|
1 БӨлім. Глоссарий автотрофный
|
бет | 27/36 | Дата | 14.11.2018 | өлшемі | 4,07 Mb. | | #19684 |
| Нейрофибрилдер. Олар клетканың тармақтарында жіңішке жіптер тәрізді болып көрінеді. Клетканың денесі мен дендриттерінде олар тығыз киіз тәрізді тор түзеді.
Клеткада нейрофибрилдердің орналасуы кейде өзге-ріп отырады. Тығыз тор болудың орнына олар жеке бау-лар түзеді. Сондықтан нейрофибрилдердің орналасу тәртібі клетканың физиологиялық жағдайына байланысты деуге болады. Бірақ бұл мәселе әлі де толық шешілмеген (36 сурет).
36-сурет. Аттың симпатикалык клеткасы. 1 — нейрофибрилдер.
Нейрофибрилдердің қызметі осы күнге дейін белгісіз. Кейбір ғалымдар нейрофибрилдердің әр түрлі жағдайын нерв клеткасының қозуына байланыстырады. Сондықтан нейрофибрильдерді нерв жүйесінің коздырушы негізгі элементі деп санайды. Бұл көзқарасты жақтаушылардың түсінігі бойынша нейрофибрилдер аксонмен дендриттер қосылатын жерде бір нейроннан екінші нейронға көшіп нейрофибрилдер деп аталынатын үздіксіз тор түзеді. Сол тор қозуды өткізгіш болады. Бірақта казіргі уақытта бүл көз қарасты дұрыс деп айтуға болмайды. Өйткені, нейрофибрилдердің үздіксіздігі дәлелденбеген және қалыпты жағдайдағы тірі клетканың кұрамында нейрофибрилдердің тұрақты структурасы аныкталмаған. Мысалы, ит балықтың терісіндегі тірі нервтерді қарағанда нейрофибрилдер көрінбейді. Тітіркендірген жағдайда аксондарында жінішке фибрилярлы кұбылыстар пайда болады. Сонымен нейрофибрилдерді нерв клеткасының функциялық жағдайына байланысты уакытша түзілістер деуге болады. Казіргі теория бойынша нерв жүйесінін козуды еткізетін негізгі күрылымын нейрон деп атайды.
Тигроидты заттар. Нерв клеткасына тән нерв жүйесінің екінші түзілістері. Сонымен катар оларды ядролы бояулармен боялатын қабілеттілігіне байланысты хроматофиль заты деп те атайды. Тигроидты заттар нейронын денелерімен дендриттердің түбінде болып, аксондарда кездеспейді. Олар түйіршіктер немесе кесектер тәрізді орналасып, протоплазмаға ала дақ түсін беріп отырады. (37-сурет).
Тірі клеткалардан тигроидты заттар табылмаған. Сондыктан кептеген зерттеулер
оның болатындығын жокка шығарып, тек қана клеткаларды әртүрлі реактивтермен өңдегенде түзілетін заттар деп санады. Бірақ клеткалардын әртүрлі физиолоғиялық жағдайларына байланысты тигроидты заттың үнемі болуы нейронның қажетті түзілісі екендігін дәлелдейді.
Тигроидты заттың нерв клеткаларында азаюы паталогиялық процестерде жеңіл байқалады. Мысалы, талаурау, улану, дегенерация процестерінде онын саны азайып, нервтегі орны өзгеріп отырады. Бұл затты патологиялық нерв жүйесінде зерттеу соңғы кезде өте маңызды орын алып отыр._
Нерв талшықтары. Нейронның денесі омыртқалылар мен омыртқасыздардын, бас пен жұлын миының нерв ганглилеріне кіреді. Орталық нерв жүйесі мен ганглилердің органдармен байланысы нервтер құрайтын нерв талшығы арқылы жүзеге асырылады. Нерв талшығының негізгі бөлімі — білікті цилиндрі аксонның жалғасы болып протоплазма мен нейрофибрелдерден тұрады.
Білікті цилиндр кейбір талшықтарда күрделі күралатын қабықтармен қапталады. Сонымен қатар жалаңаш білікті цилиндрлері де кездеседі. Қабықтардың. арасында майлы, жұмсақ қабық ерекше көзге түседі. Оның болу-болмауына байланысты нерв талшықтары миэлинді және миэлинсіз болып екіге бөлінеді. Миэлинді талшыктар майлы немесе Миэлинді қабықты неврилеммасы бар білікті цилиндрінен түрады. Невриллеманы кейде Шванн қабығы деп атайды.
37-сурет. Нерв клеткасы.
1 - ядро, 2 — протоплазма, 3 —
тигроидты зат.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|