1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ііі заңы



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет32/46
Дата13.02.2020
өлшемі0,92 Mb.
#28910
түріНұсқаулар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46

                               БЕКІТЕМІН 
                                                                         Шымкент университетінің ректоры, 
                               х.ғ.к., доцент  
                                                                                  ____________________Шингисбаев Б.М. 
                                                                                  «________»________________ 2014 ж. 
 
КАДР БӨЛІМІ ИНСПЕКТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ 
 
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1.1  Кадр бөлімінің инспекторы мамандар санатына жатады, кадр бөлімі бастығының, өзге 
лауазымды  тұлғаның  ұсынуы  бойынша  университет  ректорының  бұйрығымен  жұмысқа 
қабылданады және босатылады. 
1.2.  Кадр  бөлімінің  инспекторы  лауазымына  жоғары  білімі  бар,  жұмыс  өтіліне  талап 
қойылмайтын  немесе  бастауыш  кәсіби  білімі  бар,  белгіленген  бағдарлама  бойынша 
арнайы даярлығы мамандығы бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде осы мекемеде кемінде 
1 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады. 
1.3. Кадр бөлімінің инспекторы тікелей кадр бөлімнің бастығына бағынады.  
1.4. Кадр бөлімінің инспекторы өз қызметінің ерекшелігі бойынша: 
– заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, қызметкерлердің есебін жүргізу және   
   қозғалысы жөніндегі құжаттаманы жүргізу туралы әдістемелік материалдарды; 
– еңбек заңнамасын; 
– мекеменің құрылымын және штатын; 
– мекеме қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын және жеке істерін рәсімдеу, жүргізу және   
   сақтау тәртібін; 
– жұмысшылар мамандықтарының және қызметшілер лауазымдарының атауларын, жалпы    
   және үздіксіз жұмыс өтілін, қызметкерлерге жеңілдіктер, өтемақылар, зейнетақы    
   рәсімдеу тәртібін; 
– кадрлар қозғалысының есебін жүргізу және белгіленген есептілікті жасау тәртібін;  
– мекеме қызметкерлері туралы деректер базасын жүргізу тәртібін; 
– іс қағаздарының негіздерін; 
– есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын; 
– еңбек заңнамасының негіздерін; 
– еңбек қорғау ережелерін және нормаларын білуі тиіс. 
 
2. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ 
 
2.1.  Бастапқы  есеп  жүргізу  құжаттамасының  бірегейлендірілген  нысандарына  сәйкес 
мекеменің, оның бөлімшелерінің жеке құрамының есебін жүргізеді. 
2.2.  Еңбек  заңдарына,  ережелерге  және  мекеме  басшысының  бұйрықтарына  сәйкес 
қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдауды,  ауыстыруды  және  босатуды,  сондай-ақ  кадрлар 
жөніндегі басқа да белгіленген құжаттаманы ресімдейді. 
2.3.  Қызметкерлердің  жеке  істерін  қалыптастырады  және  жүргізеді,  оларға  еңбек 
қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді. 
2.4.  Біліктілік,  аттестациялау,  конкурстық  комиссияларға  және  қызметкерлерді 
ынталандыру  мен  марапаттауға  ұсынуға  арналған  қажетті  материалдарды  дайындайды. 
Еңбек  кітапшаларын  толтырады,  есебін  жүргізеді  және  сақтайды,  еңбек  өтілін  есептеуді 
жүргізеді,  қызметкерлердің  қазіргі  және  өткен  еңбек  қызметтері  туралы  анықтамалар 
береді. 
2.5. Еңбек кітапшаларына қызметкерлерді ынталандыру мен марапаттау туралы жазбалар 
жасайды. 


2.6.  Қызметкерлердің  сандық,  сапалық  құрамы  және  олардың  қозғалысы  туралы 
ақпаратты кәсіпорынның қызметкерлері туралы деректер базасына енгізеді, оның уақтылы 
жаңартылуын және толықтырылуын қадағалайды. 
2.7.  Қызметкерлерге  демалыс  берудің  есебін  жүргізеді,  кезекті  демалыс  кестелерін 
жасауды және сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 
2.8.  Зейнетақыны  сақтандыру  карточкаларын,  мекеменің  қызметкерлеріне  және  олардың 
отбасыларына зейнетақы тағайындау, жеңілдіктер мен өтемақылар белгілеу үшін қажетті 
құжаттарды ресімдейді. 
2.9.  Кадрлардың  тұрақтамау  себептерін  зерделейді,  оны  төмендету  жөніндегі  іс-
шараларды әзірлеуге қатысады. 
2.10. Құжаттарды сақтаудың белгіленген мерзімдері аяқталғаннан кейін оларды мұрағатқа 
сақтауға дайындайды.  
2.11.  Ұйымның  бөлімшелеріндегі  еңбек  тәртібінің  жай-күйін  және  қызметкерлердің  ішкі 
еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. 
2.12. Белгіленген есептілікті жасайды. 
 
3. ҚҰҚЫҚТАРЫ 
 
Кадр бөлімі инспекторының мыналарға құқығы бар: 
3.1.  Мекеме  басшылығының  оның  қызметіне  қатысты  шешімдерінің  жобаларымен 
танысуға. 
3.2.  Осы  нұсқаулықта  көзделген  міндеттерге  байланысты  жұмысты  жетілдіру  жөніндегі 
ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге. 
3.3.  Құрылымдық  бөлімшелердің  басшыларынан  және  мамандардан  оның  құзыретіне 
кіретін мәселелер бойынша ақпарат және құжаттар алуға. 
3.4.  Өзінің  лауазымдық  міндеттері  мен  құқықтарын  орындау  үшін  кәсіпорын 
басшылығынан көмек көрсетуді талап етуге. 
 
4. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 
 
Кадр бөлімінің инспекторы мыналар үшін жауапкершілік атқарады: 
4.1.  Осы  лауазымдық  нұсқаулықта  көзделген  лауазымдық  міндеттерін  орындамағаны 
(тиісті  дәрежеде  орындамағаны)  үшін  Қазақстан  Республикасының  қолданылып  жүрген 
еңбек заңнамасында айқындалған шектерде. 
4.2.  Қызметін  жүзеге  асыру  барысында  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін  –  Қазақстан 
Республикасының  қолданылып  жүрген  әкімшілік,  қылмыстық  және  азаматтық 
заңнамасында айқындалған шектерде. 
4.3.  Материалдық  шығын  келтіргені  үшін  –  Қазақстан  Республикасының  қолданылып 
жүрген әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған шектерде. 
 
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым: 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 


жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау