1 дәріс Биосфера туралы ілім және В. И. Вернадскийдің биосфералы-ноосфералық концепциясы Жоспары: В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі «Биосфера»


Топырақтың ластануы және оның зардаптары?



жүктеу 227 Kb.
бет3/12
Дата09.03.2022
өлшемі227 Kb.
#37736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
15лекция

Топырақтың ластануы және оның зардаптары?

Негізгі экологиялық топырақтарды қорқауға мына буындар кіреді?


3 дәріс

Тұрақты даму аумағындағы жаһандық XXI ғасырының күн мәселесі

Жоспары: КОСР-2 (1992ж) кезінде қабылданған маңызды құжат- «XXI ғ күн мәселесі ».

Ол 100-ден аса әр түрлі жаһандық мәселелер кедейлік пен аштықтан арылудан бастап табиғат қорғау мәселелерін шешуде қоғамның рөлін күшейту,қамтитын бағдарламалардан тұрады.XXI ғасырдың күн мәселесі- бұл XXI ғ адамзатының жаһандық мәселелерін қарастыратын әрекет бағдарламасы. Онда жерді құртуды алдын алу, атмосфера мен гидросфераны ластау, ормандарды сақтау және өсімдіктер мен жануарларды сақтау сияқты мәселелер көрсетілген.Бұл құжатта барлық мемлекеттің тұрақты дамуына орналасқаншарттар көрсететін,олардың бастысы-табиғат пен табиғат ресурстарына үнемділікпен қарау.

«XXI ғ күн мәселесі» дамыған елдерді БҰҰ-мен ұсынылған «ұлттық өнімнің 0,7%-ын дамушы елдерге экологиялық бағдарлау көмегін беру үшін бөлу туралы ұсынысын шешуге шақырды. Пайдалану және өндірудің құрылысын өзгертудің әртүрлі концепциялары ұсынылды. Олардың біреуінің мысалы,тиімділіктің мәні – ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны ластауды» азайтуға бағытталған энергетикалық және шикізатты ресурстардың экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады.

Қоршаған орта бір жағынан – қалдық тастау көзі,ал бір жағынан ресурстар көзі ретінде қарастырылады. «Экокеңістік» түсінігін енгізу пайдалану мен өндірудің әлемдік пайдалануының жоғарғы шекарасын анықтауға мүмкіндік береді,адам қажеттіліктері мен қоршаған ортаның қызметтерінің байланысын анықтауға мүмкіндік береді.

Дамудың бір уақытта орындалатын 3стратегиясы ұсынылды:

Бірінші – жердің табиғи био тасының табиғи-теңді жүйелері мен қожалық етуші адамның өзара әрекет стратегиясы.Оның мақсаты:түрлерді, олардың тіршілік ортасын,биологиялық әралуандылықты сақтау.

Екінші– азықтық пайдалануды қамтамасыз ететін табиғи-теңді антропогенді экожүйесінің қожалық етуші адаммен өзара әрекеті стратегиясы.Бұл жерде ауыл шаруашылығы, тағам өнімдерінің басқа да түрлері жайында айтылады.

Үшінші – жасанды орта экожүйесі мен қожалық етуші адамның өзара әрекеті стратегиясы. Бұл– қалалар және басқа да аймақтар.Бұл жерде биоәртүрлілікті сақтау маңызды емес, адам денсаулығы, құрылыс ғимараттары маңызды.

Орта Азиядағы XXI ғ күн мәселесінің талаптарын

орындауды бағалау

Бүгінгі көптеген мемлекеттер тәуелсіз табиғат қорғау саясаты ойлап тауып, жүзеге асыруы мүмкін. Онымен қоса экология сферасында аймақтық сатыда серіктесуі де мүмкін.Экологиялық тұрақты дамуға көшу Орта Азияның дамуында елеулі орынға ие. 1993жылы Орта Азия мемлекетінің басшылары «Арал теңізі мәселелерін бірлесіп шешу» туралы құжатқа қол қойды.

Орта Азия конуолдация процесі тереңдеп келеді.Есік көлі және Нукусекол(1995) декларациясы тұрақты дамуға бағытталған аймақтық әрекеттерге толығырақ дайындайды.1997 жылдың ақпанында Орта Азия президенті 1998жылды БҰҰ-ның басшылығымен «қоршаған ортаны қорғау жылы» деп атаған Алматы декларациясына қол қойды. Бұл құжат президенттердің тұарақты дамуға деген президенттердің саяси еркіндіктерінің дұрыс көзқарасын көрсетті. 1998 жылдың наурыз айында Орта Азияның 4 билеушілері «Экология және табиғатты тиімді пайдалану аймағында серіктестікке келісу» құжатына қол қойды.

1998 жылдың сәуір айында Алматыда Орталық Азия министрлерінің конференциясы өтті.Онда қоршаған орта министрінің Еуропалық конференциясына Орхус, Дания, Икни дайындық және аймақтық серіктестік жайлы айтылады.

2000 жылдың 14-16 ақпанында Тегеранда Азия мен Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жиналыс ұйымдастырды.

2000 жылдың тамызында БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы(ЮНЭП) Банкое қаласында ұлттық және аймақтық әрекет жоспарын дайындайтын семинар өткізді. Азия мен Тынық мұхитының дамуына арналған қоршаған ортаны қорғау министрінің конференциясы 2000 жылдың 31 тамыз 5 қыркүйек аралығында Китакиуму (Жапония) қаласында, ал Еуропадағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кездесу 2000 жылдың

16-18 қазанында Алматы қаласында өтті. 2001 жылдың шілдесінде мемлекеттер Шымбұлақта келісілген 5 негізгі сұрақты шешуге ұлттық әрекет жоспарын дайындады:ауаның ластануы;судың ластануы;қалдықтарды қадағалау;жер мен таудың дегерадациясы.

Арал өңіріндегі бірлестік бойынша көзқарастар

Арал теңізі аймағының кесеапаттарымен күресу субаймақтық бірлестіктің символы ретінде қаралады, ол мемлекеттік тәуелсіздігін жарияланғанға дейін басталады. Тәуелсіздікті жарияланғаннан кейін Мемлекетаралық кеңес Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қорға қосылды.Бұл қор бүгінгі де жұмыс істейді.

Кедейліккедейлік пен қоршаған орта жағдайы тығыз байланысты.Кедей тұрмыста өмір сүретін адамның экологиялық жағдайсыздықты тудыратындардың көзі болмаса да,кедейлер оның зардабын жиірек шегеді.Өмір сүру үшін күресте табиғи ресурстарды толассыз пайдалануға мәжбүр болады.Ал қоршаған ортаның ресурстардан босауы одан әрі кедейлікке әкеледі.

Кедейліктің экологиялық салдарыэкологиялық деградация халықтың кең ауқымының кедейлігінің салдары немесе нәтежиесі ретінде Орта Азиялық аймақтың қалалық әрі ауылдық жерлерінің проблемасы болып табылады.Кей шалғайдағы ауылдық аймақтарда халық санының өсуі қоршаған ортаның жағдайын ұқтырып келеді.Адамдар табиғи ресурстарды болашақ ұрпаққа қалдырмастан тауысуда.

Кедейлік пен экологиялық зардаптардың байланысы жеке дара емес, комплексті қасиетке ие,ол әлеуметтік, экономикалық,мәдени,физикалық факторларды да қамтиды. Адамдардың экологиялық әрекетін түсіндіру үшін табиғи ресурстарды пайдалану мен иемдену, қоғамдық ресурстарға қол жетерлік,жергілікті ұйымдар мен бірлестіктердің күші мен әлсіздігі, жеке тұлға мен топтпрдың тәуекел мен анықталмаған жағдайларға деген көзқарасы, содай-ақ, шектелген уақыт жағдайында шешім таңдау сияқты аспектілерді негізге алады.

Қоршаған ортаны қорғау мен кедейлікті азайту

бойынша бағдарламалар мен саясат

Орта Азиялық аймақта кедейлік мәселесін шешуге коптеген ұлттық және аймақтық сатылардағы ұсыныстар көрсетілді.Бірақ олардың бірлескен әсері қазірше үлкен емес.Мәселе өте күрделі,оны шешудің заманауи әрі комплексті жолдары керек.Кедейлікті азайту үшін жұмыс орындары қажет,сонымен қатар анық белгіленген халықаралық, аймақтық және ұлттық стратегиялар жеткіліксіз.

Көптеген елдерде денсаулық сақтау өңіріне байланысты ұлттық саясаттары бар, бірақ олар (денсаулық бәріне) концепсиясына сай келе бермейді.Көптеген дамушы елдерде денсаулық сақтау, кедейлік, әлеуметтік-экономикалық даму мен экология арасындағы байланысты әлі де сезіне қойған жоқ.

Адамзат тарихында күрделіліктің әр түрлі сатылары мәселелерінде әлі де жетіспеушілік байқалмаған.Бірақ ең ірі, әрі қиын мәселенің адамзат алдына бір уақытта келуі,әсіресе,қоғамда бұл тарихи жағдайға жедел түрде жауапсыз қалдырса өлім аузына дейін әкелетін дәуір де болмаған.Тарихта алғаш рет адамзат алдында күрделі мәселе тұр:даму жолын таңдау,және ең қызықтысы дамуды адамның өзі емес, қоршаған орта мен биосфера бірге таңдауы керек.

Соңғы уақыттарға дейін, биосфера адам әрекетінен осыншалықты әлсіз болған емес.Соңғы 50 жылда биосфераның маңызды параметрлері қатты өзгеруде:химиялық құрам,температуралық режим,жердің барлық қабаттары.Біз енді қазір тек қоғамдық салдарды ғана емес,табиғи салдарды да назарға алуымыз керек.Мысалы:адамдарды жаппай қыруға арналған құралдарды қолданатын әскер әрекеті, биосфераға кері әсерін тигізтетін дәстүрі бар тарихи қалыптасқан ресурс пайдалану,адамдардың табиғатқа деген қамқорсыз әрекеті т.б.

Биосфера қоршаған ортаны қорғаушы ретінде бірегей жүйені құрайтындықтан,тұрақты дамуға көшу халықаралық бірлестіктердің қарқынды жұмыс жасауынан орындалады.Осыған байланысты халықаралық бірлестікте тұрақты дамуды қамтамасыз етуде ҚР-ның приоритеттері келесіге сәйкес келеді:

тұрақты дамуға көшудегі мәселелерге байланысты халықаралық серіктестік құру;

биосфераға антропогенді әсерді нормаландыратын істер мен тұрақты даму мәселелерін шешу халықаралық ғылыми бағдарламаларға белсенді түрде қатысу;

сыртқы экономикалық әрекетте мемлекеттің экологиялық мәселелерін қамтамасыз ету;

Адам дамуының басты қазынасы,ол – таза ауа, таза су, денсаулыққа пайдалы азық-түлік беретін топырақ сияқты табиғи заттар екенін адамзат енді ғана түсінуде. Енді өткен қателіктерді мүмкіндігінше түзеп,адам денсаулығы мен өміріне қауіпті техникалық дамудың алдын алып,әлі жойыла қоймаған аз да болса ресурстарымызды сақтаудың амалын іздестірудің уақыты келді.

Адамзат өз тарихының жаңа дәуіріне көшуде.Бұл дәуірдің ерекше белгілерінің бірі – адам мен табиғат арасындағы жаһандық мәселелер.

XX ғасырдың 80 жылдары шетелдік әдебиеттерде, әсіресе экономика, экология, әлеумет, саясаттану, жаһандану және құқық сияқты жаратылыстану әдебиеттерінде тұрақты даму термині кеңінен қолданыла бастады.

Бұл жердегі терминнің мағынасы әлеуметтік-экономикалық, экологиялық даму. Яғни, бүкіл планетада бейбітшілікті сақтау, адамдардың сұраныстарын қанағаттандырудың саналы жолы, өмір сапасын жақсарту, планета ресурстарын тиімді пайдалану және табиғи ортаны сақтау. Бұл концепциясының тірегі:

Біріншіден- экономиканың дамуы табиғи ортаны бұзып,қауіпті ластаулармен бағытта болмау керек туралы постулат;

Екіншіден-әр түрлі мемлекеттер мен халықаралық әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағынан дамуы әртүрлі болатынын мойындау;

Үшіншіден- адамдар және қоғам мен табиғат арасындағы гармонияны келтіру;

Төртіншіден- әлеуметтік-экономикалық дамудыу негізінде зорлау,қастық емес гуманизм мен еркіндік екенін дәлелдеу;

Тұрақты даму түсінігін енгізіп және әлемдік масштабта тұрақты дамуға көшіретін «XXIғасырдағы күн мәселесін шешу» қабылдай отырып,ғалымдар мен саясаткерлер болашақ цивилизациялық даму жолында өткір кризистік құбылыстарданарылмақшы.Сонымен қатар, кризис- әрбір дамушы жүйелер өздерінің даму жолында кризистік ситуациялармен кездеседі.Олар кризистен не жаңарып шығады, не қалпына келе алмай, жоғалып кетеді.

Кризис пайда болудың 4 түрлі себебін көрсетуге болады:

дамудың ішкі ресурстарының жойылуы;

тең емес дамушылықтан туындаған,белсенді жүйелердің арасындағы дисгармония;

дамудың сыртқы шекарасына жетуі;

жүйеге сырттан әсер ету, белсенді мақсатты немесе кездейсоқ;

Біздің қандай жағдайда тұрғанымыз бен қайда кетіп бара жатқанымызды бағалау үшін белгілі бір критериилер қажет.Бұл мақсат «XXI ғасырдың күн мәселесінің » 10-тарауында көрсетілген. Бұл мәселе өте күрделі,ұсынылған ұсыныстар әртүрлі әрі бір-біріне қарама – қайшы.

XXI ғасырдағы қоғам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасы жалпы ойлаған кезде бұрынғы және қазіргі кейбір көз бояушылықтар мен қателіктерден арылған жөн.Себебі олар саналы түрде нәтижелі жаһандық, ұлттық, аймақтық және локальдыі экологиялық стратегиялар мен жаңа экологиялық пирамида ұйымдастыруға кедергі келтіреді.Тұрақты даму дегенде жиі біртегіс, кризиссіз реттелген өмір режимі деп түсінді.Бұндай түсінік қате. Біз оны теңдестіру,үрдістерді реттеу,технологиялық және экологиялық кризистер кезіндегі шығындарды азайту, әсіресе индустриалдан постиндустриялды қоғамға өту кезінде деп түсіндіруіміз қажет.


жүктеу 227 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау