4-бөлім. Киножүйе және кинопрокат
39. Киномеханик
Параграф 1. Киномеханик, 2-разряд
383. Жұмыс сипаттамасы:
кинофильмдерді демонстрациялау және жіңішке кинопроекциялы аппаратурамен жабдықталған киноқондырғыға техникалы қызмет көрсету;
біліктілігі жоғары киномеханиктің басшылығымен 35-миллиметрлі киноқондырғыда фильмді демонстрациялау;
станционарлы және қозғалатын кинопроекциялы аппаратураны және киноқондырғы жабдығын фильмді демонстрациялауға дайындау, аппаратты тазарту және майлау.
384. Білуге тиіс:
кинопроекциялы, дыбыс шығаратын аппаратураны және жіңішке пленкалы аппаратурамен жабдықталған киноқұрылғының қосалқы жабдығының құрылысы және техникалы мәліметтері;
жіңішке пленкамен жабдықталған киноқұрылғымен пайдалану ережесі;
кинопроекциялы аппаратураның;
35-миллиметрлі киноқұрылғының қосалқы жабдығының маңызды тораптары мен бөлшектерінің белгіленуі және техникалы мәліметтері.
Параграф 2. Киномеханик, 3-разряд
385. Жұмыс сипаттамасы:
кинофильмдерді демонстрациялау және 16, 35, 70 миллиметрлі станционарлы және қозғалмалы кинопроекциялы аппаратпен, кино көрсетілімді автоматизациялау құрылғысымен жабдықталған кино құрылғыға техникалы қызмет көрсету;
киноқұрылғының жинағына кіретін бақылау-өлшеу құрылғылары мен құралдарын пайдаланып техникалы тексеруді және аппаратты реттеуді жүзеге асыру;
механизмді бөлшектеуді және монтаждың дәнекерін қопаруды талап етпейтін жіңішке пленкалы кинопроекциялы және дыбыс шығаратын аппаратураның жұмысындағы ақауларды табу және оларды жою;
фильм көшірмесін тексеру, айналдыру, ылғалдандыру, техникалы жағдайын анықтау және ағымдағы жөңдеу жұмыстары;
киноқұрылғыға техникалы құжатнама жүргізу.
386. Білуге тиіс:
станционарлы және қозғалмалы киноқұрылғыларда пайдаланылатын кинопроекциялы;
дыбыс шығару аппаратурасы және қосалқы жабдық;
киноқұрылғы элементтерінің сыртқы байланыстарының сызбасының құрылымы және техникалы мәліметтері;
техникалы тексеруді жүргізу ережесі және жөңдеу жұмыстарын жасау;
киноаппаратураны тексеруде және реттеуде қолданылатын негізгі өлшейтін құралдар мен құрылғыларды пайдалану ережесі;
фильм көшірмесінің ақауларының себебі және оларды жою;
нормативтік-техникалық құжатнама.
Параграф 3. Киномеханик, 4-разряд
387. Жұмыс сипаттамасы:
стереофонды дыбысталумен кең форматты, панорамалы және стереоскопты кинотеатрда фильмдерді дыбыстау, киноаппаратураға күтім жасау;
екі-үш пленканы қосу кезінде, бейнені демонстрациялаумен бірге бір не екі магнитті фонограммадан дыбысты ілеспелі дыбыстау, фильмді дыбыстауды бейне сақиналарынан дыбыстау, тексті және дубляжды салу, түрлі-түсті негативті фильм көшірмелерін, сонымен қоса тез ақау түсетін фильм көшірмелерін өңдеуден кейін демонстрациялау;
механизмдерді бөлшектеуді және монтаждың дәнекерін қопаруды талап етпейтін кинопроекциялы және дыбыс шығаратын аппаратураның жұмысындағы ақауды табу және оны жою;
панорамалы фильм көшірмесін, магнитті фонограмманың техникалы жағдайын анықтау, жөңдеу жұмыстарын жасау және синхронизациялау.
388. Білуге тиіс:
кинопроекциялы және дыбыс шығаратын аппаратураның құрылымын және техникалы мәліметтерін;
кең форматты, панорамалы және стереоскоптикалы кинотеатрларда кино көрсетілім құралдарын автоматизациялау;
фильмді екі–үш пленкада демонстрациялау кезінде кинопроекциялы аппаратты дыбысталатын аппаратпен синхрондау мақсаты;
кинопроекциядағы және дыбыстаудағы ақауларды жою тәсілдері;
аппаратураның, киноқұрылғы жабдығының тораптары мен бөлшектеріне қойылатын техникалы талаптар;
фильм көшірмесінің техникалы жағдайын анықтау бойынша нұсқаулық;
панорамалы фильм көшірмесін және магнитті фонограммаға жөңдеу жұмыстарының техникасы;
киножелілерге жұмысшыларды дайындау бойынша оқу орны бағдарламасының көлеміндегі электротехника;
кинопроектілі техника, кино көрсетілімнің автоматикасы;
дыбыс техникасы және акустика негіздері.
Параграф 4. Киномеханик, 5-разряд
389. Жұмыс сипаттамасы:
фильмді демонстрациялау және киноқұрылғының барлық түріне техникалы қызмет көрсету;
кең форматты, панорамалы және стереоскопты кинотеатрлардың кинопроекциялы, дыбысталатын аппаратураның, электр қуат беретін құрылғы, синхронизациялау аппаратурасы, электр тарату және электр қуатын кешенді тексеру және кино көрсетілімді автоматизациялау құралын жөңдеу, реттеу, түзету және ағымдағы жөңдеу жұмыстары;
кинотехникалық жабдыққа монтаждау және айырбастау жұмыстарын жүргізу;
толық жөңдеу жұмыстарынан кейін барлық жаңа киноқұрылғы аппаратын және жабдықтарды техникалы тексеру және сынау;
электр желіге және кино құрылғының электр жабдығына техникалық бақылауды қамтамасыз ету.
390. Білуге тиіс:
кең форматты, панорамалы және стереоскопты кинотеатрлардың кинопроекциялы;
дыбысталатын аппаратураның, электр қуат беретін құрылғы, синхронизациялау аппаратурасы;
электр тарату және электр қуатын кешенді тексеру және кино көрсетілімді автоматизациялау құралының техникалы мәліметі, құрылымы;
қолдану мақсаты, түзету және жөңдеу;
стандартсыз киностудиялы, кинопроекциялы және дыбысталатын жабдықтың құрылымы және қолданыс мақсаты;
дыбысталатын қалпақшаны тест-сақиналары және өлшейтін жабдық бойынша ауыстыру және орнату ережесі;
дыбысты қайта басуда бейнені және дыбысты синхронизациялау ережесі;
басқару пультін пайдалану ережесі;
динамикалы электр жарнаманың құрылым қағидасы;
киноқұрылғы сызбасы және монтажды үлгісі.
Киноқұрылғыда микропроцессорлы техниканы және электронды жүйені пайдалана отырып өте күрделі аппаратурамен жұмыс істеу– 6-разряд.
40. Киноқұрылғыны басқару пультінің опреторы
Параграф 1. Киноқұрылғыны басқару пультінің опреторы, 4-разряд
391. Жұмыс сипаттамасы:
фильмі демонстрациялау кезінде кең форматты, стереоскопты, панорамалы және кең экранды киноқұрылғыларды оператор пультімен басқару. Фильмді демонстрациялау кезінде дыбыс реттегіштің көмегімен дыбысталудың және дыбысты қажетінше шығу нормасын бақылау;
кинофильмді демонстрациялау кезінде проекцияның және дыбысталудың сапасын бақылау және киноаппаратқа демонстрацияның ақаулы болса дабыл қағу;
кинофильмнің көрсетілім сапасына есеп жүргізу;
4 разрядты «Киномеханикқа» қарасты жұмыстарды орындау;
қажет болған жағдайда көрермендерді залға отырғызу барысында билетерларға көмек көрсету.
392. Білуге тиіс:
35- және 70 – миллиметрлі киноаппаратураның құрылымын;
қалыпты дыбысталуды қамтамасыз ететін көрермен залының акустикалы ерекшеліктері;
4 разрядты «Киномеханик» мамандығына қарасты станционарлы киноқұрылғыларда мөлшерде қолданылатын кинопроекциялы;
дыбысталатын аппаратураның және қосалқы жабдықтың құрылысы және техникалы мәліметтері.
Параграф 2. Киноқұрылғыны басқару пультінің опреторы, 5-разряд
393. Жұмыс сипаттамасы:
кинотеатрдың жұмыс күні басталмай тұрып аппаратураны және кең форматты жабдықты, панорамалы, стереоскопты және кең экранды киноқұрылғыға сынақ жұмыстарын жүргізу, киноқұрылғының қалыпты жұмыс істеуіне келтірілген кедергілерді анықтау;
киноаппаратпен байланыста болу;
басқару пультіне профилактикалы тексеру жасау және ағымдағы жөңдеу жұмыстары;
киномеханик пен аппараттағылардың жұмыстарын үйлестіру;
қажет болған жағдайда 5 разрядты «Киномеханик» мамандығына қарасты жұмыстарды орындау.
394. Білуге тиіс:
кең форматты, панорамалы, стереоскопты және кең экранды киноқұрылғының қағидалы сызбасын және құрылысын;
оператордың басқару пультінің ақауларын жою тәсілі;
5 разрядты «Киномеханик» мамандығына қарасты мөлшердегі кинопроекциялы аппараттың;
дыбысталатын құрылғының кеңформатты, панорамалы, стереоскопты және кең экранды киноқұрылғыны құрылымы.
41. Фильм көшірмеcіне жаңарту жұмыстарын жасаушы
Параграф 1. Фильм көшірмеcіне жаңарту жұмыстарын жасаушы, 5-разряд
395. Жұмыс сипаттамасы:
өңдеудің бегітілген режиміне сәйкес қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмесінің фото қабатына жаңарту жұмыстарын жасау;
қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмесінің негізінің деформациясын анықтау және оғын жаңарту жұмыстарын жасау;
фильмнің негізінің және фото қабаттың қорғайтын жаңарған қабатының барлығын және оның түрін анықтау, қорғайтын қабатты жағу;
фото қабаттың және қара-ақ, түрлі-түсті фильм көшірмесінің фото қабатын рецептурасын және қайта жаңарту жұмыстарын жасу тәсілдерін таңдау;
эмульсиялы-жуатын машинада техникалы төзген фильм көшірмелерінің эмульсиялы қабатын алуға дайындау және алу;
жаңарту жұмыстарына және тазартуға жұмыс ертінділерін дайындау;
технологиялы операцияның, өңдеудің режимін және ерітіндінің концентрациясының жиілігінің сақталуын бақылау;
реставрациялы, эмульсиялы-жуатын және басқада машиналардың жұмысындағы ақауларын жою, олардың жеке тораптарын реттеу.
396. Білуге тиіс:
кинопленкалардың түрлері және құрамдары;
фильм көшірмесінің негізіне жаңарту жұмыстарын жасау және оларға қорғайтын-жаңарту қабаттарын жағу;
жаңарту жұмыстарын жасу кезінде, тазартуда, эмульсиялы қабатты жууда қолданылатын ерітіндінің құрамы мен концентрациясы;
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі;
қолданылатын ерітінділердің құрамы;
фильм көшірмелерін пайдалану және кептіру техникасы;
нормативтік-техникалық құжатнама.
Фильм тазартатын машинада фильм көшірмелерін тазарту және антистатистикалық өңдеу жұмыстарын жасау, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың техникалы тексеру жұмыстарын жүргізу – 6-разряд.
42. Фильм тексеруші
Параграф 1. Фильм тексеруші, 3-разряд
397. Жұмыс сипаттамасы:
үстіңгі беттерінің, метражының, жапсырмасының саны және сапасын тексеру негізінде эксплуатациядағы 35- және 16-миллиметрлі фильм көшірмелерінің әр бөлшегінің бөлек техникалы жағдайын анықтау. Әр бөлшектің техникалы жағдайының категориясын анықтау;
фильм көшірмелерін тексеру, ағымдағы жөңдеу жұмыстары және бөлшектерін тазарту;
ракордтардың қорғаныш-аяқтамаларын ауыстыру, жөңдеу және толықтыру;
стандартсыз және ақаулы жапсырманы қайта жасау, фильмге жаңа жапсырма, перфорацияны кесу;
фильм көшірмесінің әр бөлшегіне техникалы паспортын және ақау карточкасын толтыру;
бөлшекті қорапта, фильмостатта және арнайы ылғалдандыратын камераларда фильм көшірмелерін ылғалдандыру.
398. Білуге тиіс:
позитивті кинопленканың түрі;
форматы және негізгі құрамы;
фильм тазартқыш машинаның фильм тексеретін және дыбыс монтаждайтын қабатының құрылысы;
фильм көшірмелеріндегі ақаулардың техникалы жағдайын анықтайтын құралдардың белгіленуі;
фильм көшірмелерін ылғалдандыру тәсілдері;
фильмостаттың құрылысы,
35 және 16-миллиметрлі фильмкөшірмелерінің техникалық жағдайын анықтайтын нұсқаулық.
Параграф 2. Фильм тексеруші, 4-разряд
399. Жұмыс сипаттамасы:
үстіңгі беттерінің, перфорацияның, жапсырмасының саны және сапасын, түсбергіш және ашықтығын тексеру негізінде эксплуатациядағы 70-миллиметрлі фильм көшірмелерінің әр бөлшегінің бөлек техникалы жағдайын анықтау;
монтажды жоспарды монтажды парақпен салыстыру;
түзетулерді жасағаннан кейін, қажет болған жағдайда фильм көшірмесін монтаждау;
эксплуатациядағы фильм көшірмесінің пефорациялы жолақтарын жапсыру;
фильм көшірмесінің нормадан асқан төзушілігіне, жоғалғандығына және бұзушылығына акт құрау, сонымен қоса техникалы төзген фильм көшірмесін шығын актісіне жазу.
400. Білуге тиіс:
фильм көшірмелерін техникалы пайдалану;
дыбыс монтажды үстелдің және фильм тексеретін машинаның белгіленуі және құрылысы;
фильм көшірмесін монтажды парақпен салыстыру тәсілі;
перфорациялы жолақтарды жапсыру техникасы;
фильм көшірмесінің ақауларының түрлерін классификациялау ережесі.
Параграф 3. Фильм тексеруші, 5-разряд
401. Жұмыс сипаттамасы:
фильм көшіретін фабрикалардан алынған фильм көшірмесінің әр бөлігін бөлек заттың үстің, перфорациясын, метражын, жапсырманың саны мен сапасын, ілеспелілігін, геометриялы өлшемін, бейне мен фонограмманың қалыңдығын, Норм-Киноның талаптарына ракордтың сәйкес болу негізінде техникалы жағдайын анықтау;
техникалы төзген қатардан фильм көшірмесін жинақтау және монтаждау;
эксплуатациядағы фильм көшірмесінің түсті балансын анықтау;
түрлі-түсті фильм көшірмесін түсін қайтаруға іріктеп алу немесе түсі кеткендігіне байланысты демонстрациядан алу;
жаңарту жұмыстарына фильм көшірмесін іріктеп алу және ақаудың түріне байланысты оның сипатын анықтау;
жаңарту жұмыстарынан кейін фильм көшірмесінің техникалы жағдайын анықтау;
панорамалы және айналмалы кинопанорамалы кинотеатрларда бейнеленген үш пленкалы және магнитті фонограммалы стартовкалау;
панорамалы фильм көшірмесі және фонограммаларды тозуларын есепке алу және жөңдеу жұмыстарына қатысу.
402. Білуге тиіс:
түрлі-түсті, қара-ақ, кең форматты;
панорамалы және стереоскопты фильм көшірмелерінің техникалы жағдайы;
техникалы тозған фильм көшірмесін жинақтау технологиясы;
монтажды параққа сәйкес фильм көшірмесін монтаждау ережесі;
бейне мен дыбысты синхронизациялау негіздері;
фильм көшірмесінің түсінің кету деңгейіне қойылатын талаптар;
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың белгіленуі және құрылымы;
нитропленканың негізінің ыдырау белгілері;
жаңарту жұмыстарымен жойылатын ақаулардың түрі;
прокаттың және фильмді пайдалану ережесі.
5-бөлім. Театр-көрініс кәсіпорындары
43. Аттракциондардың, тирдың және ойын автоматтары залының кезекшісі
Параграф 1. Аттракциондардың, тирдың және ойын автоматтары залының кезекшісі, 2-разряд
403. Жұмыс сипаттамасы:
ойын автоматтары, аттракцион және тирларға қызмет көрсету және пайдалану, олардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру және келушілерді қабылдауға дайын екендігін анықтау;
келушілерге қызмет көрсету, оларды ойын автоматтары, аттракциондар және тирлардың ережелері мен нұсқаулықтарымен таныстыру;
қызмет көрсетіліп жатқан жабдыққа жөңдеу жұмыстарын жасау;
түскен ақшаға есеп жасау және олардың түгелдігін қадағалау.
404. Білуге тиіс:
ойын автоматтары, аттракцион, тирлардың нұсқаулықтары және пайдалану ережесі;
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;
ататын қарудың құрылысы және нысаналарға қауіпсіз атудың ережесі.
44. Сахна машинисі
Параграф 1. Сахна машинисі, 3-разряд
405. Жұмыс сипаттамасы:
театрларды, концерт ұйымдарында, музыкалы және би коллективтерінде көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде қатты декорацияның бөлек бөлшектерін пайдаланып сахнаны жұмсақ декорациямен құрастыру кезінде немесе көрініс және дайындықты клуб тектес мекемеде өткізу кезінде әртүрлі декорациядан сахнаны монтаждау кезінде механизмдерді басқару;
көшпелі көріністер, гастрольдер кезінде сахна жабдығын және мүлкін тиеу-түсіру жұмыстарына, ағымдағы жөңдеу жұмыстарына қатысу.
406. Білуге тиіс:
станционар жағдайында көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу үшін сахнаны монтаждау жұмыстары және механизмдердің қолданыс мақсаты;
сахна жабдығын техникалы пайдалану ережесі;
сахна жабдығына ағымдағы жөңдеу жұмыстарын жасау ережесі.
Параграф 2. Сахна машинисі, 4-разряд
407. Жұмыс сипаттамасы:
театрларды, концерт ұйымдарында, музыкалы және би коллективтерінде көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде жұмсақ және көлемді-қатты декорациямен сахнаны монтаждау кезінде механизмдерді басқару;
сахнаны безендіру конструкциясын сұрыптау және сахна мүлкін және жабдыққа профилактикалы жөңдеу жұмыстарына қатысу;
көшпелі көрініс және гастрольдер кезінде станционар жағдайында театр-көрініс кәсіпорындарының машина-декорациялы бөліктерін, сахна жабдығының және мүлкінің тиеу-түсіру жабдығына қызмет көрсету.
408. Білуге тиіс:
театр-көрініс кәсіпорындарына көрініс және дайындық жұмыстарын жүргізу үшін сахнаны монтаждау және қызмет көрсетіліп жатқан механизмнің құрылымы;
сахна мүлкі мен жабдығын тасымалдау тәсілі;
қызмет көрсетіліп жатқан жабдыққа профилактикалы жөңдеу жұмыстарын жасау ережесі.
Параграф 3. Сахна машинисі, 5-разряд
409. Жұмыс сипаттамасы:
театрларды, концерт ұйымдарында, музыкалы және би коллективтерінде көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде жұмсақ декорацияның бөлек бөлшектерін пайдаланып көлемді-қатты декорациямен сахнаны монтаждау кезінде механизмдерді басқару;
жаңа көріністерге макет және эскиздерді қабылдайтын техникалы комиссияның жұмысына, сахна мүлкі мен жабдығына толық жөңдеу жұмыстарын жасауға қатысу;
сахна жабдығын модернизациялау ұсынысын талдау және жаңа безендіруді монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру;
сахна мүлкі мен жабдығын дұрыс сақтау және пайдалануды қамтамасыз ету, олардың түгелдігін бақылау;
көшпелі көрініс және гастрольдер кезінде станционар жағдайында дайындықты және көріністі өткізу бойынша монтаждаушының жұмысын жоспарлау және басқару.
410. Білуге тиіс:
сахнаның әртүрлі механизмдерінің құрылымы және көріністің сахна безендіруін технологиялы монтаждау;
сахна безендіруін сақтау және сахна жабдығын пайдалану ережесі;
шығармашылық өндіріс процесін ұйымдастыру формасы және ерекшелігін;
отандық, шетелдік театр және цирктің сахна техникасы саласындағы тәжрибесі және көрініс және цирк қойылымдарын сахна безендіруінің монтаждау технологиясы.
411. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
45. Сахнаны монтаждаушы
Параграф 1. Сахнаны монтаждаушы, 3-разряд
412. Жұмыс сипаттамасы;
кезекті көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде сахнаны монтаждау (безендіру);
сахнада және дайындық өтетін бөлмеде декорацияны және жиһазды қою, жұмсақ декорацияларды ілу, сахна машинисінің нұсқаулықтарына сәйкес антракт және жиі үзілістер кезінде декорацияның орның ауыстыру;
декорацияны, сахна мүлкіне кішігірім жөңдеу жұмыстарын жасау және оларды таза күйінде ұстау;
қажет болған жағдайда шум аппараттарында жұмыс жасау;
көшпелі көрініс және гастрольдер кезінде станционар жағдайында декорацияны және сахна мүлкінің орның ауыстыру кезінде тиеу-түсіру жұмыстарын орындау.
413. Білуге тиіс:
көріністі безендіруде пайдаланылатын декорация;
сахна жабдығының құрылымы және қолданылу қағидасы;
сахна жабдығының декорациясын орнату және бекіту ережесі.
46. Униформашы
Параграф 1. Униформашы, 2-разряд
414. Жұмыс сипаттамасы:
манежді жабдықтау: реквизитті алып беру, цирк аппаратурасын орнату және ілу;
қойылым және репетиция кезінде артистерді сақтандыру және пассирлеу;
қойылымды дайындауда және аттракциондарда клоун және кілемдердің репризға қатысуы;
жануарларды манежға шығару және оларды сахна артына қабылдау, цирк аймағында тордағы жануарларды, реквизитті, цирк аппаратурасын және басқада цирк мүліктерін тасымалдау;
кілемдерді манеждан тыс тазарту;
қозғалмалы циркта – цирк конструкциясының бөлшектерін жинау, пайдалану және бөлшектеуде, тиеуде, түсіруге қатысу.
415.
Білуге тиіс:
жануарларға қарай білу;
цирк аппаратурасын ілу жүйесі және орнату;
реквизитті пайдалану ережесі;
байламдардың түрлері және канаттарды байлау тәсілдері;
жүк көтеретін механизм мен құралдардың құрылымы және пайдалану ережесі.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына
(58-шығарылым) қосымшасы
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
Р/с
№
|
Мамандықтар атаулары
|
Разряд диапазондары
|
Бет
|
1.
|
Аттракциондардың, тир және ойын автоматтары залының кезекшісі
|
2
|
94
|
2.
|
Бутафор
|
1-6
|
2
|
3.
|
Видеотекарь
|
4-5
|
41
|
4.
|
Видео түсірілім операторы
|
3-8
|
70
|
5.
|
Гример-пастижер
|
2-6
|
6
|
6.
|
Декорация қоюшы
|
1-6
|
36
|
7.
|
Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы
|
1-6
|
33
|
8.
|
Декорацияны өңдеуші маляр
|
1-6
|
12
|
9.
|
Диапозитивті фильмдерді салушы
|
3
|
85
|
10.
|
Диапозитивті фильмдерді безендіруші
|
2-4
|
74
|
11.
|
Диапозитивті фильмдерді түсіруші
|
3-5
|
83
|
12.
|
Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик
|
2-7
|
16
|
13.
|
Жарық түсіруші
|
3-8
|
24
|
14.
|
Жел құрылғысында қызмет көрсетуші механик
|
5-6
|
50
|
15.
|
Зоологиялық базаның аңшысы
|
1-4
|
42
|
16.
|
Киноқұрылғыны басқару пультінің операторы
|
4-5
|
90
|
17.
|
Киномеханик
|
2-6
|
87
|
18.
|
Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші механик
|
3-8
|
51
|
19.
|
Кинотехнологиялық жабдықта жөңдеу және қызмет көрсетуші механик
|
4-8
|
61
|
20.
|
Контурланған суретті бояушы
|
2-5
|
80
|
21.
|
Контурлаушы
|
2-5
|
48
|
22.
|
Костюмер
|
2-6
|
9
|
23.
|
Магнитті баспалардың операторы
|
3-8
|
21
|
24.
|
Мультипликациялы суреттерге негіз дайындаушы
|
2
|
80
|
25.
|
Мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсіруші
|
2-4
|
84
|
26.
|
Негативті монтаждаушы
|
1-8
|
65
|
27.
|
Ойыншық қуыршақты дайындаушы
|
5-6
|
43
|
28.
|
Пастижер
|
3-6
|
29
|
29.
|
Пастижер өндірісіндегі бояушы
|
4-6
|
11
|
30.
|
Пиротехник
|
2-6
|
78
|
31.
|
Позитивті монтаждаушы
|
1-7
|
67
|
32.
|
Реквизитор
|
2-6
|
30
|
33.
|
Сахнаны монтаждаушы
|
3
|
96
|
34.
|
Сахна машинисі
|
3-5
|
94
|
35.
|
Субтитр өңдеуші
|
3-5
|
82
|
36.
|
Субтитр теруші
|
2-6
|
76
|
37.
|
Субтитрларды дайындаушы
|
3-6
|
45
|
38.
|
Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик
|
3-8
|
57
|
39.
|
Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик
|
2-6
|
54
|
40.
|
Түстандаушы
|
1-6
|
46
|
41.
|
Униформашы
|
2
|
97
|
42.
|
Фильм көшірмесіне жаңарту жұмыстарын жасаушы
|
5-6
|
91
|
43.
|
Фильм тексеруші
|
3-5
|
92
|
44.
|
Фильмотекарь
|
3-4
|
86
|
45.
|
Фонды үйлестіруші
|
4-5
|
40
|
46.
|
Фототекарь
|
3-4
|
86
|
Достарыңызбен бөлісу: |