құрылуы. Александрдың оны біріктіру мақсатында жүзеге асырған экономикалық және
әлеуметтік-саяси шаралары. Оның жаулап алуларының тарихи маңызы.
Александр мұрагерлері (диадохтар) арасындағы күрес және жаңа (эллиндік)
мемлекеттердің құрылуы. Эллиндік мемлекеттер типтері. Эллинизмнің мәні,
Б.з.д. VІІІ-ІV ғғ. ежелгі грек мәдениеті.
Б.з.д. VШ-Ш ғғ. Ежелгі Рим
Деректері мен тарихнамасы. Ежелгі құлиеленушілік қоғам және Италиядағы
мемлекеттер (б.з.д. VШ-VІ ғғ.). Рим - Италиядағы қалыптасқан мемлекеттің орталықтарының
бірі. Ежелгі Римдегі патрицийлер мен плебейлер, клиенттер мен патрондар. Римдегі патшалық
билік. Римнің ішкі қарама-қайшылықтары және патша Сервий Туллидің саяси-әлеуметтік
реформалары. Патшалық биліктің құлауы және Рим республикасының құрылуы.
Б.з.д. VІ ғ. аяғы-ІІІ ғ. бірнші жартысындағы Рим және Италия. Плебейлердің
патрицийлермен күресі. Әдет-ғұрыптық заңдарының XII кесте заңдарында заңдастырылуы. Рим
қоғамының әлеуметтік құрылысының өзгеруі. Б.з.д. ІV-Ш ғғ. Римнің саяси құрылымы. Римнің
Италияны жаулап алуының аяқталуы.
Б.з.д. V1-III ғғ. Рим мәдениеті.
Б.з.д. Ш-І ғғ. Кейінгі Республика. Рим республикасының құлауы (б.
з.д. 180-30 жж.).
Рим мен Карфагеннің Жерорта теңізінің батысы үшін күресі. Бірінші Пуни соғысы.
Римнің Карфагенмен күресінің аяқталуы. Екінші Пуни соғысы. Ганибал жорығы. Фабий
Максим диктатурасы. Римнің Африкаға жорығы. 2-ші Пуни соғысының әлеуметтік-
экономикалық нәтижелері үшінші Пуни соғысы – Карфагеннің талқандалуы. Рим державасы
Жерорта теңізіндегі ірі құл иеленушілік қоғамның орталығы ретінде.
Рим республикасы саяси жүйесінің дағдарысы. Әлеуметтік қайшылықтардың күшеюі.
Римдегі Марий төңкерісі. Цинн билігі. Сулланның Италияда және б.з.д. 83-82 жж. Азаматтық
соғыстар. Сулланың жеңісі және оның диктатурасының орнауы.
Спартак бастаған Ұлы құлдар көтерілісі. Б.з.д. 70 ж. - 60 ж. басындағы саяси топтардың
күресі. Сервилий Руллдың заң жобалары маңайындағы күрес және Каталина бүлігі. 60-жж.
Цицеронның саяси қызметі.
Бірінші триумвират. Цезарь консульдігі. Цезарьдың Галлиядағы соғысы. Шығыстағы
Рим саясаты. Бірінші триумвираттың құлауы. Римдегі саяси анархия. Республика мекемелерінің
дағдарысы. Цезарь мен Помпей арасындағы азаматтық соғыс. Цезарь диктатурасы.
Цезарь өлгеннен кейінгі азамат соғыстары. Полистік жүйенің дағдарысы және рим
республикасының құлауының негізгі себептері.
Б.з.д. ІІІ-V ғғ. Рим мәдениеті.
Империя дәуіріндегі Рим
Октавиан Августтің билік құруы. Монархиялық тәртіптің ұйымдастырылуы. Августің
әлеуметтік және сыртқы саясаты, оның жаулап алушылықтары және Рим мемлекетінің
шекараларын кеңейтуі. Б.з.д. І-ІІ ғғ Рим империясындағы әлеуметік-экономикалық қатынастар.
Рим империясының әкімшілік құрылымы.
Б з. I ғ. Рим империясы. Юлий-Клавдий және Флавий әулеттерінің билігі. Августтің
мұрагерлері. Нерон билігі. Сенеканың саяси бағдарламасы және оның сәтсіздіктері. Алғашқы
христиандық қауымдар. Иоанның «Апокалипсисі» және оның рим билігіне көзқарасы.
Саяси дағдарыс және 68-69 жж. азамат соғысы. Флавийлер әудеті Орталық биліктің
нығаюы, абсолюттік билік үрдістерінің пайда болуы. Сенаттағы оппозиция. Философтардың
қозғалысы. Флавийлердің құлауы.
Юлий-Клавдийдің сыртқы саясаты. Мавританияның, Британияның және Фракияның т.б.
территориялардың қосылуы. Парфия және Рим.
Б.з. II ғ. Рим империясы. Антониндер әулеті Рим империясының «Алтын ғасыры».
Антониндердің аралық және экономикалық саясаты. Колондар жөніндегі заңдар. Құлдық
мәселесі және оның шешімі. Антониндердің сыртқы саясаты. Троянды жаулап алуы. Соңғы
Антониндер кезінде империяда ішкі және сыртқы жағдайдың” нашарлауы. Шекараларға
варварлардың тегеуріні. Абсолюттік тенденциялардың күшеюі. Антониндердің құлауы.
Б.з. І-ІІ ғғ. Рим мәдениеті.
Б.з. III ғ. дағдарыс. Римдік құлиеленушілік қоғам мен мемлекеттің дағдарысы. Саяси
дағдарыс және 193-197 жж. азамат соғысы, Северлер әулеті. Жауынгерлік императорлар және
олардың саясаты. Б.з. III ғ. варварлық шет аймақтар. Варварлардың Рим шекараларын бұзуы,
олардың Рим территориясында қоныстануы және оның салдары.
ІІІ ғ. Рим экономикасының дағдарысы. Қалалар мен қалалық өмірдің құлдырауы. Құлдық
жүйенің дағдарысы. Рим қоғамы құрылымының күрделенуі, өтпелі кезеңнің белгілері.
Әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардың шиеленісуіне саяси тұрақсыздыұтың ықпалы.
Мәдени құндылықтардың дәстүрлі жүйесінің дағдарысы. Б.з. III ғ. соңында империяның
қалпына келтірілуі.
Кейінгі Рим империясы. Батыс Рим Империясының құлауы.
ІV
ғасырдағы Рим қоғамы және мемлекет. Доминат жүйесі Диоклетианның және
Максимилианның әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалары. Сыртқы саясаты.
Диаклиетиан реформаларын Константиннің аяқтауы. Константин ұрпақтары. олардың
билік үшін күресі Юлианның діни және әлеуметтік саясты.
Рим империясының Батыс және Шығыс (Византия) болып бөлінуі. Әскер мен
мемлекеттік аппаратың варварлануы. Шіркеу ішіндегі күрес. Халықтардың Ұлы қоныс
аударуы. Ғұндар мен готтар. Вестготтардың қозғалысы.
Герман тайпа бірлестіктерінің Рейнде белсенділік көрсетуі. Германдықтардың
Рейндегі шекараны бұзуы және Батыс Рим империясының территориясында варварлық
корольдіктердің құрылуы.
Ғұндардың жаулаушылығы. Империяны тұрақтандыру үшін жасалған соңғы әрекеттер.
Император Майорианның реформалары және оның сәтсіздігі. Ромул Августулдың құлатылуы
және Рим империясының күйреуі.
НЕГІ3ГІ БӨЛІМ
Орта ғасырлар тарихы бойынша деректер (IV - XVII ғғ.)
Ортағасырлық деректер классификациясы (табиғи-географиялық, этнографиялық,
заттық, көркемсуретік-бейнелеу, жазба). Ортағасырлық жазба деректер: нарративті
(баяндаушы), құжаттық, заңдық. Ерте орта ғасырлар кезеңінің маңызды құжаттары (IV ғ. соңы -
XI ғ. ортасы). Варварлық заңдар жинағы. Формулалар мен картулярии, капитулярии, анналдар
мен хроникалар. Феодалдық қатынастардың гулдену кезеңінің деректері (XI ғ. ортасы - XV ғ.
соңы). Поместьелік описьтер. Жерге байланысты описьтер. Қарапайым құқық ескерткіштері
(зерцала, кутюм, фуэрос). Қала хартиялары. Цехтык статуттар. Король заңдары. Кейінгі орта
ғасырлар кезеңінің негізгі деректері (XVI - XVII ғғ.).
Рим империясындағы дағдарыс (б.з. III-V ғғ.)
Құл иеленушілік дағдарысы. Колонат эволюциясы. Эмфитевсис. Прекарий. Патронат
және коммендация. Натуралды шаруашылық. III-V ғғ. экономикалық құлдырау. III-V ғғ. Рим
империясындағы қоғамдық және мемлекеттік құрылым. Доминат дәуіріндегі қаржы
реформалары. Идеологиядағы дағдарыс. Империяның христиандануы. Ересьтік қозғалыстар.
Багаудтар мен агонистиктер қозғалысы. Еуропалық феодализм, кейінгі антикалық қоғамдық
қатынастар мен германдық, кельттік және өзге «варварлық» рулық-тайпалық қоғамның синтезі
ретінде.
Халықтардың Ұлы Қоныс аудару дәуіріне дейінгі ежелгі германдықтардың
қоғамдық құрылымы
Герман тайпаларының қоныстану территориялары. Жазба деректер, археологиялық
мәліметтер, пәнаралық зерттеулер мәліметтері бойынша германдықтардың шаруашылық өмірі.
Ежелгі германдықтардағы қауым. Жер өңдеу. Мал шаруашылығы. Мүліктік жіктелістің
басталуы. Соғыс пен әскери істің орны. Материалдық мәдениет. Қолөнер, сауда және
айырбастың дамуы. Ежелгі германдыктардың қоғамдық-саяси құрылымы. Рухани әлемі, діні
және наным-сенімі. Ежелгі германдықтар тарихының шет елдік және Қазақстандық