7
ұсынылатын электрондық құжаттардың мазмұнындағы бұрмаланулардың
және/немесе өзгерістердің болуын анықтауға, банктік құпияны құрайтын ақпаратқа
санкциясыз қолжетімділіктен қорғауды қамтамасыз етуге және осы ақпараттың
бүтіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
5.2.
Ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етудің барлық тәртіптері: Клиенттің
пайдаланатын дербес компьютерлерінде, Интернет желісінде және Клиент пен
банктің Интернет-банкинг желісінде орындалады, Банктік электрондық қызметтер
желісі Phone banking және Байланыс Орталығы арқылы.
5.3.
Интернет-банкинг жүйесі арқылы электрондық банктік қызметтерді ұсыну,
Клиентке төмендегі қауіпсіздік рәсiмдерге сәйкес болуы тиіс:
5.3.1. Интернет-банкинг желісінде берілетін және алынатын ақпараттың құпиялылығын
қамтамасыз ету мақсатында Интернет арқылы дербес банктік қызмет көрсетудің
барлық қосымшаларымен бірге 128-bit SSL шифрлеуі (қауіпсіз біріктіру хаттамасы)
пайдаланылады, ол Интернет желісі арқылы банктік қызмет көрсету бағдарламалары
үшін пайдаланылатын стандарттық салалық шифрлеу болып табылады.
5.3.2. Клиент 128-bit шифрлеуді қолдау мүмкіндігін анықтау үшін браузерді тексеруі тиіс.
5.3.3. Интернет-банкинг жүйесіне қолжетімділікті жүргізгенде және Банк Банктік
электрондық қызметтерді ұсынғанда Клиентті сәйкестендіру мақсаты үшін
Интернет-банкинг жүйесінде мынадай сәйкестендіруші деректер көзделеді –
бастапқыда тіркелгенде - ТБН, Пароль, Қауіпсіздік коды, кейіннен қол жеткізгенде
– ТБН/Пайдаланушының аты, Пароль, Қауіпсіздік коды.
5.3.4. Клиент Интернет-банкинг жүйесіне пайдаланушы ретінде бастапқыда тіркелген
кезде Клиенттің есептік жазбасын жасау және Осы Келісімге сәйкес көрсетілген
тіркелу тәртіптеріне сәйкес Интернет-банкинг жүйесіне қол жеткізу үшін Клиент
Банк ұсынған ТБН, Пароль және Интернет-қауіпсіздік құрылғысын пайдаланады.
5.3.5. Клиент жүйеге бастапқыда кіргеннен кейін парольді ауыстырып, қалауынша ТБН-ді
Пайдаланушының атына қалдыруы немесе ауыстыруы, Интернет-банкинг жүйесінде
Токеннен туындаған Қауіпсіздік кодын енгізуі тиіс.
5.3.6. Интернет-банкинг жүйесіне кейінгі қолжетімділік, Клиенттік сәйкестендіру және
Аутентификация,
Банктік
электрондық
қызметтерді
ұсыну,
Клиенттің
Нұсқаулықтарын орындауы Клиент бастапқыда тіркелген кезде жеке өзі көрсеткен
(немесе Есептік жазбасы өзгертілгенде) және Интернет-қауіпсіздік құрылғысымен
(Токенмен) туындаған ТБН/Пайдаланушының атының, Парольдің және Қауіпсіздік
кодының негізінде ғана орындалады.Бұл кезде Қауіпсіздік кодын Клиент жеке өзі
ауыстырмауы тиіс.
5.3.7. Төлемдер мен аударымдарды жүргізгенде, сондай-ақ жүргізілуі үшін Интернет-
банкинг жүйесінде Қауіпсіздік кодын қайта көрсету қажет болатын басқа да
әрекеттерді жүргізу үшін Клиент қосымша Қауіпсіздік кодын көрсетуі тиіс.
5.3.8. Клиент кез келген үшінші тұлғаларға өзінің ТБН/Пайдаланушы атын, Парольді,
Токенін, Қауіпсіздік кодын жария етпеуі тиіс және ТБН/Пайдаланушы атының,
Парольдің, Токеннің бүтіндігінің сақталуына және ТБН-ді/Пайдаланушы атын,
Парольді, Токенді кейін пайдалануға кепілдік беретін, кез келген үшінші тұлғалар
үшін қолжетімді болмайтын жерде сақтауға міндетті.
5.3.9. Клиент Интернет-банкинг жүйесіне қолжеткізу үшін, сондай-ақ Банктік
электрондық қызметтерді алу үшін Интернет-қауіпсіздік құрылғысымен туындаған
Пароль мен қауіпсіздік кодын дұрыс енгізбеген жағдайда (қатарынан үш реттен көп),
Банк Интернет-банкинг жүйесіндегі Клиенттің Есептік жазбасын Клиентке
хабарламастан автоматты түрде оқшаулайды. Клиенттің Есептік жазбасы
оқшауланғаннан кейін Клиенттің Интернет-банкинг жүйесіне қолжетімділігі
тоқтатыла тұрады, ал Клиенттің Нұсқаулығын Банк орындамайды, бұл жағдайда
Банк Клиентке Банктік электрондық қызметтердің тоқтатылғаны туралы
хабарламауға құқығы бар. Есептік жазбаны оқшаулаудан алу үшін Банктің ішкі
8
тәртіптерінің негізінде Клиент сәйкестендірілген жағдайда Клиент Банктің
байланыс орталығына өтініш білдіруі қажет.
5.3.10. Клиенттің ТБН/Пайдаланушының атын, Парольді және Қауіпсіздік кодын дұрыс
енгізбеу Банктік электрондық қызметтерді ұсынбауы үшін негіз болып табылады.
5.3.11. Интернет-банкинг
жүйесінде қауіпсіздік мақсатымен Клиенттің Есептік
жазбасының ағымдағы сесиясын үзу функциясы көзделген. Клиенттің Есептік
жазбасының ағымдағы сессиясын үзу функциясы деп Интернет-банкинг жүйесі іске
қосылмаған күйі жалғасқан жағдайда (10 минуттан артық) Банктік электрондық
қызметтерді алуға тыйым салу түсініледі. Интернет-банкинг жүйесіне қолжеткізу
үшін Интернет-банкинг жүйесіне қайта кіру қажет.
5.3.12. Клиент санкциясыз қолжеткізуді байқаған кезде немесе Клиенттің атынан Интернет-
банкинг жүйесіне санкциясыз қолжетімділкке күмәні болғанда, Клиенттің банктік
шоттарына (шотына) қолжетімділік алу, Клиенттің атынан Банктік электрондық
қызметтерді алу мақсатында, оған қоса, бірақ мұнымен шектелмей және т.с.с. Банкке
демалыссыз және мереке күндерінсіз, тәулік бойы +7 727 2596900 телефондары
бойынша дереу хабарлауға міндетті.
5.4.
Клиентке Phone banking және Байланыс Орталығы арқылы электрондық
банктік қызметтерді ұсыну төмендегі қауіпсіздік рәсiмдерге сәйкес болуы тиіс:
5.4.1. Электрондық банктік қызметтерді Phone banking арқылы алу үшін, Клиенттің
үндестік режимінде жасайтын ұялы сымтетігі, ЖСН нөмері бар құжат және Клиент
атына Банк тарапынан шығарылған дебеттік немесе несие картасы болу қажет. Бұл
қызмет тек карта шоты бойынша иелері болып табылатын Клиенттерге қол жетімді,
Жалпы шарты немесе Банктік қызмет көрсету шартына сәйкес, Банк пен Клиент
арасында келісілген(жасалған).
5.4.2. Phone banking электрондық банктік қызметіне қолжетімділік беру Банктің
+7 727 2596900 нөміріне қоңырау шалу арқылы тиісті Клиенттің ауызша нұсқау
алғаннан кейін жүргізіледі және Ұялы сымтетіктің үндестік жұмыс режимінде
сәйкес сан-код енгізуі арқылы Электрондық банктік қызметіне көшуі, Phone banking
арқылы ұсынылады.
5.4.3. Phone banking байланыс желілері арқылы берілітін Электрондық банктік қызметіне
қолжетімділік беру кезінде Клиентті сәйкестендіру мақсаты мынадай тәртібін
көздейді: (і)-бастапқы өтініште-Клиенттің ЖСН нөмірін, тексеру коды және ұялы
телефонның үндестік режимінде клиент картасындағы нөмірдің соңғы 4 санын
енгізу; (і) - келесі өтініште - Клиенттің ЖСН нөмірін және Клиент картасындағы
нөмірдің соңғы 4 санын енгізу қажет.
5.4.4. Клиент осымен келіседі, Клиенттің Қауіпсіздік Шараларын сәтті өткенінде, Осы
келісімнің тәртіп және жағдай бойынша 5.4.3. қарастырылған Банк келесі Phone
banking арқылы ұсынылған Электрондық банктік қызметі Клиентпен жеке
қолданылады деп санауға құқылы.
5.4.5. Клиент осымен келіседі, Phone banking арқылы ұсынылатын Электрондық банктік
қызметі Клиенттің мәлімдесі бойынша тоқталуы, оқшаулануы немесе өшірілуі
мүмкін емес, бола тұра жоғалған\ұрланған\басқа үшінші тараптармен заңсыз
пайдаланған карта Банктің Жалпы шартымен оқшауланады.
5.4.6. Клиент осымен келіседі, Электрондық банктік қызметі Байланыс орталығы желісі
арқылы тек Клиенттің Банктің Қауіпсіздік Шараларын сәтті өткен жағдайда
орындалады, атап айтқанда уәкілетті Банк қызметкеріне дәл және толық
жауаптармен қамтамасыз етуі, Банктің ішкі шараларымен келісілген және\немесе
Клиенттің динамикалық сәйкестендіруімен. Байланыс Орталығы сондай-ақ,
көзделген жағдайлар мен шектерде Интернет-Банкинг жүйесіне интерактивті
қолдауын Осы Келісімге байланысты көрсетеді.
5.4.7. Банк сонымен қатар Банктің бөлімшелеріне ақпараттық-кеңес беріп қолдау
көрсететін және клиентке қажет Байланыс Орталығы арқылы Банк өнімдері мен
қызметтері бойынша керекті ақпарат ұсынады, Электрондық банктік қызметіне