1. Философияның анықтамалары мен түрлері және бағыттарының санқырлылығы


Антикалық деген термин латынның «antiquus



жүктеу 60,5 Kb.
бет9/14
Дата04.01.2022
өлшемі60,5 Kb.
#36189
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
1 лекция (2)

Антикалық деген термин латынның «antiquus»-«ежелгі»деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Грек философиясы деп қазіргі Грекия территориясындағы, Кіші Азия полистеріндегі мемлекеттер мен Рим империясында өмір сүрген грек ойшылдарының ілімдерін айтады.

Антикалық философияның кезеңдері әртүрлі классификацияланады. Солардың ішінде ең кең тарағаны келесілері болып табылады.



I кезең (б.э. дейінгі VI ғ.) – Сократқа дейінгі (иондық философия Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Гераклит, италийлық философия Пифагор, Парменид, Зенон).

II кезең (б.э. дейінгіV-IVғ.) –классикалық (софисттер, Сократ, Платон, Аристотель).

III кезең эллинизм заманына келеді, Александр Македонскийдің жорығының арқасында грек мәдениеті Солтүстік Африка мен Батыс Азияға тарады.

IVкезең –Рим империясындағы антикалық философия.

АнтикалықфилософияныңалғашқымектебіМиллетмектебіболыпсаналады.Милеттіктердің басты қарастырған мәселесі – алғашқы негіз,субстанция, архе. Бұл мектептің басты өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен.

Софистердің шәкірті – Сократ(б.з.д.469–399ж.ж.)философиялықантропологияның негізін салушы. Сократ әдісі«майевтика»деп аталады,грек тілінен «кіндік шеше өнері» деген мағынаны білдіреді.Осы әдіс арқылыСократ, диалог үрдісінде ақиқат туындайды. Сократтың атақты қағидасы – «Сен алдымен өзіңді өзің таны» және «Менің білмейтінді білемін…».Сократтың басты қарастырған мәселесі – этикалық. Адам - бұл жан, жан дегеніміз - парасат, ақыл, ойлау белсенділігі мен адамгершілік, қылық. Адамның материалдық денесін терістемейді, бірақ, ең бастысы – «психея» (жан), оны жетілдіріп ізгілендіру керек. Ізгілік барлық байлықтың бастауы, жекелеген адамдардың, мемлекеттің игілігіне жеткізеді деген байлам жасайды.

Платон (б.з.д. 427–347ж.ж.) – ежелгі грек философы, объективті идеализмнің негізін салушы. Платон ілімі Гераклит, Пифагор және Сократ ілімдерін біріктіруші ілім болып табылады. Платонның философиялық мектебі – Академия – антикалық идеализмнің орталығы. Ол философиялық мағынасы жағынан кең көлемде «Сократ апологиясы», «Заңдар» еңбегінен басқа, 34 диалогтық үлгідегіхаттар мен эпиграммалық шығармалар жазған.

Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі -болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.

Материалдық және формалдық себептерден басқа Аристотель әрекеттік және мақсатқа лайықтылық себептерді көрсетеді.Расында, белгілі бір нәрсенің Дүниеге келуі басқа нәрсенің әрекеті арқылы іске асады. Ал Дүниеге келген зат не үшін келді деген сұрақ заттың мақсатқа лайықтылық себебін көрсетеді. Оны Аристотель энтелехия(entelechia - бітімге келген, кемеліне келген, грек сөзі) деген ұғым арқылы көрсетеді.



Ортағасырдағы батыс-европалық философия V-XIII ғ. қамтиды.Ортағасырлық батысеуропалық философиясында үстемдік етуші дүниетаным христиандық болды. Осы аталған дәуір философиясы «құдайдың қызметшісіне» айналды.Христиандылықтың қасиетті кітабы – Інжіл. Грек тілінен «кітап» деген мағынаны білдіреді.Христиандық дүниеге көзқарас монотеистік сипатта болды. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке - құдай, ұл – құдайы және қасиетті рух.

Орта ғасырдағы негізгі идея теоцентрлік сипатта болды, яғни жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы.

Христиандық теологияда екі жағдай негізделген – жарату (креационизм, лат. creatio –жарату) және шындықтың алдын ала белгілігі идеясы (ревеляционизм, от лат. revelatio – ашылу).

Жарату идеясы ортағасырлық онтологияда,алалдын ала белгілігіидеясы таным туралы ілімнің негізінде жатыр.

Орта ғасырлық философия сонымен қатар, провиденциализмидеясын жариялайды – (лат. Providentia– құдірет, құдіреттікүш) барлық дүниежүзілік оқиғаларды, соның ішінде тарихты және жеке адамдар мінез құлықты құдіретті күш басқаруы туралы көзқарастар жүйесі,персонализм (лат. persona – тұлға) жекеадамдыалғашқышығармашылықкүш, ал бүкілдүниеҚұдайдыңжаратушылықпәрменділігініңкөрінісідептаниды.

Орта ғасырлық батысеуропалықфилософиясын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.

Апологетика ( грекше - қорғаймын, ақтаймын ) – ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім;

Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Христостағы екіұдайлық, яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім;

Соңғы кезең (VІ-V ІІІ ғ.ғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.

Схоластика (латынша мектеп)- ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды: 1.Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.); 2.Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.); 3.Құлдырау кезеңі(ХІV-ХVғғ.).

Патристиканың көрнекті өкілі, белгілі христиан ойшылы Аврелий Августин (Блаженый) (354-430ж.ж.). Оның атақты еңбектері-«Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы». Августин этикасы жақсылыққа қарағанда жамандықтың шығу тегіне көп көңіл бөлді.Жамандық адамнан шығады, ал жақсылықты құдай жаратты деп есептейді.

Рух пен материя арасындағы философиялық дау реалистер мен номиналистер арасында туды.

•Құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

• Жалпылықтың жекеліккеқатынасы немесе«универсалий», яғни жалпылық ұғым мәселесі.

Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:




жүктеу 60,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау