1 «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның еб) Директорлар кеңесімен бекітiлген



жүктеу 310,2 Kb.
Pdf просмотр
бет4/9
Дата21.12.2017
өлшемі310,2 Kb.
#5096
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

ұсынылатын  электрондық  құжаттардың  мазмұнындағы  бұрмаланулардың 

және/немесе өзгерістердің болуын анықтауға, банктік құпияны құрайтын ақпаратқа 

санкциясыз  қолжетімділіктен  қорғауды  қамтамасыз  етуге  және  осы  ақпараттың 

бүтіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

5.2. 

Ақпараттың  қорғалуын  қамтамасыз  етудің  барлық  тәртіптері:  Клиенттің 



пайдаланатын  дербес  компьютерлерінде,  Интернет  желісінде  және  Клиент  пен 

банктің Интернет-банкинг желісінде орындалады, Банктік электрондық қызметтер 

желісі Phone banking және Байланыс Орталығы арқылы. 

5.3. 

Интернет-банкинг  жүйесі  арқылы  электрондық  банктік  қызметтерді  ұсыну, 

Клиентке төмендегі қауіпсіздік рәсiмдерге сәйкес болуы тиіс: 

5.3.1.  Интернет-банкинг  желісінде  берілетін  және  алынатын  ақпараттың  құпиялылығын 

қамтамасыз  ету  мақсатында  Интернет  арқылы  дербес  банктік  қызмет  көрсетудің 

барлық қосымшаларымен бірге 128-bit SSL шифрлеуі (қауіпсіз біріктіру хаттамасы) 

пайдаланылады, ол Интернет желісі арқылы банктік қызмет көрсету бағдарламалары 

үшін пайдаланылатын стандарттық салалық шифрлеу болып табылады. 

5.3.2.  Клиент 128-bit шифрлеуді қолдау мүмкіндігін анықтау үшін браузерді тексеруі тиіс. 

5.3.3.  Интернет-банкинг  жүйесіне  қолжетімділікті  жүргізгенде  және  Банк  Банктік 

электрондық  қызметтерді  ұсынғанда  Клиентті  сәйкестендіру  мақсаты  үшін 

Интернет-банкинг  жүйесінде  мынадай  сәйкестендіруші  деректер  көзделеді  – 

бастапқыда тіркелгенде - ТБН, Пароль, Қауіпсіздік коды, кейіннен қол жеткізгенде 

– ТБН/Пайдаланушының аты, Пароль, Қауіпсіздік коды. 

5.3.4.  Клиент  Интернет-банкинг  жүйесіне  пайдаланушы  ретінде  бастапқыда  тіркелген 

кезде  Клиенттің  есептік  жазбасын  жасау  және  Осы  Келісімге  сәйкес  көрсетілген 

тіркелу  тәртіптеріне  сәйкес  Интернет-банкинг  жүйесіне  қол  жеткізу  үшін  Клиент 

Банк ұсынған ТБН, Пароль және Интернет-қауіпсіздік құрылғысын пайдаланады. 

5.3.5.  Клиент жүйеге бастапқыда кіргеннен кейін парольді ауыстырып, қалауынша ТБН-ді 

Пайдаланушының атына қалдыруы немесе ауыстыруы, Интернет-банкинг жүйесінде 

Токеннен туындаған Қауіпсіздік кодын енгізуі тиіс. 

5.3.6.  Интернет-банкинг  жүйесіне  кейінгі  қолжетімділік,  Клиенттік  сәйкестендіру  және 

Аутентификация, 

Банктік 


электрондық 

қызметтерді 

ұсыну, 

Клиенттің 



Нұсқаулықтарын орындауы Клиент бастапқыда тіркелген кезде жеке өзі көрсеткен 

(немесе Есептік жазбасы өзгертілгенде) және  Интернет-қауіпсіздік құрылғысымен 

(Токенмен) туындаған ТБН/Пайдаланушының атының, Парольдің және Қауіпсіздік 

кодының негізінде ғана орындалады.Бұл кезде Қауіпсіздік кодын Клиент  жеке өзі 

ауыстырмауы тиіс. 

5.3.7.  Төлемдер  мен  аударымдарды  жүргізгенде,  сондай-ақ  жүргізілуі  үшін  Интернет-

банкинг  жүйесінде  Қауіпсіздік  кодын  қайта  көрсету  қажет  болатын  басқа  да 

әрекеттерді жүргізу үшін Клиент қосымша Қауіпсіздік кодын көрсетуі тиіс. 

5.3.8.  Клиент  кез  келген  үшінші  тұлғаларға  өзінің  ТБН/Пайдаланушы  атын,  Парольді, 

Токенін,  Қауіпсіздік  кодын  жария  етпеуі  тиіс  және  ТБН/Пайдаланушы  атының, 

Парольдің,  Токеннің  бүтіндігінің  сақталуына  және  ТБН-ді/Пайдаланушы  атын, 

Парольді, Токенді кейін пайдалануға кепілдік беретін, кез келген үшінші тұлғалар 

үшін қолжетімді болмайтын жерде сақтауға міндетті. 

5.3.9.  Клиент  Интернет-банкинг  жүйесіне  қолжеткізу  үшін,  сондай-ақ  Банктік 

электрондық қызметтерді алу үшін Интернет-қауіпсіздік құрылғысымен туындаған 

Пароль мен қауіпсіздік кодын дұрыс енгізбеген жағдайда (қатарынан үш реттен көп), 

Банк  Интернет-банкинг  жүйесіндегі  Клиенттің  Есептік  жазбасын  Клиентке 

хабарламастан  автоматты  түрде  оқшаулайды.  Клиенттің  Есептік  жазбасы 

оқшауланғаннан  кейін  Клиенттің  Интернет-банкинг  жүйесіне  қолжетімділігі 

тоқтатыла  тұрады,  ал  Клиенттің  Нұсқаулығын  Банк  орындамайды,  бұл  жағдайда 

Банк  Клиентке  Банктік  электрондық  қызметтердің  тоқтатылғаны  туралы 

хабарламауға  құқығы  бар.  Есептік  жазбаны  оқшаулаудан  алу  үшін  Банктің  ішкі 




 

 

тәртіптерінің  негізінде  Клиент  сәйкестендірілген  жағдайда  Клиент  Банктің 

байланыс орталығына өтініш білдіруі қажет. 

5.3.10. Клиенттің  ТБН/Пайдаланушының  атын,  Парольді  және  Қауіпсіздік  кодын  дұрыс 

енгізбеу Банктік электрондық қызметтерді ұсынбауы үшін негіз болып табылады.  

5.3.11. Интернет-банкинг 

жүйесінде  қауіпсіздік  мақсатымен  Клиенттің  Есептік 

жазбасының  ағымдағы  сесиясын  үзу  функциясы  көзделген.  Клиенттің  Есептік 

жазбасының ағымдағы сессиясын үзу функциясы деп Интернет-банкинг жүйесі іске 

қосылмаған  күйі  жалғасқан  жағдайда  (10  минуттан  артық)  Банктік  электрондық 

қызметтерді  алуға  тыйым  салу  түсініледі.  Интернет-банкинг  жүйесіне  қолжеткізу 

үшін Интернет-банкинг жүйесіне қайта кіру қажет. 

5.3.12. Клиент санкциясыз қолжеткізуді байқаған кезде немесе Клиенттің атынан Интернет-

банкинг  жүйесіне  санкциясыз қолжетімділкке  күмәні  болғанда,  Клиенттің  банктік 

шоттарына  (шотына)  қолжетімділік  алу,  Клиенттің  атынан  Банктік  электрондық 

қызметтерді алу мақсатында, оған қоса, бірақ мұнымен шектелмей және т.с.с. Банкке 

демалыссыз  және  мереке  күндерінсіз,  тәулік  бойы  +7  727  2596900  телефондары 

бойынша дереу хабарлауға міндетті. 

5.4. 

Клиентке  Phone  banking  және  Байланыс  Орталығы  арқылы  электрондық 

банктік қызметтерді ұсыну төмендегі қауіпсіздік рәсiмдерге сәйкес болуы тиіс: 

5.4.1.  Электрондық  банктік  қызметтерді  Phone  banking  арқылы  алу  үшін,  Клиенттің 

үндестік режимінде жасайтын ұялы сымтетігі, ЖСН нөмері бар құжат және Клиент 

атына Банк тарапынан шығарылған дебеттік немесе несие картасы болу қажет. Бұл 

қызмет тек карта шоты бойынша иелері болып табылатын Клиенттерге қол жетімді, 

Жалпы  шарты  немесе  Банктік  қызмет  көрсету  шартына  сәйкес,  Банк  пен  Клиент 

арасында келісілген(жасалған). 

5.4.2.  Phone  banking  электрондық  банктік  қызметіне  қолжетімділік  беру  Банктің 

+7  727  2596900  нөміріне  қоңырау  шалу  арқылы  тиісті  Клиенттің  ауызша  нұсқау 

алғаннан  кейін  жүргізіледі  және  Ұялы  сымтетіктің  үндестік  жұмыс  режимінде 

сәйкес сан-код енгізуі арқылы Электрондық банктік қызметіне көшуі, Phone banking 

арқылы ұсынылады. 

5.4.3.  Phone banking байланыс желілері арқылы берілітін Электрондық банктік қызметіне 

қолжетімділік  беру  кезінде  Клиентті  сәйкестендіру  мақсаты  мынадай  тәртібін 

көздейді:  (і)-бастапқы  өтініште-Клиенттің  ЖСН  нөмірін,  тексеру  коды  және  ұялы 

телефонның  үндестік  режимінде  клиент  картасындағы  нөмірдің  соңғы  4  санын 

енгізу;  (і)  -  келесі  өтініште  -  Клиенттің  ЖСН  нөмірін  және  Клиент  картасындағы 

нөмірдің соңғы 4 санын енгізу қажет. 

5.4.4.  Клиент  осымен  келіседі,  Клиенттің  Қауіпсіздік  Шараларын  сәтті  өткенінде,  Осы 

келісімнің  тәртіп  және  жағдай  бойынша  5.4.3.  қарастырылған  Банк  келесі  Phone 

banking  арқылы  ұсынылған  Электрондық  банктік  қызметі  Клиентпен  жеке 

қолданылады деп санауға құқылы. 

5.4.5.  Клиент  осымен келіседі, Phone banking арқылы ұсынылатын Электрондық банктік 

қызметі  Клиенттің  мәлімдесі  бойынша  тоқталуы,  оқшаулануы  немесе  өшірілуі 

мүмкін  емес,  бола  тұра  жоғалған\ұрланған\басқа  үшінші  тараптармен  заңсыз 

пайдаланған карта Банктің Жалпы шартымен оқшауланады. 

5.4.6.  Клиент  осымен  келіседі,  Электрондық  банктік  қызметі  Байланыс  орталығы  желісі 

арқылы  тек  Клиенттің  Банктің  Қауіпсіздік  Шараларын  сәтті  өткен  жағдайда 

орындалады,  атап  айтқанда  уәкілетті  Банк  қызметкеріне  дәл  және  толық 

жауаптармен  қамтамасыз  етуі,  Банктің  ішкі  шараларымен  келісілген  және\немесе 

Клиенттің  динамикалық  сәйкестендіруімен.  Байланыс  Орталығы  сондай-ақ, 

көзделген  жағдайлар  мен  шектерде  Интернет-Банкинг  жүйесіне  интерактивті 

қолдауын Осы Келісімге байланысты көрсетеді. 

5.4.7.  Банк  сонымен  қатар  Банктің  бөлімшелеріне  ақпараттық-кеңес  беріп  қолдау 

көрсететін  және  клиентке  қажет  Байланыс  Орталығы  арқылы  Банк  өнімдері  мен 

қызметтері  бойынша  керекті  ақпарат  ұсынады,  Электрондық  банктік  қызметіне 




жүктеу 310,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау