76
Жан салса, ол балаға Құдауында,
Ағзасы кәміл болғаш тоқтар пенде.
Дүниеде неше медет жүріп-жүріп,
Сол жерге арып жатар ақырында [10, 181 б.].
Бұдан шығатын пікір Алла адамның жанын топырақтан жаратып, жанын өзі
салғандықтан, қазасы жеткенде тәнді жерге, жанды өзіне қайтарады. Ал жан тәнге уақытша
қонақ, тән жанның аз уақытқа тұрағы. Жан иесіне қайтарылған соң мәңгілік өмір кешеді,
бұдан бұ дүние «опасыз, жалған дүние, баянсыз дүние» деген танымдар шығады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жанды екіге, яғни рауан-жан және рух-жан деп бөледі.
Қазақтың «рух» пен «жан» арасын жете аңғармай,бірінің орнына бірін қолдана беруі де
осыдан болар.
Рухпен бірдей айтар рауанды,
«Рухымыз», «рауанымыз» - бәрі жан-ды.
Рауан – ай мен күннің сәулесіндей,
Рух – жан: қабылдап алған барша тәнді.
Рауан – денедегі секілді қол:
Адамзат ұйықтағанда барар, келер.
Қолдай боп денедегі жүріп тұрар,
Рух – жан - қозғалмайды тәніңнен сол [10, 232 б.].
Ақын айтқан рауан жан адам ұйықтағанда шығып, түсте жақсы-жаман істі көріп, ол
көргенді тән сезеді. Ал рух-жан болса тәнге тұрақты орнаған, ол тәннен ұзап шықпайды.
Себебі тән рух-жаннан ада болса, ақын тілімен айтқанда: «Еш қалмас рауан да, болдың өлік».
Өлім исламда бұ дүниеден о дүниеге өту, яғни жалған дүниеден мәңгілік өмірге сапар
шегу деп анықталады. Мәшһүр-Жүсіптің «Пайғамбардың өсиеті» деген өлеңінде мынадай
жолдар кездеседі:
Мүбәрак төсегіне Расул барып,
Сол заман есін білмей қалды талып.
Аһыл ғайал әулеттері фәриад етті:
«Дүниеден өте ме?!»-деп, көңіліне алып [8, 88 б.].
Көзде – нұр, көңілімнің – сен-бедері,
Нәсілімнің бақи қалар сенен бәрі!
Дүниеден үшбу күні сапар етер,
Атаңның сөйлеспекке жоқты-халі [8, 89 б.].
Осы шумақта Мәшһүр Жүсіп ақын фәни дүние мен бақи дүниені анықтауда тиімді
мысал келтіреді. Бір есіктен кіріп, екінші есіктен шыққандай адам да о дүниеден бұ дүниеге
келеді де, қайтадан о дүниеге аттанады. Сондықтан да қазақ өлген адамға «қайтыс болды»,
«қайтты» деген сөзді қолданған. Шынында да адам мәңгілік тұрағына қайтып оралады. Ал бұ
дүние болса, Алланың пендесін сынауға жіберген «шолақ дүниесі».
«Ғалам бейнесіне» қатысты белгілі бір мөлшерде реттелінген ұғымдар, идеялар,
концептерден тұратын М. Ж. Көпейұлы тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейінде
«дін», «өлім» және «махаббат», «имандылық», «тағдыр» концептілерінің біртұтас
құрылымды құрап, жалпы дискурстың мән-мағынасын ашатындығы айқындалып, олардың
бейнелік, ассоциативтік байланыстарына құрылған когнитивтік модельдері сараланды «Дін»
концептісінің тілдік репрезенттері арқылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының когнитивтік
санасында қалыптасқан ғаламның діни (мұсылмандық) бейнесін, сол кездегі қазақ
қауымының ұжымдық санасында орныққан ғалам бейнесінің бір үзігін тануға болады.
Шығармаларныда көрініс тапқан «өмір//өлім» бинарлы концептісі ішінара кездесетін
ақынның Тілдік тұлғасын ерекшелейтін жеке қолданыстарды санамағанда қазақтың Ұлттық
Ғалам бейнесіндегі «жалған, фәни, бақи» т.б. ұғымдармен, ойсуреттермен сәйкеседі. М. Ж.
Көпейұлы шығармаларныдағы «тағдыр» концептісі негізінен ислами танымға негізделген,
дегенмен оларды анықтауда ақын қазақ халқының танымына сай қолданыстарды пайдалана
отырып, діни мағынаға ұлттық бояу қосады.
77
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы «тағдыр» концептісін жүйелей келе,
төмендегідей қорытындыға келдік.Адамның ғұмыры – адамның емес, Алланың қолында,
соның құдіретінде, оны халық өз санасында тағдыр, «жазу», «сызық» - деп айтады. Демек,
адамшылық адамның өз жаратушы алдындағы борышын, парызын сезініп, мойындаудан
бастау алмақ. Адам-құдайдың пендесі, сондықтан жаратушы ісіне қол сұқпай, оның
құдіретін мойындау адамшылықтың басты қағидасы. Сонда, адам үшін басты қазына – адам
болмақ. Себебі, адам жаратушының жаратқан ең асыл қазынасы. Дүние болмысы – адамның
өз болмысы. Бұл бірлікті халық санасында «тағдыр» деген түсінікпен білдірген. «Тағдыр» –
халықтың концептуалды дүниетаным әлемін қалыптастыратын сананың маңызды
категорияларының бірі. «Тағдыр» концептісі – өмірлік мәні бар азамзатқа ортақ
концептілердің бірі. Зерттушілер ғаламның тілдік моделін тануда ең алдымен ұлттың өмір
мен тағдыр туралы танымына тоқталады. «Тағдыр» концептісін зерттеу жалпы халықтың
дүние тану шеңберін айқындауға негіз болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1 Маслова В. А. Когнитивная лингвистика. – М., 2004. – 345 с.
2 Әбікенова Г. Когнитивтік лингвистика. – Павлодар, 2009. – 112 б.
3 Философиялық сөздік. – Алматы, 1997. – 789 б.
4 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-том, П-Т. – Алматы, 1985. – 591 б
5 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-том, Ғ-Ж. – Алматы, 1978. – 735 б.
6 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-том, Қ-П. – Алматы, 1982. – 672 б.
7 Нұрмағанбетов Ә. Бес жүз бес сөз. – Алматы, 1994. – 304 б.
8 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар, 2003. – 1т. – 436 б.
9 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар, 2004. – 4 т. – 535 б.
10 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар, 2003. – 2 т. – 382б.
11 Абай.– Алматы, 1993. – 269 б.
12 Нұрдәулетова Б.И. Когнитивтік лингвистика. – Алматы, 2011. – 312 б.
В статье описывается концепт «судьба» на материале произведений М.Копеева.
Национальное восприятие жизни и судьбы рассматривается в качестве одного из основных
концептов, из которых складываются внутренние ценности нации.
This article describes the concept "fate" on the material of M.Kopeev's writings. The national
perception of life and fate is regarded as one of the key concepts that make up the internal values of
the nation.
УДК 371.321.8
Р.Т. Касымова
Казахский национальный университет имени аль-Фараби
Алматы, Казахстан
rashida-kas@mail.ru
РОЛЬ ОТРИЦАТЕЛЬНОГО ЯЗЫКОВОГО МАТЕРИАЛА В ОБУЧЕНИИ
Отрицательный языковой материал всегда был предметом обсуждения лингвистов и
методистов. В статье говорится о роли отрицательного языкового материала в обучении.
В ней проанализированы особенности грамматических ошибок в русской речи студентов-
билингвов. Ошибки интерференции рассматриваются нами как ключ к пониманию и
описанию грамматических конструкций. Грамматические ошибки служат ценным
Достарыңызбен бөлісу: |