4.Тіл-тілде басқа тілден енген сөздер ішкі және сыртқы факторларға байланысты пайда болады. Сыртқы фактор сөз алушы халықтың басқа халықтармен байланысынан пайда болатын сөз ауысу процестерін бейнелейді. Мысалы, араб жаулаушыларының халқымызға мұсылман дінін енгізуі, моңғол шапқыншыларының ұзақ уақыт билік жүргізуі, қазақ халқының Ресейге қосылуы қазақ тіліне көптеген кірме сөздердің енуіне себеп болды. Айталық, парсы тілінен аспан, баға, ұстаз, дерт, көше, керуен, маржан, диқан, дарақ, гүл сөздері енсе, араб тілінен кітап, қалам, мектеп, халық, мағына, мәдениет, әдебиет, тарих, әдеп, сауат, айла, сағат, сәулет, сауал т. б. сөздері енген. Ал ішкі фактор тілдік жүйедегі сөздік ішкі мағыналық құрылымының дамуына тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |