11
8.6.
Клиент осы арқылы Банкке сондай-ақ Клиент Осы Келісімнің 8.1. тармағында
көрсетілген ақпаратты, тіпті бұл ақпарат банктік құпия және/немесе заңмен
қорғалатын басқа құпия болып табылса да, СМС-хабарлама қызметі тоқтатыла
тұратын және/немесе тоқтатылған сәтке дейін осы өтініште Клиент көрсеткен
мобильді (ұялы) телефон нөміріне жіберілетінімен келіседі және Банкке уәкілеттік
береді.
8.7.
Клиент Клиенттің өтінішінде көрсеткен мобильді (ұялы) телефон нөміріне үшінші
тұлғалардың қолжетімділігі жоқ екеніне кепілдік береді.
8.8.
Клиент келіседі, ал Банк егер бұл Банк үшін мүмкін емес және қолайсыз болса, СМС-
хабарлама қызметін ұсынуға міндетті емес. Банктің Клиентке СМС-хабарлама
қызметін ұсынуы мүмкін емес және қолайсыз болған жағдайда, Банк бұл жөнінде
Клиентке хабарлау үшін қисынды шаралар қолданады, алайда мұны істеуге міндетті
емес.
8.9.
Банк компьютерлік жабдықтың және/немесе коммуникациялық құралдардың
жарамсыздығымен немесе басқа сыртқы факторлармен, қандай да бір
бағдарламалық жасақтаманың бүлінуімен және/немесе байланыс желісінің
техникалық күйінің жарамсыздығымен шартты болған СМС-хабарламалардың
көмегімен алынатын ақпараттың кешіктірілгені және/немесе бұрмаланғаны үшін
жауапкершілік арқаламайды.
8.10. Банк СМС-хабарламалар қызметін ұсыну мақсатында өтініште көрсетілген мобильді
(ұялы) телефон нөмірінің Клиентке тиесілілігін тексермейді және шын мәнінде
тиесілі екенін тексеруге міндетті емес және осы мобильді (ұялы) телефон нөмірін
заңды/заңсыз иелік ететін және/немесе пайдаланатын кез келген үшінші тұлғаның
СМС-хабарламаларды алғаны үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды.
8.11. СМС-хабарламалар қызметіне қосылған мобильді (ұялы) телефон нөмірі жоғалған,
жойылған, заңды/заңсыз алынған жағдайда, Клиент Осы Келісімнің 15.3.1
тармағында көрсетілген тәртіпке сәйкес СМС-хабарламалар қызметін дереу тоқтата
тұруға/тоқтатуға міндеттенеді.
8.12. Осы арқылы Клиент Банкке Клиент ұсынған ұялы (мобильді) телефон нөміріне кез
келген жарнамалық, ақпараттық, марекетингтік және басқа да материалдар мен
ақпаратты жіберетініне өзінің сөзсіз келісімін береді.
8.13. Банк СМС-хабарламаларды жеткізу тәртібін, жеткізу мерзімдері мен пішімін
Банктің ішкі тәртіптеріне сәйкес біржақты тәртіппен жеке өзі анықтайды, соның
ішінде электрондық банктік қызметті көрсету Phone Banking және Байланыс
Орталығы желілері арқылы.
9.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
9.1.
Банк:
9.1.1. Банкке Банктік электрондық қызметтерді Осы Келісімде айтылған талаптармен және
тәртіппен ұсынуға.
9.1.2. Осы
Келісімде
және
Қауіпсіздік
тәртіптерімен
көзделген
тәртіппен
Аутентификацияны және Клиенттің сәйкестіндірілуін қамтамасыз етуге.
9.1.3. Клиент Қауіпсіздік тәртіптерін сақтап, Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес келген жағдайда Осы Келісімде айқындалған тәртіппен Интернет-банкинг
жүйесі арқылы жасақталатын және берілетін Клиенттің нұсқауларын орындауға.
9.1.4. Интернет-банкинг жүйесінде жүйелік ақау болған жағдайда www.myaltyn.kz web-
порталында немесе Банктің интернет ресурсында www.altynbank.kz тиісті хабарды
орналастыру арқылы Клиентке хабарлауға.
9.1.5. Аталған ақпараттың, мәліметтердің және құжаттардың ашылуын және/немесе
берілуін Клиент талап ететін немесе заңнамаға және/немесе Осы Келісімге сәйкес
рұқсат берілген жағдайлардан басқа, банктік, коммерциялық және заңмен
12
қорғалатын құпияға қатысты Осы Келісімнің шеңберінде Банк алған ақпаратты,
мәліметтерді және құжаттарды құпияда сақтауға.
9.1.6. Банк Банктік электрондық қызметтерді берген кезде туындаған банктік құпияны
құрайтын ақпаратқа санкциясыз қолжеткізуді, оның санкциясыз өзгертілуін,
санкиясыз төлемнің немесе ақша аударымының және басқа санкциясыз әрекеттердің
орындалуын байқағанда Банк мұндай әрекеттерге жол берілуіне қатысты бұл туралы
Клиентке оларды байқаған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей
Интернет-банкинг жүйесіне тиісті хабарды орналастыру арқылы хабарлайды. Осы
тармақта аталған санкциясыз әрекеттер туындаған жағдада Банк олардың салдарын
жою және олардың келешекте пайда болмауы үшін барлық қажетті шараларды
қолдануға міндетті.
9.2.
Банк:
9.2.1. Тек қана өзінің қарастыруы бойынша Клиентті Интернет-банкинг пайдаланушысы
ретінде тіркеуден және/немесе Жүйеде Клиентке Есептік жазбаны жасаудан мұндай
бас тартуға негіздемесіз және Клиентке хабарлаусыз бас тартуға.
9.2.2. Интернет банкинг жүйесін пайдалану тәртібін және Банктік электрондық
қызметтерді ұсыну талаптарын реттейтін Осы Келісімге, Тарифтерге және Банктің
басқа да құжаттарына біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге. Банк www.myaltyn.kz
web-порталына тиісті ақпаратты орналастырады.
9.2.3. Банк Осы Келісімге сәйкес Банктік электрондық қызметтерді, басқа қосымша
қызметтерді көрсеткені үшін Клиент төлеуі тиіс Тарифпен белгіленген мөлшердегі
Банктің сыйақы сомасын, Банк Клиенттің Нұсқаулықтарын орындағанда көтерген
шығыстарын, оған қоса, бірақ мұнымен шектелмей Банктің басқа корреспондент
банктерінің қызмет ақысын, почталық шығыстарын және т.с.с. Клиенттің кез келген
шоттарынан олар қай жерде болса да және қашан ашылса да растамасыз алуға.
9.2.4. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес Клиентке Банктік
электрондық қызметтерді ұсыну/Клиенттің Нұсқаулығын орындау үшін қажетті кез
келген құжаттарды Клиенттен талап етуге және Банкке қажетті жоғарыда
көрсетілген нысандағы құжаттар берілгенге дейін Банктік электрондық қызметтерді
көрсетуді тоқтата тұруға және/немесе ұсынудан бас тартуға.
9.2.5. Клиенттің Интернет-банкинг жүйесін пайдалануына қатысты Қауіпсіздік тәртіптері
бұзылды деп болжауға негіз бар болса немесе Клиент нақты берген Клиенттің
Нұсқаулығын Клиент тиісті түрде авторизацияламаса Клиенттің Нұсқаулығын
орындамауға, тоқтата тұруға немесе мерзімін ұзартуға, Банк бұл жөнінде Клиентке
бұл негізделе салысымен хабарлайды. Бұл кезде Клиентті хабарландыру ретінде
Клиентке Банктік электрондық қызметтерді ұсынған кезде Қашықтан банктік
қызмет көрсету жүйесіндегі электрондық хабар танылады.
9.2.6. Клиент Банктік электрондық қызметтердің параметрлерін/деректемелерін толық
көрсетпеген (дұрыс емес) жағдайда, Қауіпсіздік тәртіптерін, Аутентификация және
Клиентті сәйкестендіру тәртібін бұзғанда, жүргізілетін операция Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмегенде, Банкте ашылған
және Клиенттің Нұсқаулығына сәйкес Банктік электрондық қызметтерді ұсыну
құралымен төлемдер/аударымдар жүргізілетін Клиенттің банктік шоттарында ақша
жеткіліксіз болғанда, сондай-ақ тиісті Банктік электрондық қызметтердің
ұсынылғаны үшін Банктің сыйақысын төлеуге арналған тиісті шотта ақша
жеткіліксіз болған жағдайларда және Осы Келісімде көзделген жағдайларда
Клиентке Банктік электрондық қызметтерді ұсынудан бас тартуға.
9.2.7. Қызмет жеткізушілерге (СМС-хабарлама қызметін ұсыну мақсатында байланыс
операторларын қоса алғанда), Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тыс
жерлердегі Банк тобының мүшелері мен афилиирленген компанияларына,
процессингтік ұйымдарға Клиент және Осы Келісімге қол қойған сәтте банкте
ашылған және/немесе Интернет-банкинг жүйесі арқылы Банкте ашылған Клиенттің
кез келген банктік шоттары бойынша операциялар туралы ақпаратты, кез келген