1-бөлім. Жалпы ережелер


-бөлім. Киностудия және теледидар мен радиотарату



жүктеу 1,5 Mb.
бет2/3
Дата14.05.2018
өлшемі1,5 Mb.
#12821
1   2   3
3-бөлім. Киностудия және теледидар мен радиотарату

кәсіпорындары, ұйымдары
14. Видеотекарь
Параграф 1. Видеотекарь, 4-разряд
175. Жұмыс сипаттамасы:

видеофонограммаларды және видеорулондарды қабылдау, жүйелеу, есепке тіркеу және тарату:

видеофонограммаларды жинақта ілеспелі және техникалы құжатнамамен монтаждау үшін аппаратқа тапсыру үшін дайындау және қабылдау, теледидарлы бағдарламаларды дайындау бойынша жұмыс күнтізбесіне және оны эфирде теледидар хабарламасының күнтізбесіне сәйкес редакциялы және техникалы қарау;

таза ленталы видеорулондарды түсірілім үшін дайындау;

өндіріске енгізілетін жаңа видеолентаның техникалы құжатнамасын рәсімдеу, видеорулон және видеофонограмма жайлы мәліметтерді тіркеу, оларды видеотүсірілімдер және дыбысталуын өңдеу кезінде белгіленген форма бойынша белгілі тіркеу құжатына енгізу, видео материалдың уақытылы қайтарылуын қадағалау;

видеолентаны түсірілім үшін таңдау барысында техникалы құжатнама бойынша сапасын тексеру;

видеолентаны және видеофонограмманы аппаратқа және видео сақталатын жерге жеткізілуін қамтамасыз ету, аппарату аралы және сақталатын жерге жіберу.

176. Білуге тиіс:

теледидарлы бағдарлама мен теледидарлы хабарламаны өңдеуді ұйымдастыру негіздерін;

видеотекалы материалды жүйелеу мақсаты;

видеолентамен жұмыс істеуді және видеотека қорында сақтауларды;

видеотекалы материалдың бекітілген тіркеу формасы және қозғалу есебін тіркеу;

видеолентаны желімдеу ережесі;

есептен шығару тәртібі және эксплуатациядан алынған видеорулондарды жою;

жабдықтаушыға ақаулы лентаны орап қайтару.

Видеофонограмманы қабылдау, жүйелеу, есепке алу, сақтау және тапсыру бойынша автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау және пайдалану – 5-разряд.

15. Зоология базасының аңшысы
Параграф 1. Зоология базасының аңшысы, 1- разряд
177. Жұмыс сипаттамасы:

жануарлар (үй, жабайы) мен құстарды күту жұмыстарын орындау, біліктілігі жоғары зоология базасының аңшысының басшылығымен оларды асырау: бөлмелерді жинау, торларды ұсақ жөңдеуден өткізу және барлық техникалы жұмыстар;

азық дайындауға көмектесу және жануарлар мен құстарды азықтандыруға көмектесу;

жануарлардың стационарға және торлы қораға қауіпсіз жетуін қамтамасыз ету.

178. Білуге тиіс:

жануарлар мен құстарды күту техникасы бойынша негізгі ережелерді;

оларды азықтандыру шарттары және ережелері;

жануарлар мен құстарды тасымалдау ережелері.

Параграф 2. Зоология базасының аңшысы, 2- разряд
179. Жұмыс сипаттамасы:

жануарлар (үй, жабайы) мен құстарды күту жұмыстарын орындау;

азықты өңдеу және дайындау, жануарлар мен құстарды азықтандыру;

жануарлар мен құстарды қолға үйретуге қатысу;

жануарлар мен құстарды зообазаның аумағында орналасқан тасымалдау торына қауіпсіз жеткізу;

мал дәрігері мен зоотехниктің нұсқауларын орындау.

180. Білуге тиіс:

жануарлар мен құстарды күту техникасы, асырау, режим, азықтандыру мөлшері;

азықты дайындау технологиясы;

жануар мен құстардың жүріс-тұрысының нормасы.

Параграф 3. Зоология базасының аңшысы, 3- разряд
181. Жұмыс сипаттамасы:

үйретушінің басшылығымен жануарларға (үй және жабайы) және құстарға санитарлық ветеринарлық күтім көрсету жұмыстарын орындау;

фураждың жарамдылығын анықтау;

жануарлар мен құстарға азық дайындау;

жануарлар мен құстарды түсірілімге дайындау;

жануарлар мен құстарды сыртқы түріне қарап денсаулық жағдайын анықтау;

жануарлар мен құстарды ұстау үшін бөлмені дезинфекциялау.

182. Білуге тиіс:

жануарлар мен құстардың әр түрін ұстау үшін бөлменің құрылысын;

жануарлар мен құстардың азықтану мөлшері;

дезинфекциялау негіздері.

Параграф 4. Зоология базасының аңшысы, 4- разряд


183. Жұмыс сипаттамасы:

жануарларға (үй және жабайы) және құстарға санитарлық ветеринарлық күтім көрсету жұмыстарын орындау;

қарапайым мал дәрігерінің процедурасын орындау: температураны өлшеу, жасанды тыныс және тағы басқа;

төлді өсіру;

жануар мен құстардың мөлшер шамасында бір тәуліктегі азықтану рационың құрау.

184. Білуге тиіс:

жануар мен құстардың физиологиясы мен анатомиясы бойынша негізгі мәліметтер;

жануарлар мен құстарға алғашқы көмек көрсету ережесі;

азықтану рационының құрамындағы рұқсат етілетін өзгерулер қажет болса бір азықты басқасымен алмастыру.

16. Ойыншық қуыршықтарды дайындаушы


Параграф 1. Ойыншық қуыршықтарды дайындаушы, 5- разряд
185. Жұмыс сипаттамасы:

эскиз және суретшінің сызбасы бойынша қарапайым және орташа күрделі ағаштан, металдан, пластмассадан және губкадан, резинадан, матадан және басқа материалдан ойнайтын қуыршақтың бөлшектерін, конструкциясын және корпустарын дайындау;

суретшінің эскизі бойынша қарапайым және орташа күрделі ойын қуыршақтарына сыртқы безендіру жасау: фактуралы париктерді дайындау, пішу, тігу және қарапайым заманауи киімдерді, көйлектерді, бас киімдерді және аяқ киімдерді өңдеу.

186. Білуге тиіс:

ойын қуыршақтарының әртүрлі жүйесі;

конструкциясы және құрылымы, ойын қуыршақтарын дайындауда қолданылатын материалдарды өңдеу;

ашқа ою салу ережесі;

ағаш пен металды токарьмен өңдеу тәсілдері;

темірші жұмысының негізі;

жұмсақ қуыршақты пішу негізі;

ойын қуыршағын дайындау және безендіру кезінде қолданылатын материалдың белгіленуі мен құрамы;

киімді, аяқ киімді тігу технологиясының негізі;

қуыршақ фильмдерін өндіру негізі.

187. Жұмыс үлгілері:

1) ойыншық қуыршақтың бас, қол, аяқ – дайындау;

2) қыршақтың металдан және резинадан топса жасау – дайындау;

3) әртүрлі материалдан қуыршаққа топса – жинау.

Параграф 2. Ойыншық қуыршықтарды дайындаушы, 6-разряд


188. Жұмыс сипаттамасы:

эскиз және суретшінің нұсқауымен ойыншық қуыршақтың әртүрлі материалдан күрделі конструкциясын (топса, тросты) және мүсінді бөлшектерін дайындау;

қуыршақтың басын тоқтамай кадр тәсілімен түсірілім үшін қуыршақтың басын ымдайтын қылып дайындау;

суретшінің эскизі бойынша күрделі ойыншық қуыршаққа сыртқы безендіру жасау: фактуралы париктерді дайындау, пішу, тігу және күрделі тарихи, ертегі және басқада киімдерді, көйлектерді, бас киімдерді және аяқ киімдерді өңдеу.

189. Білуге тиіс:

ойын қуыршақтарының әртүрлі жүйесі, конструкциясы және құрылымы, ойын қуыршақтарының қозғалыс техникасы;

қуыршақтың құрылысы және анатомиясы;

әртүрлі материалдың фактуралы сапасы;

модельдеу ережесі, киімді және аяқ киімді тігу технологиясы;

қолданылатын материалдың ассортименті.

190. Жұмыс үлгісі:

1) ойыншық қуыршақтың конструкциясы – толықтай жинау;

2) қуыршақтың денесін және каркастың бөлшектерін, ойыншық қуыршақтың ішкі, көздіі, ауыздың қозғалу механизмі – тоғысқан жинақ.

17. Субтитрларды дайындаушы


Параграф 1. Субтитрларды дайындаушы, 3-разряд
191. Жұмыс сипаттамасы:

каллиграфияға сәйкес цинкті пластинаға субтитрлардың нөмірін жазу жұмыстарын орындау;

пластинаны жолақтарға және клишеге 35 милиметрлі фильм көшірмесін істеу үшін қию;

клишені каллиграфияға сәйкес жинақтау.

192. Білуге тиіс:

әртүрлі маркалы цинктың құрылымы;

кесетін станоктың құрылымы, 35 милиметрлі фильмнің көшірмесін субтитрлау үшін клишенің геометриялы өлшемі;

клишеде текстің орналасу ережесі.

Параграф 2. Субтитрларды дайындаушы, 4-разряд
193. Жұмыс сипаттамасы:

субтитрдың клишесін әртүрлі материалдан субтитрлау үшін 16 милиметрлі және 70- милиметрлі фильм көшірмесін және әртүрлі жүйелі кескіш станоктарда екі еселі субтитрлардың фильм көшірмесін жасау жұмыстары;

клишелерді бөлшектерге бөлу.

194. Білуге тиіс:

әртүрлі жүйелі кескіш станоктардың құрылымы және әрекет ету қағидалары;

16 миллиметрлі, 70 – миллиметрлі фильм көшірмесін және екі еселі фильм көшірмесін субтитрлау үшін геометриялы өлшемдер;

клишені дайындауда қолданылатын металдың құрамы.

Параграф 3. Субтитрларды дайындаушы, 5-разряд


195. Жұмыс сипаттамасы:

35 – миллимерлі фильм көшірмесін субтитрлау үшін қолданылатын клишені дайындау үшін субтитрлар түпнұсқасын негативтен металға көшіру;

субтитр түпнұсқаларын монтаждау және олардың негативін дайындау үшін фотоға түсіру;

түсірілім және көшірменің дұрыс режимін таңдау;

түсірілген және көшірілген материалды зертханада өңдеу, дайындау, пластинкаларды жарық сезгіш қабатпен қаптау үшін дайындау;

эмальді дайындау, пластинкаларға эмальді құю;

негативті өңдеу;

электролитті дайындау және ваннаны толтыру.

196. Білуге тиіс:

субтитрларды металға көшіру технологиясы;

әртүрлі жүйелі фото көшіргіш жабдықтың құрылымы және жұмыс қағидалары;

материалдардың құрылымы, жарықты қою қағидасы,

фототүсірілім және көшірмені анықтау режимі;

электрлі ваннаның құрылымы;

электролиттің құрамы және рецептурасы.

Параграф 4. Субтитрларды дайындаушы, 6-разряд


197. Жұмыс сипаттамасы:

субтитр түпнұсқасын негативтан 16 – миллиметрлі және 70-миллиметрлі фильм көшірмесін және екі еселенген кино көшірмені субтитрлауда қолданылатын металға клише дайындау үшін көшіру;

метал пластиналарды улау;

улау режимін таңдау, рельефтің тереңдігін бақылау.

198. Білуге тиіс:

улауға арналған жабдықтың құрылымы және жұмыс мақсаты;

улау кезінде қолданылатын ерітіндінің құрамы және рецептурасы;

әртүрлі өлшемегі клишені бақылау тәсілі.

18. Түстаңдаушы
Параграф 1. Түстаңдаушы, 1-разряд
199. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі жоғары түстаңдаушының басшылығымен негізгі 15 түстен пастадан немесе біріктіретін компоненттерден берілген рецептура бойынша колерсіз бояу дайындау.

200. Білуге тиіс:

механикалы араластырғышта және илеуіште жұмыс жасау ережесі;

колерсіз бояуды дайындау технологиясы.

Параграф 2. Түстаңдаушы, 2-разряд


201. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі жоғары түстаңдаушының басшылығымен екі негізгі түстен қарапайым мультипликациялы бояуды дайындау.

202. Білуге тиіс:

қарапайым мультипликациялы бояуды дайындау технологиясы.

Параграф 3. Түстаңдаушы, 3-разряд
203. Жұмыс сипаттамасы:

негізгі 15 түсті пастадан немесе біріктіретін компоненттерден берілген рецептура бойынша колерсіз бояу және 3 түсті қарапайым колермен мультипликациялы бояу дайындау;

мультипликациялы бояуды жұмысқа дайындау: фильтрлау, қосымшаларды қосу және дайын мультипликациялы бояуды жұмыс қалпында сақтау;

механикалы илеуіште техникалы талаптарға жауап бермейтін дайын мультипликациялы бояуларды берілген рецептура бойынша қайта өңдеу.

204. Білуге тиіс:

дайын мультипликациялы бояуларға қойылатын техникалы талаптар;

бояудың маркировкасы;

бояуды сақтау технологиясы;

қолданыстағы бояудың шкаласын.

Параграф 4. Түстаңдаушы, 4- разряд


205. Жұмыс сипаттамасы:

қолда бар эталон бойынша негізгі тістерден колерлі мультипликациялы бояу дайындау;

мультипликациялы бояуларды қажет консистенция және икемділікке байланыстыратын пластификатордың мөлшерін реттеу жолымен жеткізу.

206. Білуге тиіс:

құрғақ пигменттер мен байланыстыратын материалдардың физикалы құрамы.

Параграф 5. Түстаңдаушы, 5- разряд


207. Жұмыс сипаттамасы:

берілген шкала бойынша колерлі мультипликациялы бояу дайындау;

туш, гуаш, грунтты дайындау;

дайын мультипликациялы бояулардың сапасын бақылау.

208. Білуге тиіс:

құрғақ пигменттердің, байланыстыратын материалдардың, лактардың, бояулардың, қабық түзетін пластификаторлардың, қоспалардың химиялы құрылымы;

дайын мультипликациялы бояуларды бақылау тәсілі;

түстану негіздері, ауаның ылғалдығын анықтау тәсілі;

өлшеу құралдарын пайдалану ережелері.

Параграф 6. Түстаңдаушы, 6- разряд


209. Жұмыс сипаттамасы:

қоюшы-суретшімен бірге эталонды бояуларды фильмнің түріне іріктеу. Фильмді өңдеу уақытының барысында цех үшін бояудың және туштың барлық ассортиментінің уақытылы дайын болуын және сапасын бақылау;

шығатын материалдарды мультипликациялы бояулар дайындау үшін талдау жасау;

мультипликациялы бояудың құрамын толық жетілдіру жұмыстарына, оларды дайындау технологиясына, түстің гаммасын ұлғайтатын бояудың және грунттың жаңа типін дайындауға қатысу; оларды өндіріске қосу.

210. Білуге тиіс:

мультипликациялы бояуды өңдеу технологиясы;

мультипликациялық фильмді өндіру технологиясының негізі;

түстану, түрлі-түсті пленканы өңдеу режимі;

мультипликациялы бояуды дайындауда қолданылатын компоненттің физикалы және химиялы құрамы;

мультипликациялы сурет үшін негіздің құрамы.

211. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

19. Контурлаушы


Параграф 1. Контурлаушы, 2-разряд
212. Жұмыс сипаттамасы:

заттардың және кейіпкерлердің қарапайым формадан тұратын суреттерді контурлау жұмыстарын орындау;

көлеңкелерді немесе қарапайым кескіндегі орташа силуетті контурлау.

213. Білуге тиіс:

контурлау ережесі;

мультипликациялы фильмді өңдеу негіздері;

триацетатты негіздің және туштың белгіленуі және құрамы;

қауырсынды пайдалану техникасы.

214. Жұмыс үлгілері:

Контурлау.

1) қарапайым формадағы тамшылар, штрихтың топтары, үзік сызық;

2) сипаты бойынша күрделі емес контурдың орташа жоспардағы шағылысуы;

3) зоологиялы кейіпкерлер.

Параграф 2. Контурлаушы, 3-разряд


215. Жұмыс сипаттамасы:

орташа және жалпы пландағы орташа күрделі кейіпкерлерді және көп емес нысаннан тұратын орташа күрделі және көп емес байланыстан тұратын суреттерді контурлау жұмыстарын орындау;

күрделі кескінді коленке және силуэттерді контурлау;

қарапайым және орташа күрделі штрихты жұмысты контурлау.

216. Білуге тиіс:

мультипликациялы фильмді өңдеу технологиясы;

суретті және экспозициялы парақтарды оқу техникасы;

мультипликациялы фазды біріктіру тәсілдері;

штрихты жұмыстарды орындау тәсілі;

сызу бойынша қарапайым мәліметтер.

217. Жұмыс үлгілері:

1) орташа пландағы ұшып бара жатқан ұсақ құстардың тобы ( 5-6);

2) кадрдың ортасында шашылып жатқан судың көбігі немесе шашыраған кескіннің контуры;

3) адам, зоологиялы кейіпкер немесе суретте және жалпы пландағы көп емес мөлшердегі бөлшектермен шартты күрделі емес контур кескіні.

Параграф 3. Контурлаушы, 4-разряд
218. Жұмыс сипаттамасы:

контурлау жұмыстарын орындау: ұсақ нысандардан тұратын күрделі суреттерді немесе көп мөлшердегі біріктірулермен күрделі формалы кейіпкерлерді; күрделі және тез қозғалыста әртүрлі формадағы және жалпы пландағы күрделі ракурсты нысандар; кадрдың барлық аумағын толтыратын табиғат құбылысы;

күрделі штрихты жұмысты контурлау.

219. Білуге тиіс:

күрделі ойын көріністерін біріктіру техникасы;

контурлаудың ақауын түзету тәсілдері.

220. Жұмыс үлгілері:

Контурлау.

1) жалпы пландағы ұсақ масштабты 2-3 өзара қарым – қатынастағы адам немесе зоология кейіпкері;

2) өте көп мөлшердегі бөлшектермен орташадан ірі планға дейін 23 кейіпкерден тұратын сурет.

Параграф 4. Контурлаушы, 5-разряд
221. Жұмыс сипаттамасы:

контурлау бойынша жұмыстарды орындау: барлық кадрды толтырып тұратын әртүрлі конфигурацияның көп мөлшердегі бөлшекті нысаннан тұратын контурдың қатты сынған және ұштанған сызығымен өте күрделі сурет; кең экранды фильмдер үшін статистикалы көрініс және панорама; әртүрлі жуандықтағы көптүсті контур;

сызу құралын пайдалана жасалған суретті контурлау;

ығысқан кадрдағы крестерді контурлау;

көп қабатты сахнаны бір қабатқа парақтарға шахматты жазба жасай отырып біріктіру;

салынған контурды гравюра тектес контурлау.

222. Білуге тиіс:

ығысқан кадрда панораманың қозғалу және контурлауды орындау техникасы;

қозғалыстың биомеханикасы;

суретті салу техникасы;

сызудың негіздері;

шрифтілер, сызу құралының белгіленуі және құрылысы.

223. Жұмыс үлгілері:

Контурлау.

1) ірі пландағы өзара қарым-қатынастағы адамдар кейіпкерлерінің тобынан сурет;

2) жалпы пландағы көп мөлшердегі фигурадан тұратын зоология кейіпкерлерінің тобынан сурет.

20. Жел құрылғысында қызмет көрсетуші механик
Параграф 1. Жел құрылғысында қызмет көрсетуші механик, 5-разряд
224. Жұмыс сипаттамасы:

кино түсірілім немесе телебағдарлама түсірілімі кезінде кино немесе телеоператордың нұсқауымен желдің қажетті қарқының қамтамасыз ете отырып әртүрлі конструкциялы жел құрылғысында қызмет көрсету;

тасымалдауға дайындау және жел құрылғысын тасымалдау;

қауіпсіздік техникасын ескере отырып түсірілім аумағында жел құрылғысын орнату;

двигательмен жұмыс істеу кезінде ауа ақауларын анықтау және жою: бұранданы, шассиді, балауызды, магнетті ауыстыру.

225. Білуге тиіс:

кинотүсірілім және телебағдарлама жағдайында жел құрылғысын пайдалану ерекшеліктерін;

жел құрылғысында қолданылатын әртүрлі двигательдің құрылымы және жіберу ережесі;

жел құрылғысын тасымалдау ережесі;

қолданылатын жанар май мен майдың сорттары;

двигательді жіберу, тоқтату тәсілі және тәртібі;

жұмысты өңдеуге қажет токарлы, фрезерлі және темір ұсталығының мөлшері;

қолданылып жатқан жабдықты қоршау ережесі;

двигательді консервациялау ережесі және қысты күні жел құрылғысын қосу.

Параграф 2. Жел құрылғысында қызмет көрсетуші механик, 6-разряд
226. Жұмыс сипаттамасы:

жел құрылғысында пайдалану үшін двигательді (авиациялыны қоса) қайта жабдықтау;

жел құрылғысының двигателінің бөлшектерін ауыстыру;

жел құрылғысының барлық түріне жөңдеу жұмыстарын жасау.

227. Білуге тиіс:

кинотүсірілім және телебағдарлама техникасы;

әртүрлі двигательді жіберу ережесі;

әртүрлі конструкциялы қоршайтын жабдықтың құрылымы;

кинофильмдер мен телебағдарламаның режиссер желісі.

21. Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші механик


Параграф 1. Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші механик, 3-разряд
228. Жұмыс сипаттамасы:

кинотеледидарлы жабдықта жұмыс істейтін біліктілігі жоғары механиктің басшылығымен теледидарлы камераларды, студиялы теледидарлы жабдықта және оператор техникасына пайдалану жұмысын жүргізу;

камералардың орның ауыстыру және оларды штативқа немесе кранға орналастыру, кабельді қосу;

видеобақылаушы құрылғыларды және режиссердің қозғалмалы пультін орнату және қосу;

оператор техникасын, кабельдің орының ауыстыру, оперативті реттеуді орындау;

профилактикалы, жөңдеу және өлшеу жұмыстарына қатысу.

229. Білуге тиіс:

электротехника, радиотехника, теледидар жайлы қарапайым мәліметтерді;

кинотеледидарлы камералардың негізгі торабының құрылымы және белгіленуі;

камераларды және оператор техникасын пайдалану ережесі;

жұмыста қолданылатын өлшейтін құрылғылар мен құралдардың бекітілуі және оларды пайдалану ережесі;

кинопленканың түрлері.



Параграф 2. Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші механик, 4-разряд
230. Жұмыс сипаттамасы:

теледидарлы камераларды, студиялы теледидарлы жабдықта және оператор техникасына пайдалану техникасында қызмет көрсету;

жабдықты жұмысқа дайындау;

оператор техникасының барлық түріне камераларды орнату және оларды теңгеру;

қажетті оптиканың жиынтығын орнату, видеобақылайтын құрылғыны жөнге салу;

пленканы ақауларды анықтау үшін тексеру;

камераны пленкамен жабдықтау, оптиканы ауыстыруды түсірілім, баспа, дайындық кезінде жүзеге асырылуы;

камераны кассетадан, пленканың шаңынан тазарту, қарапайым ақауларды табу және оларды жою;

профилактикалы жұмыстар жасау.

231. Білуге тиіс:

электротехника, радиотехника, теледидар, кино түсіру техникасы, фильм жасау технологиясы;

кинооптиканың негіздерін, кинотеледидарлы камералардың электрлі тораптарын және негізгі механикасының құрылымын;

штатив, крандардың құрылымы және оларды пайдалану ережесі;

қолданылатын бақылау-өлшеу құрылғыларын және құралдарды қолдану ережесі.



Параграф 3. Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші

механик, 5-разряд
232. Жұмыс сипаттамасы:

лента созатын механизмдерінің тораптарын, оптика–механикалы тораптардың, жергілікті және қашықтықтан басқарылатын, кинотеледидарлы камералардың белгі беру тізбегін тексеру жұмыстарын орындау;

камераның оптикасын тазарту және фильм каналын тексеру;

теледидарлы камераның жұмысын бақылау және жұмыс барысында қажетті түзетулер;

жұмыс жасап жатқан жабдықтың ақауларын анықтау және оларды жою;

қозғалмалы оператор техникасында күрделі панорамаларды жасау;

кинотеледидарлы жабдыққа ұсақ жөңдеу жұмыстарын жасау;

жұмыс жасалып жатқан жабдықта өлшеу жұмыстарын жасау.

233. Білуге тиіс:

жұмыс жасалып жатқан жабдыққа техникалы сипаттама;

теледидарлы жабдықтың блок сызбасын;

теледидарлы белгінің қалыптасуы және пайда болуы мақсатын;

қолданылатын кинопленканың түрлерін;

қолданылатын өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;

кинопленканың техникалы параметрлері.

Параграф 4. Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші механик, 6-разряд
234. Жұмыс сипаттамасы:

кинотеледидарлы камералардың күрделі торабын жұмысқа дайындау, аппараттың жұмысқа дайын екенің анықтау;

жұмыс жасалып жатқан жабдықты дайындау және икемдеу;

бақылау құралдарының көмегімен бақылау түсірілімін жасау жолымен аппараттың кино түсіретін бөлігін тексеру: автокалиматорлар, индикаторлар және басқада;

бекітілген жабдықтағы бекітілген техникалы көрсеткіштерді бақылау және қолдау.

235. Білуге тиіс:

телехабарлау және фильм жасау технологиясының теориялы негіздері;

экспонометрия, жарық техникасы, оптика және анық механиканың негіздері;

фотохимиялы процес, электр – және радио өлшеуіштің негіздері;

өлшеуіш құралдардың белгіленуі және әрекет ету мақсаты;

кинопленканы өңдеу технологиялы процесі.

Видео камера, аппаратты студиялы блоктардың және монтажды техниканың жабдықтарын, тізімдегі санды монтажды жинақтың және тізімнен тыс жинақта жұмыс істеу барысында аналогты жабдықты кез-келген ақауды табу және жою– 7-разряд.

236. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Санды және аналогты монтажды жинақта жұмыс істеу барысында санды жабдықта, кинотеледидарды жабдықтың күрделі жөңдеу жұмысында, шығармашылық шешім қабылдау үшін әртүрлі жабдықты жинақтауда ақауларды жою – 8-разряд.

237. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

22. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик
Параграф 1. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик, 2-разряд
238. Жұмыс сипаттамасы:

түсіретін аппаратта жұмыс жасайтын біліктілігі жоғары механиктің басшылығымен түсіретін аппаратурада жұмыс жасауға дайындық жұмыстарын орындау;

қосымша оператор техникасының қолда барын тексеру: оператор арбасы, крандар, штативтар, түсірілетін аймақтағы рельстер;

түсіретін аппаратураны, аккумуляторларды, қуат беретін кабельді дайындау және техникаларды түсірілім орнына жеткізу;

рельстерді және басқада панорамалы жолдар түрлерін алғашқы төсеу;

қосалқы оператор техникасын тазарту, майлау және олардың техникалы жағдайын тексеру;

қуат беретін кабельді тарту.

239. Білуге тиіс:

электротехниканың негізі;

түсірілім аппараттарын және оператор құрылғыларының түрлері және белгіленуі;

қосалқы оператор техникасының және оператор көлік құралдарының түрлері;

түсіретін аппаратураны тасымалдау ережесі.



Параграф 2. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик, 3-разряд
240. Жұмыс сипаттамасы:

түсірілім аппаратурасында жұмыс жасау үшін дайындық жұмыстарын орындау;

түсірілім аппаратурасында қызмет көрсететін біліктілігі жоғары механиктің басшылығымен ілеспелі және табиғи түсірілімдер үшін түсіретін қол аппаратурасында түсірілім алаңында жұмыс жасау;

қоймада қосалқы оператор техникасын қабылдау;

оператор крандарының тежеуіш жүйесіне сыртқы тексеру жасау және олардың техникалы жағдайында тексеру;

контрбаланс жәшігіне жүкті тиеу;

рельстерді және панорамалы жолдарды разряд бойынша тексеру және оларды түсірілімге дайындау: графитті, талькті жағу;

таған қалпақшасының барлық түрін, түрлі тіреуіштерге орнату;

кернеуді және кабельді қуат беру көзіне қосылғаның тексеру.

241. Білуге тиіс:

түсірілім аппаратурасы, оператор краны және оператор жабдығының негізгі бөлшектерінің қолданылу қағидалары;

түсірілім аппаратурасы мен крандарды пайдалану ережесі;

кабельді қуат беру көзіне қосу ережесі.

Параграф 3. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик, 4-разряд
242. Жұмыс сипаттамасы:

түсірілім қол аппаратурасын ілеспелі және табиғи түсірілімдер үшін түсірілім алаңында жұмыс істеу;

түсірілім аппаратурасын, оған қажет құралдарды және опткаларды қабылдау, қоймада олардың техникалы жағдайын тексеріп алу;

түсірілім алаңында аппаратураны монтаждау;

блоктау құрылғыларын және аппаратураны бақылау құралдарын бағдарының және жұмысының дұрыстығын тексеру;

кинопленка мен видеолентаның жағдайын тексеру;

оператор крандарын аппарат және адамдармен теңгеру және оларда жұмыс жасау;

оператор механизмдерін түсірілім кезінде басқару;

қосалқы жабдықтың профилактикасы;

түсіру аппаратурасын тазарту және майлау.

243. Білуге тиіс:

жұмыс жасап жатқан түсірілім аппаратурасының құрылымы;

түсірілім техникасының негіздері;

кино өңдеу технологиясының негіздері;

кинооптика, видео баспаның негіздері;

түсірілім барысында пайда болатын түсірілім техникасының қарапайым ақауларының пайда болу себептері және оларды жою.



Параграф 4. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик, 5-разряд
244. Жұмыс сипаттамасы:

түсірілім алаңында әртүрлі түсірілім аппаратурасын олардың әртүрлі оператор құралдарымен жұмыс жасау;

оптиканы панорамалау кезінде қайтадан фокустау;

фокустау ара қашықтығын ауыстырып тұратын объективпен жұмыс жасау;

рирөндіріс және экрандағы («қателестіретін маска») түсірілімде қызмет көрсету;

кинопленка, видеолента және екі пленкалы аппаратты, стерео камераларды толықтыру;

бақылау құралдарының көмегімен камераның жұмысын тексеру;

оператор техникасы мен құралдарына профилактикалы күтім;

түсірілім алаңында түсірілім аппаратурасы мен оператор құрылғысының ұсақ ақауларын қол құралдарын пайдалана жою.

245. Білуге тиіс:

жұмыс жасалып жатқан түсірілім аппаратурасының құрылымын;

жұмыс қағидаларын және пайдалану ережелерін;

бөлшектер мен тораптарды байланыстыратын электромонтажды сызбаны;

видеолента мен кинопленканың түрлері мен құрылымдары;

түсірілім объективтері мен трансфокатордың негізгі сипаттамасы;

тұрақты және айнымалы тоқтың құрылысы;

негізгі түрлері және сипаттамасы.

Параграф 5. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик, 6-разряд
246. Жұмыс сипаттамасы:

түсірілім алаңында теледидарлы нысаналау және қашықтықтан басқару жүйесіне жұмыс жасау;

қосалқы техниканың барлық түрінде жұмыс жасау;

түсірілім аппаратурасын түсірілім және бақылау құралдырының көмегімен тексеру: автокалиматорлар, тахометрлар, стробоскоптар, вольтметрлар, амперметрлар және басқаларын;

түсірілім аппаратурасы мен оператор жабдықтарын қол құралдарын қолданып жөңдеу жұмыстарын жасау.

247. Білуге тиіс:

электромеханиканы және механиканы;

видео және кинотүсірілім техникасы;

түсірілім аппаратурасы және оператор құралдарының конструкциясы;

экспонометрия негіздері;

фото ерітіндінің құрамы;

кинопленканы өңдеу ережесі;

түсірілім аппаратында кинопленкаға келтірілген ақаулардың пайда болу себептері және олардың алдын алу жолдары.

23. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик


Параграф 1. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 3-разряд
248. Жұмыс сипаттамасы:

аппараттық студиялық блоктың жабдықтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша қарапайым жұмыстарды орындау;

аппараттық студиялық блоктың бекітілген жабдықтарын жұмысқа дайындау және оның жұмысына бақылау жасау;

камераларды, видеобақылау құрылғыларын және басқада жабдықтарды орнату және орның ауыстыру;

қосалқы техникалы жабдықты қосу: видеобақылау құрылғылары, оператор крандары, штатив және басқада жабдықтар;

қосылыстарды тексеру;

теледидарлы камера мен каналдарды жөнге келтіруге қатысу;

қарапайым электрлі және механикалық ретке келтірулерді жүзеге асыру;

блоктар мен бөлек радиокомпоненттерді ауыстыру;

қарапайым профилактикалы және жөңдеу жұмыстарын орындау;

электр өлшемдерін жасау жұмысына қатысу;

оптиканың қажет жиынтығын орнату;

бағдарламаны түсіруді бастауға дейін кабельді орап төсеп қою;

дайындық және бағдарлама кезінде кабельді жеткізу.

249. Білуге тиіс:

электр және радиотехника, телевидение жөнінде жалпы мағлұматтарды білу;

белгінің өту блок сызбасын;

торап және теледидарлы камераны реттеу органдарын белгілеу және оларды пайдалану ережесі;

штатив, оператор крандарын және теледидарлы камераның механикалы тораптарының құрылымын;

қолданыстағы бақылау-өлшеу құрылғылары мен құралдарының белгіленуі;

қолданылу қағидасы және ережесі;

теледидарлы жабдықты жөнге келтіру үшін сынақ кестесін белгілеу.

Параграф 2. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 4-разряд
250. Жұмыс сипаттамасы:

аппараттық–студиялық блоктың жабдықтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша орташа күрделі жұмыстарды орындау;

аппараттық-студиялық блоктың жабдықтарының бекітілген жұмыс режимін қамтамасыз ету және оның жұмысына бақылау жасау;

бекітілген жабдықтың орташа күрделі электрлі және механикалы реттеулерін жүзеге асыру;

блок және бөлек радиокомпоненттерді ауыстыру;

орташа күрделі профилактикалы және жөңдеу жұмыстарын орындау;

электр өлшемдерін жүргізу;

студияға жарық беру режимін бақылауға қатысу.

251. Білуге тиіс:

электротехника, радиотехника және теледидардың негізін;

дыбыс және видео белгілердің өту блок сызбасы;

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтағы блоктардың белгіленуі;

көршілес алаңдағы жабдықтың белгіленуі және қолданыс мақсаты.

Параграф 3. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 5-разряд


252. Жұмыс сипаттамасы:

аппаратты – студиялы блоктың жабдығтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша күрделі жұмыстарды орындау;

жабдықты қосу;

жабдықтарды күрделі электрлі және механикалы реттеу және оны бөлшектеп, жинап оған жөңдеу жұмыстарын жасауды қамтамасыз ету;

күрделі профилактикалы жұмысты орындау;

теледидар жабдықтарына сапалы параметрлерін өлшеуді жүргізуге қатысу;

дабыл қағу тізбегіндегі және жүйедегі ақауларды табу және оларды жою;

теледидарлы жабдықты автоматтау, жөнге келтіру және модернизациялау іс-шараларына қатысу;

техникалы құжатнама жасау.

253. Білуге тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың техникалы сипаттамасын;

теледидар жабдығының барлық жинағына дыбыстық және видео дабылдардың өту блок сызбасын;

қызмет байланысының коммутациялы сызбасы;

теледидарлы және дыбысты жабдықтың монтажды сызбасы;

жабдықты жөнге келтіру кезінде сынақ кестесін пайдалану ережесі.

Параграф 4. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 6-разряд
254. Жұмыс сипаттамасы:

аппаратты – студиялы блоктың жабдықтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша өте күрделі жұмыстарды орындау;

теледидар жабдығын дайындық, жөнге келтіру және барлық параметрлерін өлшеу жұмыстарымен айналысу;

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау, жою және онда бекітілген техникалы көрсеткіштерді қолдау, модернизациялау, автоматизациялау және жаңа теледидарлы жабдықты меңгеру жұмыстарына қатысу.

255. Білуге тиіс:

теледидар жабығының құрылымы және қолданыс мақсаты;

электр және радиоөлшемдерін;

магнитті баспаның негіздері;

теледидар жабдығының қағидалы және монтажды сызбасы;

теледидар жабдығының жұмыс параметрлерін өлшеу кезінде өлшеу аппараттарымен пайдалану ережесі;

белгіленуі және құрылғысы.

256. Орта кәсіптік білім талап етіледі.



Параграф 5. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 7-разряд
257. Жұмыс сипаттамасы:

теледидар жабдығының барлық түріне кешенді техникалық пайдалану қызмет көрсету;

теледидар жолдарының, камералы каналдардың электронды жүйесі мен құрылғысына қызмет көрсету жұмыстарын орындау;

теледидар жабдығының барлық жұмыс параметрлерінің сақталуын қамтамасыз ету;

бөлек тораптар мен электронды жүйенің жұмысын тексеру және диагностикалау;

ақпаратты қамтамасыз ету жүйелеріндегі ақауларды табу және ауытқушылықты жою;

теледидар жабдығына профилактикалы және жөңдеу жұмыстарын орындау: видео түсірілім, монтажды пульттар, мониторлар және басқа жабдықтар;

теледидар жабдығының оңтайлы жұмыс режимін орнатуға, монтаждауға және теледидар техникасының жаңа түрлерін меңгеру жұмыстарына қатысу.

258. Білуге тиіс:

теледидардың теоретикалы негіздері;

теледидар жабдығының құрылымы және қолданыс мақсаты;

электр және радиоөлшемдерін;

магнитті баспа негіздері;

теледидар жабдықтарының құрылымының функционалды;

қағидалы және монтажды сызбасы;

теледидар жолдарының және камера каналдарының параметрлерін өлшеу тәсілі;

бөлек тораптардың және электронды сызбаларға жөңдеу жұмыстарын жасау тәсілдері;

теледидар жабдығының ақауларын жөңдеу және диагностикалау жұмыстарын орындау тәсілдері;

теледидар жабдығының оңтайлы жұмыс режимін есептеу тәсілінің негізі;

студиялы теледидарлы түсірілім мен трансляцияларды жүргізу технологиясы.

259. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Параграф 6. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 8-разряд
260. Жұмыс сипаттамасы:

бөлшектеуге, модернизация және электронды жүйені, бағдарламалы және видеобасқару, электроавтоматика құрылғыларын пайдаланып жаңа теледидар жабдығын меңгеруге қатысу;

теледидар жабдығын бағдарламалы басқару, электронды жүйе, теледидар жолдарын және камера каналдары құрылғыларын пайдалана отырып теледидар жабдығының барлық түріне қызмет көрсету кешенді жөңдеу және жөңдеу жұмыстарын жасау;

теледидар жабдығының, басқару жүйесінің блоктарының әрекеттесуін тексеру және диагностикадан өткізу: олардың жұмысындағы ақауларын және кемшіліктерін табу және жою;

теледидар жабдығының жиынтығының жұмысын бақылау және барлық технологиялы параметрлерін сақталуын қамтамасыз ету;

теледидар жабдығының, электронды және видеожүйенің жұмысындағы тоқтап қалуларын және ақауларын жүйелеу және талдау;

теледидар жабдығының барлық түрін, электронды жүйе, теледидар жолдарының және камера каналдарының құрылғыларын кешенді реттеу;

техникалы құралдарды пайдалану, дайындау және жөңдеу бойынша техникалы құжатнама ұстау.

261. Білуге тиіс:

теледидардың теоретикалы негіздері, теледидар жабдығының құрылымы және қолданылу қағидалары;

теледидар жабдығының конструктивті ерекшеліктері және негізгі техникалы сипаттары;

электр және радиоиөлшеуіштің, магнитті баспаның негіздері;

радиохабарлау, радиобайланыс жолына кіретін теледидар аппараттары, жабдықтарының қағидалы және монтажды сызбасы;

электронды құрылғылардың, басқару жүйесінің және жергілікті желідегі мәліметтерді жіберу жүйесінің конструктивті;

электрлі және басқада ерекшеліктері;

өлшеу аппаратурасының белгіленуі;

құрылымы және теледидар жабдығының жұмыс параметрлеріне өлшеу жүргізуде онымен пайдалану ережелері;

электрлі және қағидалы сызбаны оқу ережесі;

электронды жабдықтың;

басқару жүйесінің және мәліметтерді жіберу аппаратурасын қайтадан жөңдеу әдісі, тәсілдері;

теледидар жабдығының оңтайлы жұмыс режимінің тәсілін есептеу, теледидар жабдығының, аппаратының, байланыс құралдарына жөңдеу жұмыстарын жасау;

қызмет көрсету технологиялы процесі;

теледидар жабдығының ақауларын жөңдеу және диагностикалау жұмыстарын орындау тәсілі;

теледидар өндірісінің жұмысын жасау технологиясы.

262. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

24. Кинотехнологиялық жабдықты жөңдеу және қызмет көрсетуші механик


Параграф 1. Кинотехнологиялық жабдықты жөңдеу және қызмет көрсетуші механик, 4-разряд
263. Жұмыс сипаттамасы:

кинотехнологиялық жабдықты жөңдеу және қызмет көрсету бойынша біліктілігі жоғары механиктің басшылығымен кинотехнологиялық жабдыққа монтаж және демонтаж, жөңдеу жұмыстарын жасау және қызмет көрсету;

технологиялы құбырларға, желдеткіш, фильтр және бактарға қызмет көрсету және жөңдеу жұмыстарын жасау;

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың техникалы жағдайын тексеру, регламент бойынша параметрлерді күнделікті өлшеу;

технологиялы карталарға сәйкес профилактикалы регламент жұмыстарын орындау.

264. Білуге тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдыққа техникалы сипаттама жасау және белгіленуі;

құралдар мен құрылғыларды пайдалану ережесі;

поливинилхлоридты материалдарды механикалы өңдеу ерекшеліктері;

орындалып жатқан жұмыстың мөлшеріндегі темір ұсталы жұмыстар.



Параграф 2. Кинотехнологиялы жабдықты жөңдеу және қызмет көрсетуші механик, 5-разряд
265. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі кинотехнологиялық жабдыққа қызмет көрсету және жөңдеу жұмыстарын жасау;

кино көшіретін аппараттың және айқындау процессорының лента созғыш жолдарының бөлшектерін монтаждау, демонтаждау, бөлшектеу, дайындау және жөңдеу;

кино көшіретін аппаратты лайықты регламент бойынша қызмет көрсету: ерітіндіні шайқау, дозаторды реттеу, ерітіндіге қажет температураны орнату, көшірме аппаратының түрлі-түсті клапандарының жұмысын және жарық түсіру деңгейін тексеру;

лента созғыш жолдардың бөлшектерін тегістеу және тықсыру.

266. Білуге тиіс:

кинопленканы өңдеу технологиясы;

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың температуралы және жылдамдық сипаттамасы;

кинопленканы көшіру және өңдеу барысында пайда болатын;

ақаудың негізгі пайда болу себептері және олардың алдын-алу жолдары;

қолданыстағы өлшеу құралдарын пайдалану ережесі мен берілген параметрлерді өлшеу тәсілі;

орындалып жатқан жұмыстың мөлшеріндегі темір ұсталы жұмыстар.



Параграф 3. Кинотехнологиялы жабдықты жөңдеу және қызмет көрсетуші механик, 6-разряд
267. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі кинотехнологиялық жабдықты, кино көшіретін аппараттың фонограммалы блогының оптикалы жүйесін, ерітіндіні шайқау және айналым жүйесін, әртүрлі жүйелі насостың, әртүрлі қуатты электродвигательді компрессор мен желдеткіштерге қызмет көрсету және жөңдеу жұмыстарын орындау;

поливинилхлоридтты өнімдерді дәнекерлеу, винипластты құбырды төсеу және монтаждау;

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың бөлшектері мен тораптарын дайындау және жаңарту жұмыстарын жасау;

қайта жаңартатын машинаны және кинопленканы ультрадыбыспен тазартатын машинаны, кинопленкаларды жапсыратын жапсырма жартылай аппаратқа қызмет көрсету және жөңдеу жұмыстарын жасау.

268. Білуге тиіс:

қолданылып жатқан кинопленканың түрі;

оларды пайдалану және өңдеу ерекшеліктері;

әртүрлі жүйелі насостардың,

әртүрлі қуатты вентиляторлардың,

компрессорлардың құрылысы, орындалатын жұмыстың өндірісіндегі технологиялы карталар;

үш фазалы электродвигательдерді қосу ережесі;

оларды фазалау және жерлендіру,

кинопленканың механикалы ақауларының себебін табу әдістемесі және оларды жою тәсілдері;

орындалып жатқан жұмыстың мөлшеріндегі темір ұсталы жұмыстар.

Параграф 4. Кинотехнологиялы жабдықты жөңдеу және қызмет көрсетуші механик, 7-разряд
269. Жұмыс сипаттамасы:

фильм материалдарын басу және өңдеуге арналған күрделі кинотехнологиялық жабдықты монтаждау, қызмет көрсету және жөңдеу жұмыстарын жасау: аддитивті баспалы кино көшіретін аппаратты, айқындайтын процессор;

отандық және шетелдік өндірісті өте тура электронды бақылау-өлшеу құралдарына техникалы қызмет көрсету және жөңдеу жұмыстарын орындау: сенситометрлер, денситометрлер, экспрессфотометрлер, спектрофотометрлер, магнитті араластырғыштар, PH-метрлер және ионометрлер, фотоэлектрокалориметрлер, кептіретін шкафтар, басқада зертханалы жабдықтар;

кинопленканы өңдейтін әлдеқайда күрделі процестерге техникалық қызмет көрсету;

жұмысты бақылау: термореттегіш электронды жүйе, мөлшерлейтін құрылғы, жіберетін және ауаны желдету құрылғысы, жуатын суды арнайы тазарту;

технологиялы ерітіндіден күмісті екінші рет алуға арналған отандық және шетелдік өндірістегі жабдыққа техникалы қызмет көрсету және жөңдеу жұмыстарын жасау;

электр қуат бергішін, кернеуді түрлендіруші және тиристорлы реттеуіштерге профилактикалы қызмет көрсету және жөңдеу жұмыстарын жасау.

270. Білуге тиіс:

зертханалы бақылау-өлшеу жабдығының құрылысы және қолданылу қағидасы;

термореттегіш құралдардың параметрлері мен құрылысы;

қызмет көрсетілу лента созатын құралдардың;

оптикалы жүйесінің және термореттеу жүйесінің әдістемесі;

қалыпты тоқты электродвигательдің жұмыс мақсаты және құрылысы;

оларды қосу және айналымын реттеу.

271. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Параграф 5. Кинотехнологиялы жабдықты жөңдеу және қызмет көрсетуші механик, 8-разряд
272. Жұмыс сипаттамасы:

фильм материалдарын басатын және өңдеуге арналған, өте күрделі кинотехнологиялы жабдықты монтаждауға, техникалы қызмет көрсетуге және жөңдеу жұмыстарын орындауға: аддитивті иммерсионды басатын кинокөшіретін аппаратты, фонограммаларды басуға арналған жабдықталған құрылғы, химиялы және температуралы бақылау жүйесімен, рэк-лифтпен, технологиялы процессті бағдарламалау жүйесімен жабдықталған айқындайтын процессор;

кинокөшіретін аппараттардың, шетелде өндірілген ақпаратты электронды түрде жинау және басқару жүйесімен жабдықталған түс талдауыштың оптикалы жүйесін түзету, микропроцессордың негізінде орындалған бөлек блоктар мен тораптарына жөңдеу жұмыстарын жасау;

айқындайтын процессорлардың мәлімет жіберу жүйесіне жөңдеу жұмыстарын жасау және техникалы қызмет көрсету;

вариаторлар мен редукторлардың шапшаң режимдерін түзету және жөңдеу;

орындайтын механизм мен құрылғыларға жөңдеу жұмыстарын жасау және техникалы қызмет көрсету;

өте дәл желімдейтін жартылай автоматтандырылған және негативті монтаждауға арналған шетелде өндірілген автоматтарға жөңдеу жұмыстарын жасау және техникалы қызмет көрсету;

жылдамдықты реттейтін басты жүйенің, автоматика және дабылқағу электронды – механикалы қызмет көрсету және жөңдеу жұмыстарын жасау;

кинокөшіретін аппараттардағы, түс талдайтын, айқындайтын процессорлардың лента созғыш құралдардағы фильм материалдарына келтірілген механикалы ақаулардың себебін табу және оны жою;

фильм материалдарының эмульсиялы қабатын және негізін жаңарту жұмыстарын жасауға арналған шетелде өндірілген жабдықтың және машинаға жөңдеу жұмыстарын жасау және қызмет көрсету: фильм материалдарын ультрадыбысты тазарту жүйесі, жылтыр негіз жүйесі;

ауаны кондиционерлеу мен жуатын суды арнайы тазарту параметрлерінің жіберу және бақылау құрылғыларына қызмет көрсету және жөңдеу жұмыстарын жасау;

кешенді профилактикалы жөңдеу жұмыстарынан кейін реттеу жұмыстарын жасау, кинотехнологиялы жабдықты жұмыстың бар режимімен сынау.

273. Білуге тиіс:

кинопленканы өңдеу процесі;

бақылау–өлшеу аппаратурасында жұмыс жасау ережесі;

цехтың кинотехнология жабдығының қолдану мақсаты және құрылысы;

технологиялы ерітіндінің негізгі физикалық-химиялық құрамы;

электротехника мен механиканың негізгі заңдылықтары.

274. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

25. Негативті монтаждаушы


Параграф 1. Негативті монтаждаушы, 1-разряд
275. Жұмыс сипаттамасы:

контратиптерді, аралық позитивтерді, фонограмма негативі;

сайнекстарды, бекітілген роликтарды басуға арналған пленканы дайындау және оларды желімдеу;

суреттің негативіне, фонограмманың негативіне, аралық позитивтерге, контративтерге қорғайтын ракордтарды жапсыру.

276. Білуге тиіс:

пленкамен жұмыс жасау ережесі;

пленканы желімдеп жапсыру ережесі;

монтаждау жабдығын пайдалану ережесі;

монтажды стол, синхронизатор, желімдейтін жартылай автомат.

Параграф 2. Негативті монтаждаушы, 2-разряд
277. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі жоғары негативті монтаждаушының басшылығымен бейнені және жарнама роликтарын монтаждау;

негативті бейнені, негативті фонограмманы, аралық позитивті және контративті басылымға дайындау;

негатив материалын сұрыптау және заттаңбасындағы белгімен тиісті журналға тіркеу.

278. Білуге тиіс:

негатив материалымен жұмыс жасау ережесі;

пленканы өңдеу технологиясының негізі;

негативті материалды монтаждау техникасы.



Параграф 3. Негативті монтаждаушы, 3-разряд
279. Жұмыс сипаттамасы:

бейне негативін және жарнама ролигін монтаждау және қайта монтаждау;

монтаждауға дубльдің негативін таңдау және оларды жүйелендіру;

бір пленкаға басу үшін фонограмманы қайта басуға дайындау;

бейненің негативін қайта жасауға дайындау;

бейненің негативін, фонограмманың негативін және контратиптерді стандартты ракорттармен безендіру;

алғашқы материалдарды іске қосу;

қызмет көрсетуі екі толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

280. Білуге тиіс:

негативті материалдарды монтаждау техникасы;

түсіру процесінің технологиясын;

монтаждау барысында пайдаланылатын нормативтік-техникалық құжатнама.



Параграф 4. Негативті монтаждаушы, 4-разряд
281. Жұмыс сипаттамасы:

аралық позитивті, дубляждалып жатқан фильмнің контратипін монтаждау және қайта монтаждау;

аралық позитивті басу үшін монтаждау және аралас кадрларды түсіру үшін аралық позитивті монтаждау және таңдау;

субтитрларды басу үшін алғашқы фильм материалдарының таңдап алу;

алғашқы материалдарды бұқаралы басуға жіберу үшін дайындау;

алғашқы фильм материалдарын ракордпен безендіру;

қызмет көрсетуі үш толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

282. Білуге тиіс:

пленканың сорты мен түрі;

фильмді дубляждау технологиясының негізі.



Параграф 5. Негативті монтаждаушы, 5-разряд
283. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым және кең экранды кинофильмдердің қара-ақ және түрлі-түсті негативін, 16-миллиметрлі айнымалы пленкада жұмыс позитивінде түсірілген суретті монтаждау;

нұсқаушы роликті монтаждау;

қызмет көрсетуі төрт толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

284. Білуге тиіс:

пленканы өңдеудің негізгі технологиясы,

фильмді өңдеудің негізгі технологиясы.

Параграф 6. Негативті монтаждаушы, 6-разряд
285. Жұмыс сипаттамасы:

кең форматты, стереоскопты кинофильмді, бейнені, 16 миллиметрлі негатив пленкасында жұмыс позитивінде түсірілген және видеомагнитті баспа үшін 16 миллиметрлі айнымалы пленкада түсірілген суреттерді қара-ақ және түрлі түсті негативті монтаждау;

қызмет көрсетуі бес толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

286. Білуге тиіс:

кең форматты, стереоскопты кинофильмді және бейнені;

16 миллиметрлі негатив және айнымалы пленкасын монтаждау техникасы;

кең форматты 35 миллиметрлі жұмыс позитиві бойынша әртүрлі жылдамдықтағы ілеспелерді пайдаланып фильмдер негативін;

35 миллиметрлі жұмыс позитиві бойынша пленканың бөлек қозғалу столын пайдаланып жұмыс позитиві бойынша негативті монтаждау кезінде – 7-разряд.

35 миллиметрлі және 70 миллиметрлі аралық позитив және контративті монтаждауда – 8-разряд.

7 және 8-разрядты негативті монтаждаушыға орта кәсіптік білім талап етіледі.



26. Позитивті монтаждаушы
Параграф 1. Позитивті монтаждаушы, 1-разряд
287. Жұмыс сипаттамасы:

позитивті монтаждауға дайындық жұмыстарын жасау;

бейненің позитивін және магнитті фонограмманы сценалау нөмірі бойынша монтаждау;

дубльді таңдау үшін жұмыс материалын және тондау жұмысына дөңгелекті жапсыру;

сөйлеу, шулау және музыкалы дыбыстау кезегіне қызмет көрсету: құжатнама жүргізу, пленкаларды жапсыру, пленка салынған жәшіктерді тексеретін және тондайтын залға жеткізу.

288. Білуге тиіс:

пленкамен жұмыс істеу ережесін;

пленканы жапсыру техникасын;

монтаждау, дыбыс монтаждау үстелінде, синхронизаторларда, желімдейтін престе, шифрды ашатын аппаратта жұмыс істеу ережесі;

стандартты ракордты белгілеу;

құралды магниттеу ережесі.

Параграф 2. Позитивті монтаждаушы, 2-разряд
289. Жұмыс сипаттамасы:

позитивті монтаждау үшін дубльдерді іріктеу;

бейненің позитивін және сақпан бойынша магнитті фонограмманы синхронизациялау;

жұмыс материалдарын сахна нөмірлерімен таңбалау;

негативті монтаждау үшін паспорт жасау;

дубль мен үзінділерді жүйелеу және талдау;

қызмет көрсетуі екі толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

290. Білуге тиіс:

фильмі монтаждау техникасы;

режиссер сценариі, монтажды карточкалармен жұмыс істеу тәртібі:

монтаждау барысында жұмыс материалдарын жүргізу тәртібі;

киноматериалды редактор қарауына, тракт дайындығына, видеомагнитті баспаға, эфирге дайындау тәсілі;

құжатнаманы рәсімдеу ережесі.

Параграф 3. Позитивті монтаждаушы, 3-разряд
291. Жұмыс сипаттамасы:

синхронды сюжеттерді, бағдарламаларды, нобайларды монтаждау;

жұмыс материалдарын тондауға (сөйлеу, шулау және музыкалы дыбысталуға) дайындау;

алғашқы қыстырма фонограммаларын және синфронды шуды дыбысмонтаждау үстелінде жұмыс бейнесінің негізінде синхрондау;

материалдарды қалпына келтіруге жіберу;

бөліктерді метрлеу, монтажды парақтарды дайындау;

қызмет көрсетуі үш толықметражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

292. Білуге тиіс:

киноөндіріс технологиясының негізі;

параллельді монтаждау техникасы, нобай, сюжет және бағдарламаларды монтаждау техникасы;

ілеспелі кинотүсіру техникасы;

дыбыс монтаждау жабдығының барлық жинағын пайдалану ережесі;

монтаждау барысында пайдаланылатын нормативтік-техникалық құжатнама негізін.

Параграф 4. Позитивті монтаждаушы, 4-разряд
293. Жұмыс сипаттамасы:

хроникалық-деректі телефильмдерді және фондтты көріністерді сөйлеу және шудың дыбысталуын монтаждау;

жұмыс бейнесіндегі сөйлеу дыбысталуын синхрондау;

қайта баспаның түпнұсқасын стандартты ракордтармен безендіру;

фильмді дубляждау барысында қажетті жұмыстарды орындау;

күрделі түсірілімдер үшін киноматериалдарды дайындау;

материалдарды дыбыстауға дайындау;

қызмет көрсетуі төрт толықметражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

294. Білуге тиіс:

дыбысты басу және дыбыстау технологиясы;

хроникалық-деректі телефильмдерді және фондтты көріністерді монтаждау технологиясы;

күрделі түсірілімдер мен фильмдерді дубляждау техникасын;

дыбыс монтаждау аппаратының қағидалы құрылысы;

пленканы өңдеу техникасы.



Параграф 5. Позитивті монтаждаушы, 5-разряд
295. Жұмыс сипаттамасы:

шумды, музыкалы фонограммаларды қарапайым және фтереофонды фильмдар мен телебағдарламаларды, жарнама ролигін толықметражды фильмдерге біліктілігі жоғары кинорежиссердың басшылығымен монтаждау;

актер сынамасын монтаждау;

фильмотека мен фонотекаға тапсыру үшін материалдарды іріктеп алу;

қызмет көрсетуі алты-жеті толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

296. Білуге тиіс:

фильмды монтаждау барысында пайдаланылатын технологиялы жабдықтың құрылысы және әрекет ету қағидасы;

түсірілімнің көпкамералы тәсілін.



Параграф 5. Позитивті монтаждаушы, 6-разряд
297. Жұмыс сипаттамасы:

қысқаметражды фильмдерді және толықметражды фильмдердің бөлек эпизодтарын режиссер немесе монтажердың басшылығымен монтаждау;

дубляждалған фильмдерді қайта монтаждау жұмыстарын жасау;

қызмет көрсетуі алты-жеті толықметражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

298. Білуге тиіс:

кең форматты, стереоскопты, толық экранды және басқада фильмдерді монтаждау технологиясы.

Қысқаметражды және толықметражды фильмдерді монтаждауда, дубляждалған шетелдік фильмдерді шетелдік кино өндірістің фонограммасын, дыбыстың дайын басылымын сақтай отырып қайта монтаждау – 7-разряд.

299. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

27. Видео түсірілім операторы
Параграф 1. Видео түсірілім операторы, 3-разряд
300. Жұмыс сипаттамасы:

жылдам реттеу органдарының көмегімен видеомагнитофон жұмысын басқару;

лентаны жапсыру;

ракордтарды жапсыру;

видеомагнитофонның қажетті режимін орнату;

дайын түсірілімдерді көру үшін қою.

301. Білуге тиіс:

электротехника, радиотехника жайлы негізгі мәліметтерді білу;

магнитті баспаның мақсаты;

видеомагнитофондағы және пульттағы басқару;

реттеу тұтқасын белгілеу;

видео және дыбыс белгілерінің аппаратта өту қаңқалы сызбасы;

қолданыстағы аппаратурада қызмет көрсету ережесі;

магнитті пленканы сақтау ережесі;

видео түсірілімдерді безендіру тәртібі.

Параграф 2. Видео түсірілім операторы, 4-разряд
302. Жұмыс сипаттамасы:

видеомагнитофонның жұмысын сыртқы белгінің нұсқаларын түсіру барысында және фонограмманы дыбыстау кезінде жылдам реттейтін органдардың көмегімен, сонымен қоса уақытша мекенжай кодын түсіру, тираждау, көру кезінде басқару;

лента созғыш механизмді тазарту, сүрту және магниттеу;

магнитофонды күнделікті қалыпқа келтіру инструкциясына сәйкес жөнге салу;

видеомагнитофонды өлшейтін лентамен (тестпен) тексеру;

электр дабылдарын түсірілім және дыбыстау кезінде бекітілген аппарат құралдарымен параметрлерін тексеру;

видеомагнитофонға профилактика жұмыстарын жасау және параметрлерін өлшеуді біліктілігі жоғары видеотүсірілім операторының басшылығымен орындау;

техникалы жұмыс құжатнамасын жүргізу.

303. Білуге тиіс:

электротехника, радиотехника жайлы негізгі мәліметтерді білу, теледидар, теледидарлы және дабыл белгілердің магнитті түсірілім негізгі мәліметтерді;

видео түсірілім аппаратурасының функционалды құрылым қағидасы;

видеомагнитофонның негізгі жүйесі мен тораптарының құрылымы;

шапшаң реттеудің негізгі элементтерін белгілеу және видеомагнитофонның және оның блогының басқару панелі арқылы жөнге келтіру;

қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі;

жұмыс мақсаты және қолдану ережесі;

магнитті лентамен жұмыс жасау ережесі;

теледидардың техникалы құралын пайдалану ережесі;

техникалы құжатнаманы жүргізу.



Параграф 3. Видео түсірілім операторы, 5-разряд
304. Жұмыс сипаттамасы:

кіретін дабылдарды реттеу және оларды эфирде дыбысталуының алдында тиісті аппаратқа тапсыру;

белгілердің сапалы көрсеткіштерін видеомагнитофонның барлық жұмыс режимін шапшаң реттеудің көмегімен қолдау;

видеомагнитофон аппаратының техникалы құралдар жинағын жұмысқа дайындау: видеомагнитофон, коммутация және монтаж пульті, бақылау және өлшеу құрылғысы;

дабыл нұсқасын қажетті коммутациямен қамтамасыз ету;

кіретін дабылдарды негіздерден белгіленген регламентке сәйкес түсірілім алдында қабылдау және салыстыру;

видеомагнитофонның параметрлерін өлшеу және профилактикалы, жөңдеу жұмыстарын жасау.

305. Білуге тиіс:

магнитті баспаның, теледидардың, электр және радио өлшемнің негізін;

видеофонограммаға мемлекетт стандарттар;

видеомагнитофонның функционалды құрылым қағидасы;

оның негізгі жүйесін және электронды блогын белгілеу;

техника құралдарын коммутациялаудың жалпы сызбасын және видео –және дыбыс дабылдарын аппаратқа өтуін;

видеомагнитофонның негізгі өлшеу параметрлерінің;

аппаратқа кірерде және шығардағы дабыл әдістемесі.

Параграф 4. Видео түсірілім операторы, 6-разряд
306. Жұмыс сипаттамасы:

монтажды парақ бойынша видеофонограмманы электронды монтаждау және монтажды импульстың дабылын пайдаланып монтажды үстелде видеофонограмманы механикалық монтаждауды орындау;

видеомагнитофон аппаратының техникалы құралдар жинағын жөнге салу және реттеу;

аппараттың бар жұмыс режимінде сапалы көрсеткіштерін қолдау;

магнитті лентаны жұмысқа дайындау, оның сапасын және ақауын анықтау;

жабдықтың қалыпты жұмы істеуінің бұзылуын анықтау және оның себебін анықтау;

видео және дыбыс дабылдарының аппарат көлемінде кешенді өлшеу параметрлерінің өту жолдарын жасау;

видеомагнитофон техникасының жаңа үлгілерін монтаждау және дайындауға қатысу;

қауіпсіздік техникасын пайдалану;

аппараттың техникалы құжатнамасын жүргізу.

307. Білуге тиіс:

теледидар жүйесі;

теледидар дабылына мемлекетті стандарттар;

видеомагнитофонның негізгі жүйесін және блогының құрылым қағидасын және жұмысын;

блоктардың электрлі сызбасы;

видеомагнитофон, пульт, видео түсірілім аппаратын пайдалану нұсқаулықтары, теледидар хабарламасының технологиясы;

теледидар құралдарын техникалық пайдалану ережесі;

бейнені субъективті бағалау ережесі;

аппаратқа техникалы құжатнама жүргізу тәртібі;

жасақтың профилактикалы және жөңдеу-қалыпқа келтіру жұмыс тәртібі;

өлшеу протоколдарын жүргізу.

Параграф 5. Видео түсірілім операторы, 7-разряд
308. Жұмыс сипаттамасы:

видеофонограммаға компьютер техникасын пайдаланып монтажды жабдықтың жинағымен электронды монтаждауды жүзеге асыру;

дабылдардың санды нұсқасын басқару;

компьютер графикасын, анимациясын, арнайы эффекті элементін жасау және пайдалану;

дабылдардың сапалы көрсеткіштерін видеомагнитофон аппаратының техника құралдарының жинағының барлық жұмыс режимін жөнге келтіру және реттеу көмегімен қолдау;

жабдықтың және ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын ақауларды табу және оның себептерін жою;

видео және дыбыс белгілерінің аппарат көлемінде кешенді өлшеу параметрлерінің өту жолдарын жасау;

видео және дыбыс техникасының жаңа үлгілерін монтаждау және дайындауға қатысу.

309. Білуге тиіс:

теледидар хабарлау технологиясын;

теледидар дабылдарының технологиясы;

компьютер техникасының негізгі жүйесінің және дыбыс басатын аппаратураның блогының жұмыс істеу мақсаты;

блоктардың электрлі сызбасы;

заманауи видеомагнитофондардың, микшерлі монтаждау пультінің, дыбыстық және компьютер техникасын пайдалану ережесі;

бейнені және дыбысты бағалау әдістемесі;

түрлі-түсті теледидардың жүйесі;

компьютер графикасының, анимацияның және арнайы эффектілердің негізі;

аппараттың техникалы құжатнамасын жүргізу тәртібі.

310. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Параграф 6. Видео түсірілім операторы, 8-разряд
311. Жұмыс сипаттамасы:

видеофонограммаға компьютер техникасын пайдаланып монтажды жабдықтың жинағымен күрделі электронды монтаждауды жүзеге асыру;

дабылдың санды негіздерін басқару;

компьютер графикасын, күрделі спецэффектілерді, көп қабатты бейнені жасау және пайдалану;

дабылдардың сапалы көрсеткіштерін видеомагнитофон аппаратының техника құралдарының жинағының барлық жұмыс режимін жөнге келтіру және реттеу көмегімен қолдау;

видео және дыбыс белгілерінің аппарат көлемінде кешенді өлшеу параметрлерінің өту жолдарын жасау;

видео және дыбыс техникасының жаңа үлгілерін меңгеру жұмыстарына қатысу;

техникалы құжатнама жүргізу.

312. Білуге тиіс:

теледидар хабарлау технологиясын;

теледидар дабылдарының стандарты;

видеотүсіретін аппаратураның негізгі жүйесі және блогының құрылымы және жұмыс мақсаты;

блоктардың электрлі сызбасы;

заманауи видеомагнитофондардың, микшерлі монтаждау пультінің, дыбыстық және компьютер техникасын пайдалану ережесі;

бейнені және дыбысты бағалау әдістемесі;

түрлі-түсті теледидардың жүйесі, бейнені және дыбысты өңдеу тәсілі;

желіден тыс монтаждың негіздері;

компьютер технологиясын пайдаланып монтаждау;

компьютер графикасының, анимацияның және көп қабатты бейненің негізі;

аппараттың техникалы құжатнамасын жүргізу тәртібі;

өлшем протоколдарын толтыру тәртібі.

313. Орта кәсіптік білім талап етіледі.



28. Диапозитивті фильмдерді безендіруші
Параграф 1. Диапозитивті фильмдерді безендіруші, 2-разряд
314. Жұмыс сипаттамасы:

диапозитивті фильмдерге макет дайындау өндірісі бойынша дайындық жұмыстарын орындау:

диапозитивті фильмдердің кадрларына дайын макеттерді өндіру;

сценарийге сәйкес дайын өнімнің нөмірі.

315. Білуге тиіс:

диапозитивті фильмдердің кадрларына дайын макеттерді жасау технологиясы;

бейнелеу материалын кадрда монтаждау ережесі;

қағаздың, картонның, кальканың, желімнің әртүрлі сорттары мен түрлерінің құрамы.

316. Жұмыс үлгілері:

1) дайын өнім – екі жағынан желімдеу;

2) картон, фондар – таңбалау;

3) желім – жасау;

4) сақтандыратын жапсырмалар – жапсыру.

Параграф 2. Диапозитивті фильмдерді безендіруші, 3-разряд
317. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым және орташа күрделі бейнелеу материалын, сценарий бойынша терілген тексті қиып алу;

диапозитивті фильмнің дайын кадрларының фонына, қарапайым және орташа күрделі бейнелеу материалына тексті жапсыру, қарапайым құрастыру;

диапозитивті фильмді көркем безендіру талаптарына сәйкес типография шрифтің таңдау.

318. Білуге тиіс:

типографиялы шрифттардың түрлерін;

диапозитивті фильм кадрларын безендіру технологиясы;

бейнелеу материалды мен кадрдағы тексті монтаждау ережесі.

319. Жұмыс үлгілері:

1) мөлшері бойынша орташа машинаның бөлшектері, жануарлар, қарапайым сызбалар және қарапайым конфигурациялы диаграмма – қиып алу,

2) фотография, сызба, сурет, үлгі, тік сызбалы диаграммалар, дөңгелек формалы және мөлшері бойынша ірі материалдар – диапозитивті фильмнің дайын кадрларының фонын монтаждау және жапсыру.

Параграф 3. Диапозитивті фильмдерді безендіруші, 4-разряд
320. Жұмыс сипаттамасы:

бейнелеу материалын және сценарий бойынша күрделі формалы тексті қиып алу;

диапозитивті фильмнің дайын кадрларының фонына, күрделі бейнелеу материалына тексті жапсыру, күрделі құрастыру;

тексті жазып алу және таңбалау;

дыбысты диапозитивті фильмды кадрлеу;

диапозитивті фильмнің басты кадрын және терілген типография шрифтін безендіру.

321. Білуге тиіс:

дыбысты диапозитивті фильмдерді безендіру технологиясы;

тексті көшіру және оны таңбалау ережесі.

322. Жұмыс үлгілері:

1) химиялы және физикалы күрделі формулалар, санды материал және күрделі конфигурациялы ұсақ суреттер – қиып алу;

2) сызбалар, суреттер, үлгілер, күрделі конфигурациялы диаграммалар – диапозитивті фильмдердің дайын өнімдерінің фонына монтаж және жапсырма.



29. Субтитр теруші
Параграф 1. Субтитр теруші, 2-разряд
323. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі субтитрлау машинасында 35 – миллиметрлі фильм көшірмесін субтитрлау үшін техникалы паспортты жасау бойынша жұмыстарды орындау;

бұрын жасалған субтитрлауға арналған паспорт бойынша, фильм көшірмесін таңдап тексеру;

субтитрлау алдында клишені таңдау және тексеру;

ылғалдандыратын ертінді жасау.

324. Білуге тиіс:

синхронды-паспортты үстелдің және әртүрлі жүйелі метрометрлердің құрылысын және жұмыс істеу қағидаларын;

кинопленканың сорты және олардың құрамы;

субтитрлау барысында пасортты пайдалану мақсаты;

пленкамен жұмыс жасау және оны жапсыру техникасы;

ылғалдайтын ертіндінің рецепті.

Параграф 2. Субтитр теруші, 3-разряд
325. Жұмыс сипаттамасы:

қолда бар паспорт бойынша фильм көшірмелеріндегі таңбаны бұрынғы қалпына келтіру;

фильм көшірмесін ылғалдандыру жұмыстарын орындау және фотоқабаттың көшірмесін жұмысқа дайындау.

326. Білуге тиіс:

субтитр жабдығының құрылымы және жұмыс мақсаты;

фильм көшірмесінде субтитрларды белгілеу мақсаты.



Параграф 3. Субтитр теруші 4-разряд
327. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі субтитр машинасында қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмелерін механикалы тәсілмен субтитрларды теру жұмыстарын орындау;

бақылау үшін сынақ оттиск дайындау;

субтитрдың дұрыс режимін фильм көшірмесінің түріне және фильм көшірмесінің эмульсиялы қабатының жағдайына байланысты сынақ баспасы бойынша таңдау және дұрыс режимін таңдау;

субтитр жабдығының ағымдағы жөңдеу жұмыстарына қатысу.

328. Білуге тиіс:

субтитр және субтитрлау клишесін дайындау технологиялы процессі;

кинофототүсірілім және электротехника негізі;

фильм көшірмесінің эмульсиялы қабат жағдайы;

субтитр және клишенің геометриялы өлшемі;

субтитрды кадрда орналастыру жағдайы.

Параграф 4. Субтитр теруші, 5-разряд
329. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі жүйелі субтитр машинасында қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмелерін және жарнама роликтерін механикалы тәсілмен субтитрларды теру жұмыстарын орындау.

330. Білуге тиіс:

әртүрлі жүйелі субтитр машинасының жұмыс мақсаты;

механикалы тәсілмен субтитрлаудың технологиялық процесі;

кинофотомеханика және электромеханика, жарнама роликтарын субтитрлау шарттары;

ақаудың туындау себептері және оның алдын алу тәсілдері.

Параграф 5. Субтитр теруші, 6-разряд
331. Жұмыс сипаттамасы:

субтитрларды қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмесіне физикалық-химия тәсілімен басу жұмыстарын орындау;

субтитр машинасының жұмысындағы бөлек ақауларды жою жұмыстары.

332. Білуге тиіс:

әртүрлі жүйелі субтитр машинасының құрылымы;

бөлек субтитрларды қосымша басу өндірісінің ережесі;

әртүрлі фильм көшірмесі үшін субтитр клишеларын дайындау технологиясы;

әртүрлі фильм көшірмелерінің субтитрлары және клишесіне геометриялы өлшемдер.

30. Пиротехник
Параграф 1. Пиротехник, 2-разряд
333. Жұмыс сипаттамасы:

пиротехникалы өнімдерді өндіру бойынша дайындық жұмыстарын жасау;

қағазды және картонды кесу, химикаттарды қолдан үгіту және илеу, шеттерін кесу;

түтін шашкаларын престеу кезінде және факелдарды дайындауда қосымша жұмыстарды орындау;

қарапайым жүйелі қаруды бөлшектеу, тазарту, майлау және жинау.

334. Білуге тиіс:

дәрімен ататын және қарудың құрылысын;

онымен жұмыс істеу және тазарту;

жеңіл тұтанатын және жарылғыш заттардың химиялы құрылымы.

Параграф 2. Пиротехник, 3-разряд
335. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы станоктарда қағаз гильзалардың барлық түрін дайындау;

пиротехникалы өнімдерді дайындау үшін материалдарды дайындау: химикаттарды ілу, оларды механикалы араластыру және механикалы престеу;

дайын пиротехникалы өнімдерді өңдеу, таңбалау, орау;

орташа күрделі қаруды бөлшектеу, тазарту, майлау және жинау.

336. Білуге тиіс:

темір және токар жұмысының негізін;

химикаттардың құрамы, оларды араластыру ережесі және олармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілі;

пиротехникалы өнімдерді орау ережесі.

Параграф 3. Пиротехник, 4-разряд
337. Жұмыс сипаттамасы:

станоктарда пиротехникалы өнімдерді дайындау;

біліктілігі жоғары пиротехниктың басшылығымен түсірілімді қарапайым пиротехникалы эффекттермен безендіру – барлық түсті және тығыз түтін шығару;

түсірілімге қару таңдау:

қарапайым және орташа күрделі қару жүйесін жинау және жұмысқа қосу;

қаруды және пиротехникалы заттарды сақтау, тасымалдау.

338. Білуге тиіс:

пиротехника жұмыстарын жүргізу жоспары;

пиротехника өнімдерін;

барлық жүйелі қаруларды тасымалдау;

сақтау және қолдану ережесін;

қаруды оқтау ережесі және құр дәрілерді атуға дайындау.



Параграф 4. Пиротехник, 5-разряд
339. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі жоғары пиротехниктің басшылығымен түсірілімді орташа күрделі пиротехникалы эффектпен безендіру – жарылыстың барлық түрін имитациялау;

күрделі жүйелі қаруды жинау және іске қосу.

340. Білуге тиіс:

жарылғыш заттарды тасымалдау;

сақтау және қолдану ередесі;

барлық жүйелі қарудың құрлымы және пайдалану ережесі.

Параграф 5. Пиротехник, 6-разряд
341. Жұмыс сипаттамасы:

пиротехника эффектінің барлық түрімен түсірілімді безендіру: массалы соғыс көрінісін түсіру кезінде өте көп мөлшерде жарылысты пайдаланып және көріністің қатысушыларына жақын жерде пиротехникалы эффектті пайдалану;

пиротехникалы жұмыстың жоспарын өңдеу;

түсірілімге пиротехникалы қызмет көрсету бойынша егжей-тегжейін ашу және смета құрау;

барлық түрлі ару және дәрімен атылатын қарудың барлық жүйесін түсірілімге дайындау оларды түсірілім кезінде пайдалану;

студияның және басқада ұйымдардың қорынан қару іріктеу.

342. Білуге тиіс:

пиротехникалы шеберхана және табиғаттағы түсірілімде жағдайындағы пиротехникалы құрылымдардың әрекеті;

фильм мен телебағдарламаның режиссер сценариі.

31. Мультипликациялы суреттерге негіз дайындаушы


Параграф 1. Мультипликациялы суреттерге негіз дайындаушы, 2-разряд
343. Жұмыс сипаттамасы:

қайтадан түскен триацетатты негізді түсі және өлшемі бойынша сорттау;

боялған суреттің немесе контурдың бөлігін жуу;

түсірілген материалды фильмнің біткен өндірісі бойынша қабылдау және бөлшектеу;

қайтадан қолданылатын триацетат негізін жуу, кептіру және сорттау;

түсірілім алдында контурланған және боялған суреттерді сүрту;

арнайы тесетін станокта қағазда және триецетатты негізге штифт үшін тесік тесу;

контурланған және боялған суреттерді тегістейтін құрылғыда тегістеу.

344. Білуге тиіс:

триацетатты негіздің құрамы және оған қойылатын талаптар;

триацетатты негізді жуатын және сүртетін ерітіндінің рецепті;

сүртуден кейін контурланған және боялған суреттерге қойылатын талап;

тесетін және тегістейтін құрылғыда жұмыс істеу ережесі.

32. Контурланған суретті бояушы


Параграф 1. Контурланған суретті бояушы, 2-разряд
345. Жұмыс сипаттамасы:

құрамы және персонажы бойынша қарапайым орташа планда 1-4 бояудан тұратын контурланған суреттерді бояу жұмыстарын орындау;

орташа пландағы қарапайым контурлы көлеңке және силуэтті бояу.

346. Білуге тиіс:

мультипликациялы бояудың, жаққыштың және триацетатты негіздің құрамы және белгіленуі;

мультипликациялы фильмдерді өндіру технологиясының негізі.



Параграф 2. Контурланған суретті бояушы, 3-разряд
347. Жұмыс сипаттамасы:

орташа күрделі көп емес заттаң және кейіпкерден құралған, құрамы бойынша күрделі емес жалпы және орташа планда 5-8 бояудан тұратын контурланған суреттерді бояу бойынша жұмыстарды орындау;

күрделі контурлы кескінді кадрдың алаңының жартысын алатын ірі көлеңкелі немесе силуэтті бояу.

348. Білуге тиіс:

мультипликациялы фильмдерді өндіру технологиясы;

мультипликациялы бояулардың түсті шкаласын.



Параграф 3. Контурланған суретті бояушы, 4-разряд
349. Жұмыс сипаттамасы:

көптеген ұсақ заттардан немесе кейіпкерлер тобынан тұратын, барлық кадрды толтырып тұратын табиғат құбылысын бейнелейтін, сонымен қоса формасы және бояуы бойынша күрделі шапшаң қозғалыстағы заттар және жалпы планда 9-15 бояудан тұратын күрделі ракурстардан тұратын контурланған күрделі суретті орындау жұмыстары;

титрды, кашетті бояу.

350. Білуге тиіс:

боялған суреттегі дефектті түзету;

боялған суретті жуу және оны қайтадан салу;

суретті контурдың жағынан бояу тәсілі;

жалпақ затқа бояуды кезекті жағу.



Параграф 4. Контурланған суретті бояушы, 5-разряд
351. Жұмыс сипаттамасы:

қатты сынған және ұшталған контур линиясы, барлық кадрды толтырып тұратын әртүрлі мөлшердегі және конфигурациялы өте көп алаңдар 15 көп бояуларды жағуды қажет ететін, сонымен қоса алдын ала өнделген бояу мен стеклограммадан тұратын бояуларды және контурланған күрделі суреттерді бояу бойынша жұмыстарды жасау;

таза фазалаудан кейін контурсыз суретті шрифт бойынша бояу;

суреттерді мөлдір бояу және поливинилацетатты эмульсиямен контурдың жағынан көркемдеп құю;

модель (эталонды суреттер) және панорамаларды кең экранды фильмдер үшін бояу;

суреттерді мөлшерлі эффект қалдыратын көркем торцовка тәсілімен бояу.

352. Білуге тиіс:

суреттің құрылу заңдылығын;

персонаж бен оның бөлек бөлшектерінің қозғалу техникасы;

контурланған суретті торцовкалауда техникалы тәсілдер;

триацетатты негізбен бояудың химиялы әрекеттесуі және түрлі-түсті бояулардың өзара әрекеттесуі.

33. Субтитр өңдеуші


Параграф 1. Субтитр өңдеуші, 3-разряд
353. Жұмыс сипаттамасы:

латын, орыс және ұлттық тілдерде корректор парағының таңбаларымен сәйкес субтитр оттисктарын 35-миллиметрлі және 16- миллимертрлы фильм көшірмелері үшін бақылау.

354. Білуге тиіс:

субтитр оттисктарын алу мақсаты, өңдеудің тәсілдері және өңдеу кезінде қолданылатын құралмен пайдалану ережесі, латын және ұлттық алфавиттерді, шрифт стандарттарын, түзетілетін белгілердің стандарты.


Параграф 2. Субтитр өңдеуші, 4-разряд
355. Жұмыс сипаттамасы:

латын, орыс және ұлттық тілдерде корректор парағының таңбаларымен сәйкес субтитр оттисктарын өңдеу және дұрыстау;

субтитр оттисктарын безендіру;

субтитр оттисктарын 35-миллиметрлі және 16- миллимертрлы фильм көшірмелері үшін бақылау.

356. Білуге тиіс:

түпнұсқа мәтінін таңбалаудың техникалы ережелері;

субтитрды теру ережесі.

Параграф 3. Субтитр өңдеуші, 5-разряд
357. Жұмыс сипаттамасы:

шығыс тілдері және сирек қолданылатын тілдерде 35-миллиметрлі және 16-миллимертрлі, 70-миллиметрлі фильмдер көшірмесіне және стереофильм көшірмесіне арналған субтитр оттисктарын өңдеу және дұрыстау;

негативті және диапозитивті көшірме үшін өңдеу.

358. Білуге тиіс:

әртүрлі гарнитуралы шрифтардың кескіні;

шығыс және сирек кездесетін тілдердің алфавиттері;

шрифт фотосының негізі;

субтитрлармен фильм көшірмесін теру техникалық жағдайы;

анықтама әдебиеті мен сөздіктермен пайдалану ережесі.

34. Диапозитивті фильмдерді түсіруші


Параграф 1. Диапозитивті фильмдерді түсіруші, 3-разряд
359. Жұмыс сипаттамасы:

берілген режим бойынша түсіретін камера мен көшіретін құрылғыда қарапайым және орташа күрделі диапозитивті фильмдердің макетің қара-ақ және түрлі-түсті негатив пленкасына түсіру;

түсіретін камера мен көшірме құрылғыларын жұмысқа дайындау;

әртүрлі режимде сынақ түсірілімдерін жасау.

360. Білуге тиіс:

фотография және түсірілім техникасын, түсірілім камерасы мен көшірме құрылғыларының құрылысы және жұмыс мақсаты;

негативті пленканың сорты, пленканы өңдеу технологиясы;

кассетаны салу және лау ережесі және сынақ ретінде түсірілімдер жасау.

361. Жұмыс үлгілері:

1) диафрагма – орнату,

2) кассеталар – алу және салу,

3)түсірілім алаңының қалыптасқан өлшемімен, бейнені кадрда дәл құрастыруды талап етпейтін диапозитивті фильмдердің макеті – түсірілім.



Параграф 2. Диапозитивті фильмдерді түсіруші, 4-разряд
362. Жұмыс сипаттамасы:

көшіретін құрылғыда күрделі диапозитивті фильмдердің макетің қара-ақ және түрлі-түсті негатив пленкасына түсіру;

жазбаларды түсіру;

жарық түсірудің кадр бойынша біркелкі болуын бақылау.

363. Білуге тиіс:

түрлі-түсті және қара-ақ фотографияны түсіру технологиясы;

түсірілім техникасын, пленканың сорттарын, диапозитивті фильмдерді өңдеудің технологиясының негізін.

364. Жұмыс үлгілері:

1) диапозитивті фильмдердің макеті, фотоматериалды, сызбаны, үлгіні кадр бойынша шашуды пайдаланып орындалатын, бейненің кадрда дәл құрастыруын талап ету – түсірілім,

2) көшірме құрылғылары – жұмыс режимін бекіту.




Параграф 3. Диапозитивті фильмдерді түсіруші, 5-разряд
365. Жұмыс сипаттамасы:

диапозитивті фильмдердің өте күрделі макеттерін қара-ақ және түрлі-түсті негатив пленкасына түсіру;

көшірме құрылғының жұмысын бақылау;

көшірме құрылғысын жөңдеу және профилактикалық жұмыстарына қатысу.

366. Білуге тиіс:

дыбысты диапозитивті фильмдерді және экспортқа арналған диапозитивті фильмдерді өндіру технологиясы.

367. Жұмыс үлгілері:

1) стандартсыз өлшемді диапозитивті фильмнің және стандартсыз өлшемді түсірілім алаңының макеті – түсірілім,

2) экспортқа арналған диапозитивті фильмнің негативі және дыбысты диапозитивті фильмнің негативі – түсірілім.

35. Мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсіруші


Параграф 1. Мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсіруші, 2-разряд
368. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі жоғары мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсірушінің басшылығымен қағазда және триацетатты негізде жасалған қарапайым мультипликациялы көріністердің сынақ түсірілімдерін түсіру.

369. Білуге тиіс:

мультипликациялы станоктың жұмыс мақсаты;

түсірілім аппаратының астына контурланған суреттерді төсеу техникасы.

370. Жұмыс үлгілері:

Түсірілім.

1) бір экспозицияға бірқабатты сынақ түсірілімінің сынағы,

2) қарапайым панорамалардағы көріністердің сынақ түсірілімі.

Параграф 2. Мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсіруші, 3-разряд
371. Жұмыс сипаттамасы:

қағазда және триацетатты негізде орындалған қарапайым мультипликациялы көріністерді және орташа күрделі берілген экспозиция бойынша және экспозициялы парақтағы түсірілімге сәйкес мультипликациялы көріністердің сынақ түсірілімдерін жасау.

372. Білуге тиіс:

экспозициялы парақты оқу техникасы;

сынақ түсірілімдерін сақтау ережесі.

373. Жұмыс үлгілері:

Түсірілім.

1) екі қабатты және үш қабатты сахна, әр қабатында әртүрлі жазбамен,

2) қозғалысы бойынша әртүрлі панорамаларда көріністің сынақ түрі (қиғаш, тік, көлденең, дөңгелек).

Параграф 3. Мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсіруші, 4-разряд
374. Жұмыс сипаттамасы:

алғашқы фазада орындалатын күрделі мультипликациялы көріністердің сынақ түсірілімі;

алғашқы фазада орындалатын мультипликациялы көріністерді түсіру кезінде кадрдың экспозициясын орнату;

кинооператордың басшылығымен қарапайым мультипликациялы ендірмені және кадрды түсіру;

түсіру аппаратурасын және мультипликациялы станоктарды профилактикалы жөңдеу жұмыстарына қатысу.

375. Білуге тиіс:

фотография және түсірілім техникасының негізі;

пленканы өңдеудің технологиясының негізі;

түсіретін аппаратура мен мультипликациялы станоктың құрылымы.

376. Жүмыс үлгілері:

Түсірілім.

1) басып кету, қаптап кету, ығыстыру мультипликациялы көріністердің сынақ түсірілімі,

2) мультипликациялы көріністерді басып кету, қаптап кету және ығыстырумен әртүрлі панорамада сынақ көріністерін түсіру.
36. Диапозитивті фильмдерді салушы
Параграф 1. Диапозитивті фильмдерді салушы, 3-разряд
377. Жұмыс сипаттамасы:

пленканы қорапқа салу;

арнайы айналдыратын құрылғының көмегімен пленканы айналдыру;

диапозитивті фильмді қорапқа салуға дайындау: атуы және бөлімдері бойынша фильмді тапсырмаға сәйкес іріктеу, рұқсат беретін куәліктің нөмірін эталон бойынша тексеру, айналдыратын құрылғыға пленканы салу, айналдыратын құрылғының өзекшесінің және мотордың жұмысын тексеру;

оралған фильмді зат белгісінде көрсетілген атуы, бөлімі, тақырыбы, және түсіне сәйкес тексеру.

378. Білуге тиіс:

диапозитивті фильмнің кірмесінде рұқсат беретін куәліктің белгілену ережесі;

кинопленканың негізгі құрамы және онымен жұмыс істеу ережесі;

механикалы ақаулар, сызаттар және үйкелулердің негізде;

эмульсиялы қабатта қалыптасу себептері және олардың алдын-алу шаралары;

айналдыратын құрылғының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы.

37. Фильмотекарь


Параграф 1. Фильмотекарь, 3-разряд
379. Жұмыс сипаттамасы:

қабылдау, жүйелеу, сақтау, өңдеу және сақтауға арналған фильм материалдарын есепке алу;

фильм көшірмелерін тексеру, сұрыптау және атуы мен түріне байланысты жинақтау;

фильм материалын іріктеу және тапсыру;

өңдеуге тиісті материалды қабылдау және оны орындаушыларға жасау үшін тапсыру;

тапсырыстың өту және оны қайтаруды бақылау.

380. Білуге тиіс:

кинопленканың және фильм материалдарының түрлері;

фильм материалдарымен жұмыс істеу;

сақтау және есеп жүргізу;

пленканы жапсыру ережесі;

фильм материалдарының техникалы жағдайына қойылатын талаптар.

Автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау және пайдалану фильм материалын жіберу, қабылдау, жүйелеу, есепке алу, сақтау және өндірісте өтуін бақылау – 4-разряд.

38. Фототекарь


Параграф 1. Фототекарь, 3-разряд
381. Жұмыс сипаттамасы:

фототекаға түсетін фотоиллюстрациялы материалды қабылдау, жүйелеу, есепке алу және сақтау;

жаңа түсімдерді таңбалау;

өз фототекасында және басқа ұйымдардың фототекасында фотоиллюстрациялы материалдарды таңдап алу;

фото материалдарын тапсыру және оның пайдалануын бақылау;

іріктелген және қабылданған фотоиллюстрацияларды аннотациялау;

орамды жаңарту.

382. Білуге тиіс:

студияның және басқа ұйымдардың фото қорын;

түрлі-түсті және қара-ақ фотоның негізі;

фото материалдарын аннотациялау және сақтау ережелері;

түсілімді таңбалау және орамды жаңарту ережесі.

Автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау және пайдалануда фото материалдарын қабылдау, жүйелеу, есепке алу, сақтау – 4-разряд.


жүктеу 1,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау