III.Қорытынды ................................................................................................23
IV.Пайданылған әдебиеттер .........................................................................25
Кіріспе
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру ойын және оқу-танымдық әрекет кезінде дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Режимдік сәттер барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері кезінде құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынас жасаудың мәдени мінез-құлық дағдылары қалыптасады, денсаулықты нығайту бойынша іс-шаралар кешені жүргізіледі.
Балалар ережелерімен қимылды ойындарды қолдана отырып, негізгі қимылдардың әртүрлі түрлерін жаттықтыра отырып, оларды саналы игеруге және дәл орындауға қол жеткізеді.
Әртүрлі әрекет түрлерін орындау кезінде қолдардың ұсақ маторикасын дамытуға мүмкіндік береді.
Балалардың тұрмысын ұйымдастыру кезінде балалардың өскелең дербестігін, өзінің және құрбыларының мінез-құлықтарын бақылай білу бейімділігі, яғни ересектер тарапынан қамқорлықтың азаю мүмкіндігін ескеру қажет. Киінуге, шешінуге, ас ішуге, жуынуға жұмсалатын уақыттың қысқаруы есебінен ойынға, балалардың еңбегіне, олардың қозғалыстарын дамытуға, өзіндік көркем шығармашылықтарына уақыт бөлу қажет.
Аталған топта ұйымдастырылған оқу қызметі түрлеріне арналып бөлінген уақыт көлемі артады, бағдарламалық материал күрделіленеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті күннің алғашқы жартысында өткізіледі. Жұмыстың әдіс-тәсілдері баланың эмоциялық көңіл-күйі мен қимылына жағымды ықпал етуі тиіс.
Педагог әртүрлі ойын түрлерін қолданып, балалардың шығармашылықтарын, дербестіктерін, ерік қасиеттерін дамыту үшін жағдай жасауы керек.
Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекеттерге арналған кеңістікті ашу, онда балалардың өздері әрекет ету мүмкіндігімен және вариативтілігімен ерекшеленетін дамытушы орта құру өте маңызды рөл атқарады. Ересек топтағы заттық-дамытушы орта балалардың бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасын дамытуын қамтамасыз етуге бейімделіп жасалуы керек. Ол балалардың дене дамуына, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуына ықпал етуі керек және ыңғайлы болуы керек.
Топта еңбек әрекетінің әртүрлі түрлерін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы керек. Өзіне-өзі қызмет ету еңбек әрекеті біртіндеп балалардың қажеттілігіне айналуы тиіс.
1
Тұрмыстық-шаруашылық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек түрлерін жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырылады.
Тәрбиеші келесідей ережелерді ұстанады: алғашқы қиындықтардың өзінде-ақ балаға көмек көрсетуге асығудың қажеті жоқ, оның орнына өз бетімен шешім қабылдауға итермелеу пайдалы, егер көмексіз болмайтын жағдайда бұл көмек алдымен мардымсыз болуы керек, бірақ бәрінен бұрын кеңес, жетекші сұрақтар беру, балада бар іс-тәжірибені белсендіру керек.
Жыл соңында балаларда болашақ мектеп оқушысы ретінде пайдалы әрекеттер түрлері: экспериментті-зерттеу әрекеттеріне, үстел ойындарын ойнауға, түрлі суреттерді қарап, суретті ойындардағы тапсырмаларды орындауға, кітапшаларды қолдан жасауға, құрастыру мен мүсіндеуге деген қызығушылық тәрбиеленуі қажет.
Ересек жастағы балаларды ойдағыдай дамыту мен тәрбиелеудің қажетті шарты педагог пен ата-аналардың ынтымақтастығы болып табылады. Тәрбие мен оқыту мәселелерін бірігіп шешу мақсатында отбасылармен сенімді қарым-қатынас орнату маңызды.
Тәрбиелеу және оқыту мазмұны
5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың денесін, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық дамуын, денсаулығын нығайтуға және білімін, білігін мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Ересек топта Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесі 17 сағатты құрайды, ұзақтығы 25-30 минут. Осы жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мазмұнын игерту білім беру салаларын кіріктіру жолымен және заттық-дамытушылық ортаны қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Мазмұнды жабдықталған заттық-кеңістіктік-дамытушы орта әр баланы жан-жақты дамытуды ұйымдастырудың негізі болып табылады және әр бала өзінің ұнайтын ісімен айналысатындай етіп ұйымдастырылуы тиіс.
Құрал-жабдықтарды бөлімдер бойынша орналастыру балаларға шағын топтармен ортақ мүдделеріне қарай (құрастыру, сурет, театрландырылған ойын әрекеті, эксперимент) бірігуге мүмкіндік береді.
2
Достарыңызбен бөлісу: |