[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет36/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   164

72 
 
қайнады», «сорлап қалды», «маңдайының соры бес елі», «сор маңдай». Жалпы қазақта «сор» 
сөзін «бағы ашылмаған, жолы болмаған» адамдарға қатысты қолданады. 
«Бақ»  және  «сор»  қазақта    маңдайға  бітеді  деген  таным  бар.  «Той  жоралғыларында 
үлкен жастағылардың жас жұбайларды маңдайынан сүйіп, бақ тілеуі бақ маңдайда жазылады 
деген  түсінікпен  ұштасып  жатыр:  «маңдайы  ашылу»,  «маңдайының  ырысы  бес  елі», 
«маңдайына  біткен»  -  бақытты  болу,  «маңдайына  симау»-  бақытсыздыққа  ұшырау  дегенді 
білдіреді.Мұндай  түсінік  көптеген  халықтардың  дүниетанымына  тән.  Халық  арасындағы 
маңдайға түсіп тұрған кекілдің әйелдің көп ұзамай жесір болатынының белгісі деген таным 
түсінігінің  айғағы»  [2,  62  б.].  Тағдыр  адамның  маңдайына  жазылады  деген  ұғым  «бақ»  пен 
«сор»  орнар  жер  маңдай  деген  түсінік  болуымен  түсіндіріледі.  Бұл  ұғым  Мәшһүр-Жүсіп 
жырларынан да жолығады: 
Шараң жоқ тағдырыңда жазу болса, 
Кез болса маңдайдағы сорымызға [9, 24 б.]. 
Еркектен азғырылды қатын бұрын, 
Бастан-тәж, маңдайдан-бақ, алды нұрын[10, 127 б.]. 
4.  Тағдыр  –  жол.  Осыдан  қазақ  халқында  тағдыр  концептісі  «жолы  болу»,  «бақытты 
болу»,  «сәтті  болу»  сияқты  ұғымдармен  байланыстырылады.  «Тағдыры  жетті».  «Ажалы 
жетті, жолы бітті, күні бітті». 
5.  Тағдыр  адамға  ие  және  оған  қарама-қайшы:  адамның  тағдыры  өз  қолында,  өзіне 
байланысты деп деп те айтады. 
Адам  дүние  есігін  ашысымен-ақ  тағдыр  жетегінде  болады,  өйткені  адамның  өмір 
сүргені,  өмірде  істеген  амалдары,  қуанышы  мен  қайғысы,  барлығы  да  –  оның  тағдыры. 
Тағдыр  өзгермейді,  оны  Абай  жиырмасыншы  қара  сөзінде  былай  деген:  «Тағдыр 
өзгертілмейді,  пендеде  бір  іс  бар  жалығу  деген.  Ол  тағдырды  адам  мен  бірге  жаратылған 
нәрсе»[11, 52 б.]. 
Демек, адам тағдыры дүниеге шыр етіп келгеннен бастап бірге жаратылады. Адамның 
күнделікті өмірі – оның тағдыры, ал тағдырды өзгерту, жақсы жаққа бұру, яғни қоғамына сай 
өмір  сүру,  білім  алу,  ол  –  адамның  күнделікті  амал-әрекеті  мен  ісіне  байланысты.  Ол  –  өз 
қолында,  оны  қабылдауға,  өзгертуге  адамның  ақылы  мен  ой-санасының,  дүниетанымының 
жоғары болуына байланысты. 
Тағдырды жасаушы – адамның ақыл-ойы, іс-әрекеті, яғни сөзі. Ол қанша ойланса да, өз 
тағдырын  басқаша  өзгерте  алмайды.  Өткенге  өкіне  алмайды,  тек  амал-айла,  жол  іздейді. 
Адам баласы өз өмірінің иесі, оның сәнді болуы өз қолында. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 
да  осы  пікірмен  үндес  ойларын  өлеңдерінде  кездестіруге  болады.  Атап  айтар  болсақ,  ақын 
тағдыр Алланың бұйрығымен пендесіне нәсіп етілетініне еш күмән келтірмеген. Яғни тағдыр 
Алланың қолындағы, соның құзіретіндегі  құдіретті күш, пендеге оны мойындап, бас июден 
басқа амал жоқ. Cондай-ақ тағдыр өзгермейді. Мысалы: 
Құдайдың құдіретінен оза алмассың, 
Қолыңды жетпес жерге соза алмассың[8, 19 б.]. 
Ойланып барған жолында 
Мұндай да болды-ау соңында! 
«Тағдырға (тақдырга) табдил жоқ»,- деген, 
Ойлап бір тұрсам мол екен [10, 48 б.]. 
Тағдыры бір Алланың өзгермейді, 
Пенденің қожасына бәрі бірдей [9, 33 б.]. 
Әнбия, мұрсалдардың бәрі де өтті, 
Түбіне бәрінің де тағдыр жетті [9, 17 б.]. 
Біреу үлкен жалғанда, біреу- кіші, 
Ойлау керек: «Не болса, Хақтың ісі!» [9, 39 б.] 
Бұл  шумақтарда  Алланың  тағдырыңды  әуелден  жазып  қоятыны,  оны  өзгертуге 
пенденің  шамасы  да,  амал-айласы  да  жетпейді  деген  ой  айтылады.  Ақын  «тағдыр»  сөзін 
«Алланың бұйрығы», «Хақтың әмірі» тіркестерімен береді. Алайда адамның тағдыры өзінің 


73 
 
ниеті  мен  қалауы  ескеріле  отырып  жазылады.  Алла  Тағала  әр  нәрсенің  тағдырын  жазған 
және жаратқан. Сол сияқты адам баласының іс-әрекеттерін де біледі және жаратады.  
Адамның  қалай,  нені  қалайтындығын  және  ирадесін  (еркін)  қалай  пайдаланып,  нені 
таңдайтындығын,  нені  істейтіндігін  Алла  шексіз  білімімен  біліп  тағдырына  жазған. 
Сондықтан пенденің бұл өмірде не істейтіндігі тағдырындағы жазылуына сәйкес келеді.  
Жалпы,  Құранда  тағдыр  Алланың  қалауымен  болады  деп  түсіндірілсе  де,  адамның  да 
тағдырға  әсері  бар  екені  айтылады.  Бұндай  ойлар  Мәшһүр-Жүсіп  өлеңдерінен  де 
кездестіруге болады: 
Ешкімге өкпе қылу дұрыс емес, 
Не берсе, берді Құдай, пейілімізден! [8, 180 б.] 
Кем соқса жақсы біліп үйренуді, 
Түбірсіз болған емес тағдыр ісі [8, 170 б.]. 
Болса да бір Алланың өзіне аян, 
Ықтияр пендесіне беріп тұр ғой [8, 165 б.]. 
Мұнда  ақын  тағдыр  Алланың  қолында  болғанмен  ол  адамның  пейіл,  ниетімен,  ынта-
ерігіне  де  байланысты  деген  ой  айтады.  Пенденің  жасаған  істерінің  негізінде  тағдыр 
жасалып,  жазылады  деген  ой  да  бар.  Жалпы  тағдыр  мәселесі  екіұдай  пікірге  сүйеніп,  екі 
түрлі  талдануда.  Атап  айтар  болсақ,  бірі-  адамның  тағдыры  ол  дүниеге  келмей  жазылып 
қояды  және  өмір  бойында  өзгермейді,  екіншісі-  адамның  тағдыры  оның  өмірде  жасаған 
жақсы  істері  мен  ойларына  байланысты  деген  пікір.  Сонымен,  тағдыр  концептісі  арқылы 
қазақ  мәдениетінде  екі  негізгі  идея  байланыстырылады:  болашақтың  белгісіздігі  және 
адамның өмірінде болып жатқан құбылыстарды бақылаудың мүмкін емес екендігі. 
Қазақтың  ұлттық  танымында  «тағдырға»  қанағаттанудан  гөрі  қанағаттанбаушылығы 
басым  екендігі  байқалады.  Яғни,  «тағдыр»  өмірдің  тұщысынан  гөрі,  ащысынан  қолданыс 
табады.  «Тағдыр»  мен  «өлім»,  «өмір»  концептілері  арасында  белгілі  байланыс  бар  екендігі 
сөзсіз.  Адам  өлімнің  алдында  да  тағдырдың  алдындағыдай  өзінің  дәрменсіз  екенін 
мойындап, өлімді тағдырдың құрамдас бөлігі ретінде қабылдайды. Ал тағдырдың жазуымен 
болған барлық жақсылық пен жамандық жиынтығы өмір деп аталады. Сондықтан «тағдыр» 
концептісін  «өмір»,  «өлім»  концептілерінен  жеке-дара  қарастыруға  болмайды.  Тағдыр  өмір 
мен өлімнің қосындысы, яғни екеуі қосылып біртұтас тағдырға айналады. 
Тілімізде «өлім» ұғымын «өмір» компоненті арқылы білдірілетін фразеологизмдер бар: 
«өмірі  үзілді,  қиылды»  (қыршынынан  қиылды  –  жастай  кетті,  мезгілсіз  өлді).  Бұл  тіркес 
адамның  өмірі  мен  тағдыры  арасындағы  құпия  байланыс  (жіп)  жөніндегі  түсінігімен 
байланысты  қалыптасқан.  Ежелгі  аңыз-түсініктер  бойынша,  адамның  тағдырын  әйел 
құдайлар  жіп  сияқты  (түрінде)  иіріп  отырады,  сағаты  келгенде  олар  бір  жіпті  үзеді  (қиып 
жібереді), сол сәтте адамның өмірі де тоқтайды. Сөйтіп өмір уақыт категориясымен тікелей 
байланысты ұғым болып табылады. 
Б.І.Нұрдаулетова:  «Жыраулар  тілінде  өлім  концептісі  дара  сипатқа  ие.  Ол  өмірмен 
салыстырылмайды. Себебі өлім – жыраулық когницияда өмірдің бітуі, аяқталуы емес, екінші 
өмірдің жалғасуы» [57], – деп тұжырым жасайды. 
Өлім  сөзінің  сипаттамалық  көріністері:  қайтыс  болу,  көз  жұму,  қаза  табу,  дүние  салу, 
шетінеу, бақилық болу, ажалы жету.  
Ажал діни мағынада тұрақты бірнеше сипаттамасымен ерекшеленеді: 
1)  адам  ажалдан  қашып  құтыла  алмайды,  яғни  тумақ  болса,  өлмек  те  бар;    2)  өлу 
дегеніміз  фәни  дүниеден  бақи  дүниеге  сапар,  жалған  дүниені  мәңгілік  өмірге  айырбастау;     
3)  өлім  тағдырыңда  белгіленген,  маңдайына  жазылған  өміріңнен  бір  сәтте  көп  өмір  сүре 
алмайсың; 4) дүниеге жалаңаш келген адам, сол қалпында аттанады, өзіңе бар бұйыратыны 
кебін  ғана;  5)  ажал  адам  жанын  Жебірейіл  алып  кетуі  нәтижесінде  орын  алады,  яғни 
Жебірейіл Алланың адам жанын қайтаруға жіберген елшісі; 6) адам жерден жаралған, жерге 
тәні қайтарылады; 7) жан Алланың аманаты, уақыты жеткенде ол қайтарылып алынады. Бұл 
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өлеңдерінде де кездеседі. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау