1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау. Қаржылық және басқарудағы талдаудың өзара байланысы Қаржылық талдаудың әдістері


Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау –



бет4/5
Дата21.01.2022
өлшемі55 Kb.
#34293
1   2   3   4   5
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдын талдаудың мазмұны мен әдістері

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштермен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.



Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.



Шетел мемлекеттерінің тәжірибесінде 3 коэффициент көп қолданылады: ROA, ROE, ROC.

ROA коэффициенті кәсіпорын меншікті және тартылған көздерден калыптасқан сомалық активтердін қаншасын тапқанын көрсетеді. Бұл коэффициент құрылымдық бөлімдердің қызметін бағалау үшін жиі пайдаланады.

ROE коэффициенті кәсіпорынмен акция иелерінің қаражаттарына қаншалықты ақша тапқандығын белгілейді. Бұл көрсеткіш компания басшыларына, оның акционерлеріне өте қажет.

Инвестицияланған капитал (тұрақты капитал) бұл акционерлік капиталдың және ұзақ мерзімді міндеттемелердің (несиелер мен займдар) сомасы болып табылады. Ол кәсіпорынның ұзақ ұақыт айналымында болатын ақшалай каражаттарын бейнелейді.



Кәсіпорынның қаржылық жағдайын алдын ала бағалау үшін көрсеткіштерді 2 топқа бөледі. Бірінші топқа нормативтік мағынасы анықталған көрсеткіштер кіреді. Олардың қатарына қаржылық тұрақтылық және өтімділік көрсеткіштері жатады:

  • жалпы өтеу коэффициенті;

  • тығыз өтімділік коэффициенті;

  • қаражаттарды жұмылдыру жағдайында өтімділік коэффициенті;

  • қарыз және меншікті қаражаттардың арақатыс коэффициенті;

  • меншікті қаражаттармен қамту коэффициенті;

  • меншікті айналым қаражаттардың ептілік коэффициенті.

Екінші топқа нормативсіз көрсеткіштер кіреді. Оларды көп жағдайда динамикада көрсетеді немесе басқа кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырады. Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады:

    • таза пайда бойынша таза активтердің тиімділігі;

    • сатылған өнімнің пайдалылығы;

    • айналым активтердің айналымдылық коэффициенті;

    • меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау