1. Информатика білім беру саласы ретінде


Сабақты талдау оқу үдерісінің әдістемелік құрамдас бөлігі ретінде



жүктеу 152,18 Kb.
бет19/44
Дата07.01.2022
өлшемі152,18 Kb.
#36998
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Информатика сессия

Сабақты талдау оқу үдерісінің әдістемелік құрамдас бөлігі ретінде

Оқушылардың білім мен дағдылардың деңгейі, мұғалімнің  педагогикалық шеберлігі көбінесе оқыту сабақтарын қатысу кезінде бағаланады.  Сабақта, фокустағыдай, мұғалімнің  ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, әдістемелік білімдері, барлық оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру қабілеті, яғни бір сабақта  бүкіл  іскерлігі бірлеседі.

Сабақтың нәтижесі, оқушылармен материалды меңгеру деңгейі оның реалды құндылығы болып табылады.

Мұғалім қандайда бір сыртқы тиімді  әдістерді қолданбасада, бірақ, егер балалар тақырыпты меңгермесе, сабақты тиімді деп есептеуге болмайды.

Сабақта, балалар белгіленген білімдер көлемін меңгеру, қажетті білім мен дағдыларын шыңдау қажет. Барлық білім үйде кеңейтіледі, тереңдетіледі, бірақ олардың негізі сабақта дағдыландырылады.

Сабаққа төмендегі жалпы талаптар қойылады:

Нақтылық, айқындық, дәлдік және басты дидактикалық мақсаттың шынайылығы.

Оқу материалының мазмұнын дұрыс психология-дидактикалық негізде оқу.

Сабаққа және оның әрбір құрлымдық элементтеріне формалар мен әдістерді педагогикалық жағынан ақталған таңдау жасау.

Сабақтың жалпы дидактикалық және жекелеген мақсаттарына байланысты оқушылардың жекелей және топтық жұмыстарын мақсатты сабақтастыру.

Сабақты әдістемелік талдау.

Сабақтың негізгі оқу мақсаты-(мақсат әдістемелік нұсқауларда тұжырымдаған немесе мұғалім өз бетінше белгілейді).

Жанама оқу мақсаттары:

а) оларды қоюдың құқықтылығы б) негізгі мақсатқа жатқызу в) жанама мақсаттарға қол жеткізу.

Жанама тәрбиелеу және дамыту мақсаттары:

а) оларды қоюдың құқықтылығы; ә) негізгі мақсатқа жатқызу ; в) қол жеткізу дәрежесі және деңгейі.

Сабақтың әдістемелік логикасы:

а) сабақтың құрлымы; б) сабақтың құрлымының негізділігі; в) сабақты хронометраждау және уақытты бөлудің мақсаттылығы; г) үй тапсырмасын тексерудің мақсаттылығы және сипаты; д( оқушылар үшін міндет қоюдың сипаты және оқушыларды мотивациялау (ашық, жабық, мұғалім береді немесе оқушы қорытындылайды, тақтаға жазылады немесе оқушылардың дәптеріне жазылады, аралық нәтижелерді сабақ барысында мақсатқа байланысты жүргізіле ме?) е) мұғалімнің жаңа пайымдау сипаты (бастама мұғалімнен немесе оқушының қабылдау және пайымдау сипаты. Ж) білік пен дағдыны дамыту (материалды есте сақтау және пайдалану) з) сабақтың нәтижелілігі, мұғалімнің бағалау қызметі және оқушының өзін-өзі бағалауы, үй жұмысын ұйымдастыру.

Оқытудың әр түрлі құралдарын пайдалану: әр түрлі сипаттағы тапсырмалар, үлгілер, нұсқалар, алгоритмдер, тіректер, өз бетінше бақылау өзектері, ақпарат сөздерінің уақытша шектегіштері (оның ішінде оқытудың техникалық құралдарын пайдалану, тақталар, карточкалар, плакаттар, тірек сигнплдары)

Әр түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалану:

а) тәсілдің мақсатқа немесе жанама міндеттерге теңбе-теңдігі;

б) тәсілдердің пайдалану орнының негізделуі; в) тәсілді пайдаланудың тиімділігі.

Оқытуда әр түрлі ұйымдастыру формаларын пайдалану

Жұмыстың ұйымдастырудың жекелей, сараланған, топтық, жұптық, жаппай түрі

8.Сабақтың мазмұндық логикасы, оның ақпараттық құндылығы.

Оқу сабақтарын талдауға жүйелі келістің әдістемесі мен технологиясы.

Жүйелі келіс-байланыстардың әр алуан түрлері бөлініп шығатын тұтастай жүйе ретіндегі нысаналарды қарастыру негізге алатын педагогикалық қызметтің бағыты. Педагогикада мақсаттың, қағидалардың, мазмұнның және білім беру құралдарының сәйкес түрлерін анықтайтын жүйелі келістің қатаң және босаң түрлерін анықтайтын жүйелі келістің қатаң және босаң түрлерін айырып көрсетеді.

Мұғалім аттестациялауда, педагогикалық тәжірибені, мұғаліммен келіспеушілік жағдаяттарды жалпылауда өтікзіледі.

Сабақты толық талдаудың сүлбесінің жобасы.

Сабақтың мақсатын талдау.

Талдау сұрақтары:

Бағдарламалық талаптарға сәйкес сабақтың мақсатының дұрыстығы және негізділігі: материалдардың мазмұны; оқушылардың білімі мен білігінің қажетті деңгейі; берілген тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі сабақтың орны; сыныптың дайындығы; мұғалімнің өзінің мүмкіндіктері; оқытудың соңғы нәтижесіне болжау.


жүктеу 152,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау