Бенедикт Спиноза(1632-1677жж.)–голланд философы,рационализм мен пантеизм өкілі.
Негізгі шығармалары: «Саяси-құдайлық трактат», «Этика», «Ақылды жетілдіру туралы трактат», «Саяси трактат»және т.б.
Вильгельм Фридрих Готфрид Лейбниц(1646–1716 жж.) – неміс философы, рационализм өкілі.
Негізгі шығармалары: «Метафизика туралы ойлар», «Табиғаттың жаңа жүйесі», «Адам ақыл ойының жаңа тәжірибелері», «Теодицея», «Монадология».
Дәріс 1.3. Философия және дүниеге көзқарас
1.Дүниеге көзқарастың тарихи түрлері.
2.Көркемдік рефлексия дүниеге көзқарастың түрі ретінде
3.Философия білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Философия және дүниеге көзқарас. Философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды. «Дүниеге көзқарас» ұғымы «философия» ұғымымен астарлас.Ол өзіне басқа да дүниеге көзқарастартың түрлерін мифологиялық, көркемдік, діни және т.б. қарастырады. Толықтай түйіндегенде, дүниеге көзқарас- дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Дүниеге көзқарасқа: адамның дүниеге деген бағасы мен түсінігі, философиялық, жалпы ғылымдық, әлеуметтік - саяси, құқықтық, эстетикалық құндылықтық бағдары, болжауы, сенімі жатады.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегенеміз айнала қоршаған орта. Бүкіл әлем, тұтас дүние туралы , ондағы адамның орны, терминшіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастың пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамының пайда болуымен қатар болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі- өмірдің өзі – адамның тіршілік болмысы. Расында дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән – жайы, адамзат өніп – өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпей ізденіске салды. Сөйтіп , әлем құбылыстарын түсініп талпынған әрекеттер дами берді.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары «дүние және адам Олар ажырамас бірлікте яғни адамнан бөлінетін дүние және табиғат, сондай – ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс -әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік ұстанымдары сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір – бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және рухани дүние туралы түсініктер тиянақталады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем табиғат және қоғам туралы олардың бірлігі туралы екіншіден адам және оның дүниедегі орны туралы , үшіншіден, болмыс пен болашақтың ьмән – жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.
Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз – білім ертедегі ойшылдар те білім ғана надандықтар жиятынын, қала берсе, халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді «Ештеңе білмейтін және бірдеңе білмейтінше деп талпынбайтын адам өтенашар адам деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған.
Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал тигізеді. Дүниедегі көзқарастың кең тараған түрі - ғылыми емес, қарапайым көзқарастар.Олар күнделікті қызмет – әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аударылмайды, жеке фактілерден нәр алып, олардың спалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдыртпа «білімпаздық» көп. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифиологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, матералистік және идеалистік ағымдар араласып, шатысып жатады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың мифиологиялық, діни нану философиялық және философиялық түрлері қалыптасты.
Мифтік көзқараста білімсіздік ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім элементтер қат – қабатымен кезігеде. Миф - адамның – қауымдық санасыны алғашқы қалыптасуының көрінісі.
Мифология мен діни сананың кемістіктей не қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты бәрақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қаратырыу басым еді.
Натуралистік дүниеге көзқарасты жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де XVIII- XIX ғ. бұл дүниетанымды табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді.Сол кездегі философияның сіңірген аса зор еңбегі мынау деп білу керек – дейді Энгельс ол өз заманындағы жаратылыстану ғылыми білімдердің таздығына қарамастан, түзу жолдан жаңылған жоқ.Парасат пен дүниені ұғыну өздігінен келмейді, күресте қалыптасады. Ал күрес білім мен практиканың көкжиектерін кеңейтті, мифологиялық наным мен теріс ұғыныстардың қай – қайсысына болсын бөгет жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көріледі. Билікке қарсы ымыра.
Осы жүйесінің ең жоғарғы деңгейлі - дүниеге философиялық көзқарас философиялық көзқарас дегенде дүниені табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсініп ұғыну , табиғат пен адам арасындағы байланыстар, әрекеттің және қарым – қатынасының санада ерекше бейнелеу формасын айтамыз.Адамдардың жаранды танып білуге тіршілік болмысының мән жайы ұғынуға және болашаққа көз жеткізуіне көмектесетін идеялар, принциптер, теориялар мақсат – мұраттар дүниеге философиялық көзқарасты құрайды. Сонымен бірге сана қызметін реттеуші пікірлер адамның әлеуметтік позициясын бейнелейтін білімдер бағдары да оған негіз болады.
Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені зерттейі.
Сана дүние туралы ой, бейне мен ал ойдан тысқары тұрған әлем арасындағы қатынас арқылы талдауға алынып қарастырады. Бос қоса айтқанда. Философ өз байлануының жемісін өзінен тысқары тұрған тәуелсіз дүниемен салыстырады. Осы бағытта ал ақиқат пен адасудың , білім мен болжамның, болмыстың қиындығы мен ол туралы қиял пікірдің аражігін ажыратудың қажеттілігін және маңызын түсінеді.Философия таным процесінде менің дәлелді дұрыстығын және керісінше , ненің дәлелсіз қателігін көрсететін мәселелерді қарастырады, теориялық ойланудың жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады.Философияның негізгі мәселенің бастапқы, онтологиялық, жағы бар Онтология болмыс дамуының жалпылама заңы туралы ілім Онтологиялық мәселе материалистер үшін сыртқы дүниенің объективті өмір сүруін, оның мәнгі, шексіз тіршілігін мойындаушылық , ал идеалистер үшін рухтың болмысын алғашқы, қозғаушы күш ретінде уағыздаушылық. Бірақта сыртқы және дүниенің өзгерістері туралы көзқарастар үнемі жаңарып отырады. осыдан материализмнің негізі үшін тарихи түрін ажыратуға болады. Тұрпайы материализм, механикалық – метафизикалық және диалектикалық материализм.«Материализм» деген ұғым философия да негізінен XVII ғасырда тұрақсанда да, ол туралы көзқарастар ертедегі Үнді, Қытай, Грек елдерінде қалыптаса бастады. Тұрпайы материализм құлдық қоғамның туындысы. оның өкілдері (Лаоцзы, Ян Чжу, Ван Чун, локаяты мектебі, Гераклит, Анаксогар, Эмпедокл, Демокрит, Эпикур және т.б. дүниенің материалдығын және оның адамның санасына тәуелсіздігін мойындауы. Әйтседе дүниенің көрнекті көріністері мен елестеушіліктері оның қасиеттері мен құрамы туралы жалпылама түсініктерден құралды, соларға теңестіріледі. дүниеге деген көзқарас жалпы бр деңгейдегі тиянақталса да, грек философтары табиғатқа тән, ортақ бастанамы - дүниенің негізі саналатын түпкі субстанцияны табуға тырысты Левкины және Демокриттің материаның атомдық құрылысы гипотезасы ертедегі материалистік ілімнің үлкен бір жемісі болады.Материализмнің келесі түрі капитализмнің қалыптасуы кезеңінде , оның өндірісі мен ғылымның XVI – XVII ғ.ғ. қарқындау барысында пайда болады. Оны механикалық – метафизикалық материализм дейді. бұл материализм қалыптасуына механика, астрономия, математика, жаратылыстану ғылымдары ерекше ықпал етті.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.А. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. http://www.akorda.kz.
2. Назарбаев Н.А. Мәңгілік Ел. Годы, равные векам. Эпоха, равная столетиям. – Астана: Деловой мир Астана, 2014. – 368 с.
3. Нұрышева Г.Ж. Философия. – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
4. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. Философия. – Алматы: Эверо, 2014.
5. Ғарифолла Есім Фәлсафа тарихы, – Алматы, 2000.
6. Ғарифолла Есім Қазақ философиясының тарихы, – Алматы, 2006
7. Ғарифолла Есім Адам-зат, – Астана, 2008.
8. Бертран Р. История западной философии. – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.
9. Джонстон Д.Философияныңқысқашатарихы. СократтанДерридағадейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216 б.
10. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018.–360 б.
11. Кенни Э.Батысфилософиясыныңжаңатарихы. 1-том: Антика философиясы / Науч. редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.
12. Кенни Э.Батысфилософиясыныңжаңатарихы. 2-том: Орта ғасырфилософиясы / Науч. редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.
13. Карен Армстронг Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны/ Научн.редактор Кенжетай Д. – Астана, 2018. – 496 б.
14. Johnston D. A Brief History of Philosophy: From Socrates to Derrida. –A&C Black, 2006. – 211 p.
15. Kenny A. New History of Western Philosophy. Volume 1-4. –Oxford University Press, 2006 - 2010.
16. Humphreys P. The Oxford Handbook of Philosophy of Science. –Oxford University Press, 2016.
17. Estlund D. The Oxford Handbook of Political Philosophy. –Oxford University Press, 2017.
18. Cappelen H., Gendler T., Hawthorne J. The Oxford Handbook of Philosophical Methodology. –Oxford University Press, 2016.
19. Karen Armstrong A History of God: The 4000-year quest of judaism, christianity and islam. - Gramercy Books, 2014.- 496 p.
Достарыңызбен бөлісу: |