инспекторы қызметінде. ХІХ ғ. 80-ж. Торғай облысының Ырғыз қаласында қазақ қыздары үшін
алғашқы оқу орнының ашылуы. Қазақстанда қазақ балаларын оқыту үшін еуропалық түрдегі
мектептердің ашылуы және олардың басты мақсаты. ХІХ ғ. Қазақстанда патша өкіметі мектеп
медреселерді ашуға кедергі жасауы. Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» еңбегі.
Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. А.Құнанбаевтың еңбектері. Абайдың «Қара
сөздері» философиялық-этикалық көзқарас тұрғысындағы еңбек. Абайдың орыс жазушы
достары және олардың еңбектерін қазақ тіліне аударуы. А.Құнанбаевтың қазақ мәдениетінің
дамуына қосқан үлесі.
Орыс тарихнамасындағы Қазақстан. ХІХ ғ. бірінші жартысында жарыққа шыққан
А.И.Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының суреттемесі»
атты қазақ тарихы туралы алғашқы жан-жақты еңбек. Семенов-Тянь-Шаньский Жетісудың
табиғатын зерттеуші орыс ғалымы. Затаевич қазақ халқының «1000 әні мен 500 күйін»
жинағын композитор, әрі этнограф ғалым. Ресейден Қазақстанға саяси жер аударылғандардың
идеялық бағыттары.
1888-1902 жж. тұңғыш қазақ тіліндегі «Дала уәлаяты» мерзімді басылымның жарыққа
шығуы. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті. Шығарушы редакторлары, идеялық бағыттары.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі – ХХ ғ.
басы.). Қазақ ұлттық интеллигенциясының реформаторлық қозғалысының ерекшеліктері. 1905-
1907 жж. орыс революциясының маңызы және оның Қазақстанға әсері. ХХ ғасырдың басында
300-ден астам жұмысшысы бар ірі өнеркәсіпорны. 1905 ж. желтоқсанда Успенск руднигіндегі
тау-кен жұмысшыларының ірі және ұйымдасқан толқуы. Успенск руднигі жұмысшыларының
құрған ұйымы. 1905 ж. Қарқаралы петициясы. І, ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар.
Б.Қаратаевтың ІІ Мемлекеттік Думаның секциялық мәжілісінде Қазақстандағы патша
өкіметінің аграрлық саясатын сынға алуы. М.Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы.
Столыпин аграрлық реформасы Қазақстанда жүзеге асырылу барысы және нәтижелері. Қазан
төңкерісіне дейін Қазақстаннан 45 млн. десятина жердің қонысаударушыларға алынуы. «Қара
жұмысшалар одағының» құрылуы.
4.1. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсері. Салық мөлшерінің, түрлі
міндеткерліктердің өсуі. Қазақстанда енгізілген салық түрі. Ауыл шаруашылығының құлдырауы,
егістік көлемінің, мал басының кеміп кетуі. Әлеуметтік қайшылықтардың өсуі. Патша өкіметінің
аграрлық саясатына наразылықтың күшеюі. Қазақ ауылы мен европалық қоныстанушылар
бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Солдаттар соғысқа қарсы бас көтерулер. Қалалар мен
өндіріс орындарындағы ереуілдер. Қазақстан облыстарында төтенше-әскери жағдайдың
енгізілуі. М.Дулатовтың қазақ ұлтының өмір сүруінің проблемаға айналуы мәселесін көтеруі.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы. 1916 жылғы көтерілістің алғышарттары мен
сипаты. Көтерілістің қозғаушы күштері мен басталуы. 19-43 жас аралығындағы ер азаматтардың
тыл жұмысына алынуы. 1916 жылғы 25 июньдегі патша жарлығына қарсы халықтың қарулы
көтерілісіне ұлттық интелегенцияның қатынасы және көзқарасы. 1916 интеллигенция
өкілдерінің радикалды бағытының көтерілісшілер жағына шығуы. Жетісу мен Сырдария
облыстарындағы көтерілістер. Каспий және Орал облыстарындағы көтерілістер. Ақмола, Семей
және Торғай облыстарындағы көтерілістер. 1916 жылғы көтерілістің Торғай облысындағы
көтеріліс басшылары (Амангелді Иманұлы, Әбдіғапар Жанбосынұлы т.б.). Амангелді
Иманұлының серігі, мерген Кейкі батыр. 1916 жылғы көтеріліс барысында хандық билікті
қалпына келтіруге талпыныс (Әбдіғапар Жанбосынұлы, Бекболат Әшекеев, Нұрлан Қияшев,
Оспан Шоңов). Ж.Мәмбетов пен Ұ.Саурықов қолбасшылық жасаған жер. Қоныс
аударушылардың көтеріліске қатынасы. Патша өкіметінің жазалаушы экспедициялары.
Жергілікті халықтың Қытайға қоныс аударуы және оның зардаптары. 1916 жылғы көтерілістің
тарихи маңызы. Қазақ жастарының тыл жұмыстарына алынуы. Қазақ зиялыларының тылдағы
жұмысшылардың арасындағы қызметі.
4.2.
1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан
Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы саяси
биліктің өзгеруі. Қазақ қоғамының саяси өзгерістерге қатынасы. Уақытша өкіметтің басқару
органдарының құрылуы. Қазақ интеллегенциясының өкілдері Уақытша өкіметтің басқару
орындарының құрамында. Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, М.Тынышбаевтардың және басқалардың
қызметі. Ақпан революциясынан кейінгі өзгерістердің тарихи маңызы. М.Тынышпаев Түркістан
Уақытша үкіметінің комиссары. М.Шоқай Жетісу Уақытша үкіметінің комиссары. Уақытша
өкімет және Қазақстандағы ұлт мәселесі. Облыстық және уездік қазақ съездері және оларда
қойылған мәселелер. Патша өкіметінің құлауы және ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері.
Қазақ комитеттерінің құрылуы және олардың қоғамдық саяси қызметі. Қазақ комитеттері – қазақ
халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі.
1917 жылғы дағдарыс. Шілдедегі І-ші жалпықазақ съезі. «Алаш» ұлттық-саяси
партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов партия лидері. Алаш партиясының бағдарламасы. «Алаш»
партиясының бағдарламасының «Қазақ» газетінде жариялануы. Алаш және большевиктер.
Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш партиясының жетістіктері. "Үш жүз"
партиясының құрылуы. «Үш жүз» партиясының басшылары және олардың ұстанған саяси
бағыты. «Үш жүз» партиясының жетекшісі.
Уақытша өкіметтің мемлекеттік басқару жүйесінің ыдырауы. Большевиктердің саяси билікті
қолына алуы. 1917 жылы Ақмолада құрылған ұйым. «Қара жұмысшылар Одағы» (А.Розыбакиев,
Ж.Бабаев, Х.Фариденов).
Желтоқсанда өткен ІІ-ші жалпықазақ съезі. Алашорда Халық Кеңесі үкіметінің құрылуы.
Семей қаласы Алаш-Орда үкіметінің орналасқан орталығы. Алаш автономиясын жариялауға
байланысты айтыстар. Ә.Бөкейханов Алаш үкіметінің жетекшісі. Түркістан (Қоқан)
автономиясы ІҮ Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет. М.Шоқай Түркістан (Қоқан)
автономиясының жетекшісі. Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметтері
құрылуының Қазақстан тарихындағы тарихи маңызы.
4.3. Қазақстан Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарында.
Ресейдегі Қазан революциясы. Қазақстанда 1917 жылдың қазан-сәуір айлары аралығында
Кеңес үкіметінің орнауы. Перовск Сырдария облысында алғаш Кеңес өкіметі орнаған қала.
Кеңес өкіметі және Алашорда мен Қоқан автономиясы үкіметтерінің тағдыры. Ұлт
зиялыларының Кеңес өкіметіне көзқарастары. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының
таратылуы. Кеңес үкіметінің алғашқы шаралары. 1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен
күштер.
Қазақстанның 1918-1920 жж. азамат соғысына тартылуы. Алашорда үкіметінің қазақ
әскери жасақтарын құру шаралары. Большевиктердің қызыл әскердің ұлттық бөлімдерін құруы.
Қазақстан халқының екіге жарылуы. Ақ гвардияшылар мен Қызыл Әскер арасындағы әскери
қимылдың бүкіл Қазақстан жерін қамтуы. 1918 жылы маусымда Орынбордың алынуы. Азамат
соғысы жылдарындағы экономикалық жағдай. «Соғыс коммунизм» саясаты, оның
Қазақстандағы ерекшеліктері. Черкасск қорғанысына қатысушылар әскерінің Анненков
әскерлеріне қарсы шайқасы. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы майдан Жетісу