[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет37/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   164

74 
 
Діни  түсінікте  Алладан  басқаның  бәріне  өлу  тән,  адамның  туғаны  сияқты  өлуі  де 
негізді  деп  айтылады.Адамның  ерте-кеш  пе  дүниеден  өтуі  хақ.  Мұны  Мәшһүр-Жүсіп 
өлеңдерінен де кездестіруге болады: 
Өлмейтін адам тұра ма, 
Өтпейтін дүние бола ма?! 
Бұл опасыз дүниеде 
Ойдап тұрсам, ағалар, 
Мәңгі суын кім ішкен?! [10, 44 б.] 
Өлім-хақ: туғаннан сол барша жанға, 
Өлімнен қорқып, Хаққа болғыл пенде [10, 227 б.]. 
Кешегі жүрген Ысқақ судай тасып, 
Ажалдан құтылар ма адам қашып? [8, 92 б.]. 
Бәрі де туған жанның өліп жатыр, 
Тұрсын ба енді нәубет бізге келмей?! [8, 126 б.]. 
Біреуге ерте, біреуге кеш уақыт болып, 
Мәңгілік бұ жалғанда жоқ қой қалар! [8, 66 б.] 
Өлімнен  қашып  дүниенің  төрт  бұрышын  шарлаған  Қорқыттың  өзі  өлімнен  қашып 
құтыла  алмайды,  қайда  барсада  да  алдынан  көр  шығады.  Осыдан  қазақта  «қайда  барсаң  да 
Қорқыттың көрі» деген сөз қалған.  
Мәшһүр Жүсіп өлім әр пендеге нәсіп етелгенін, Алладан басқаның бәрі туып және ажал 
жеткенде өлетінін айтады. Тек ажал уақыты әр пендеде әр түрлі болуы мүмкін, яғни біреуге 
ерте, енді біреуге кеш келеді: 
Талай жан шыдай алмай безектеген, 
«Біреуге ерте, біреуге кеш-кезек»- деген [10, 62 б.]. 
Ислам дінінде өлім уақыты жеткенде Алланың  өзі берген жанын өзіне қайтарып алуы 
деп түсіндіріледі. Бұл Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінде де кездеседі 
Құдайдың құтылайын міндетінен, 
Үмбетім (амидім) көп бейіштің нығметінен! 
Құдайдың өзі беріп, өзі алғанға, 
Шүкірлік қылып тұрмын ғыдырымнан! [8, 72 б.] 
Өлген соң тоқталады, тілек жүрмес, 
Мал-жаның қимағанмен көрге кірмес, 
Өзіңдікі болғанда, қимылдап қал, 
Өзіңнен дәрмен кетсе, түк те бермес [8, 206 б.]. 
Соңғы  мысалда  айтылған  оймен  пікірлес,  үндес  жолдар  Абай  өлеңінде  де  кездеседі. 
Абайдың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» өлеңінде: 
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, 
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. 
«Мені» мен «менікінен» айрылғанын 
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес [8, 147 б.]. 
Абай айтуынша табиғат өледі, яғни өзгереді, адам ешқашанда өлмек емес. Адамға әуел 
бастан  өлмейтін  тағдыр  берілген.  Бұл  Қорқыт  сауалының  жауабы  десек  те  болғандай. 
Ортағасырлық  ойшыл  Қорқыт  өлмейтін  не  деп  сауал  қойып,  ғұмырын  осы  сауалға  жауап 
іздеуге  сарп  еткен.  Одан  «Қайдан  барсаң  Қорқыттың  көрі»  деген  биік  қағида  қалған,  оның 
мәнісі  қайда  барсаң  да,  өзекті  жанға  бір  өлім.  Адам  өмірі  аманат,  өлімі  ақиқат.  Бұл  дау 
туғызбайтын шындық, бірақ өлмейтін де бір жағдай бар, ол не? Қорқыт соны іздеген, бірақ 
қайда барса да алдынан қазылған көр шыға берген, бұл адамның жалған ғұмырдағы тағдыры, 
мәңгілік тағдыры емес.  
Айырылма сол күндерде тән бірлан жан, 
Шығарғыл рақым ойлап, шатлық бірлан. 
Ғазірейіл алма әкелгей ақтан, 
Бізді  ғып ізгі құлдар жұмылысынан [10, 182 б.]. 


75 
 
Жаны бұл бұғазына келсе жақын, 
Құдайым рақым қылар оған тағын: 
- Пендемнің жанын енді өзім алам, 
Топырағын алып  келгін! - депті, - Хақтың 
- Келмейді енді алуға сенің шамаң, 
Тәніне жанын оның өзім салғам. 
Қалайша салғанымды білесің бе, 
Мүлкімді салған жерден өзім алам! 
Сүйікті, жанын алар, пендесінің, 
Жаныңыз қонақ ерүр пендесінің. 
Періште сол Ғазірейіл келген шақта 
Халдары нешік болар біз ғасының [10, 182 б.]. 
Бұл  шумақтарда  ақын  жан  Алланың  пендесіне  берген  аманаты  деген  ойды  айта  келе, 
уақыты жеткенде қайтарып алатынын шегелеп айтады. Сондай-ақ жан Алланың мүлкі, жан 
адамның  қонағы деген діни танымдар айтылады.  
Діни және философиялық мәтіндерде «Жан – Құдай берген рухани субстанция» ретінде 
көрініс  табады.  Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы  шығармашылығындағы  «Жан»  концептісі 
«мәңгілік»  категориясымен  тығыз  байланысты.  Тілдік  қолданыста  ментальдық  жан 
концептісінің  семантикалық  құрылымының  маңызды  әмбебап  бірлігі  ретінде  өлім  семасы 
танылады.  Берілген  контекстің  «сипаты  мен  жан  лексемасының  лексикалық  көрінісінің 
интенционалдық  бояуы  өлім  –  адамның  жер  бетіндегі  ғұмырының  аяқталуы,  яғни  дененің 
өмір  сүруінің  тоқтатылуы  ғана  емес,  сонымен  қатар  адамның  мәңгілік  мекеніне  аттануы, 
яғни «жанның мәңгіліктігі» туралы ойды білдіреді: 
Пенденің шықса егер тәннен жаны, 
Есітер көк тарапынан үш наданы. 
- Дүниені не себептен қалдырдыңыз, 
Яки сол қалдырды ма дүние сені? [10, 190 б.]. 
Жан  мекені,  орныМәшһүр-Жүсіп    шығармаларында  да  жанның  мекені  ретінде  кеуде 
алынады.  
Әрқашан жақындаса құлға ажал, 
Жандарын келіп тартса періштелер. 
Жаны сол кеудесіне келген шақта 
Алладан «Тоқтатқыл!»- деп, келген хабар [10, 184 б.]. 
Жан  мен  тән  арақатынасы.  Ерте  кезден  жан  ағзадағы  орны  белгісіз  ішкі  ағза  ретінде 
түсіндірілді.  Осыған  сәйкес  тән  мен  жан  қарым-қатынасы  өте  күрделі  болып  есептеледі. 
Біріншіден, материалдық және материалдық еместігіне байланысты жан денеге қарама-қарсы 
қойылады,  екіншіден,  жан  дененің  ішіндегі  ағзаларының  бірі  ретінде  қабылданады. 
М.Жұмабаев  жан  мен  дене  арақатынасын  ғылыми  тұрғыдан  саралайды:  «Адамзат  дене  һәм 
жан  аталған  екі  бөлімнен  тұрғандықтан,  бұл  екі  бөлімнің  соңғысы,  яғни  жан  адамзат  үшін 
аса  қадірлі  болғандықтан,  дұрысын  айтқанда, адамға  шын  мағынасымен  «адам»  деген  атты 
осы  жан  ғана  беретіндіктен,  адам  баласын  тәрбие  қылу  дегенде,  әрине,  адам  баласының 
әсіресе  жанын  тәрбие  қылу  керек  деп  ұғу  керек».  Жанның  мәні  мен  оны  денеден  бөліп 
қарастыру  философ-ақынның  ғылыми  еңбектерімен  қатар  өлеңдерінде  қарама-қарсы 
ракурста келесі мағыналарда орын алған: 
1) жан мен дене екеуі екі түрлі күй кешетін бөліктер; 
2) жан мен дене біртұтастықтың екі  бөлшегі.Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы болса жан мен 
тән  арақатынасына  діни  тұрғыдан  келеді,яғни  жан  тәнге  өмір  береді,  жансыз  тән  өмірлік 
белгісі жоқ, бос қабық. Ақын «Пенделер жаралып, жан бергені» деген өлеңінде: 
Жерінен өлетұғын топырақ алып, 
Пенденің кіндігінен кірген Мәлік. 
Періште натпа бірла(н) топырақты 
Ауыстырар құрсағында тәрбиелеп. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау