1 II. Негізгі бөлім


Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту



жүктеу 68,23 Kb.
бет7/11
Дата12.05.2022
өлшемі68,23 Kb.
#38482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Назлы курсавои

2.4 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

Күзде тәрбиеші адамдардың ағаштар мен бұталарға күтім жасауына бақылау жүргізеді: діңдерін қурап қалған қабықтардан тазартады, ағаштардың діңін әктаспен ағартады, жас жеміс ағаштарын түбін қопсытады және т.б.

Қыста балаларға адамдар үй жануарларына қалай күтім жасайтынын көрсетеді және әңгімелеп береді, құстарды қоректендіруді ұйымдастырады. Тәрбиеші балалармен бірге бораннан, қар жауғаннан кейін жемсауытқа апаратын жолдарды тазалайды, құстарды қосымша қоректендіруге арналған алаңқайдағы қарды сыпырады.

Көктем мезгілінен бастап балаларды бақшадағы еңбек әрекетіне белсенді қатыстыру. Тәрбиешінің басшылығымен балалар гүлзарларға гүлдердің тұқымдарын егеді.

Жазда балаларды өсімдіктерге күтім жасаудың түрлері: өсімдіктерді суару, қопсыту, мәдени өсімдіктердің арам шөптерін жұлумен таныстырады.

Тәрбиеші балаларды суарғанда жүйектердің айналасында су сепкішті дұрыс ұстауды, күннің көзінде жылытылған сумен суаруға, қопсытуға, арам шөптерді жұлуға және т.б. үйретеді.

Балалар көктем және жаз мезгілінде бақшада және гүлзарда еңбек ете отырып, өсімдіктердің тұқымдардан өсетіні туралы түсінік алады, өсімдіктердің өсіп-өнуі үшін күннің көзі, жарық, су, жақсы құнарлы топырақ және күтім қажет екенін біледі

7 жасқа қарай бала ағзасы белсенді түрде дамып, жетіледі. Ми саласы ересектердікі тәрізді қалыптасқан. Қозғалыс саласы жақсы дамыған. Сүйектену процесі жалғасады, бірақ омыртқаның иілуі әлі де болса тұрақты емес. Ірі және әсіресе ұсақ бұлшық еттердің дамуы жүреді. Саусақ бұлшық еттерінің үйлесімділігі қарқынды дамиды. Баланың жалпы денесінің дамуы оның ұсақ маторикасының дамуымен тығыз байланысты. Қолдардың саусақтарын жаттықтыру баланың интеллектісін арттыру, сөйлеуін дамыту және жазуға дайындаудың құралы болып табылады. Баланың дене салмағы айына 200 грамға, бойы 0,5 см-ге өседі, дене үйлесімділігі өзгереді. 7 жастағы балалардың бойы орташа 113-122 см, дене салмағы 21-25 кг жетеді.

Мектепалды даярлық білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, 6-7 жастағы балалардың интеллектуалдық және дене дамуына жағдай жасайды.
14

Мектепалды даярлықтың негізгі міндеті- балалардың мектепте оқуға ынтасын және оған эмоционалдық дайындығын қалыптастыру. Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.

Аталған жастағы балалар мектепте оқуға қызығушылық таныта бастайды. Мектепке қызығушылық ересектермен қарым-қатынас, мұғаліммен кездесулер, оқушылармен бірлескен іс-әрекеттер, мектепке бару, мектеп тақырыбына мазмұнды-рөлдік ойындар ойнау арқылы дамиды. Ең бастысы-балалардың дамушы қызығушылығын жаңа әлеуметтік көзқарасымен («оқушы болғым келеді»), өз жетістіктерінің өсуін сезінумен, жаңаны меңгерумен және танымның қажеттілігімен байланыстыру. Педагог балалардың зейіні мен есін дамытуға ұмтылады, қарапайым өзін-өзі бақылауды, өз әрекеттерін реттеу қабілетін қалыптастырады. Бұған балалардан бірнеше белгілері бойынша нысандарды салыстыруды талап ететін алуан түрлі ойындар, қателерді іздестіру, есте сақтау, жалпы ережені қолдану, іс-әрекеттерді шартымен орындау көмектеседі.

6 жастағы балалардың өзіндік сана-сезімінің маңызды көрсеткіші өзін және басқаларды бағалауы болып табылады. Өзінің болашақ бейнесі туралы оң көзқарасы балаға өзінің кейбір кемшіліктеріне сын көзімен қарауға және ересектердің көмегімен оларды еңсеруге мүмкіндік береді. Өзінің «Менін» оң қабылдау іс-әрекеттің жетістігіне, достар таба білу қабілеттілігіне, олардың өзара әрекет жағдайларындағы оң қасиеттерін көре білуге ықпал етеді. Өзінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін білу айналасындағы адамдардың құндылығын түсінуге көмектеседі.

6-7 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту олардың дене, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық дамуын, денсаулығын нығайтуға және білімі, біліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы «Орта білім беру ұйымдарында 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы» №401 бұйрығына сәйкес:

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды даярлық сыныптарында -32 оқу аптасын құрайды.

15

Оқу жылы барысындағы каникулдар:



1) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 7 күн (2016 жылғы 31 қазан - 6 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 14 күн (2016 жылғы 26 желтоқсан- 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі-15 күн (2017 жылғы 21 наурыз- 4 сәуірді қоса алғанда);

2) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда:7 күн мерзімде (2017 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық сыныптарда оқу жүктемесі – 24 сағатты құрайды, оның ішінде 20 сағат ұйымдастырылған оқу қызметіне, 4 сағат-вариативтік компонентке беріледі. Мектепалды сыныптарда ұйымдастырылған оқу қызметінің саны-төрттен артық емес ұзақтығы 25-30 минут. Олардың арасындағы үзілістердің ұзақтығы 10-12 минут болуы тиіс, олардың барысында орташа қарқынды қимылды ойындар ұйымдастырылады.

Осы жастағы балаларға арналған педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері білім беру салаларын кіріктіру, заттық-кеңістіктік дамытушы ортамен қамтамасыз ету, қарым-қатынас арқылы білім беру үдерісін интерактивті құру, зерттеу қызметі, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық, ақпараттық- коммуникативтік технологиялар арқылы жүзеге асырылады.




жүктеу 68,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау