1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері



жүктеу 1,21 Mb.
Pdf просмотр
бет6/17
Дата29.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#27736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

әкімшіліктің салықтар мен міндеткерліктерді енгізуі. Орта Азия хандықтарының Қазақстанның 

Оңтүстік аудандарына шапқыншылығы. Қоқан және Хиуа әскерлерінің қанды жорықтары. Қазақ 

ауылдарына әртүрлі салықтардың (зекет және харадж) жүктелуі. 

1801  жылы  Еділ  мен  Жайық  аралығында  Ішкі  Бөкей  хандығының  құрылуы,  оның 

экономикалық,  саяси  және  әлеуметтік  жағдайы.  1824  ж.  26  маусымдағы  Жәңгір  ханның  хан 

көтерілуі.  1827  ж.  Нарын  құмындағы  Жасқұс  мекеніндегі  Жәңір  ханның  ордасының  салынуы. 

Жәңгір ханның (1823-1845 жж) ішкі және сыртқы саясаты. Қазақстан жерінде алғаш  мектептің 

ашылуы және қазақтардың отырықшылыққа тартылуы. Жәңгір ханның жер саясаты және Ішкі 

(Бөкей)  Ордадасынғы  1836  –  1838  жылдардағы  шаруалар  көтерілісі.  Көтеріліс  қолбасшылары 

Исатай  Тайманұлы  және  Махамбет  Өтемісұлы.  Хан  Ордасын  қоршауға  алу.  Көтерілістің 

ерекшелігі. Тастөбе мекені мен Ақбұлақ өзені маңындағы ұрыстар. 12 шілді 1838 ж. Ақбұлақ пен 

Қиыл өзендерінің арасындағы  Исатайдың қаза болуы. Көтерілістің жеңіліс табуы және тарихи 

маңызы. Ішкі (Бөкей) Ордасының Ордадағы хандық билік жойылуы. 

Тентектөре,  Қаратай,  Арынғазы,  Саржан  сұлтандардың  және  Жоламан  Тіленішұлының 

отарлық тәртіптің орнығуына қарсы бас көтерулері. 

Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық  көтеріліс  (1837-1847  жж.).  Мақсаты, 

негізгі  кезеңдері,  ауқымы  мен  сипаты.  1838  жылғы  соғыс  қимылдарының  кең  құлаш  жаюы. 

Кенесары  хан  сарбаздарының  патша  жазалаушы  отрядымен  қарулы  қақтығыстары.  Ақмола 

приказы  үшін  күрес.  Кенесары  ханның  өзін  қолдамаған  сұлтандарға  қарсы  жорықтары. 

Кенесары ханның  Кіші  жүз  және  Орта  жүз  қазақтарын  біріктіру  әрекеттері.  Көтерілістің бүкіл 

Қазақстан территориясын қамтуы. Кенесары сұлтанның хан болып сайлануы. Кенесары ханның 

қазақ  мемлекеттігін  қайта  құруға  бағытталған  қызметі.  Хандықтың  ішкі  құрылысы.  Кенесары 

хан қолына қарсы  патша жазалаушы экспедицияларының аттануы. Кенесары ханның Орталық 

Қазақстан жерінен қоныс аударуы. 

Кенесары  хан  әскерінің  қоқандықтармен  соғысы.  Кене  ханның  Бұқара  және  Хиуа 

хандықтарымен  қарым-қатынасы.  Ресейдің  Түркістанды  жаулап  алуын  тоқтату  үшін,  Кене 

ханның қырғыз және қазақ халықтарын біріктіру жолындағы қимылдары. Бұл әрекеттердің іске 

аспай,  қырғыздармен  соғысуы.  Кене  ханның  өлімі.  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық 

көтерілістің тарихи маңызы. 

Ұлы жүз қазақтарының Қоқандықтарға қарсы көтерілісі. Хиуа және Қоқан билігіне қарсы 

Жанқожа  Нұрмұхаммедұлы  бастаған  көтеріліс  (1856-1857  жж.).  9  қаңтар  1857  ж.  Арықбалық 

мекеніндегі шайқас. Патша билігіне қарсы Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс (1857-1858 жж.).  

Патшалық  Ресейдің  Оңтүстік  Қазақстанды  жаулап  алуды  аяқтауды  көздеген  әскери 

қимылдары. Орыс әскерлерінің Меркі, Әулиеата, Ақмешіт (1853), Шымкент және Түркістанды 

басып  алуы  (1864).  1860  ж.  Қоқан  мен  Ресей  арасындағы  Ұзынағаш  шайқасы.  Сібір  және 

Сырдария  әскери  шептерінің  тоғысуы.  Верный  әскери  бекінісінің  негізінің  қалануы  (1854), 

Ташкент қаласының алынуы (1865). Жаңа әскери бекіністердің салынуы. Орынбор әскери округі 

(1864  ж.)  және  Түркістан  әскери  округінің  (1867  ж.)  құрылуы.  Ресейдің  Қазақстанды  жаулап 

алуының аяқталуы. 

 

3.3. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан 

Қазақстанды басқарудың әкімшілік-территориялық және сот реформалары.   1867 

жылы  11-ші  шілдеде  бекітілген  «Сырдария  мен  Жетісу  облыстарын  басқару  туралы 

ереже». 1868 жылы 21-ші қазанда бекітілген «Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару 

туралы  уақытша  ереже».  Қазақстан  территориясының  3  генерал-губернаторлыққа 

біріктіріліп  басқарылуы.  Генерал-губернаторлықтардың  орталықтары.  Уақытша  Ережеге 

байланысты  қазақ  жерлері  Ресей  империясының  меншігі.  1867-1868  жылдардағы  реформа 

бойынша  Бөкей  ордасының  Астрахань  губернаторлығына  енгізілуі.  1867-1868  жылдардағы 

реформа  бойынша  қазақтардың  әкімшілік-орталық  аппарат  жүйелерінде  қызметінің  шектелуі. 

Реформа  бойынша  сот  және  салық  жүйесіндегі  өзгерістер.  1867-1868  жылдардағы  патша 

үкіметінің  әкімшілік-территориялық  реформаларының  енгізілуіне  байланысты  туған  ұлт-




азаттық  көтерілістер  (1870-1873  жж.).  1886  жылғы  «Түркістан  өлкесін  басқару  жөніндегі 

Ереже», 1891 жылғы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі 

Ереже». Аталған облыстар құрамына енген уездер. Дала генерал-губернаторлығының құрылуы. 

ХІХ  ғасырдың  соңындағы  қазақ  жерінің  территориялық-әкімшілік  құрылымы.  1886  және  1891 

жылғы  Ережелерге  байланысты  барлық  буындағы  отаршыл-әкімшілік  жүйенің  одан  әрі  жетіле 

түсуі.  Көшпелі  және  отырықшы  тұрмыстағы  халыққа  белгіленген  алым-салық  пен 

міндеткерліктер. Сот жүйесіндегі өзгерістер. Жалпы империялық сот позициясының нығая түсуі. 

Патша  өкіметінің  аграрлық  саясаты.  1891  жылғы  Дала  Ережесінің  жер  мәселесіне 

байланысты  отаршыл  сипаты.  Сібір  темір  жолы  Ерекше  комитетінің  аграрлық  саясатын 

жүргізудегі  ролі.  Ф.Щербина  экспедициясының  қызметі.  Қоныс  аудару  қозғалысы. 

Қоныстанушылар.  Қоныстанушылар  орналасқан  аудандар.  Переселен  деревнялары.  Өкімет 

орындарының  оларды  орналастырудағы  саясаты.  ХІХ  ғ.  2-ші  жартысында  Қазақстанға  орыс 

шаруаларын  жаппай  қоныс  аудару  және  оларға  жасалған  жеңілдіктер.  ХІХ  ғасырдың  ІІ 

жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке. ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында 

Қазақстанға  қоныс  аударған  қоныстанушы  шаруаларға  жер  бөлудің  түрі.  ХХ  ғасыр  басында 

Қазақстандағы қоныстандыру қоры жұмысының негізгі бағыттары.  

Ресей  әскерінің  Іле  аймағына  кіргізілуі  және  жергілікті  ұйғырлар  мен  дұнғандарды 

қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғау. 1881 ж. Санкт-Петербор келісімі. 1881-1884 

жж.  Жетісуға  Іле  аймағына  ұйғырлар  мен  дұнғандардың  ерікті  түрде  көшуінің  жүзеге 

асырылуы.  1883  жылдан  бастап  Жетісуда  қоныс  аударушыларға  берілген  жеңілдік.  Қоныс 

аударудың  экологиялық  зардаптары.  Қоныс  аудару  қозғалысының  әлеуметтік-экономикалық 

және  саяси  нәтижесі.  Жергілікті  халық  пен  қоныстанушылардың  арасалмағы.  Қазақтардың 

белгілі  бір  бөлігінің  отырықшы  тұрмысқа  өте  бастауы.  Қазақ  ауылына  нарықтық  қатынастың 

енуі. Мал құрамындағы өзгерістер. Қазақ қоғамында әлеуметтік жіктелудің күшеюі. 

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп орындары қалыптасуы 

мен  дамуының  ерекшеліктері  және  сипаты.  Қазақстанның  қалалары.  Олардың  орналасуы. 

Қалалар  –  Қазақстанды  отарлық  қанаудың  әкімшілік  орталықтары.  Қалалардың  экономикалық 

өмірі.  Қалалардың  халқы,  әлеуметтік-демографиялық  құрамы.  Қазақстанның  жер  қыртысы 

байлығын игеру шаралары. Орыс капиталының тау-кен өндірісіне шоғырлануы. Тас көмір және 

мыс  қорларын  игерудің  басталуы.  Металл  өндіру  заводтарының  пайда  болуы.  Алғашқы 

өнеркәсіптік  акционерлік  қоғамдардың  құрылуы.  Қазақстандағы  өнеркәсіп  орындарында 

жалдамалы  жұмысшылардың  қалыптаса  бастауы.  ХІХ  ғ.  аяғы  –  ХХ  ғ.басында  қазақ 

буржуазиясы  және  сауда.    ХІХ  ғ.  аяғында  шетел  капиталистерінің  тау-кен  өнеркәсібінде 

белсенділігінің артуы.  Ауыл шаруашылық шикізат өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп орындарының 

дамуы.  ХІХ  ғасырдың  ортасындағы  жәрмеңкелер.  ХІХ  ғасырда  Қазақстан  мен  Қытай 

арасындағы  сауда  байланысы.  Бұқтырма,  Семей,  Петропавлдың  Синьцзянмен  сауда  жасау 

орталықтарына  айналуы.  Жергілікті  халықтан  жұмысшы  мамандардың  қалыптасуының 

ерекшеліктері.  ХХ  ғ.  басындағы  Орынбор  -  Ташкент  темір  жолы  құрылысы.  ХІХ  ғ.  аяғында 

Қазақстанда дамыған өндіріс саласы. 



ХҮІІІ  ғ.  -  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстан  мәдениеті.  ХҮІІІ  ғ.  Қазақстандағы  Ресей 

экспедициясы. Қазақ әдебиеті. Ақтамберді  жырау, Бұқар жырау, Тәттіқара, Үмбетай Тілеуұлы, 

Шал Күлекеұлы. Ревалюцияға дейінгі қазақ музыка өнерінің өкілдері Құрманғазы, Дәулеткерей, 

Дина,  Тәттімбет,  Біржан  Қожақұлы,  Ақансері,  Байжігіт  және  басқалар.  Құрманғазының 

"Кішкентай", «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері.  

ХІХ  ғ.  аяғы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  ғылым,  ағартушылық  және 

реформаторлық  бағыттар.  Ш.Ш.Уәлиханов  (1835-1865  жж.).  Омбы  кадет  корпусын  бітіріп, 

Гасфорттың  адъютанты  лауазымына  тағайындалуы.  Ш.Уәлихановтың  ғылыми  еңбектерінің 

маңызы.  Ш.Уәлихановтың  ориенталистика  саласындағы  еңбегі.  Ш.Уәлихановты  бүкіл  әлемге 

танымал еткен еңбегі. Ш.Уәлихановпен дос орыс жазушы – демократтары.  



Ы.Алтынсариннің  өмір  сүрген  жылдары.  1857  ж.  Алтын  медаль.  Ы.Алтынсариннің 

алғашқы  қазақ  мектебін  ашуға  атсалысуы.  Ы.Алтынсарин  Торғай  облысында  мектеп 




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау