1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ііі заңы



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет33/46
Дата13.02.2020
өлшемі0,92 Mb.
#28910
түріНұсқаулар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46

 
 
                               БЕКІТЕМІН 
                                                                          Шымкент университетінің ректоры, 
                                х.ғ.к., доцент  
                                                                                   ____________________Шингисбаев Б.М. 
                                                                                   «________»________________ 2014 ж. 
 
АРХИВАРИУСТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ 
 
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
 
1.1. Архивариус техникалық орындаушылар санатына жатады, архив меңгерушісінің, өзге 
лауазымдық тұлғаның ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен жұмысқа қабылданады 
және босатылады. 
1.2.  Архивариус  лауазымына  бастапқы  кәсіби  білімі  бар,  жұмыс  өтіліне  талаптар 
қойылмайтын  немесе  орта  (толық)  жалпы  білімі  және  белгіленген  бағдарлама  бойынша 
арнайы дайындығы бар тұлға тағайындалады. 
1.3. Архивариус тікелей архив меңгерушісіне бағынады.  
1.4. Архивариус өз қызметінің ерекшелігі бойынша: 
-  кәсіпорында  архивтік  істі  жүргізуге  қатысты  нормативтік  құқықтық  актілерді, 
ережелерді, нұсқауларды, басқа басшылық материалдар мен құжаттарды; 
- құжаттарды архивке қабылдау және тапсыру, оларды сақтау және пайдалану тәртібін; 
- іс жүргізу жүйесін; 
-  тұрақты  және  уақытша  сақтау  құжаттарын  сипаттауын  және  құжаттарды  жою  туралы 
актілерді жасау тәртібін; 
- істерді ресімдеу және оларды сақтау мен пайдалануға дайындау тәртібін; 
- есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібін; 
- кәсіпорын құрылымын; 
- еңбекті ұйымдастыру негіздерін; 
- техникалық құралдарды пайдалану ережелерін; 
- еңбек заңнамасының негіздерін; 
- еңбекті қорғау ережелерін және нормаларын білуі тиіс. 
 
2. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ 
 
2.1. Кәсіпорында архив ісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады. 
2.2.  Архивке  келіп  түсетін  құжаттырды  сақтауды  және  сақталуын  қамтамасыз  етуді 
ұйымдастырады. 
2.3.  Құрылымдық  бөлімшелерден  сақтауға  келген,  іс  жүргізумен  аяқталған  құжаттарды 
қабылдайды және тіркейді. 
2.4.  Іс  номенклатураларын  даярлауға  қатысады,  олардың  архивке  тапсыру  кезінде 
құрылуының және ресімделуінің дұрыстығын тексереді. 
2.5.  Қолданылып  жүрген  ережелерге  сәйкес  сақтау  бірліктеріне  шифр  береді,  істерді 
жүйелендіреді және орналастырады, олардың есебін жүргізеді. 
2.6.    Тұрақты  және  уақытша  сақтау  мерзім  бірліктерінің  тізімдеме  жинағын,  сонымен 
қатар құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру, сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен 
шығару мен жою үшін актілерді даярлайды. 
2.7. Құжаттар бойынша анықтама аппаратын құру бойынша жұмысты жүргізеді, олардың 
ыңғайлы және тез іздестіруін қамтамасыз етеді. 
2.8.  Архивтік  құжаттардың  ғылыми  және  тәжірибелік  құндылығының  сараптамасы 
бойынша жұмысқа қатысады. 


2.9.  Құжаттардың  жайын,  олардың  қалпына  келтірілуінің  уақытылығын,  архив 
жайларында  олардың  сақтылығын  қамтамасыз  ету  үшін  қажетті  жағдайдың  болуын 
қадағалайды.  
2.10. Архив жайларында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылайды. 
2.11.  Келіп  түскен  сұрауларға  сәйкес  архивтік  көшірмелерді  және  құжаттарды  береді, 
архив құжаттарында бар мағлұматтардың негізінде қажетті  анықтамалар жасайды, архив 
жұмысы туралы есептілікті даярлау үшін мәліметтерді әзірлейді. 
2.12.  Жұмыста  қазіргі  уақытқа  сай  техникалық  құралдарды  пайдалану  бойынша  қажетті 
шараларды жүзеге асырады. 
 
3. ҚҰҚЫҚТАРЫ 
 
Архивариустың мыналарға құқығы бар: 
3.1.  Кәсіпорын  басшылығының  оның  қызметіне  қатысты  шешімдерінің  жобаларымен 
танысуға. 
3.2.  Осы  нұсқаулықта  көзделген  міндеттерге  байланысты  жұмысты  жетілдіру  жөніндегі 
ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге. 
3.3.  Құрылымдық  бөлімшелердің  басшыларынан  және  мамандардан  оның  құзыретіне 
кіретін мәселелер бойынша ақпарат және құжаттар алуға. 
3.4. Кәсіпорын басшылығынан өзінің лауазымдық міндеттері мен құқықтарын орындауда 
көмек көрсетуді талап етуге. 
 
4. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 
 
Архивариус мыналар үшін жауапкершілік атқарады: 
4.1.  Осы  лауазымдық  нұсқаулықта  көзделген  лауазымдық  міндеттерін  орындамағаны 
(тиісті  дәрежеде  орындамағаны)  үшін  Қазақстан  Республикасының  қолданылып  жүрген 
еңбек заңнамасында айқындалған шектерде. 
4.2.  Қызметін  жүзеге  асыру  барысында  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін  –  Қазақстан 
Республикасының  қолданылып  жүрген  әкімшілік,  қылмыстық  және  азаматтық 
заңнамасында айқындалған шектерде. 
4.3.  Материалдық  шығын  келтіргені  үшін  –  Қазақстан  Республикасының  қолданылып 
жүрген әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған шектерде. 
 
 
 
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым: 
 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
 
 
 


жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау