5
біріктіру туралы өтінішіне жеткізілетін почталық мекенжайын жазбаша түрде
көрсеткен жағдайда, Банк Клиенттің жоғарыда көрсетілген өтінішін акцептеген
сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банк Клиенттің Осы Келісімге біріктіру
туралы өтінішінде көрсетілген Клиенттің мекенжайына хабарламасы бар тапсырыс
хатымен почта арқылы Токен жібере алады.
4.6.
ТБН мен Пароль Клиентке Банк Клиенттің аталған өтінішін акцептеген жағдайда
және Клиент Банкке келіп, өтініш берген сәтте беріледі. Клиент бұл кезде ТБН мен
Парольді беру нысанына қол қоюға міндеттенеді. ТБН мен Парольді сондай-ақ Банк
Клиентке, Клиент Осы Келісімге біріктіру туралы өтінішіне жеткізілетін почталық
мекенжайын жазбаша түрде көрсеткен жағдайда, Банк жоғарыда көрсетілген
өтінішті акцептеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарламасы бар
тапсырыс хатымен почта арқылы жібере алады.
4.7.
Банк Клиентке ТБН-ді, Токенді, Парольді хабарламасы бар тапсырыс хатымен
жіберген жағдайда, Тараптар қауіпсіздік мақсатында ТБН, Пароль, Токен түрлі
почталық жіберілімдермен немесе түрлі почталық операторлармен жіберілуі мүмкін
екенімен және Клиенттің ТБН-ді, Парольді, Токеннің алуының растамасы
хабарламаның жіберілуі туралы тапсырыс хаты болатынымен сөзсіз және шартсыз
келіседі.
4.8.
Клиенттің ТБН-ді, Парольді, Токенді беру нысанына қол қойған күні (Клиент ТБН,
Токен, Парольді Банкте алғанда) немесе ТБН-ді, Парольді, Токенді Осы Келісімнің
талаптарына сәйкес тапсырыс хатымен жіберілген күн Клиенттің ТБН-ді, Парольді,
Токенді алған күні болып саналады.
4.9.
Клиент осы арқылы ТБН, Пароль, Токен Осы Келісімнің талаптарына сәйкес
почтамен жіберген жағдайда, Банк ТБН-ді және/немесе Парольді, Токенді
заңды/заңсыз алуымен/жария етуімен байланысты Клиентте пайда болған кез келген
үшінші тұлғалардың кез келген шығындары, залалдары, шығыстары үшін, сондай-
ақ ТБН-ді және/немесе Парольді, Токенді кез-келген үшінші тұлғалардың
пайдалануы нәтижесінде Клиентте және/немесе кез келген үшінші тұлғаларда пайда
болған шығындар, шығыстар, залалдар үшін жауапкершілік арқаламайтынымен
сөзсіз және шартсыз келіседі.
4.10. Клиент осы арқылы ТБН-нің және/немесе Парольдің, Токеннің почтамен жіберілуі
ТБН-нің және/немесе Парольдің, Токеннің құпиялылығын қамтамасыз етпейтінімен,
оның нәтижесінде үшінші тұлғалар ТБН-ді және/немесе Парольді, Токенді
алуы/көшіруі/жария етуі/оқуы немесе кез келген басқа тәсілмен қабылдауы
және/немесе пайдалануы, сондай-ақ жоюы және сонымен бірге Клиентке залалдар,
шығындар немесе басқа да шығыстар келтіруі мүмкін болатынымен сөзсіз және
шартсыз келіседі және толығымен түсінеді. Осы арқылы Клиент Банктің почта
арқылы ТБН-ді және/немесе Парольді, Токенді беруімен байланысты пайда болған
барлық залалдарын, шығындарн, шығыстарын, зиянын толығымен өз мойнына
алады.
4.11. Клиенттің ТБН-ді және/немесе Парольді, Токенді алу мақсатымен көрсеткен
почталық мекенжайы дұрыс болып табылады және Банк Клиенттің көрсеткен
мекенжайын тексеруге, сондай-ақ Клиент мекенжайын түсініксіз көрсеткен
жағдайда ТБН-ді және/немесе Парольді, Токенді почтамен жіберуге міндетті емес.
4.12. Клиент осы арқылы ТБН-нің және/немесе Парольдің, Токеннің жіберілуіне
және/немесе алынуына әрекет етуші почталық байланыс операторының,
курьерлердің, басқа да тұлғалардың әрекеттері және/немесе әрекетсіздіктері үшін,
соның ішінде кез келген себептермен ТБН-нің және/немесе Парольдің, Токеннің
уақтылы жеткізілмеуіне, жоғалуына, жеткізілмеуіне, басқа мекенжай бойынша
жеткізілуіне ешқандай жауапкершілік арқаламайтынымен сөзсіз және шартсыз
келіседі.
6
4.13. Токенді пайдалану батареясының бүлінуінің, бұзылуының, қолданылу мерзімінің
аяқталуының салдарынан пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, Банк Осы Келісімде
көзделген тәртіппен, Банк Тарифтеріне сай жаңасына ауыстырып бере алады.
4.14. Токен жоғалған, ұрланған, жойылған жағдайда, жаңа Токен Банк Тарифтеріне сәйкес
беріледі.
4.15. Банк берген ТБН пен Пароль Интернет банкинг жүйесінде Клиенттің Есептік
жазбасын жасау үшін қажет және ол Клиентті Интернет-банкинг жүйесінде
пайдаланушы ретінде бастапқыда тіркеу үшін пайдаланылады. Интернет банкинг
жүйесіне кейінгі қолжетімділік ТБН-ді/Пайдаланушының атын (Клиент жүйеге
бірінші рет кіргеннен кейін ТБН-ді өзіне ыңғайлы болатын кез келген Пайдаланушы
атына ауыстыруға құқылы).
4.16. Клиентті Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркеу және
Клиентке Есептік жазба жасау тәртіптері:
4.16.1. Клиентті Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркеу Интернет-
банкинг жүйесінде қажетті электрондық тіркеу нысандарын толтыру және Клиентті
Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркеу барысында Клиенттен
талап етілетін белгілі әрекеттерді жүргізу арқылы орындалады.
4.16.2. Клиент бастапқыда Интернет банкинг жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелген
кезде, Клиентке тиісті электрондық тіркеу нысанына ТБН-ді, Парольді (ДСН-
конверттегі), Қауіпсіздік кодын енгізіп, сосын ТБН-ді Пайдаланушының атына
қалауынша ауыстырып және Парольді міндетті тәртіппен ауыстырып, ары қарай
Клиентті тіркеу барысында Жеке тұлғаларға арналған Банктік электрондық
қызметтерді ұсыну туралы келісіммен танысып, акцептейді және Интернет-банкинг
жүйесінің пайдаланушысы болады. Клиент Жеке тұлғаларға арналған Банктік
электрондық қызметтерді ұсыну туралы келісімді акцептемеген жағдайда тіркеу
процесі аяқталмаған болып саналса, бұл Клиенттің әлі Интернет-банкинг жүйесінің
пайдаланушысы
болып
табылмайтынын
білдіреді.
Клиент
көрсеткен
Пайдаланушының атын, Паролін Клиент кейін Интернет-банкинг жүйесіне қол
жеткізу үшін пайдаланатын болады. Бұл кезде Банк берген ТБН мен Пароль кейіннен
Клиенттің өзі Парольді, қалауынша - Пайдаланушының атын ауыстырып алуы үшін
бастапқыда тіркелгенде ғана қолданады. Жүйеге бастапқыда және кейіннен кіру
мынадай үш параметрмен: Пайдаланушының атымен, Парольмен, Қауіпсіздік
кодымен орындалады.
4.16.3. Тиісті электрондық тіркелу нысандары толтырылып, барлық қажетті әрекеттер
орындалғаннан кейін Клиенттің сұратуын Банк өңдейді.
4.16.4. Банк Клиенттің Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркеуге
сұратуын мақұлдаған жағдайда, Клиент Интернет-банкинг жүйесінде тіркеуден сәтті
өткені туралы хабарланады. Интернет-банкинг жүйесіне қолжетімділік беру
Интернет-банкинг жүйесінде тіркеуден сәтті өту туралы хабарламаға бара-бар
болады.
4.16.5. Клиенттің тіркелу барысында берген Пайдаланушының аты мен Паролі Интернет
банкинг жүйесіне қолжеткізу үшін Клиенттің Есептік жазбасы болып табылады.
4.17. Банк Интернет-банкинг жүйесі арқылы алған Клиенттің барлық Нұсқаулықтарын
олар тіпті алаяқтық жолымен жасалса және/немесе Клиент кез келген уақытта берген
кез келген басқа нұсқаулықтар мен тапсырмалардың талаптарына қайшы келетін
болса да, Клиент тиісті түрде санкция берген нұсқаулық ретінде қарастырады. Банк
Клиенттің нұсқаулығының және/немесе Клиентке Нұсқаулық беруге уәкілеттіктің
түпнұсқалығын тексеруге міндетті емес.
5.
Қауіпсіздік тәртіптері
5.1.
Қауіпсіздік тәртіптері Клиентті және оның Банктік электрондық қызметтерді алуға
құқығын дұрыс сәйкестендіруге, олардың негізінде Банктік электрондық қызметтер