1.

Билік органы

Ауылшаруашылық басқармасы

2.

Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру

1.Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

2."электрондық үкімет" веб-порталы



3.

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке және заңды тұлға

4.

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

Лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 15 жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 жұмыс күні

5.

Төлем

Ақылы

6.

Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі

      1) қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
      2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
      3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 100 пайызын құрайды.

7.

Құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
     пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер (бұдан әрі - мәліметтер) нысаны.
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
     нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
     мәліметтер нысаны;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат бар құжаттардың көшірмелері.
      4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
      еркін нысанда өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      порталда:
      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
     көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
     мәліметтер нысаны;
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
     көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
     мәліметтер нысаны;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
     көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат бар құжаттың электрондық көшірмесі.
      4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі

8.

Өтініштер үлгісі




9.

Корсетілетін қызмет нәтижелері

пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия не осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

10.

Бас тарту үшін негіз

      1) осы көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрiмен айналысу;
      2) лицензиялық алымды енгізбеу;
      3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;
      4) көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі туралы тиісті келісім беретін мемлекеттiк органнан жауаптың болуы;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға тыйым салатын заңды күшiне енген сот шешімінің (үкiмiнiң) бар болуы;
      6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде сот шешімі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензияны беруге уақытша жол бермеу

11.

Шағым жасау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі

12.

Консультация

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

жүктеу 58,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау