БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
КАФЕДРА АҒА ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Кафедраның аға оқытушысы Шымкент университетінің маман санатына жатады,
кафедрадағы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейде
қалыптастыруды жүзеге асырады.
1.2 Аға оқытушы өз қызметінде ҚР заңдарын, соның ішінде “Білім туралы” заңын, ҚР
МЖМБ 3.001-2000, ҚР Білім және ғылым министірлігінің нор-мативтік-құқықты
құжаттарын, университет Ережесін, университет ректорының бұйрықтары мен
өкімдерін, университеттің нормативтік-өкімдік актілерін басшылыққа алады.
1.3 Аға оқытушы атқаратын қызметіне кафедра меңгерушісінің және факультет
деканының ұсынысымен, оқу ісі жөніндегі проректорының келісімімен, университет
ректорының бұйрығымен тағайындалады және қызметтен босатылады.
1.4 Аға оқытушы тікелей кафедра меңгерушісіне бағынады.
1.5 Аға оқытушы жұмысында болмаған жағдайда оның оқу жүктемесі кафедра
меңгерушісінің шешімімен кафедра оқытушысына жүктеледі.
2. БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1 Аға оқытушы қызметіне кәсіби жоғары білімі бар, ғылыми еңбектері мен әдістемелік
мақалалары бар, жоғары оқу орнында педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес тұлға
тағайындалады.
2.2 Аға оқытушы білуге тиіс:
-ҚР “Білім туралы” заңын;
-ҚР “Еңбек Кодексін” ;
-ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін;
-университет Ережесін;
-қызметтік этиканы;
-осы қызметтік нұсқауды;
-университеттің ішкі еңбек тәртіп ережесін;
-кафедра туралы Ережені.
3.МІНДЕТТЕР
Аға оқытушы міндеттері:
3.1 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде, мамандарды
даярлауды жүзеге асыратын оқу және жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге.
3.2 Оқу сабақтарын жұмыс оқу жоспарына сәйкес жоғары деңгейде өтуді қамтамасыз
етуге.
3.3 Кафедраның мамандық профиліне сай оқулықтар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік
нұсқауларын дайындауға.
3.4 Оқу үрдісіне қазіргі заманға сай жаңа оқу технологияларын және оқытудың
техникалық әдістерін ендіруге.
3.5 Оқытудың жетекші әдісі ретіндегі дәрісбаянды жүргізу деңгейін үздіксіз көтеруді,
теориялық білімді бекіту мақсатында практикалық, лабораториялық сабақтарды
жүргізуде қажетті дағдылар мен шеберліктерді қамтамасыз етуге.
3.6 Іздену және талдау қабілеттерін дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік
жұмыстарын ұйымдастыруға және оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге.
3.7 Оқу үрдісі барысында студенттердің білімін қорытындылау мақсатында коллоквиум,
бақылау жұмыстарын, сынақ-емтихан қабылдау жұмыстарын жүргізуге.
3.8 Оқу әдістемелік, ғылыми зерттеу, тәрбие жұмыстары бойынша дербес жылдық
жоспар құруға және жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізуге.
3.9 Оқу әдістемелік әдебиеттер, ғылыми мақалалар мен ғылыми еңбектер дайындауға.
3.10 Ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша дербес жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілген
жұмыстарының есебін кафедраға талқылауға ұсынуға.
3.11 Ғылыми педагогикалық біліктілігін көтеруде, педагогикалық этика нормаларын,
сақтауға.
3.12 Студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізуге.
3.13 Студенттерді кафедра, факультет және университет ауқымында өткізілетін түрлі
қоғамдық шараларға белсенді қатысу ддағрдыларын қалыптастыру.
3.14 Студенттің тұлғалық беделін құрметтеу.
3.15 Өзінің жоспарланған педагогикалық жүктемесін мүлтіксіз толық орындауға.
3.16 Талап етілген есептер ме,н құжаттарды мерзімінде дайындап беруге.
3.17 Ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуға.
3.18 Қызметтік ақпараттық құпиялылығын қаматамасыз етуге.
3.19 Еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауға.
3.20 Еңбек техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауға.
3.21 Ұжымда өзара сыйластық пен іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға, сын мен
өзіндік сынды қалыптастыруға.
3.22 Қызметтік этиканы сақтауға.
4. ҚҰҚЫҒЫ
Аға оқытушы құқылы:
4.1 Өз қыметіне қатысы бар университет басшыларының шешімдерінің жобаларымен
танысуға.
4.2 Жұмысты жетілдіру бойынша университет басшыларының қарауына ұсыныстар
енгізуге.
4.3 Кәсіптік қызмет үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге.
4.4 Жұмыстан қол үзе отырып, университеттің қаражаты есебінен 5 жылда бір рет өзінің
біліктілігін арттыруға.
4.5 Өзінің кәсіптік беделі мен қадір – қасиетін қорғауға.
4.6 Белгіленген тәртіппен халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуға.
4.7 Білім беру қызметіндегі табыстары үшін материалдық және моральдық жағынан
көтермеленуге және алғыс хатпен марапатталуға.
4.8 Белгіленген тәртіппен университет әкімшілігінің өкімдері мен бұйрықтарына шағым
жасауға.
5. ЖАУАПКЕРШІЛІК
Аға оқытушы жауапты:
5.1 Қызметтік міндеттерін орындамағанда.
5.2 Жұмыстарының деңгейі төмен болғанда.
5.3 Кафедраның материалды – техникалық базасын мақсатқа сай қолданбағанда.
5.4 Күші бар заңдарға сәйкес өз міндеттерін шегіндегі сапасыз жұмыстары мен қате іс –
әрекеттері , сондай – ақ әрекетсіздік танытып, шешім қабылдай алмаған үшін.
5.5 Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамағанда.
5.6 Қызметтік этиканы сақатамағанда.
5.7 Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтамағанда.
5.8 Университет ережесінде, заңды күшіндегі құқықтық актілерде, кафедра туралы
ережедегі және осы қызметтік нұсқаудағы көзделген міндеттерін орындамағанда.
5.9 ҚР “Еңбек Кодексі” шегінде өзінің қызметтік міндеттерін орындау процесінде
жіберілген басқа да бұзушылықтары үшін.
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |