1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері



жүктеу 1,21 Mb.
Pdf просмотр
бет8/17
Дата29.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#27736
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

майданының  жойылуы.  Азамат  соғысы  кезінде  Ә.Жангельдин  экспедициясының  Ақтөбе 

майданын  қару-жарақпен  қамтамасыз  етуі.  1920  ж.  наурызында  Қазақстандағы  азамат  соғысы 

аяқталуы.  

1919  ж.  10  шілдеде  Қырғыз  (Қазақ)  өлкесін  басқару  үшін  революциялық  Комитеттің 

құрылуы,  оның  құрамы.  Қазревкомның  мақсаты  мен  міндеттері.  1920  ж.  Алашорда  үкіметінің 

жойылуы.  БОАК-нің  «Қырғыз  (Қазақ)  Кеңестік  социалистік  Автономиялық  республикасын» 

құру  туралы  шешімі.  1920  ж.  26  тамыз  Қырғыз  (Қазақ)  АССР-нің  құрылуы.  1920  ж.  4  қазан 

Кеңестердің Бүкілқазақстандық бірінші Құрылтайы. 1920 жылы құрылған Қырғыз (Қазақ) АКСР 

Орталық Комитетін басқарған С.Меңдешев. 1920 ж. Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесін 

басқарған Радус-Зенькович. 1920-24 Орынбор қаласы Қырғыз (Қазақ) АКСР астанасы. 1924 ж. 

Сырдария,  Жетісу  облыстары  ұлттық  мемлекеттікті  қайта  бөлу  кезінде  Қазақ  АКСР-ның 

құрамына енген облыстар. 

 

4.4. Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде  

(1918-1939 жж.) 

Қазақ  АКСР-і  және  Түркістан  Республикасы.  Мұсылман  Бюросы  және  Түріккомиссия: 

саяси  билік  үшін  күрес.  Тұтас  Түркістан  идеясы.  Т.Рысқұлов  және  М.Сұлтанғалиев. 

Түркістандағы  басмашылар  қозғалысы.  Әнуар  Паша  мен  Ахмет  Зәки  Валидов.  1921  ж.  жаңа 

экономикалық  саясатқа  көшу  туралы  шешімнің  қабылдануы.  Азық-түлік  салғыртының  азық-

түлік салығымен алмастырылуы ЖЭС жылдарындағы экономиканың дамытудың басты бағыты. 

1921  ж.  Қазақстандағы  аштық.  Алаш  зиялыларының  аштықпен  күресі.  1921-1922  жж.  жер-су 

реформасы. 1921-22 жж. жер-су реформасының мәні.  Қазақстандағы жер мәселесі. Жаңа билік 

және  қазақ  зиялылары.  Қазақ  өлкелік  партия  комитетінің  ІІІ-конференциясы  (1923  ж.,  17-22 

наурыз).  «База»  және  «азаб»  туралы  айтыс.  «Қазақ  ұлтшылдығы»  туралы  мәселе.  1923  ж.  22 

қарашадағы  «Қырғыз тілінде  (қазақ) іс-қағаздарды жүргізуді  енгізу  туралы»  Декрет.  Түркістан 

республикаларын  ұлттық-мемлекеттік  межелеу.  Верный  қаласы  Алматы  болып  қай  жылы 

өзгертілуі.  1925  ж.    Бүкілқазақстандық  Кеңестер  сьезі  «қырғыз  деген  атауды,  қазақ  атаумен 

ауыстыру туралы» қаулының қабылдануы. 

1925-33 

жж. 


Ф.И.Голощекин 

Қазақстандағы 

партия 

ұйымының 



басшысы. 

Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы, оның мазмұны. С.Сәдуақасов «Кіші Қазан» саясатына 

қарсы  шыққан  Қазақстанның  қоғам  қайраткері.  Жер  мәселесіне  байланысты  Қазақ  өлкелік 

партия комитетінің конференциясының шешімі (1925 желтоқсан), оның отарлық мазмұны. Қазақ 

зиялыларының Кеңестік билікті ұлттық мүддеге жұмылдыру әрекеті, оның іске аспай қалуы. Ұлт 

мәселесіндегі таптық-партиялық принцип, оның ұлыдержавалық астары. Отарлықтың биліктегі 

түрлі  топтар  арасында  «тепе-теңдік»  сақтау  саясаты.  Ұлттық  нигилистерді  қолдау  саясаты. 

Т.Рұсқұлов өткізген Бүкілресейлік Атқару Комитеті мүшелерінің кеңесі. Қазақ Өлкелік Партия 

Комитетінің  ІІІ-Пленумі  (1926,  25-30  қараша).  Ф.Голощекиннің  Алаштық  интеллигенцияға 

шабуылы.  1927  жылдың  соңында  басталған  сот  процестері.  Алаш  қозғалысы  басшыларын 

репрессиялау саясаты (1927-1932). 

Жайылымдық-шабындық  жерлерді  бөлу.  Кеңестендіру  саясаты.  Бай  қожалықтарын 

тәркілеу  туралы  декреттің  қабылдануы,  оның  саяси  және  экономикалық  нәтижелері.  Ауқатты 

шаруалар  қожалығын  жою.  Қазақ  шаруаларын  күштеп  жаппай  отырықшылыққа  көшіру 

шаралары.  Ауыл  шаруашылығын  жаппай  ұжымдастыруға  көшу.  1932  ж.  Қазақстанда 

ұжымдастыруды  аяқтаудың  жоспарлануы.  Жаппай  ұжымдастырудың  әдістері,  түрлері, 




қарқыны.  Ел  көлемінде  заңсыздықтың  кең  орын  алуы.  Қазақтардың  дәстүрлі  шаруашылық 

жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы. 

1929-1931  жж.  күшпен  ұжымдастыруға  қарсы  шаруалардың  қарулы  күресі.  Олардың  себебі, 

қозғаушы  күштері,  барысы  және  күшпен  басылуы.    Босқыншылық.  шет  елге  ауа  көшулер. 

Босқындардың қайғылы тағдыры. 

1931-1933  жж.  аштық.  1932  ж.  шілдесінде  Ф.Голощекинге  жолданған  республика 

қайраткерлерінің бірі  тобы жазған  «Бесеудің  хаты».  Демографиялық апат және оның салдары. 

Күштеп  ұжымдастыру  нәтижесінде  30-жылдары  болған  аштықтан  2  млн-нан  астам  адамның 

қырылуы. Кеңестік тарихнаманың «ұжымдастырудың» нәтижелерін асыра бағалауы.  

Қазақстанды 



«индустрияландыру» 

саясаты. 

Табиғи 

шикізаттарды 



зерттеу. 

Индустрияландырудың  отарлық  мазмұны.  Индустрияландыру  жолдары  мен  әдістеріне 

байланысты  теориялық  айтыстар.  М.Шоқай,  С.Асфендияров,  С.Сәдуақасов  және  басқа 

қайраткерлердің  индустрияландыруға  байланысты  пікірлері.  1930  ж.  Түркістан-Сібір 

теміржолының  құрылысының  аяқталуы.  М.Тынышпаев  және  Түрксіб  құрылысына 

жәрдемдесетін  арнаулы  комитет.  Кеңес  өкіметінің  мәдениет  пен  ғылым  саласындағы 

жетістіктері  және  бұл  саладағы  қайшылықтар.  Сауатсыздықпен  күрес.  Халыққа  білім  беру 

жүйесінің  қалыптасуы.  Маман  кадрлар  даярлайтын  арнайы  орта  және  жоғары  білім 

ошақтарының  құрылуы.  1928  ж.  Қазақстанда  бірінші  жоғары  оқу  орнының  ашылуы.  Қазақ 

жазуын  араб  алфавитінен  латын,  сонан  соң  кириллицаға  көшіру.  А.Байтұрсынов  бастаған 

топтың алфавит ауыстыруға қарсы күресі. 15 жастан 50 жасқа дейінгі жалпыға бірдей міндетті 

сауат ашудың енгізілуі. 

Мәдениетте большевиктік концепцияның үстем алуы. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне жасалған 

шабуыл. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Ғылым ошақтарының пайда болуы. Ғылым 

кадрлардың  қалыптаса  бастауы.  Рухани  мәдениеттен  алаш  зиялылары  мен  олардың 

шығармаларының  ығыстырылуы. 1936 ж. Қазақ АКСР-ның одақтық статусқа ие болуы Қазақ 

АКСР-ның  Қазақ  КСР-і  болып  өзгертілуі.  1937  ж.  Қазақстанда  бірінші  Кеңестік 

Конституцияның қабылдануы. Қазақстанда 1933-1938 ж.ж. басшы болған қайраткер және оның 

тағдыры. 1929 ж. Алматы қаласы Қазақстанның жаңа астанасы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 

1940 ж. 10 қарашадағы «Қазақ тілін жаңа орыс алфавитіне (кириллицаға) көшіру туралы» Заңы.  

Тоталитарлық  жүйенің  нығая  түсуі.  Сталиннің  жеке  басына  табынуы  1937-1938  жж 

жаппай  репрессиялау  шаралары.  Ауқымы.  Қазақ  зиялыларының  алдыңғы  белсенді  бөлігі  – 

репрессия құрбаны. Бұл процесстің ауыр салдары. Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам қуғын-

сүргін  құрбандары.  ГУЛАГ,  КарЛАГ,  СтепЛАГ,  АЛЖИР  лагерлері.  Кәрістердің,  немістердің 

Қазақстанға  еріксіз  қоныс  аударуы.  Қазақстанға  еріксіз  қоныс  аударған  халықтардың 

жағдайы.1940 жылдың басында пайдалануға берілген темір жол торабы. 

 

4.5. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж). 

ІІ-дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  Кеңес  үкіметінің  сыртқы  саясаты.  Фашистік 

Германияның  Кеңестер  Одағына  басып  кіруі.  Фашистердің  «Барбаросса»  жоспары  бойынша 

Қазақстан  Үлкен  Түркістан  аймағына  енгізілуі.  Фашистердің  «Түркістан  легионын»  құру 

әрекеті. Мұстафа Шоқайұлы. Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры. 

Майданға  жақын  аудандардан  өңдіріс  орындарын,  өңдірістік  құрал-жабдықтарды  және 

халықты эвакулациялау, олардың белгілі бір бөлігінің Қазақстан жеріне орналасуы. Республика 

өмірін  соғыс  қажетіне  бейімдеу.  1941-1942  жылдары  Қазақстанға  220    фабрика-зауыттардың 

көшірілуі.  1941-1945  жж.  Қазақстанда  460  завод,  фабриканың  соғыс  қажеттілігі  үшін  жұмыс 

істеуі. Ж.Жабаев 1941 жылы жазылған «Ленинградтық өрендерім» атты толғаудың авторы.  




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау