1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



жүктеу 0,62 Mb.
бет48/80
Дата04.01.2022
өлшемі0,62 Mb.
#36192
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80
лекция

3. Байырғы төл сөздер – қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жалпыхалықтық сипатта қалыптасқан, оның өзіне тән сөздері. Байырғы төл лексиканың құрамындағы жалпытүркілік сөздер мен негізгі сөздік қордан тыс мол қабаты тіліміздегі тарихи тума сөздермен байланысты. Тарихи тума сөздер тіліміздің сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған. Қазіргі қазақ төл сөздерінің жасалу жолдары төрт түрге бөлінеді:

  1. Семантикалық тәсіл;

  2. Фонетикалық тәсіл;

  3. Синтетикалық тәсіл;

  4. Тіркесу тәсілі.

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөз жасау жолдары сөздердің сан жағынан емес, сапа жағынан да қорлануын көрсетеді. (Бұл туралы «Сөздің көп мағыналылығы» туралы тақырыпты қараңыз).

Фонетикалық жолмен жасалған сөздер әуелі дыбыстардың алмасуы, қосылып айтылуы және түсіріліп айтылуы арқылы вариантты сөз ретінде қолданыла келе жеке-жеке мағынаға ие болу арқылы қалыптасады. Мәселен, өкімет (власть) - үкімет (правительство) болып тілімізде қолданылуы дыбыстардың (ө-ү) алмасуы арқылы пайда болған. Ұста сөзінің уыста, моншақ сөзінің мойыншақ сөздерінен ықшамдалып жасалғаны белгілі (1,139 б.).

Синтетикалық сөз жасау тәсілі үш түрлі жолмен жасалады:

- қазақтың төл сөздеріне осы тілдің өз қосымшалары жалғану арқылы жасалған сөздер: сүзбе, сыпырғы, қысқы, шегеле, орақша, малшы, заттай, киімшең т. б.

- басқа тілден енген сөздерге сөзжасам қосымшалары жалғану арқылы жасалған сөздер: дос, гүл, шәкірт, мұғалім, ауқат, қаһарман, спорт, бетон, эвакуация, эквивалент сөздеріне қазақ тілі қосымшалары қосылып достық, гүлден, шәкірттік, мұғалімдік, ауқатты, қаһармандық, спортшы, бетондау, эвакуациялау, эквиваленттілік туынды сөздері жасалған.

- қазақтың төл сөзіне басқа тілден енген қосымшалар жалғанып та сөздер жасалады: іскер, тыңгер, әсемпаз, түйекеш т. б. Сондай-ақ қосымша да, негізгі морфема да басқа тілден енген, бірақ олардың сөз жасау мүмкіндігі қазақ тілінің ішкі мүмкіндігіне сай туса, ондай сөздер төл сөздер қатарыннан орын алады. Тәлімгер (наставник) тұлғасындағы тәлім де, -гер де араб-парсы тілінен енгенімен, сөздің жасалуы қазақ тілінің заңдылығына сәйкес қалыптасқан (1, 140).



Сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сөздер. Күрделі сөздер негізінен бірігу, қосарлану, тіркесу жолдарымен жасалады:

- бірігу арқылы жасалған сөздерге жалақы, қолғап, қарақат, сексен, тоқсан, ешқандай, ештеңе, әкел, апар, әкет, өйткені, сөйткені, анағұрлым т. б.

- қос сөздерге қыз-келіншек, құрбы-құрдас, үлкен-кіші, көзбе-көз, бір-екі, бес-алты, жиырма-отыз, үзіліп-созылып, ойнап-күліп, у-шу, шаң-шұң, қысы -жазы, күні-түні т. б.

- сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сөздер: бала бақша, сары май, темір жол, кәрі жілік, ат жақты, көк ала, он бес, жиырма алты т.б.




жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау