2. Түркі халықтарына ортақ сөздер. Түркі тілдеріне ортақ сөздердің көпшілігі қазақ тілінің де төл сөзі болып келеді. Мысалы: бас, су, тіл, қол, аяқ, көз, жер, бала (зат есім), ақ, қара, көк, сары, жақсы, жаман (сын есім), бір, екі, үш, төрт, жүз, мың (сан есім); мен, сен, ол, қанша, қандай (есімдік), кел, кет, отыр, тұр (етістік), тез, ерте, кейін (үстеу) т. б. Түркі тілдеріне ортақ сөздердің қазақтың өз сөздерінен ешқандай айырмашылығы білінбейді. Тек кейбір сөздерде ғана фонетикалық өзгерістерге ұшырағаны немесе көне формасын сақтағаны білінуі мүмкін. Мысалы: сары сөзінің көне түркі тілінде сарығ, үлкен сөзінің ұлуғ болып айтылғандығы қазіргі қазақ тіліндегі сарғай, ұлғай формаларынан аңғарылады. Қазақтың төл сөздері жаңа зат, жаңа ұғымдардың пайда болуына байланысты өз қатарын байытып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |