1-бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 3,66 Mb.
бет5/12
Дата25.11.2017
өлшемі3,66 Mb.
#1576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2) тері жапқыштары (алдыңғы және артқы бөліктер) – жиектеу;

3) қамыт, ауыл шаруашылық жастықтарының алдыңғы және артқы біліктері- көктеу;

4) жапқыштардың бұрыштары және корпустың түбі – тігу.

Машинамен тігу.

1) жүк бөлшектеріне горттар, жүк корпустарына ілмектер, корпустарға арқа жастықтар - жапсырып тігу;

2) каркастарға горттар, жегуліктер, жүк шабадандарына тұтқалар - қайып тігу;

3) адам жарағы бөлшектерінің жоғарғы шеті, алдыңғы шеттің жапқыштары – әдіптеу;

4) арқа жастықтары, май шелекке қаптар - тігу;

5) жастық қаптары және жүк шабадандарына тұтқалар – қайып тігу.

Параграф 3. Бұйымдарды тігуші, 3-разряд


172. Жұмыс сипаттамасы:

тігін машиналарымен орташа күрделіліктегі бұйымдар мен бұйымдар элементтерін тігу бойынша жұмыстарды орындау, табиғи және жасанды былғарыдан жасалған қолғаптар (қолғапқа жапсырманы қайып тігуден басқа), сағаттың белбеулік қайыстарын, портмоне, шилан, әмиандар, көзілдірікке, кілттерге, тарақтарға қаптар, фотоаппараттар үшін жеңіл конструкциядағы қаптар, құжаттар мен кәдесый кітаптарына мұқабалар, бүрмеленген бокс қолғаптары;

сөмкелерді, портфельдерді, папкілерді, аспалы сөмкелерді, карта салғыштарды тігу;

жоғарғы бөліктің құрамдас бөлшектерін қайып тігу және қайыптамау, бұйымдардың сыртқы бөлшектері мен элементтерін әдіптеу және көмкеру,

бақылау белгілеуінсіз бұйымдардың ішкі жағынан кедер мен сылдырма ілгекті, резеңкені қолғаптар мен биялайларға қайып тігу, Цупферлерді, клапандарды, иніштерді, қайыстарды және басқа сыртқы бөлшектерді қайып тігу, кедерді бір мезгілде төсеусіз ботанды, сынашықтарды, фальдтарды, жақтарымен қоса түпті қайып тігу (бүру), бұйымдарға орташық пен аралықты қайып тігу;

сөмкелердің, папкілердің, портфельдердің, аспалы сөмкелердің, қолғаптар мен биялайлардың манжеттерінің, фибра қосымшаларының, хоккей шолақ дамбалдарының шетін әдіптеу және көмкеру;

қымтаулы тігісті, бүрмені, әшекей сызықтарын, дөңес бедерлерді тігу, бізді түйреумен екі инелеп бұйымдарды қусыру, сигналдық жалаушалардың қаптарына түпті қайып тігу;

машинамен тігілмейтін учаскелерді тігіп бітіру және бізді түйреумен екі инелеп бұйымдарды қусыру кезінде машина тігістерін бекіту;

әр түрлі үлгідегі және сыныптағы тігін жабдығында немесе инелерді, аспаптарды, инструментті қолдана отырып қолмен жіп тігістерімен бөлшектерді, бұйымдарды біріктіру әдісімен қайыс-ер бұйымдарын, адамның керек-жарақ бұйымдарын, жүк бөліктерін және брезент пен шатырлық матадан жасалған басқа бұйымдарды тігу бойынша күрделі операцияларды орындау;

жалпақ тері, резеңке, кендір, жүн, мақта-мата жетек қайысы мен ені 100 мм жоғары транспортер таспаларын, сондай-ақ желімдеуді қажет ететін дөңгелек, былғары белдіктерді қусыру, сырмалау, желімдеу және бекіту;

технология талаптарына сәйкес сыруды үзбей және бос өткізбей жібі тартылған түзу тігісті, қабу жиілігі мен бөлшектердің жиектен қашықтығын қамтамасыз ету;

тігін машинасында бірнеше қабаттап бойлата немесе фигуралы тігіспен техникалық бұйымдарды тігу және қусыру;

техникалық шарттарға сәйкес қайыс белдіктерді отырғызу, қайыс пен қусырманың қажетті енін, тығыздығы мен қалыңдығын алу мақсатында машинамен қусыру;

отырғызу шығыршықтарын реттеу;

машинаны реттеу және жөндеу.

173. Білуге тиіс:

тігін машиналары мен жабдығының, оның ішінде былғары галантерея өндірісі үшін арнаулы тігін машиналарының құрылысын, оларды техникалық пайдалану, реттеу және жөндеу ережелерін, арнаулы аспаптардың құрылысын, оларды қолдану ережелерін, орташа күрделіліктегі бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін, тігін машинасы арқылы қайыстарды өткізу бірізділігін, қайыстар мен қусыруға қойылатын техникалық шарттарды, технология және бекітілген үлгілерге сәйкес фигуралық тігулерді орындау тәсілдерін, дайын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды.

174. Жұмыс үлгілері:

Қолмен тігу.

1) қанаттарға бенфуторлар, горттар, тері жапқыштарын, қамыт кранецтері, ноқталар, өмілдіріктер, жапсырмалар, жүк жегу ноқталары, айыл жүгендері, таралғы, жүк және жекпе қайыстары, көлік қайыстары, отырғыштар, алдыңғы және артқы жүктердің артпалы дорбалары, жабу айылдары, жүгендер, белкөтермелер, чумбурлар ,сүйреуші және негізгі шілиялар, шілиялар - тігу;

2) шабаданның киіз біліктері – тігу және қаптау;

3) шығу ер жастықтарына жапқыштар, қамыттың алдыңғы біліктеріне жапқыштар, адам керек-жарағының қайыстарына клапандары бар белбеу тоғалары, шабадан түбінің аралықтары, әр түрлі белдіктерге тоғалар, корпустарға аспа қайыстар – жапсыра тігу;

4) артиллериялық жегу әбзелдерінің біліктері – былғары және металл таяныштар мен планкалар –киізбен, ауыл шаруашылық қайыстары- орап тігу;

5) корпус қырлары мен шабаданның жапқышын – көмкерме;

6) шабадан корпусы жапқышының қырлары – көктеу;

7) шабадан бұрыштары – қусыру;

8) шабадан каркасының бұрыштары – бекіту;

9) ердің қамыт жастықтары мен киіз бөлшектері – дайындама.

Тігін машинасымен тігу.

1) бүйір жапқыштары мен қамыт жастықтарының жапқышы, артпалы дорба ботандары, қанаттарға бенфуторлар, делбелерге горттар мен ұштықтар, офицер және казак ерінің және шығу жегу әбзелінің әр түрлі қайыс бөлшектері, терлік жапқыштарына жегуліктер, терлік жапқыштар, офицер ерінің алдыңғы және артқы жүктерінің қабы, алдыңғы жүктің (тең), артиллериялық жегу әбзелі жастықтарына жапқыштар, қамыт бұраулары, тачанкалық жекпе қайыстарына муфталар, ноқталар, тығыздамалар, өмілдіріктер, жүген жапсырмалары, жүгендер, таралғылар, лейцтерге тоғалар мен горттар, айылдар, пристругалар, артпалы дорбалар, жорық терліктер, үлкен және кіші жастықтар (облямовкалар), мойын жастықтары, кішкене жастықтар, ауыл шаруашылық жегу әбзелінің жекпе қайыстары, подперсьялар, иық жастықтары, жүк қайыстары, тырнақтар үшін қайыстар, айылдарға біріктіру қайыстары, көлік қайыстары, адам керек-жарағының пассалық қайыстары, дала сөмкесі және полеткалар толықтай, жүгендер, қамыт жастықтары, чумбурлар, белкөтермелер, шілиялар, белбеулер, қайыстар, қамыт жапқышына булықтар– тігу;

2) бұйымдардың жоғарғы бөлігі – әдіптеу;

3) былғарымен қамыт айналымдары– қаптау;

4) дала сөмкелерінің астарлары, бұйымдарға тоға және бастырмалармен ілгекті горттар мен жегуліктер, арнаулы машинада жүк корпустарына каркастар, қамыт жастықтарына сыналар мен облямовкалар, резеңкелерге ілмектер, сөмке жақтарына корпустар мен жапқыштар, қамыттың алдыңғы біліктеріне жапқыштар, тасушы ілгектер, белдіктерге тоғалар, фигуралық тігісі бар белбеу қайыстарына қайылған тігіс және клапандары бар тоғалар, ілгекті горттары бар патрон қораптары және кобур жақтарына жапқыштар, иық қайыстар – қайып тігу;

5) ауыл шаруашылық жегу әбзелінің әр түрлі қайыстық бөлшектері, табан ағаштар, құрама жапқыштар, тізеқаптарға шығыршықтар, бүйір жапқыштарының клапандары, таға қапшықтары, қамыт қапшығына қаптамалар, ершіктер, ершіктер горттары, кішкене тоғалар мен қанжығаларға ілгектер, алдыңғы сөмкелер, артқы және орта жақтар, артқы жақтары бар жапқыштар, кобура корпустары, бөлшектер, үстеме және аралықтағы әр түрлі өлшемдегі бастырмалар, жабу айылдары – қайып тігу;

6) адам керек-жарағының бөлшектері – жиектеу;

7) шабаданның корпусы мен жапқыштары – қырларын жиектеу;

8) қайыстарға тоғалар мен шығыршықтар, қайыстарға ілмектер, қайып тігілген белдіктер, қамыт жастықтарының бұрыштары, терліктерге жапқыштардың бұрыштары, жапқыштардың бұрыштары – тігу;

9) киізге ер қаптамасы, шарнирге ер жапқыштары, аралық қабатқа қайыстар, топсаға резеңкелер – қайып тігу;

10) қамытбаулар мен қайыстар – есу.

Параграф 4. Бұйымдарды тігуші, 4-разряд


175. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет ету машиналарында күрделі бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау, бір мезгілде кедерді төсеумен немесе тігістерді көмкерумен қолғаптарды (жолма жолдан басқа), сөмкелерді, портфельдерді, балет қорапшаларын, папкілерді, аспалы сөмкелерді, шабадандар мен аспалы сөмкелерді - бұрышын тігетін машиналарда, шабадандарды қол, колонкалық машиналарда және таяныш тіреулері бар машиналарда;

табиғи және жасанды былғарыдан жасалған қолғапқа жапсырманы қайып тігу;

тігін машинасында спорт бұйымдарын тігу: қалқаншаларды, қақпашы үшін иықбаулар мен көкірекшелерді, шынтаққапты, боксшы маскаларын, велошлем мен хоккей шлемдерін, мақта-мата мотокостюмдерін, хоккей шолақ дамбалдарын, велошабандоздар, мотошабандоздар үшін қолғаптарды, снаряд қолғаптарын, боксшы грушаларын, қорғау қалқандарын;

ойыншы қалқаншаларына чашка мен басқа бөлшектерді қайып тігу;

спорттық бұйымдарды қолмен тігу: қаптар мен спорт доптарын, боксшы нәктерін, қорғау қалқандарын, қақпашы қолғаптарын;

денталық әдіспен қолғаптарды қолмен тігу;

қаптар мен спорттық доптардың тігілмейтін учаскелерін қолмен тігіп бітіру;

әр түрлі үлгідегі және кластағы тігін жабдығында немесе инені, бізді, аспаптарды, инструментті қолданумен қолмен жіптік тігістермен шикі қусырумен былғары мен киізден жасалған қайыс-ер бұйымдарын, адам керек-жарағы бұйымдарын тігу бойынша аса күрделі операцияларды орындау,технология талаптарына сәйкес сыруды үзбей және бос өткізбей жібі тартылған түзу тігісті, ине шаншым жиілігі мен тігіс пен бөлшектердің арасындағы қашықтықтықты қамтамасыз ету;

қолданылатын машиналарды, жабдықты және аспаптарды реттеу және жөндеу.

176. Білуге тиіс:

әр түрлі мақсаттағы тігін машиналарының құрылысын, техникалық пайдалану ережелерін, әр түрлі қалыңдықтағы материалдарды тігуге тігін машиналарын реттеу және жөндеу тәсілдерін, күрделі бұйымдарды, оның ішінде спорттық және қайыс-ер бұйымдарын тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін.

177. Жұмыс үлгілері:

Тігін машинасында тігу.

1) қаптау түбі, отырғыштарға күнқағарлар, жүк қамытының жапқышы, офицер керек-жарағының муфталары, артиллериялық жегу әбзелінің көкірек және мойын жастықтары, рота барабандары үшін қайыстар, бір мезгілде серіппені қою және қайыстарды біріктірумен қаптар, револьвер баулары мен желбей– тігу;

2) адам керек-жарағының бөлшектері –қол машиналарында тігу;

3) рота барабандары үшін қайыстарға төсегі бар горттар, оқаны, бетінен қорапша мен ілгекті, қаламдар және белгілеу таянышы үшін тығыздамалар, корпусқа қалта ұяшықтары бар аралық қабаттарды, целлулоид пластиналарын планшеткалардың ботанына, файларға, корпусқа сүмбілі бастырмаларын – қайып тігу;

4) астарлар, кобуралар, қысқа қорапшалары және қылшықты аспа бау үшін шашақтары бар (ұзын және иықтық) қайыстар – қайып тігу;

5) рюкзактарға горттар, жегуліктер, қалталар, клапандар – қайып тігу;

6) бір мезгілде жіптерді қоюмен рюкзактардың жоғарғы бөлігі – әдіптеу;

7) тегіс машиналарда қалталардың бедері – қайып тігу.

Қолмен тігу.

1) жүк қамыты жастықтарына жапқыштар – тігу;

2) түзу, ауыл шаруашылық ер жапқыштары мен киіз жастықтар- тігу.

Параграф 5. Бұйымдарды тігуші, 5-разряд
178. Жұмыс сипаттамасы:

аса күрделі бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау: қолғаптарды – қайып тігу машиналарында, қатты конструкциядағы футлярларды - бұрыштарды тігетін машиналарда, шабадандар мен аспалы сөмкелерді – бір мезгілде тігістерді көмкеру мен бұрыштарды тігетін машиналарда.

тігін машиналарында спорт бұйымдарын тігу: былғары мото костюмдерін, боксшы табандарын, ойыншы, семсершілердің, қақпашының және боксшының қолғаптарын.

қылмен толтырғаннан кейін ойыншы қолғабының жұмыр бөлігі мен қаптал тігістерін қайып тігу.

шынтаққаптарға чашканы, ағытпалы қоныш пен амортизаторларды - ойыншының қалқаншаларына қайып тігу.

қаптаманы және спорт доптарын тігін машинасында, қаптама мен фигуралы пішіндегі доптарды – қолмен тігу.

179. Білуге тиіс:

тігін машиналарының құрылысын, техникалық пайдалану ережелерін және реттеу тәсілдерін, аса күрделі бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін.

Параграф 6. Бұйымдарды тігуші, 6-разряд
180. Жұмыс сипаттамасы:

арнаулы тігін машиналарында және қолмен қаптаманы және ерекше мақсаттағы фигуралы пішіндегі спорт доптарын тігу.

181. Білуге тиіс:

ерекше мақсаттағы бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін, арнаулы тігін машиналарының құрылысын, техникалық пайдалану ережелерін және реттеу тәсілдерін.

26. Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы
Параграф 1. Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 2-разряд
182. Жұмыс сипаттамасы:

ілеспе құжаттарға сәйкес тасымалдаумен және белгіленген құжаттама бойынша материалдарды қабылдап тапсыру бойынша қажетті есепке алуды жүргізумен қатар саны, салмағы, сапасы (сорттылығы) үлгісі, өлшемі бойынша негізгі және көмекші материалдарды, жартылай фабрикаттардың, аяқ киімнің үстіңгі бөлігі мен ұлтаншаның бөлшектерін қабылдау және тапсыру.

өңдеуге тарату және оларды есепке алуды жүргізумен қатар жартылай фабрикаттарды, материалдар мен дайын бұйымдарды қабылдау.

саны мен сапасы бойынша былғары зауыттарында цехтан цехқа жартылай фабрикаттарды, жүн мен қылшықты қабылдап - тапсыру. Қабылданатын жартылай фабрикаттарды, материалдар мен бұйымдарды тақтап қою.

183. Білуге тиіс:

негізгі және көмекші материалдардың, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдардың, жүннің, қылшықтың түрлерін және оларды қабылдау мен тапсыру ережелерін, дайын бұйымдардың ассортиментін, үлгісін, моделін және есепке алу құжаттамасын жүргізудің ережелерін.

Параграф 2. Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 3-разряд
184. Жұмыс сипаттамасы:

оларды тасымалдаумен, жинап қоюмен және қайта салумен қатар түрі, ассортименті, сорты, саны, ауданы (метражы), салмағы бойынша дайын бұйымдар мен былғары шикізатын, былғары жартылай фабрикаттарды, үлбір шикізаты мен үлбір терілерін қабылдау және тапсыру;

қабылданатын бұйымдар мен материалдарға ілеспе құжаттардың сәйкестігін тексеру, оларды қабылдау мен тапсыруды қажетті құжаттармен рәсімдеу;

мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес таңбалау мен буып түюдің дұрыстығын тексеру;

консервілеу күйі мен жорашылдыққа байланысты салмақ шегерімі мен үстемесін есепке алумен қатар былғары шикізат зауыттары мен базаларында қабылдау-сорттау кезінде әрбір терінің таза салмағын (таза салмағы) анықтау;

әрбір терінің салмақ тобын анықтау;

былғары мен тондық және мехтық шикізаттың түрі, сорты, салмағы, ауданы, жүнділігі бойынша қабылдау өлшемдерін жазуды жүргізу;

таңбалау үшін әрбір терінің индексін анықтау;

әрбір топ бойынша өлшемдерді есептеу, негізгі ақауларды (тірі кезінде, түсіру, сақтау кезінде) есепке алу;

таразы жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.

185. Білуге тиіс:

материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдау және тапсыру ережелерін, үлбір терілерін, былғарының, былғары жартылай фабрикаттарының, дайын бұйымдардың ассортиментін, былғары және үлбір шикізатының түрлерін, шикізаттың әрбір түрі мен тобын сипаттайтын салмағы мен өлшемдерін, өлшеудің ережелері мен дәлдігін, ақаулардың атаулары мен олардың сипаттамасын, терілерді консервілеу тәсілдерін, олардың сапасын (сорттылығын) бағалау үшін техникалық шарттарды, консервілеу тәсілдерінің әр түріндегі терілердің салмағын қайта есептеу коэффициенттерін, былғары шикізатын таңбалау ережелерін, былғары және үлбір шикізатын төлқұжаттаудың индекстік жүйесін, былғары мен үлбір шикізатының құжаттарын рәсімдеу және оларды буып түю ережелерін, мал дәрігерлік және санитарлық қадағалаудың негізгі ережелерін, тиеу және түсіру аспаптарының құрылысын, әр түрлі жүйедегі таразылар мен оларды қолдану ережелерін, таразылар жұмысындағы ұсақ ақауларды жою тәсілдерін.

27. Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші
Параграф 1. Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші, 1-разряд
186. Жұмыс сипаттамасы:

оларды ары қарай құрастыру кезінде әшекей сызықтарын, сондай-ақ бұйымдар бөлшектеріндегі нүктелерді (бағдарларды) лекалолар немесе шаблондар бойынша белгілеу;

аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектерін тақтап жинау және қызмет ету машинасында немесе қолмен қабаттарды жылжытпай, шаблондағы тесіктер арқылы оларды түйреп тесу;

бөлшектерді белгінің ұзына бойғы сызығымен ортаға дәл келтіру және бүгу.

187. Білуге тиіс:

бөлшектердің түрін, үлгісін, өлшемін және оларға сәйкес келетін лекалоларды немесе шаблондарды қолдану ережелерін, бөлшектерді белгілеудің тәсілдері мен орындарын.

Параграф 2. Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші, 2-разряд
188. Жұмыс сипаттамасы:

тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштарды трафарет бойынша, дайындаманы құрастыру үшін әшекей сызықтары мен нүктелерді (бағдарларды) бедерлеу әдісімен престерде белгілеу;

белгіленетін материалдың түрі мен еніне сәйкес трафареттерді іріктеу;

төсемнің жоғарғы қабатына трафаретті жаю және жылжытпай, қисайтпай бояумен, бормен бөлшектердің сызбасын төсемнің үстіңгі қабатына түсіру.

189. Білуге тиіс:

бөлшектер мен материалдарды белгілеу тәсілдерін, белгіленетін материалдың түрі мен еніне сәйкес трафареттерді іріктеу, қолданылатын жабдықтың құрылысын және оны пайдалану ережелерін.

Параграф 3. Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші, 3-разряд
190. Жұмыс сипаттамасы:

тоқыма материалдарын, былғары алмастырғыштарды, сондай-ақ техникалық бұйымдар үшін былғарыны трафаретсіз белгілеу, олардың тығыз орналасуын белгілеудің жапсарлас сызықтарының арасындағы қажетті қашықтықтығы, негізі және бекіту тетіктері бойынша бөлшектердің дұрыс орналасуын, белгіленген пішіннің жинақтылығы мен оның сан мен сапа бойынша тапсырмаға сәйкес келуін қамтамасыз етумен бірге материалдар төсемінің жоғарғы қабатында лекалоларды орналастыру, материалдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.

191. Білуге тиіс:

лекалоларды ұтымды таратудың тәсілдері мен техникалық шарттарын және материалдарды пайдалану нормаларын, бөлшектердің түрін, үлгісін, өлшемін және оларға сәйкес лекалоларды, белгіленетін пішімнің жинағындағы бөлшектер санын, белгіленетін тоқыма материалдарының, былғары мен былғары алмастырғыштардың қасиеттерін.

28. Материалдарды пішуші
Параграф 1. Материалдарды пішуші, 2-разряд
192. Жұмыс сипаттамасы:

арнаулы аспаптардың көмегімен пішу және кесу машиналарында немесе қолмен алдын ала белгілеу арқылы қарапайым бөлшектер мен бұйымдарға материалдарды қиып пішу;

сапасы, түсі, қалыңдығы, сорты және текстурасы бойынша пішілетін материалдарды іріктеу;

пішілетін материалдарды неғұрлым үнемді пайдалануды, пішім сапасын, таза, тегіс қиықты қамтамасыз ету;

пішу және кесу машиналарында кескіш инструмент пен шектегіштерді алмастыру және қайрау;

арнаулы аспаптарды реттеу және жөндеу;

өлшемі және түрлері бойынша кесіп пішілген бөлшектерді бумаларға немесе арнаулы қораптарға салу.

193. Білуге тиіс:

материалдарды пішудің ұтымды әдістері мен тәсілдерін, материалдар мен пішілген бөлшектер және бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, материалдарды пайдалану нормаларын, қиып пішілетін бөлшектердің атаулары мен мақсатын, қызмет тету жабдығының әрекет ету қағидатын.

194. Жұмыс үлгілері:

1) қағаз – былғары галантерея бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

2) қатырма қағаз – тілдік музыкалық аспаптарының үлбір камераларының дайындамасына қиып пішу;

3) жасанды былғарылар – тілдік музыкалық аспаптардың камераларының дайындамасына қиып пішу;

4) жасанды былғарылар-музыкалық аспаптар футлярының дайындамасына қиып пішу;

5) табиғи былғарылар - тілдік музыкалық аспаптардың бау дайындамасына қиып пішу;

6) былғарылар – бауларға қиып пішу;

7) қайыс былғары, былғары алмастырғыш және тоқыма материалдары – алдын ала белгілеусіз делюжкаларға қиып пішу;

8) қайыс былғары – қусыруға қиып пішу;

9) коленкор – шаблондар бойынша футлярдың бөлшектеріне өңдеу, тесу және қиып пішу;

10) былғары немесе былғары алмастырғыштардың кесіндісі – астардың, әрлеудің, бекітпенің, простилканың бөлшектеріне, техникалық және былғары галантерея бұйымдарының ұсақ бөлшектеріне қиып пішу;

11) былғары материалдар-белгіленген ұзындық пен ендегі тігіске, бауларға, құрсауға, белдікшелерге қиып пішу;

12) пенополиуретандық паропласттар, тін негізіндегі көбіктенген ақсөлдер, көбік кеуекті резеңке – тілдік музыкалық аспаптардың аралығық қабатына қиып пішу;

13) белдіктер – аралыққа қиып пішу;

14) маталар – борин дайындамасына, тор және механизмдердің аралық қабатына, тілдік музыкалық аспаптардың қайыстарына қиып пішу;

15) маталар және былғары алмастырғыштар – делюжкаларға алдын ала белгіленген сызықтар бойынша, диагональ бойынша қиып пішу;

16) маталар – жиектемеге қиып пішу.

Параграф 2. Материалдарды пішуші, 3-разряд
195. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет ету престерінде, станоктарында, машиналарында немесе қолмен алдын ала белгілеу бойынша аяқ киімдік, былғары галантереялық, қайыс-ер бұйымдарын, музыкалық аспаптардың бөлшектерін, сызбалар және берілген өлшемдер бойынша станоктарда музыкалық аспаптардың күрделі бөлшектері үшін ағаштың бағалы түрінің шпонына орташа күрделіліктегі бөлшектерге материалдарды қиып пішу.

қалыңдығы, сапасы, топографиялық учаскелер бойынша пішім элементтерін сұрыптау.

үтіктеу. альбомдарға белгілеу, музыкалық аспаптардың ойық клапандарына қажетті серпімділікті беру үшін лайка жолақтарын тегістеу.

196. Білуге тиіс:

материалдарды пішу ережелерін, қызмет ету жабдығының және қолданылатын бақылау және өлшеу инструментінің құрылысы мен оларды пайдалану ережелерін, пішілетін материалдардың қасиеттері мен мақсатын, пішілетін материалдар мен кесіп пішілген бөлшектерге қойылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттарды, пішілетін бөлшектердің түрін, мақсатын, үлгісін және өлшемдерін, комплектіде пішілетін материалдардың санын.

197. Жұмыс үлгілері:

1) киіз – ер, қамыт, жегу, адам керек-жарағының бөлшектеріне, польстерге, клавишті музыкалық аспаптардың фенгер және фигуралы фильцтарына пішу;

2) былғарыдан делюжкалар – былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар үшін белдіктер мен жолақтарға пішу;

3) қатырма қағаз, коленкор, ледерин, қағаз – жөнделген станоктарда, қатырма қағаз бен қағазды қиятын машиналарды немесе шаблондар, лекалолар мен аспаптар бойынша қолмен футляр бөлшектеріне қиып пішу;

4) табиғи былғары – пианино контрфенгерлеріне қиып пішу;

5) былғары – жұмысшы қолғаптары мен биалайлардың үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне, әр түрлі белдіктерге, балалар сөмкесіне тұтқалардың қаптамасына, қолғап орамалына, белдіктер мен орап тоқудың делюжкаларына қиып пішу;

6) былғары және былғары алмастырғыштардың кесіндісі – престе аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне қиып пішу;

7) поролон – қиып пішу;

8) қайыс отырғызылған белдіктер – оларды жинақтаумен бірге бұйымдардың бөлшектеріне қолмен пішу;

9) былғары – сыздықтар мен былғары цилиндрлер үшін цилиндр мен шеңберге қиып пішу;

10) тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштар – аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен ұлтаншасына, былғары галантереялық және қайыс-ер бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

11) капсюльдік шұға – капсюльдер мен музыкалық аспаптардың клавиштерінің дайындамасына қиып пішу;

12) фанера – шертпелі музыкалық аспаптардың талшықтарына, былғары галантереялық бұйымдардың бөлшектеріне қиып пішу.

Параграф 3. Материалдарды пішуші, 4-разряд


198. Жұмыс сипаттамасы:

престермен, электрлік пішу пышағымен, арамен немесе қолмен алдын ала белгілеусіз орташа күрделіліктегі бөлшектерге материалдарды пішу;

тоқыма материалдарының негізі және бекіту тетігі бойынша модельдердің дұрыс бөлінуін сақтау;

пішу сызбасын таңдау;

бөлшектер шығымының есебін шығару;

артикулды, фасонды, өлшемді, басқа деректемелерді қойып шығу;

кескіштердің ауданы мен сұлбасы, пішімнің жинақтылығы мен жұптылығы бойынша бөлшектердің дәл сәйкес келуін қамтамасыз ету;

футлярдың сыртқы және ішкі әрлемесімен үйлескен түрде асхана күмісінің, хрусталь мен зергерлік бұйымдардың пішіні мен әрлемесіне сәйкес әрлеме материалын түсі және реңкі бойынша іріктеу;


жүктеу 3,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау