6D041600 – Өнертану мамандығы бойынша
философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне үміткер
Мұсахан Данара Ерұланқызының
«Қазақстан композиторларының тарихи фильм жанрындағы
киномузыкасы» диссертациясы мәтінінің
АННОТАЦИЯСЫ
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Киноның өткен уақыт пен қазіргі
кезеңнің нағыз демократиялық талабы ретінде заманауи рухани мәдениеттің
алдыңғы қатарлы жанры екендігі баршаға мәлім. Барлық замандарда әрбір
дәуірдің көкейтесті қажеттілігіне жауап бере отырып, бейнелеудің өте бай
құралына ие болған кино – ғаламдық тарихи оқиғаларды, адам тағдырын, бүкіл
бір халық пен оның жарқын өкілдерінің өмірі мен қызметін барынша икемді
және шынайы бейнелейді. Өзінің негізінде көркемдік мүмкіндіктердің әр
алуандығының орын алуы адамгершілік мінез құлық, тәрбиелік және
эмоционалдық әсер ету қызметін атқара отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруға
зор ықпалын жасайды. Мұнда музыканың маңызы өте зор, онсыз дәл осындай
нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Киномузыка тұтас бір шығарманы құруға
әсер ететін фильм құрылысының ажырамас бөлшегі болып қана қоймайды,
сонымен бірге музыкалық шығармашылықтың ерекше түрі болып табылады.
Кинофильмдерге музыка жазудың әлемдік тәжірибесінің әр түрлі
жанрдағы картиналарды жасауды қамтитын жүз жылдан аса тарихы бар деп
есептеледі. Кез келген өзіндік ерекшелігі бар жанрлар секілді киномузыка да
өзінің: экспрессия, әсер ету күші, стилистика, формақұрылым, музыка тілі,
драматургия, инструментарий, жұмыс істеу қағидалары, фильмді құраушы
басқа да элементтерімен үйлесу тәсілдері секілді заңдарын қалыптастырды.
Кинофильмдерге музыка жазумен әр түрлі кезеңдерде көпұлтты
композиторлар мектебінен шыққан Қазақстанның: Ахмет Жұбанов, Евгений
Брусиловский, Латиф Хамиди, Мұқан Төлебаев, Бақытжан Байқадамов, Қапан
Мусин, Сыдық Мұхамеджанов, Нұрғиса Тілендиев, Ғазиза Жұбанова, Анатолий
Бычков, Еркеғали Рахмадиев, Кеңес Дүйсекеев, Тілес Қажығалиев, Қуат
Шілдебаев және тағы басқа да көрнекті композиторлары шұғылданды.
Жоғарыда аталған осы авторлар жазған киномузыка опера, балет, симфония,
кіші жанрлардағы сияқты олардың шығармашылығының барынша айқын және
өзіндік белгілерін көрсете алды. Сюжетке басыбайлы болғанына қарамастан,
оны шығармашылық қызметтің жеке саласы ретінде қарастыруға болады және
басқа жанрларды танытатын музыкаға қарағанда маңыздылығы кем емес.
Бірақ, бүкіл тарихтың өн бойында киномузыканың көптеген қазақстандық
композиторлардың шығармашылығында үлкен сұраныстағы жанр екеніне
қарамастан, онымен байланысты мәселелер қазіргі кезеңге дейін отандық
зерттеушілердің еңбектерінде арнайы зерттеу объектісі бола алмады. Қазақстан
өнері мен мәдениетінің қазіргі кездегі жай-күйі мәнмәтініндегі бұл жұмыстың
өзектілігі мен жаңашылдығы міне, осымен байланысты болып отыр.
2
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, кинематограф аясында
ауқымды композиторлық шығармашылықты сұрыптау мен ғылыми
апробацияның республика өнерінің қалыптасу кезеңдерінің толық көрінісін
жасау үшін зор маңызы бар. Отандық киномузыка генезисінің мәселелерін
зерттеу, оның фильмдерді жасаудағы ролі, сондай-ақ оның дәстүр мен
жаңашылдық
сабақтастығы
мәнмәтініндегі
композиторлардың
шығармашылығындағы ролі, қазақстандық композиторлардың кинодағы
шығармаларын біріктіру мен жүйелеу, республика фильмдерінің бұрын
зерттелмеген музыкалық материалдарын қалпына келтіру қазіргі заманғы
ұлттық кинематографиялық және музыкалық мәдениетінің өте өзекті және
көкейтесті қажеттілігіне ие болып отыр.
Диссертациялық зерттеудің объектісі – киномузыка Қазақстан
өнерінің тұтас көркемдік құбылысы ретінде қарастырылған.
Зерттеуге жататын зат болып тарихи фильмдер мысалында киномузыка
жанрындағы Қазақстан композиторларының шығармашылығы табылады.
Жұмыста мына фильмдер сарапталған: «Амангелді», «Жамбыл», «Оның
уақыты келеді», «Біз Жетісуданбыз», «Атамекен», «Мазалы таң», «Атаманның
ақыры», «Транссібір экспресі», «Қан мен тер», «Даладағы қуғын», «Соңғы
өткел», «Бейбарс Сұлтан», «Сталинге сый», «Мұстафа Шоқай», «Жерұйық»,
«Жаужүрек Мың Бала».
Зерттеу мәні туралы тарихи және теориялық жұмыстардың болмауы
диссертацияның мақсатын анықтап берді, ол – тарихи фильмдерге
арналған қазақстандық киномузыканың жан-жақты зерттелуі.
Диссертацияның түпкі ойын қалыптастырған жұмыстың жалпы
мақсатының негізінде мынадай міндеттердің шешілуі қойылды:
-
көркемдік құбылыс ретінде киномузыканың философиялық-этикалық
негіздерін қарастыру;
-
киномузыканың теориялық аспектілерін ашу (жанр, авторлық, кадрмен
өзара қатынас тәсілдері, дыбыстық және көру қатарының, инструментарийдің,
стилистиканың, формасы мен қызметінің ара қатынасы мәселелері);
-
кино музыкасын зерттеудің негізгі әдістерін әлемдік музыкатану
тәжірибесі мәнмәтінінде сипаттау;
-
Қазақстандағы кино өнері мен киномузыкасының қалыптасуы мен
дамуының тарихи-әлеуметтік аспектілерін оның құрамдас бөлігі ретінде
сараптау;
-
жоғарыда
аталған
саладағы
отандық
композиторларының
шығармашылықтарын жинақтау және жүйелеу жұмыстарын жүзеге асыру;
-
Қазақстанда киномузыка саласында кәсіби теориялық және тәжірибелік
оқып-үйретудің негізгі мәселелерін анықтау;
-
тарихи фильмдерге арналған отандық композиторлар музыкасының
маңызы мен ерекшелігін анықтау;
-
республикадағы киномузыканың әрі қарай дамуының келешегін
белгілеу.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Өзіндік ерекшеліктерінің арқасында
3
киномузыканың фильмнің құрамдас элементтерімен және сюжеттік
драматургиямен
тығыз
байланысы
кинотанушылар
мен
музыкатанушылардың назарын аудартқан ғылымның ерекше объектісіне
айналды. XX ғасырдың бірінші жартысының өзінде-ақ киномузыка мәселелерін
зерттеу әдістерінің негізін қалаған еңбектер пайда болды, олар –
Я. Муссинактың, А. Гранның, Б. Балаштың, К. Лондонның, И. Иоффенің,
М. Черёмухинның және тағы басқалардың зерттеулері.
Әрі қарай киномузыканың ерекшелігін зерттеумен Э. Линдгрен,
С. Эйзенштейн, Т. Корганов және И. Фролов, Э. Фрид, С. Фрейлих,
З. Лисса, Ю. Закревский, И. Шилова, З. Кракауэр, В. Ждан, В. Турицын,
И. Вайсфельд, И. Воскресенская, Б. Кац, И. Шароев, И. Хангельдиева,
Н. Горюнова, Т. Шак, А. Фролов және т.б. айналысты.
Көрнекті
композиторлар:
Д. Шостаковичтің,
А. Хачатурянның,
А. Онеггердің, С. Прокофьевтің және басқалардың киномузыка жасауда
өздерінің тәжірибелерін жинақтаған мақалалары мен әр түрлі материалдары
басты маңызға ие болды.
Шетелдік ғалымдардың: Fred Karlin, Mervyn Cooke, Janet K. Halfyard,
David Neumeyer және James Buhler, Mathew J. Bartkowiak және Yuya
Kiuchi және басқалардың соңғы бірнеше ондаған жылдар бойы жазылған
еңбектері ғылыми зерттеулердің жеке тобын құрады.
Зерттеудің мәнісін түсіну мен ұғыну үшін маңызды деп музыка
эстетикасының және философиясының мәселелері саналады. Бұл тұрғыда осы
диссертация Т. Адорноның, О. Аронсонның, Ж. Делездің, Л. Выготскийдің,
К. Леви-Стросстың, Ю. Холоповтың, В. Беньяминнің, Т. Чередниченконың
және басқалардың классикалық еңбектеріне сүйенеді.
Қазақстан кинематографының қалыптасу тарихы мәселелерімен әр түрлі
дәрежеде: К. Сиранов, Б. Нөгербек, Г. Әбікеева, К. Айнағулова мен
К. Әлімбаева, А. Назаров және басқа да отандық зерттеушілер айналысты.
Бірақ, отандық кинофильмдер музыкасы мәселелеріне арналған кейбір
мақалалардан,
мысалы,
В. Недлинаның
мақалаларынан
және
А. Көшімбетованың, Н. Ильясованың студенттік дипломдық жұмыстарынан
басқа бүгінгі күні Қазақстанда арнайы зерттеулер жоқ. Осы факт қазіргі таңда
Қазақстанның өнер ілімінде ұлттық киномузыканың мәселелерін ғылыми
тұрғыда зерттеу қажеттілігінің пісіп-жетілгенін байқатады, бұл зерттеу де осы
мәселелерге арналған.
Зерттеудің әдістемесі. Ғылыми объектіні зерттеудің кешенді бағыты көп
бейінді әдістерді пайдаланып жүйелі тәсілдерді қолдануға себепші болады.
Алға қойған мақсатты жүзеге асыруға осы жұмыста негізге алынатын тарихи-
өнертану, мәдениеттану, талдау әдістері мүмкіндік береді. Диссертацияда
сондай-ақ қалыптасқан жалпығылымдық әдістер пайдаланылды: жіктеушілік,
типологиялық, салыстырмалық әдістер. Пәнаралық тәсілдемеге орай
диссертацияның теориялық базасы мәселені барынша жан-жақты зерттеу
мақсатында философтардың, мәдениеттанушылардың, өнертанушылардың,
кинотанушылардың және музыкатанушылардың еңбектері ұсынылды. Алға
4
қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін зерттеуде шетелдік және ресейлік
зерттеушілердің әр түрлі кезеңдерде өңдеген киномузыкадағы сараптау әдістері
мен қағидалары пайдаланылды.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы ең әуелі, мәселені қоюдың өзінде
болып тұр, себебі қазақстандық музыка ілімінде зерттеу ең алғаш рет
отандық киномузыканы зерделеуге, оның фильмді жасаудағы және Қазақстан
композиторларының шығармашылығындағы роліне арналып отыр. Жұмыс
барысында ғылыми жаңалыққа ие төмендегідей нәтижелер алынды:
-
өнертанушылық
анализдің
негізінде
«киномузыка»
көркемдік
құбылысының философиялық-эстетикалық негіздері қарастырылды;
-
пәннің теориялық аспектілері ашылды;
-
кино музыкасын зерттеудің негізгі әдістеріне сипаттама берілді;
-
еліміздің киномузыкалық өнерінің қалыптасуы мен дамуы кезеңдеріне
тұтас зерделеу жүргізілді;
-
киномузыка саласында республика композиторларының шығармаларын
жинақтау мен жүйелеу жұмысы жүзеге асырылды;
-
медиажанр
музыкалық
қатарын
құруды
үйрету
тұрғысында
Қазақстанның қазіргі кездегі музыкалық білім беру саласындағы негізгі
мәселелер анықталды. Қазақстанның тарихи фильмдеріндегі музыканың ролі
және ұлттық ерекшеліктері айқындалды;
-
киномузыканың алдағы келешегі белгіленді;
-
қарастырылып
отырған
фильмдердің
бұрынырақ
зерттелмеген
музыкалық материалдары қалпына келтірілді және ноталық редакторға
түсірілді.
Диссертациялық зерттеудің болжамы. Егер зерттеудің барысында
киномузыканың философиялық-эстетикалық категориясы, оның Қазақстандағы
қалыптасуының тарихи-әлеуметтік аспектілері қарастырылып, мәселенің
теориялық-әдістемелік
құрамдас
бөлігі
ашылып,
киномузыкалық
шығармашылықты жүйелеу мен сараптау жүргізілсе, сондай-ақ басқа да
қойылған міндеттер орындалса, онда бұл киномузыканың отандық
композиторлардың шығармашылығында күрделі және жан-жақты жанр екенін
көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, диссертацияның мақсатын сәтті
жүзеге асыру Қазақстанның мәдениет және өнер тарихының барынша толық
бейнесін қалпына келтіруге мүмкіндік берер еді.
Қорғауға шығарылған негізгі ережелер:
1. Кино мен музыка синтезінің бастаулары осы өнер түрлерінің тарихи
өткен деректеріне негізделеді, бірақ бұл өзара қарым-қатынас тек XX-XXI
ғасырларда ғана толықтай ашылды, бұл киномузыканың шығармашылықтың
жеке саласы ретіндегі ерекше құбылыс болғандығымен байланысты.
2. Шығармашылықтың осы түрі пайда болған уақытынан бастап фильм
жүйесінде өзіне маңызды элемент орнын бекітті. Осы тақырыптың теориялық
аспектілері – жанрлық және стилистикалық ерекшеліктері, кадрмен өзара
қарым-қатынас тәсілдері, авторлық, инструментарий мәселелері, дыбыстық
және көру қатарының ара қатынасы, формалар, жұмыс істеу мәселелері –
5
музыка ролін синтетикалық экран өнерінің маңызды құраушы бөлігі ретінде
анықтайды,
оның
аралас-құралас
ерекшелігін
таныстырады
және
жасаушылардың түпкі ойының барынша толық ашылуына жағдай жасайды.
3. Киномузыканы зерттеудің қазіргі кездегі жан-жақты кешенді әдістемесін
жасап шығару өнердің осы түрінің тұтас және аяқталған жүйе ретінде
қалыптасуы жолындағы маңызды міндет болып табылады.
4. Отандық киномузыканың пайда болған кезінен қазіргі жай-күйіне
дейінгі дамуының негізгі сатыларын анықтауға Қазақстан кинематографының
қалыптасу кезеңдерін сараптауға мүмкіндік береді.
5. Киномузыка қызметтің маңызды бағытын білдіре отырып, өзіне көлемі
жағынан аса үлкен жұмысты қамтиды және көптеген өкілдері әр түрлі
уақыттарда фильмдерге музыка жазумен айналысқан Қазақстанның ұлттық
композиторлар мектебінің шығармашылық қорында ерекше орын алады.
6. Жекелеген мамандықтар студенттерін даярлаудың қажетті компонентіне
киномузыканың Қазақстанда жеке пән ретінде оқып-үйренуі жатқызылады.
Қазіргі заманның қалыптасып келе жатқан рухани талабына жауап беру үшін
және отандық кинематографтың әлемдік кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың маңызды қадамы – осы курсты шығармашылық жоғары оқу
орындарындағы оқыту процесіне енгізу болып табылады.
7. Республиканың тарихи жанрдағы киношығармашылығының көркемдік
мәнерлілігін қалыптастыруда оның бай музыкалық құрамдас бөлігінің маңызы
ерекше. Жалпы Қазақстан киномузыкасына, оның ішінде сарапталынған
фильмдердің музыкасына ұлттық мәдениеттің қазіргі заманғы композиторлық
әдістерімен тығыз байланысы тән.
8. Қазақстандағы киномузыка жанрының және сонымен қатар оны
зерттеу жолдарының дамуын экрандық шығарма құрамында оның ролінің
күшеюінен, оған режисерлардың назарының өсуінен, оның кейінгі орны туралы
қалыптасқан
көзқарастардан
арылуынан,
демек,
кинокомпозитордың
маңызының шығармашылық процесте артқандығынан байқалады, ал екінші
жағынан, киномузыканы сараптаудың кешенді әдістемесінің құрылуынан және
киношығармашылық саласында мамандардың даярлануынан көрінеді.
Жұмыстың ғылыми-теориялық және тәжірибелік маңызы оның
отандық өнертанудағы жаңа бағытты анықтаушы ретінде саралану
мүмкіндігі болып отыр. Осы диссертацияның нәтижелері Қазақстан
мәдениеті мен өнері саласындағы түсініктердің кеңеюіне, сондай-ақ
еліміздегі киномузыка жанрының пайда болуы мен дамуы туралы жүйелі
ақпараттың берілуіне ықпал жасайды. Жұмыс барысында алынған
қорытындылар республика композиторларының сан қырлы шығармалары
туралы бұрын қалыптасқан білімдерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Диссертацияның материалдары Қазақстанның музыкалық мәдениеті
бойынша тарихи-теориялық жұмыстарды жинақтауды жазуда пайдаланылуы
мүмкін, сонымен бірге шығармашылық жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған отандық музыка тарихы бойынша оқу курстарын
даярлауға негіз бола алады. Мұрағаттар мен бейнематериалдардың негізінде
6
қайта қалпына келтірілген фильмдердің музыкалық материалдары Қазақстан
киномузыкасын әрі қарай ғылыми зерттеулерге және композиторлардың
шығармашылық мұраларын зерттеуге пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерін апробация және енгізу. Зерттеудің нәтижелері он
мақалада жарияланған, оның ішінде халықаралық Scopus мағлұматтар базасына
енетін ғылыми басылымдарда, ҚР білім және ғылым саласындағы бақылау
комитеті ұсынған төрт ғылыми басылымдарда, халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференциялардың материалдары бойынша бес жинақта
жарияланған.
Диссертация материалдарының, сондай-ақ басқа да деректердің негізінде
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының сараптау
комиссиясының рәсімінен сәтті өткен және таңдауы бойынша пәндердің
тізіміне енген, «Киномузыканың қыр-сыры» авторлық элективті пәннің оқу-
әдістемелік кешені құрастырылды. Осы курс бойынша 2016 жылдан бастап
«Музыкатану» мамандығы бойыынша оқитын студенттерге сабақ өткізіледі.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, сегіз бөлімшені
қамтыған үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздерінің
тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделген, объектісі, зерттеу мәні,
мақсаты және міндеттері тұжырымдалған, мәселенің зерттелу дәрежесі
анықталған, әдістері, ғылыми жаңалығы, зерттеудің болжамы баяндалған,
қорғауға ұсынылған ережелері, ғылыми-теориялық мәні, зерттеудің тәжірибелік
маңызы, сонымен бірге осы жұмыстың нәтижелерінің апробациясы мен
енгізулері көрсетілген.
Алғашқы, «Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері» бөлімінде
философиялық-эстетикалық мәселелер дәйекті қарастырылған, теориялық
аспектілері ашылған, кинодағы музыканы сараптау әдістері туралы негізгі
ережелер берілген.
Екінші, «Қазақстанның киномузыка тарихынан» бөлімінде республиканың
киноөнері мен киномузыкасын қалыптастыру кезеңдері сарапталған, отандық
композиторлардың осы саладағы шығармашылығы жинақталып, жүйеленген,
киномузыканы жасау мен зерделеудің негіздерін жеке шығармашылық
мамандықтарын кәсіби оқып-тану мәселелері өңделген.
Үшінші, «Қазақстанның тарихи фильмдеріндегі музыка» бөлімі осы
белгіленген жанрдағы музыкалардың және оның ролінің сипаттамасының
егжей-тегжейлі сұрыптауын қамтиды, қарастырылып отырған құбылыстың
келешегін анықтайды.
Қорытындыда ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері қорытындалады.
Диссертацияларға берілген қосымшаларда мынадай қосалқы материалдар
берілген: «Киномузыканың қыр-сыры» авторлық пәнін енгізу актісі, Мұқан
Төлебаевтың «Жамбыл» фильміне жазған музыкасының мұрағаттан табылған
қолжазбасы, республиканың тарихи және тарихи-өмірбаяндық фильмдерінің
қайта қалпына келтірілген ноталық материалдары.
Достарыңызбен бөлісу: |