Параграф 4. Материалдарды кесуші, 4-разряд
140. Жұмыс сипаттамасы:
қызмет ету машинасында, қолмен пышақпен немесе пневматикалық қайшылармен былғарылық жартылай фабрикаттар мен дайын былғарының шеттерін кесу;
бекітудің сандалдық әдісі кезінде машинада былғары табанның (төсетек) шеттерін бір мезгілде былғары табандағы кесіктерді бітеумен бірге кесу;
былғарылық жартылай фабрикатты, дайын былғарыны арбашаларға, түбіне салу немесе кептіргіштердің бақандарына ілу;
машинаны реттеу және жөндеу;
пышақтар мен пневматикалық қайшыларды ауыстыру және қайрау.
141. Білуге тиіс:
былғарылық жартылай фабрикаттың, дайын былғарының былғары табанның (подложка) шеттерін кесуге және былғары табандағы (подложка) тесіктерді бітеуге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қолданылатын жабдықты реттеу және жөндеу тәсілдерін, пышақтар мен пневматикалық қайшыларды қайрау ережелерін.
21. Шикізатты ресімдеуші
Параграф 1. Шикізатты ресімдеуші, 2-разряд
142. Жұмыс сипаттамасы:
былғары, үлбір және тондық қой терісі шикізатын тері илейтін дискілі пышақпен немесе белгіленген орындардағы шалғымен және кесу сызықтары бойынша кесу - ресімдеу;
шелдеуден соң тері сұлбасы бойынша бахроманы кесу, қаракөлді – дұрыс симметриялық пішін берумен сұлба бойынша ресімдеу;
терілерді сөгу (кесу);
мүйіздерді, тұяқтарды, навалды, ет және май кесіктерін жою.
143. Білуге тиіс:
өңделетін шикізатты жағалатып қоюдың ұтымды әдістері мен тәсілдерін, былғары, үлбір және тондық қой терісі шикізатының ассортименті мен топографиясын, шикізат пен терілерді кесу сызықтарын, дискілік пышақтың құрылысын, пышақ пен шалғыны ауыстыру және қайрау ережелерін.
22. Конвейер желісінің операторы
Параграф 1. Конвейер желісінің операторы, 4-разряд
144. Жұмыс сипаттамасы:
ағындық желіде пішу үшін былғары мен үлбір терілерін, бөлшектер мен бұйымдарды өңдеу мен құрастыру үшін – жартылай фабрикаттар мен көмекші материалдарды беру процесін басқару тетігінен жүргізу;
өңдеудің технологиялық режиміне сәйкес бұйымдар бөлшектерінің комплектіленген партиясын жұмыс орындарына жіберу, орындаушылардан бөлшектердің өңделген партияларын қабылдау, технологиялық операциялардың орындалу сапасын тексеру және оларды технологиялық бірізділік бойынша бөлу;
іске қосу картасын толтыру;
әрбір орындаушы бойынша өңделген жартылай фабрикаттардың, материалдардың және бұйымдардың санын есептеуді жүргізу.
145. Білуге тиіс:
конвейер желісінің тетігін басқару және реттеу ережелерін, басқару тетігінде белгі беру лампышкалары мен басу түймелерінің орналасуын, былғары мен үлбір терілерінің ассортиментін, бұйымдардың түрін, фасонын, моделін, өлшемін, әрбір модельдің комплектілігін, өңделетін бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды, еңбектің ұйымдастырылуы мен бөлінісін, орындаушылардың біліктілігін, ағындық желідегі жұмыс кезінде операцияларды қоса атқару мүмкіншіліктерін, орындаушылар бойынша жоспарланатын және нақты өнімді, есепке алу құжаттамасын жүргізу ережелерін.
23. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші
Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды
әрлеуші, 1-разряд
146. Жұмыс сипаттамасы:
каландрлар мен престерде бөлшектердің бетінде әшекей мен қырларды бедерлеу жолымен бұйымдардың бөлшектерін әрлеу. Жалтырақты алумен суретті түсіру;
өрнектеудің технологиялық режимін сақтау;
қызмет ету машинасында немесе қолмен бөлшектер мен бұйымдарды бұдырлау, сызықпен түрлеу, фурнитура мен бұйымдарды сүртіп тазарту, қолмен немесе престе материалдарды, бөлшектер мен бұйымдарды жазу;
алдын ала жасалған белгілеуге немесе шектеу сызғыштары мен тіреуіштердің көмегімен машинада немесе қолмен бөлшектерде тесіктерді тесу;
қайыс қусырумен тігілген бұйымдар мен бөлшектерді тігістерді жару (қағу) жолымен әрлеу;
құлақбаудың шеттерін қыспақтап бүгу және балғамен қағу;
бұрыштар бойынша бүгумен сөмке ботанын ұзындық бойы жинау;
бүгілген жерді балғамен қағып тастау;
ершіктің горттарының жиектеріне, белкөтермеге, делбеге, шылбырға және басқа бұйымдарға белдіктердің ұшындағы ойындының көмегімен «жұлқуға» түйіндеп байлау, қамытбаудың ұшындағы түйінді байлау;
бұйымдардың тұтқалары мен шеттерін қолмен орап тоқу;
орап тоқуды дайындау және тесікке салу, ұштарын бекіту;
бөлшектердің шеттерін (бүйір жағын) бояумен бояу, оларды кептіру;
тігіске ерітілген балауызды қолмен жағу, ыстық бұрумен тігістерді үтіктеу;
бауларды түйіндеп бекітумен шығырдың белгіленген санына дайындама мен дайын аяқ киімді қолмен байлау;
тоғаны ілгектеу, дайындаманы түймелеу, тоғаны, сылдырма ілгекті, түймелерді ағыту немесе берцыларды қысып буатын жіптерді кесумен аяқ киімнің бауын шешу;
әрлеудің технологиялық режимдерін сақтау.
147. Білуге тиіс:
бұйымдардың тұтқалары мен шеттерін өру тәсілдерін, тігістерді қағу ережелерін, қайыс қусырудың қасиеттерін, құлақбау мен сөмкелерге қойылатын мемлекеттік стандарттарды, тоқыма қайыс бұйымдарына қойылатын техникалық шарттарды, бөлшектер мен бұйымдардың түрін, үлгісі мен өлшемдерін, қолданылатын материалдардың қасиеттерін, балауыз бен бұрып жылыту температурасын, бөлшектер мен бұйымдарды бұдырлау, сызықпен түрлеу тәсілдерін, дайын аяқ киім мен дайындаманы қолмен байлау, бұйымдарды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін.
148. Жұмыс үлгілері:
Өру.
1) бұйымдар шеттерін (әмиян, шилан, кішкене әмиян және басқалар) – бір таспаға;
2) тұтқалар – үш, төрт таспаға.
Тесіктерді тесу.
1) фурнитураны бекіту, бүркеншікті шегені, топсаны, тоғаны, хольнитен құлақтарын, ілгекті салу ұшін бұйымдар бөлшектері;
2) жартылай ұлтарақтар;
3) төсемдер;
4) белбеу, сағат белдіктері және басқалар;
5) ұлтарақтар.
Кішкене тістер мен бұрыштарды таяқтау.
1) сірісі;
2) ұлтарақ;
3) штаферка;
4) тілше.
Өрнектеу.
1) өкше;
2) табан.
Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материлдарды
әрлеуші, 2-разряд
149. Жұмыс сипаттамасы:
бөлшектердегі суреттердің дұрыс орналасуын және жұлып алмай, кебесіз таза кесікті сақтай отырып, тігіс машинасында немесе престе белгіленген сызықтар бойынша суреттерді тесу жолымен бұйымдар бөлшектерін әрлеу;
каландрлар мен престерде материалда және бұйымдар бөлшектерінде суретті бедерлеу;
престерде жалтырақты алумен суретті түсіру;
температураны, ұстау уақытын және басқа параметрлерді реттеу;
бөлшектердің шетін (бүйір жағын) бояумен бояу;
бояудан соң бөлшектерді кептіру;
жасанды былғарыдан жасалған дайын бұйымдарды, белбеу, сағат және жол белдіктерін әрлеу, бөлшектер мен бұйымдарды әр түрлі бояулармен, аппретуралармен және лактармен бояу, аппретуралау, лактау;
тоқыма қайыс бұйымдарын әрлеу;
қызмет ету машинасында немесе қолмен тоқылған қайыс бұйымдарында түйіндеп байлау;
түйін ұшын түзеу, шырғалау және кесу, түйінге қажетті пішін беру;
жұлып алмай, бөлшектерді бүлдірмей, тегіс жылтыр бетті қамтамасыз етумен ажарлау шарығында жапсырмалардың, шайбалар мен түйіндердің шығып тұрған ұштары мен шеттерін тегістеу (тазарту) жолымен ердің қапталын әрлеу;
қашауыш станокта жонғыш түрпімен және жонғышпен таралғы тесіктерін ойғаннан соң оларды тазалау;
кебені, ердің қапталының қатпарларындағы бұдырларды тазалау;
қолмен түту, тегістеу, ажарлау жолымен өсімдік талшығынан, қылшықтан, жөкеден және мамық жүннің барлық түрлерінен, қылшық пен қылдан жасалған бояу жаққыштар мен щеткаларды әрлеу;
қызмет ету машинасында немесе қолмен техникалық шарттарға сәйкес щеткалардың қыл бөлігін кесу;
түйіннен қырқылған уыс қылды бөлу, оны түбірге жіберу, қолмен кептіргеннен соң қылшық түйіні мен қалдықтарды тегістеу;
қызмет ету машинасында немесе қолмен аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктерін жылтырату;
бөлшектердегі кесіктерді, ұсақ кемістіктерді бітеу;
тесіксіз және саңылаусыз бұйымдар бөлшектеріндегі тіліктерді табанды бекітетін жіптерді бүлдірмей ашу және жабу;
ілгектер мен тоғаны бүлдірмей және аяқ киімді өзгертпей қызмет ету машинасында дайын аяқ киім мен дайындаманы байлау;
қызмет ету машинасында немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен ұлтаншаны біріктіретін қайып тігілген тігістерді, аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің былғары бөлшектеріндегі, ұлтаншадағы, өкше қаптамасындағы, платформадағы (сынадағы) қыртыстар мен әжімдерді – тупикпен немесе үтікпен, тартылған аяқ киімнің тартпа жиегін – машинаның дірілдеткіш білікшесімен табанның тартпа жиегінің бүкіл периметрін нақтылай отырып, қызмет ету машинасында тыртысу мен қыртыстарды жоюмен қоса жазу.
150. Білуге тиіс:
бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеудің технологиялық режимдерін, тоқылған қайыс бұйымдарды әрлеу ережелерін, бұйымдардың тұтқалары мен шеттерін өру тәсілдерін, қызмет ету машинасында дайын аяқ киім мен дайындаманы байлау ережелерін, бөлшектер жасалған материалдардың қасиеттерін, өңделетін бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды, ердің қапталы өрелерінің өлшемін, температуралық әсерлерге жаба қабықшаның, жалтырақтың және аппретураның төзімділік дәрежесін, қолданылатын бояулардың, аппретуралардың, лактардың, желімдердің қасиеттерін, жуып шаю материалдарының химиялық құрамын, боялатын бұйымдармен түстес бояуларды іріктеу тәсілдерін, қолданылатын жабдықтың әрекет ету принципін, оны пайдалану мен реттеу ережелерін.
151. Жұмыс үлгілері:
1) бұйымдар бөлшектері – белгіленген сызықтар бойынша престе, тігін машинасында суреттерді тесу;
2) техникалық бұйымдар бөлшектері – сызбаға сәйкес тесіктерді тесу;
3) былғары галантерея бұйымдары (белдіктер және басқа) – бедерлеумен және жалтырақты алумен суретті түсіру;
4) аяқ киім, былғары галантерея, қайыс-ер, қыл-щетка бұйымдары – бояу, аппретуралау, лактау;
5) былғары галантерея бұйымдары – орап тоқу;
6) бұйымдардың шеттері (әмиян, шилан, кішкентай әмиян және басқа) – екі және одан көп таспаларға тоқу;
7) сырмалы, сыздықты және басқа аяқ киімдердің ұлтаны – жүріс жағында тіліктерді ашу және жабу;
8) ұлтандар – жіппен бекіту үшін тілінген барлық беттің жиектерін нығыздау;
9) полиуретандық ұлтандар – бекіткен соң қолмен саңылауларды бітеу;
10) сыздықтар – ыстық инструментпен оларды жапсырумен ұштарын бітеу;
11) тұтқалар мен белдіктер – бес және одан көп таспаларға өру;
12) сыздықты ұлтарақтар – тік жағдайға ерінді көтеру;
13) жаққыштың түп жағы, қыл бумасы – түбіт пен жеке қылшықтарды үйту;
14) сым – муфель пештерінде күйдіру.
Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды
әрлеуші, 3-разряд
152. Жұмыс сипаттамасы:
тесіктердің арасындағы бірдей қашықтықты, бөлшектердің шетінен белгіленген қашықтықты, тесіктердің симметриялық орналасуын сақтай отырып, алдын ала белгілеусіз қызмет ету машинасында тесіктерді тесу жолымен бұйымдарды әрлеу, бояуды, лакты, желімді жағу жолымен дайын қайыс-ер бұйымдарын, адам жарағының бұйымдарын әрлеу;
қызмет ету машинасында немесе қолмен тігістерді түзеу, жазу, көмкеру, желім ерітіндісін жағу, тегістеп жазу, бұдырлау;
олардың бетін түту, кесу және қырқу жолымен, көркемдік бояу жаққыштардан басқа, щетка бұйымдары мен бояу жаққыш түйіндерінің барлық түрлерін әрлеу, қызмет ету машинасында щетка мен жаққыштан бекітілмеген талшықты кетіру;
қыл немесе қылшықтың ұшын кеспестен жаққыштың шығыңқы бекітілмеген қылшықтарын ұстарамен бүрмелеу, сорудан соң қылшықты, қылды тегістеу;
бөлшектер мен суреттердің сұлбасы бойынша машинада трафареттерді тесу;
жылтырату – дөңгелек пен әшекейді домалатып және домалатпай ұлтан кесігіне анық кескін мен жылтырақ беру, былғарының бетіне иілімділік және былғарының үстіңгі бетіне азғантай тегіс жылтырақ беру үшін, барқыт пен немесе фетрмен қапталған барқыт дөңгелектерінде жұмсақ былғарыны жылтырату,былғары тінін нығыздау, былғарының бетіне жылтырақ беру және аппретура қабықшасының суға төзімділігін арттыру мақсатында машинада былғарыны жылтырату, өңделетін былғары жартылай фабрикаттың түріне байланысты машинаны реттеу және жөндеу, белбеу, сағат және жол белдіктерінен басқа, табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарда дақтарды, жырылғанды, кесікті және басқа беттің басқа да ақауларын бояу;
бөлшектер мен бұйымдарды бояу, лактау, тонировкалау, аппретуралау;
белгілі бір концентрациядағы бояуларды, аппретураларды, лактарды жасау және іріктеу;
бұйымдарды кептіру, силиконды матрицаларда бөлшектер мен бұйымдарда суретті бедерлеу.
153. Білуге тиіс:
бөлшектерді, бұйымдарды әрлеу әдістері мен тәсілдерін, терінің топографиясын, былғарыны жаба бояудың қасиеттерін, қажетті негіздегі, түстегі және реңдегі бояуларды іріктеу тәсілдерін және олардың қасиеттерін, фумельдер мен олардың қызу температурасын іріктеп алу ережелерін, қылшық пен қылға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қолданылатын жабдықтың құрылысын, оны пайдалану және реттеу ережелерін, әр түрлі материалдан (агат, яшма, әйнек және басқа) жасалған жылтыратқыш білікшелердің қасиеттерін.
154. Жұмыс үлгілері:
1) берцы – жасырын ілгектерді қою үшін тесіктерді тесу;
2) бұйымдар бөлшектері – суреттерді тесу;
3) бұйымдар – суреттерді өңдеу;
4) бөлшектер мен суреттердің сұлбасы бойынша қызмет ету машинасында трафареттерді тесу.
Бояу.
1) бөлшектер мен бұйымдар – шприц-аппараттың көмегімен;
2) бұйымдардың бөлшектері – қолмен көркем бояу;
3) аяқ киім (киілген) - ескі жабынды алдын ала жуып шаюмен, беткі ақауларын бітеу және грунтты жағумен, аяқ киімнің үстіңгі бөлігін біркелкі бояумен, ұлтан кесігін, нәлді және өкшені әрлеумен.
Ағарту:
Тіс щеткалары, ұстара жаққышы және басқа бұйымдар үшін қылшық.
Жылтырату:
1) барлық түрдегі өкшелер – ыстық фумельмен;
2) модельдік аяқ киім ұлтанының кесігі – ыстық әдіспен.
Суреттерді бедерлеу.
1) аяқ киім бөлшектері;
2) бұйымдардың былғары бөлшектері.
Тонировкалау.
Қатардағы аяқ киім – атаулас аяқ киімнің бөлшектерінде және жартылай жұптардың екеуінде суреттің симметриялы орналасуын қамтамасыз ету мен.
Бүрмелеу.
Үстіңгі бөліктің бөлшектері.
Параграф 4. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды
әрлеуші, 4-разряд
155. Жұмыс сипаттамасы:
мамық жүнді теріден, көркемдік бояу жаққыштардан басқа түту, дайын жаққыштарды әлсіз бекітілген қылдардан тазалау жолымен аяқ киімді, табиғи мехтың барлық түрлерінен жасалған үлбір бұйымдарын әрлеу;
тазарту, қалыптарда тегіс емес, кедір-бұдырды тегістеу;
ажарлау станогында немесе қолмен егеумен кебелерді алу;
бұйымдарды жасау процесінде жоғалған материал бетінің алғашқы түрін өңдеу, аппретуралау, үтіктеу, тоннировкалау және механикалық пен химиялық тәсілдермен ластануды жою жолымен қалпына келтіру;
түсі және қалыңдығы бойынша беттің біркелкілігін, тері илеу жұмыстарының сапасын тексеру, түкті жабынды тесу, тарау және тегістеу, тегіс емес қылдар мен жіптерді қырқу, әрлемені іріктеу, даярлау және бекіту;
жаба бояуға, бұйымдардың үстіңгі бөлігінің түсі мен реңіне байланысты бояу мен аппретураларды жасау және іріктеу.
156. Білуге тиіс:
бұйымдарды әрлеу бойынша операцияларды орындаудың тәсілдері мен әдістерін, әрленетін бұйымдарға қойылатын техникалық шарттарды, былғарыны жаба бояудың қасиеттерін, жуып шаю құралдарының қасиеттері мен химиялық құрамын, бояғыш заттар мен аппретураларды кептірудің технологиялық режимін, әрлеудің әр түрлі түрі үшін аспаптар мен инструментті пайдаланудың тәсілдерін, ажарлау станогының құрылысын және оны реттеу ережелерін.
157. Жұмыс үлгілері:
1) ұстіңгі бөлігі тоқымадан және былғары алмастырғыштан жасалған модельдік аяқ киім – әрлеу;
2) былғары үстіңгі бөлігі бар модельдік аяқ киім – тоннировкалау.
Параграф 5. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды
әрлеуші, 5-разряд
158. Жұмыс сипаттамасы:
былғары үстіңгі бөлігі бар модельдік аяқ киімді, мамық жүнді аң терісінен жасалған үлбір бұйымдарды әрлеу, түсі мен қалыңдығы бойынша бұйымдар бетінің біркелкілігін, тері илеу жұмыстарының сапасын тексеру, түкті жабынды тесу, тарау және тегістеу, тегіс емес қылдар мен жіптерді қырқу, әрлемені іріктеу, даярлау және бекіту, ұлтанның және өкшенің жүріс және бүйір беттерінде, сыздықта әшекей сызықтарын бедерлеу.
159. Білуге тиіс:
жасалатын бұйымдарды әрлеу бойынша орындалатын операцияларының тәсілдері мен әдістерін, аяқ киім материалдарының қасиеттерін, бұйымдардың бүлінуінің пайда болу себептерін және жою тәсілдерін, жасалатын бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.
24. Сығушы
Параграф 1. Сығушы, 2-разряд
160. Жұмыс сипаттамасы:
центрифугада қой терісінен, үлбір терілерінен, жуылған зауыт жүнінен, щетка және жаққыш бұйымдарынан ылғалды сығу;
салудың салмақ нормаларына сәйкес қолмен центрифуга барабанына салу және барабанның шеткі тұстарына сығылатын шикізатты біркелкі бөлу;
сығылған үлбір терілерін түсіру және таяныштарға немесе штабельдеп төсеу;
жұмыс аяқталған соң центрифуганы сумен жуып шаю.
161. Білуге тиіс:
центрифуганың жұмыс істеу принципін және оны пайдалану ережелерін, жартылай фабрикаттардың түрлерін, цетрифугаға салудың салмақ нормаларын, үлбір терілерін түсіру және төсеу ережелерін.
Параграф 2. Сығушы, 3-разряд
162. Жұмыс сипаттамасы:
үзілбей және ажыратпай бір мезгілде олардың ауданын жазумен, созумен және сәйкесінше ылғалдаумен гидропрестерде немесе сығу машиналарында қой терісінен, үлбір терілерінен ылғалды сығу;
сығу машинасының қысымын, біліктердің қызуын және терілердің қалыңдығына сәйкес пышақты және беру біліктерінің арасындағы саңылауды реттеу;
жайылған күйде түкті жабынын жоғары қаратып, теріні беруші білігіне беру және механизмнің көмегімен біліктердің арасындағы саңылауға бағыттау;
үлбір терілерінің дайындығын анықтау және оларды түсіру.
163. Білуге тиіс:
гидропресс пен сығу машинасының құрылысы мен жұмыс істеу принципін, тері тінінің және түкті жабынның құрылымы мен қасиеттерін, жартылай фабрикаттардың ассортиментін, сығуға дейін және одан кейін мехтық және тондық қой терісінің, үлбір терілерінің ылғалдылық нормаларын, гидропрестерде сығу кезінде – техникалық талаптарға сәйкес қысымды реттеу ережелерін.
Параграф 3. Сығушы, 4-разряд
164. Жұмыс сипаттамасы:
реверсивтік жүйемен жарақталған сығу-жуып шаю машинасында бір мезгілде жуып және навалдан, ластан, репь пен консервілеуші заттардан тазалаумен үлбір терілерінің түкті жабынын сығу.
түкті жабынды жуып шаю үшін ластану дәрежесіне байланысты ерітіндіні беруді реттеу.
сығуды жүргізу үшін терілердің дайындық дәрежесін анықтау, машинаның жұмысын бақылау.
транспортерге терілерді жайып төсеу.
өңделетін терілердің түрі мен қалыңдығына, сондай-ақ түкті жабынның биіктігі мен оның тері тінімен байланыс беріктігіне байланысты тасымалдаушы, қысушы және пышақты біліктердің арасындағы қысымды реттеу.
тасымалдаушы, қысушы және пышақты біліктердің қозғалыс жылдамдығын реттеу.
сығуды, жуып шаюды және үлбір терілерінің түкті жабынын тазарту сапасын бақылау.
165. Білуге тиіс:
үлбір терілерінің түкті жабынын сығуды, жуып шаюды және тазартуды орындау ережелері мен тәсілдерін, түкті жабын мен тері тінінің құрылымы мен қасиеттерін, сығудан кейінгі үлбір терілерінің ылғалдылық нормаларын, сығу және жуып шаю машинасының құрылысын, оны пайдалану, реттеу, жөндеу және түзетуді өткізудің ережелерін.
25. Бұйымдарды тігуші
Параграф 1. Бұйымдарды тігуші, 1-разряд
166. Жұмыс сипаттамасы:
бұйымдардың элементтерін тігу бойынша жұмыстарды қолмен орындау: ілгекті торлау, түймелерді қадау, қолғаптар мен биялайларды жұптап біріктіру, жіптердің ұштарын бекіту, бастырманы үстемелеп және қыспақтап жіптермен біріктіру;
технологиялық талаптарға сәйкес инені, аспаптарды, инструментті қолданумен немесе оларсыз қарапайым қайыс-ер бұйымдары мен адам жарағының бұйымдарын, қайыс және аршылмаған қусыру бөлшектерін тігу бойынша операцияларды орындау.
167. Білуге тиіс:
бұйымдардың түрлерін, бұйымдар элементтерін қолмен тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдері мен ережелерін, инелер мен жіптердің нөмірлерін, оларды пайдалану ережелерін, орындалатын операцияға және тігін сапасына қойылатын талаптарды, бұйымдарды тігу кезінде ақаулардың пайда болу себептерін, олардың алдын алу және жою тәсілдерін.
168. Жұмыс үлгілері:
Қолмен тігу.
1) Қамыт киіз жастығының белдігіне ілгектер, тоғалар;
2) Кекілдірікке астарлар;
3) Шалбар және шинель белдіктеріне, жүгендерге, өмілдірікке, жүк және біріктіруші белдіктерге, терілік жапқыштарға тоғалар;
4) Қайыс бау үшін киізді көктеу.
Параграф 2. Бұйымдарды тігуші, 2-разряд
169. Жұмыс сипаттамасы:
тігін машинасында қарапайым бұйымдарды немесе бұйымдардың элементтерін тігу бойынша операцияларды орындау: кездемеден жасалған қолғаптарды, құжаттар мен кітаптар үшін мұқабаларды (кәдесыйдан басқа), шабадандар үшін қаптарды, жүк белдіктерін, жиектеме бөлшектерін, мамықшаны, бастырманы, гортты, жегу затын, былғары бұрыштарды, кедерді бұйымдардың барлық түрі үшін тұтқаларды, ұстағыштарды, әйелдер сөмкесі үшін портмоне мен әмиянды, айналар үшін футлярды, сылдырма ілгегіне ұштықтарды қайып тігу;
бұйымдардың барлық түрлері үшін астарды, сөмкелер үшін қалтаны, бөлгіштерді, аралықты, түбін және басқа ішкі бөлшектер мен элементтерді тігу, сөмкелердің ішкі бөлшектері мен элементтерін қоса қайып тігу, үстінен қайып тігу, қайып тігу, көмкеру, торлау;
жоғарғы шек бойынша сөмкелерді, әмияндарды және басқа бұйымдарды торлау;
машинада ілгекті торлау, түймелерді қадау, қолғаптар мен биялайларды жұптап біріктіру;
қолғаптарға, биялайларға, жұмсақ қалталарға резеңкені қайып тігу;
қолмен ойыншы қалқаншасына киізді үстінен тігу, алдын ала бізбен түйреумен бұйымдарды бір инелеп қусыру;
әр түрлі үлгідегі және сыныптағы тігін жабдығында немесе қолмен жіп тігістерімен бөлшектерді, бұйымдарды біріктіру әдісімен орта күрделіліктегі қайыс-ер бұйымдарын, адам жарағының бұйымдарын, жүк бөліктерін және брезент пен шатырлық матадан жасалған басқа бұйымдарды тігу бойынша операцияларды орындау; Жалпақ тері, резеңке, кендір, жүн, мақта-мата жетек қайысы мен ені 100 миллиметр (бұдан әрі - мм) дейінгі транспортер таспаларын, сондай-ақ желімдеуді қажет етпейтін дөңгелек, былғары белдіктерді қусыру, сырмалау, желімдеу және бекіту;
технология талаптарына сәйкес сыруды үзбей және бос өткізбей жібі тартылған түзу тігісті, қабу жиілігі мен бөлшектердің жиектен қашықтығын қамтамасыз ету;
машинаны реттеу;
техникалық шарттарға сәйкес белдіктің қажетті ені, тығыздығы мен қалыңдығын алу мақсатында қайыс белдікті отырғызу және қусыру.
170. Білуге тиіс:
тігін машиналарының әрекет ету принципін, оларды пайдалану және реттеу ережелерін, бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін және оларға қойылатын талаптарды, материалға, сортқа қойылатын техникалық шарттарды, қусыру, желімдеу, біріктіру кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттерін, бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды, пайдаланылатын бақылау және өлшеу құралдары мен инструментті қолдану ережелері мен мақсатын, әр түрлі бұйымдарды тігуге қойылатын нормативтерді, белдіктер мен қусыруға қойылатын техникалық шарттарды.
171. Жұмыс үлгілері:
Қолмен тігу.
1) ердің барлық бөлшектеріне делбелер, жүк қайыстары, горттар мен жегуліктер, делбелерге горттар мен жегуліктер, қайыстарға тоғасы мен бастырмасымен бірге горттар мен жегуліктер, қамыт жастықтарына жапқыштың ұштары, отырғыштарға күнқағарлар, артиллериялық жегу әбзелдеріне бүйір жапқыштары, табан ағаштар, балдақтар және клеванттар, пасса қайыстарына карабиндер, револьвер бауына карабиндер мен ілмектер, лейцтер, қанжыға, делбе ұштықтары, ноқта, өмілдіріктер, саптамалар, металл каркастар бөлігінде былғары қаптамалар, жастық қаптамалары, құлама қайыстарға жартылай шығыршықтар, шылбыр, подлавка қайыстарына тоғалар, ауыл шаруашылық жекпе қайыстары, мойын қайыстарына тоғалар мен шығыршықтар, ауыздықтар, ер жастықтары, ер қапталы қабаттарына астарлар, қысқа иық қайыстарына тоғалар, муфталарға жартылай шығыршықтар, қайыстарға клапандары мен қозғалмайтын бастырмалары бар тоғалар, жекпе қайыстар, арчакқа тебінгілер, жүгендер, чумбурлар, тапанша кобурасының корпусына бастырмалар, бөлшектер мен бұйымдарға бастырмалар, терліктерге балақ баулар, көшпелі және ауыл шаруашылық қамыттар - тігу;
Достарыңызбен бөлісу: |