1 БӨлім. Глоссарий автотрофный



жүктеу 4,07 Mb.
бет26/36
Дата14.11.2018
өлшемі4,07 Mb.
#19684
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36

Бақылау сұрақтар:

  1. Бұлшық ет ұлпасына жалпы сипаттамасы және классификациясы.

  2. Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы. Біріңгай салалы бұлшық еттердің дамуы және регенерациясы.

  3. Көдденең салалы бұлшык ет ұлпасы. Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасының құрылысы, талшығы, симпласт, базальді клетка, базальді мембрана, сарколемма. Еттің жиырылу және созылу механизмі. Ақ және қызыл ет талшықтары. Жүректің бұлшық ет ұлпасының құрылысы мен қызметінің жалпы сипаттамасы. Бүлшык ет ұлпасының регенерациясы. Гистогенезі.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.

  2. З.Қ. Тоқаев. Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралы. Семей, 2002.

  3. А.А. Заварзин. Основы сравнительной гистологии. Л., ЛГУ, 1985.

  4. О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.

  5. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.

13-15 Дәріс. Нерв ұлпасы.



Дәрістің мақсаты: Нерв ұлпасына жалпы түсінік беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Нерв ұлпасына жалпы сипаттамасы.

  2. Онто және филогенезі. Нейрондардың морфологиялык және функционалдық классификациясы. Макрология. Классификациясы және функционалдык құрылысы. Микроглия.

  3. Нерв талшыктарынын классификациясы, құрылысы және функциясы. Синапстар. Нейрофибрильдер. Тигроидты заттар. Нейрондардың өзара байланысы. Рефлекторлық доға. Нерв ұлпасының гистогенезі.

1.НЕР В ТКА Н I

Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы. Дененің өзара қатынасы мен әрбір органдардың байланысы нерв жүйесі аркылы жүзеге асырылады. Нерв ткані органдардың әрекеттерін реттеп, тұтас организмнің тіршілігін үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайына бейімдеп отырады. Сырткы ортаның тітіркендіргіштеріне жауап беру тірінің негізгі бір қасиеті екендігін жоғарыда білдік. Сырткы ортаның тітіркендіргіштеріне организмнің нерв жүйесі арқылы жауап беру реакциясын рефлекс деп атайды. Дененің ішкі және сырткы нерв ұштары тітіркенгенде қозу туады. Пайда болған козу сезімтал нерв аркылы орталық нерв жүйесіне өтеді.

Ал орталық нерв жүйесіндегі қозу қозғалтушы нерв арқылы органға жетіп, оған қызмет жүктейді. Қозу өтетін жолды рефлекс доғасы дейді. Рефлекс арқылы организм орта жағдайына бейімделеді.

Жануарлардың филогенездік дамуында нерв жүйесі ұзақ эволюциялық кезеңдерден өтті. Кұрылысы күрделенген сайын олардың сыртқы ортаның әсеріне жауап беру түрлері де күрделене түсті.

Алғашқы сезімтал клеткалар. Олар ішек қуыстарының эктодермасымен ерекшеленіп, диффузды нерв жүйесін құрайды. Қарапайым нерв жүйесінің күрделенуі де ненің бір шетіне нерв клеткаларын жинау бағытында өтті. Нәтижесінде нерв орталықтары түзілді. Карапайым жануарларда нерв жүйесі нерв клеткалары мен талшықтардан тұратын сала тәрізді болады. Нерв клеткалары кейінгі эволюцияда жинақталып, нерв түйіндерін (ганглияларды) түзеді. Олар көптеген омырткасыздарда тізбекті нерв жүйелері, ал омыртқалыларда түтікті орталык нерв жүйесі болып дамиды. Нерв клеткаларының жинақталуымен қатар олардың ерекшеленуі және мамандануы өтіп жатты. Нерв жүйесінің элементтері мен ет жүйесі арасындағы алғашқы күрделі қатынастар пайда болды. Адамның нерв жүйесі өзінің дамуында ең жоғары сатысына жеткен.

«...Жануарлар организмінің нерв жүйесі неғұрлым күрделі болса, ол солғүрлым жинақты келеді, оның ең жетілген бөлімі организмнің әрекетін реттеуші бола алады...»

Бұл ең жетілген бөлім денеден құрылыстардың барлығын өз қарамағында ұстайды». (Павлов И.П. Шығармаларының толық жинағы, 1-том, СССР Ғылым Академиясы, 1940 жыл, 410 бет).

Омырткалы жануарлар мен адамның анатомиясын зерттегенде нерв жүйесінің құрылысын жеңіл түсіну үшін оны орталық және шеткі жүйелерге бөледі. Омырткалылардың нерв жүйесі әртүрлі клеткалардан түратын орталық бөлімнен (бас және жұлын миы) және ұшты аппараттары бар нервтерден кұралатын шекті бөлімнен тұрады. Дененің әртүрлі бөлегінде орналасатын нерв түйіндеріндегі аздаған нерв клеткалары жиналып, арқалық ганглий деп аталынатын нерв жүйесінің шеткі бөлегіне енеді. Нерв жүйесі сонымен қатар симпатикалық және вегетативті, яғни автономдық бөлімдерге ажыратылады.

Симпатикалық бөлімге бас, жұлын, арқалық ганглилер және солардан тарайтын нерв талшыктары мен ұшты аппараттар кіреді. Ал вегетативтік бөліміне дененің ішкі органдары мен сыртында көп таралған ганглилер және бас пен жұлын миына жалғасатын нервтер кіреді. Соматикалық нерв жүйесі козғалтушы органдарды, ал вегетативті нерв жүйесі ішкі органдарды нервтермен қамтамасыз етеді. Нерв жүйесінін екі бөлімі де өз әрекетінде бір бірімен үздіксіз байланыста болып, біртұтас нерв жүйесін құрайды.

Нерв жүйесінің кұрылысы өте күрделі. Оның кұрамына сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдауға бейімделген және соларды организмге өткізетін ерекше маманданған тканьдік элементтер кіреді. Соған байланысты нерв клеткасы нерв жүйесінің негізгі элементі болады. Нерв клеткасы тармақталып, сол тармақтары арқылы органдарды өзара және орталық нерв жүйесімен байланыстырып тұрады. Сондықтан нерв жүйесімен танысу нервтің жеке тканьдік элементтерін білуден басталады. Нерв жүйесі сырткы орталык тітіркендіргіштерін қабылдайтын элементтерден және соларды организмге өткізетін талшыктардан тұрады. Соған байланысты нейрон деп аталатын нерв клеткасы қозуды өткізетін тармақты талшык-тардан және коректік пен тіректік қызмет атқаратын нейроглияда түрады.

2.Нейрон. Нейрон — тітіркендіргіштерді қабылдап, өңдеп, оларды дененің әртүрлі органдарына немесе нейрондарына өткізетін күрделі маманданған нерв клеткасы. Нейрондар нерв жүйесінің орталықтары мен талшыктарын және ұшты аппараттарын кұрайды. Орталықтар деп бір нейроннан екінші нейронға импульс өткізетін бөлімдерді атайды. Орталықтар ядролы және қабықты қабатты болады. Ядролы орталықтар тәртіпсіз жинақталған нейрондардан құралып, өзара байланыс жасайды. Қабыкты орталықтар бас миының белгілі бөлімдерінің үстіңгі қабатын құрап, тұтас кабатталып орналасады. Мұнда нейрондар бірнеше қатарлар түзеді.

Нейрон негізгі денеден және тармақтардан тұрады. Денесінде протоплазма, ядро- органоидтар және тек өзіне тән арнаулы түзілістер болады. Тамақтары — аксон немесе нейрит және дендриттерден құралады. (33-сурет). Аксон деп клетканың ұзын талқыштарын ал дендрит деп клетканың кысқа талшықтарын атайды. Аксон жіңішке, ұзындығы бірнеше сантиметрден 1 —1,5 метрге жететін қабырғалы талшықтары бар нерв клеткасының тармағы.



33-сурет. Нейроннық схемасы.

1 — клетканың денесі мен ядросы: 2 — дендриттер; 3 — аксон;




Қлетканың айналасындағы қыска тармактар дендридтер деп аталынады. Олар нейронның денесінің жалғасы болып, ұштары жіңішкеріп аяқталады.

Нейрондар өзінен тарайтын тармақтардың санына қарай көп тармақты-мультиполярлы (көп полюсті), екі тармақты биполярлы, (екі полюсті), бір тармақты-уни-полярлы (бір полюсті) типтерге бөлінеді. Мультиполярлы клеткалар көп бұрышты, униполярлы мен биполярлы клеткалар дөңгелек немесе овал тәрізді болады.

Мультиполярлы нейронның тармақтары жан-жаққа тарайды. Кейде дендриттер санының көптігі соншалықты, клетканын, бүкіл денесінің көлемінен олардың көлемі әлдеқайда зор болады. Мысал ретінде мультиполярлы клеткаға жұлын мыйының қозғалтқыш нейронын келтіруге болады. (34-сурет). Бұл нейронның дендриттері жұлын миының сұр затында күшті тармақталып, баска нейрондардың тармақтарымен жалғасып жатады.



34-сурет. Сиырдың ұрығындағы арқалық мидың мультиполярлы нейроны.

1 — аксон; 2 — дендрит; 3 — клетканың денесі мен ядросы; 4 — қабық; 5 — ұшты тармақтар; 6 — бүйір тармағы.

Биполярлы нейронның тармақтары екі жақка қарама-қарсы тарайды. Тармақтардың біреуі қозуды дендрит арқылы шеттен клеткаға, ал екінші тармағы аксон арқылы миға өткізеді. Мысалы биполярлы нейрондарға омырткалылардың иіс органдары мен көздің торлы қабаттарындағы және насекомдардын, терісіндегі сезімтал клеткалар жатады. (35-сурет).

Униполярлы нейронның тармағы біреу ғана. Оның екі саласы бар, біреуі шеткі органға, ал екіншісі орталық нерв жүйесіне карай бағытталып тарайды. Мұндай нейронның алғашқы дамуында екі тармақ калыптасып, кейін олар бір-бірімен қосылғандықтан униполярлы нейронға айналады. Мысалы жоғарғы омыртқалардын арқалық ганглийлері униполярлы нейронға жатады. Нейронның ядросы әрдайым ортасына орналасып, дөнгелек немесе оваль тәрізді болады.
35-сурет. Инеліктің личинкасының терісіндегі А — биполярлы, Б—униполярлы нейрон.

1 — клетканың денесі; 2 — дендрит; 3 — аксон; 4 — ядро.

Ядроның хроматині аз болғандықтан құрылысы жақсы көрінеді. Ядрышкосы ірі келеді жеңіл ажыратылады. Органоидтың құрамына кіретін ішкі торлы аппарат жақсы дамыған болады. Кейбір клеткаларда ішкі торлы аппарат ядроның айналасына орналасқан торларға ұқсас болады.

Нейронның протоплазмасында хондриосомдар және клетка орталығы да болады. Қорлы коректік заттардың гликоген, липойдтар мен пигменттер жиі кездеседі.

Нерв клеткасының ерекше түзілістеріне нейрофибрилдер мен тигроидты заттар жатады.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау