1 Дене тәрбиесі жұмыстарының негізгі түрі – оқу сабақтары болып табылады



жүктеу 27,9 Kb.
бет2/3
Дата01.03.2023
өлшемі27,9 Kb.
#41527
түріСабақ
1   2   3
дш

2 Өз беттерімен жаттықтыру түрлері студенттердің өз еріктерімен сабақтан бос уақыттарында жүргізіледі. Ол жаттықтырулар спорт ойындары түрлері: волейбол, футбол, баскетбол, хоккей; жүгіру түрлері; атлетикалық гимнастика; гир спорты; ұлттық ойын түрлері болуы мүмкін. Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары мен спорт клуб қызметкерлері әдістемелік көмек жасап, жаттықтыруларды дұрыс жолға бағыттап отырады. Дұрыс жүргізілген өз бетімен жаттықтыру түрлерінің маңызы өте зор.

3 Күн тәртібі ішіндегі дене жаттығуларына жататындар: таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, күн тәртібіндегі гимнастикалық жаттығулар т.б. қозғалыс түрлері.

4 Көпшілік-сауықтыру және спорттық шаралар түріне жататындар: спорттық жарыстар, денсаулық топтары, жүгіруді жақсы көрушілер топтары, спорттық мерекелер, спорт түрлерінен көрсетілімдер, сенбі, жексенбі күндері өткізілетін белсенді демалыстар (саяхатқа шығу, жорықтар, таза ауада серуендеу, ойын түрлері, суға түсулер т.с.с.), әртүрлі сауықтыру шаралары, спорттық сауықтыру легерлеріндегі сауықтыру, дене жаттығулары түрлері.
Арнайы орта оқу орындарының, колледждердің оқушыларының дене тәрбиесінің мақсаты дене тәрбиесі жаттығуарымен тұрақты шұғылдану, оны кәсіптік, әлеуметтік, мәдени – спорттық қызметтерде қолдана білу қабілеттілігін қалыптастыру. Колледждегі дене тәрбиесі жұмыстары төмендегідей түрлерде жүргізіледі: оқу орнының оқу кестесі бойынша жүргізілетін оқу сабақтары, жаттықтырушы, оқытушылардың басқаруымен жүргізілетін спорт түрлерінен жаттықтырулар, оқушылардың сабақтан тыс кездерінде өз беттерімен орындайтын дене тәрбиесі жаттығулары мен спорт түрлері, саяхаттар мен туристік жорықтар, көпшілік спорттық – сауықтыру шаралары, семестр кезінде бір рет өткізілетін «денсаулық күні». Негізгі оқу топтарындағы дене тәрбиесі сабақтары жетісіне екі рет, төрт сағат барлық оқу курстерінде, оқу орындарын бітіргенше өткізіледі.
Жоғарғы дәрежелі кәсіптік жұмысшылар дайындайтын кәсіптік техникалық училищелер өздерінің оқу жұмыстарын бағдарлама, оқу жоспары бойынша атқарады. Оқу пәндерінің бірі дене тәрбиесі сабақтары. Кәсіптік техникалық ущилищелердің барлық дене тәрбиесі жұмыстары Қазақстан мемлекетінің Білім және ғылым министірлігі бекіткен жоғарғы және орта кәсіптік техникалық училищелерінің оқушыларының дене тәрбиесіне арналған оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Оқу күн тәртібінде сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттері, кіріспе гимнастика және «спорт сағаты» жүргізіледі. Сабақтан тыс уақыттарда спорт түрлерінен жаттықтыру сабақтары, жарыстар, көпшілік спорт жұмыстары, президенттік сынама сынақтарына дайындық жұмыстары жүргізіледі.


жүктеу 27,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау