Дене тәрбиесінің міндеттері:
Жастық шақ, ересек кез – І кезең:
- ағзаны жан-жақты дамыту, жоғарғы денсаулық деңгейіне жеткізу,
ағзаның жұмыс қаблеттілігін, ақылдылық қабілеттілігін жоғарылату;
- қозғалыс ептілігі мен дағысын жетілдіру, жігер-күші қасиеттерін дамыту;
- жеке өз бетімен жаттықтыруларға қажетті білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру;
- спорттық жаттықтырулармен белсенді айналысуға, жоғарғы спорттық жетістіктерге жетуге қызығушылықтарын арттыру.
Ересек кез – І-ІІ кезең, орта жас:
- денсаулық деңгейін, сыртқы әсерге ағзаның тұрақты бейімділігін сақтау, ағзаның ақылдылық және дене қуаты, жұмысқабілеттілік деңгейін сақтау;
- еңбек ету және тұрмыс жағдайы кезінде қажетті жігер-күші, дене қуаты қасиеттерін, қимыл ептілігі мен дағдысын жоғары деңгейде тұрақтату;
- еңбек және еңбектен бос уақыттарда қолданылатын жаттықтырулар туралы білімдерді тереңдету.
Үлкен жас, қарттық кезең:
- қозғалыс белсенділігін, ағзаның жақсы денсаулық деңгейін, шығармашылық жас ұзақтығын шамаң келген деңгейде сақтау;
- күнделікті тұрмыс жағдайларына керек қимыл ептілігі мен дағдысы деңгейін төмендетпей тұрақты ұстау;
- дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға жағымды әсері, олардың сауықтыру бағыттары туралы білімдерді тереңдету, сол арқылы жеке өз беттерімен жаттықтырулар жасауға тұрақты қызығушылықтарын ояту.
Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі
Негізгі дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар адамдардың жұмыс істеген ұжымдарында, мекемелерде, тұрған жерлерінде, әртүрлі спорттық ғимараттарда, мамандардың басқаруымен, өздерінің құрған топтарымен және өз бетімен жеке жүргізіледі.
Біздің еліміздегі ересек, орта, үлкен жастағы адамдармен дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі және спорт жұмыстары өнеркәсіп орындарындағы, әртүрлі мекемелердегі, оқу орындарындағы спорт клубтары, ерікті спорт қоғамдары, кәсіподақ комитеттері арқылы іске асырылады.
Ерікті спорт қоғамдарының негізгі мүшелері оқу, өнеркәсіп орындарындағы жұмысшы, қызметкер, оқытушы, оқушы, студенттер. Олар ерікті спорт қоғамына мүше болған соң, дене тәрбиесі ұжымының мүшелері деп аталады. Ұжымды басқаратын, жұмыс ұйымдастыратын ұжым төрағасы, есепші жалпы жиналыс кезінде сайланады. Жиналыс жыл сайын өткізіліп төраға есеп беріп отырады. Дұрыс жұмыс істемесе жиналыс төрағаны ауыстыру құқығына ие.
Дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарының міндеттері:
ұжым мүшелерінің санын көбейту;
жаттықтырулар, денсаулық топтарын, жарыстар, саяхаттар, туристік жорықтар, спорт мерекелерін ұйымдастыру.
Дене тәрбиесі ұжымының құжаттары:
Жылдық жоспар.
Әрбір үш айға жоспарланатын жұмыс жоспары.
Істелген жұмыстарды есепке алу журналы.
Мәжілістер хаттамасы.
Бұйрықтар кітабы.
Ұжым мүшелерінің тізімі.
Статистикалық есептер.
Дене тәрбиесі мамандарын есепке алу кітабі.
Көпшілік дене мәдениеті және спорт жұмысының жылдық күнтізбе жоспары.
Бес жылдық даму жоспары және т.б.
Еңбек қызметтері кезінде дене тәрбиесі жұмыстарының жүргізілуі ғылыми зерттеулер негізінде дәлелденген. Ол дене тәрбиесіндегі зерттеулер еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) жүйесіне кіргізілген. ЕҒҰ жүйесінің міндеттері: алдыңғы қатарлы тәжірибе мен ғылыми жаңалықтарды тұрақты қолдану, дамыту арқылы еңбек өнімділігін жоғарылату, адамдардың денсаулықтарын нығайту, кәсіптік шеберліктерін жақсарту, өнеркәсіпте қолданылатын техникаларды жетілдіру.
Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.
Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;
Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.
Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.
Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;
Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;
Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.
Жеңіл атлетика
1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.
4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
Гимнастика сабақтарында
Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;
Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;
Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.
Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;
Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;
Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.
1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.
2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.
3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.
4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.
5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.
6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.
7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.
8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.
9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.
10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |