1. Философияның анықтамалары мен түрлері және бағыттарының санқырлылығы



жүктеу 60,5 Kb.
бет5/14
Дата04.01.2022
өлшемі60,5 Kb.
#36189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1 лекция (2)

Герменевтика-(гр.т.анықтаймын) - мәтіннің мәнін, оның обьективтік жағы мен субьективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.

Эклектика-(гр. таңдаймын) - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайтын, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытынды алынады.

Софистика - айтыс-тартыста жеңіске жету үшін ақты қара, қараны ақ жүгінетін әдіс.

Догматизмқоршаған ортаны догмалар, яңни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.

Анализбүтіннің құрамдас бөліктерге ойша немесе іс жүзінде ыдырауы.

Синтезәр түрлі элементтердің біртұтастыққа бірігу процессі.

Философияның негізгі функциялары(functio-латын сөзі,орындалу жасалу,істейтін қызметі):


  • Дүниеге көзқарастық функция

  • Методологиялық функция

  • Теориялық функция

  • Гносеологиялық функция

  • Сыншылдық функция

  • Аксиологиялық функция

  • Әлеуметтік функция

  • Тәрбиелік функция

  • Эвристикалық функция

Философия Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл - осы пәннің ең негізгі функцияларының бірі.

Әрине, қайсыбір адамның да Дүниеге деген көзқарасы бар. Ол тұрпайы, фантастикалық, діни, мифологиялық т.с.с. болуы мүмкін. Ертедегі гректердің айтқанындай, адам өзінің толық кемеліне, әсіресе рухани жағынан алғанда, пісіп-жетілуі сатысына 40 жасқа келгенде келеді екен. Оны олар «акме» деп атаған. Яғни адам өмірде сол жасқа шейін шыңдалып, талай рет маңдайы тасқа соғылып, күнделікті өмірден тәжірибе қорытып, осы қоршаған Дүние, қоғам өмірі, адамдардың бір-бірімен катынасы жөнінде белгілі бір көзқарасқа келеді. Әрі қарай жүре келе, ол тіпті белгілі бір даналық сатысына көтеріліп, қартайған шағында философиядағы ашылған өмірге деген көп қағидаларды сол пәнді оқымай-ақ өз-өзіне тағы да ашуы мүмкін.

Алайда, бүгінгі таңда, қазақ мемлекеті жаңа ғана қалыптасып, өзінің күшіне кіріп жатқан уақытта, бүкіл дүние жүзіндегі халықтар мен мемлекеттерге есігімізді кең ашып жаткан шағьмызда, өз келбетімізді сақтап қалуымыз үшін (оны ғылымда идентификация дейді) біз дүниежүзілік философияны зерттеп, қазақ халқының дүниетанымы онда қандай орын алатынын анықтауымыз керек. Сонымен қатар бүгінгі адамзаттың рухани дағдарысы неде, қаншалықты биік дәрежеге ғылым мен техника көтерілгенмен, қазіргі миллиондаған адамдар өздерін неге бақытсыз сезінеді, біз өзіміздің реформаларымызда қандай елдердің тәжірибелерін үлгі ретінде алуымыз керек және оларды өзіміздің ерекшеліктерге сай етіп пішуіміз керек деген т.с.с. сұрақтарға жауап беруіміз керек. Бұл сұрақтарға жауап жеке адам, я болмаса бүкіл қоғамның болашақ тағдырына әсерін тигізбей қоймайды. Ал олардың бәріне де терең жауап беру философия арқылы болмақ, өйткені олардың бәрі де - Дүниеге деген көзқараспен байланысты мәселелер.

Философияның келесі функциясы оның әдістемелік қызметінде. Әр ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуде белгілі бір іс-әрекеттер, әдістемелер қолданылады. Әртүрлі әдістер жеке, жалпы, ең жалпылық (философиялық) болып бөлінеді. Әдістер жөніндегі жалпы ілімді біз методология дейміз.

Философия болмыс пен ойлаудың ең жалпы формаларын зерттегеннен кейін, олардың әдістемелік қызметі объективтік шындықтың универсалды модельдерін жасау арқылы, сол тұрғыдан жеке ғылымдардың орнын, зерттеуге керек таным кұралдарын категориялар, заңдар, принциптер, — ұғымдарды анықтау арқылы жүреді. Әсіресе гуманитарлық пәндерді зерттеуде философияның құндылық, өмірдегі мән-мағыналық бағытты анықтаудағы қызметін асыра бағалау өте қиын. XX ғасырдағы ғылым мен техниканың өте тез дамуына байланысты философияның әдістемелік кызметінің де мәні өсуде.

Бір жағынан, жаңа ғылым салалары пайда болып жатса, екінші жағынан, әртүрлі ғылым салаларын жақындататын «шекаралық» пәндер дүниеге келіп жатыр. Қазір адамзаттың алдында неше түрлі экологиялық, демографиялық, урбанизациялық, ғарыштық т.с.с. мәселелер тұр. Оларды шешу үшін әртүрлі жеке ғылымдардың басын біріктіріп, үлкен күрделі ғылыми бағдарламаларды жасау керек. Ал мұның өзі белгілі философиялық көзқарастың, әдістемелік принциптердің негізінде ғана іске аспақ.

Енді философия жөнінде алғашқы түсініктерді алғаннан кейін, келесі тарауда біз осы пәннің тарихи жолын зерттейміз, яғни ол - философия тарихы.




жүктеу 60,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау