91
Мақалада гуманитарлық пәндердегі нақты ғылыми мәселелерді зерттеу барысында
тезаурусты әдісті қолданудың мүмкіндіктері көрсетілген.Көбінесе,бірнеше педагогика
оқулықтардың мәтіндер авторларының тезаурус таладауының қортындысы ретінде
"Педагогиканың басқа ғылымдарымен өзара әрекеттесуі" мәселесі бойынша қолданбалы
салыстырмалы
зерттеу
нәтижелері
келтірілген.
Ғылыми
мәселенің
қортылған
тезаурусының зерттелуі - мәселенің сандық шектеулерін және бірнеше сапалық
сипаттамаларын,сонымен қатар, сипаттамасына әр бір автордың қосқан үлесін бағалауға
мүмкіндік берді.
The article shows the possibilities of using the thesaurus approach to the study of specific
scientific issues considered in the humanities. In particular, in the article there are given the results
of the applied comparative study of the “The connection of pedagogy with other sciences”. The
results were obtained due to the analysis of the thesauruses of several authors of textbooks on
pedagogy.The study of the generalized helps to determine its quantitative boundaries and
qualitative characteristics as well as to evaluate personal contribution of each author.
УДК 81'0
П.Т. Медетбекова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Алматы, Қазақстан
medet_73@mail.ru
МЕН/БЕН/ПЕН, ЖӘНЕ ЖАЛҒАУЛЫҚ ШЫЛАУЛАРЫНЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ
Мақалада қазақ тіл білімінің қолданбалы бағытының бүгінгі таңда қажеттілігі
қарастырылған. Сондай-ақ, мен/бен/пен, және жалғаулық шылауларының функционалды-
семантикалық ерекшелікеріне арналған. Аталған жалғаулық шылауларының ерекшеліктерін
қарастыру барысында қолданбалы лингвистиканың алар орны кеңінен айтылған.
Қолданбалы тіл білімінің тілді зерттеуде қолданылатын әдістері мен олардың
қажеттілігі жайында сөз болады. Жоғарыда атап өткен мәселелерді қарастыруда
квантитативті өлшемдердің маңыздылығы қарастырыла келе, бүгінгі таңда зерттелу
қажеттілігіне баса назар аударылады.
Кілт сөздер: функционалды-семантика, сандық/сапалық өлшемдер, математикалық
статистика, квантитативті, квалитативті әдіс, қолданбалы тіл білімі.
Мен/бен/пен, және жалғаулық шылауларының функционалды-семантикалық табиғатын
тануда тілдік бірліктердің грамматикалық мағыналарының объективті дүниемен және
экстралингвистикалық жағдаймен байланыстыра қарастыру зор маңызға ие. Объективті
шындық алдымен, адам санасында бейнеленіп, одан кейін тіл арқылы жеткізілетінін
ескерсек, мен/бен/пен, және жалғаулық шылауларының квазисиноним ретінде бірінің орын
бірі
ауыстыру
мүмкіндігінің
туған
жағдайында
жарысып
қолданыла
алуы
экстралингвистикалық және тілдік сана тұрғысынан түсіндіріледі. Мысалы, Біздің бұл
мәселеде аса тоқталатынымыз – ар және абырой. Жолдастар, ар мен абыройымызды
сақтап қалайық дегенде алғашқы сөйлем бойынша тілдік санада ар, абырой ұғымдары
92
дистинкциялық сипатта орын алған, яғни олар өзара мәндес ұғымдар, соған қарамастан,
олардың әрқайсының өз алдына дербестігі, өзара ажыратылатын жақтары бар. Осыған
сәйкес әр ұғымның дербестігін, даралығын жүзеге асыру қызметі басым болғандықтан және
жалғаулық шылауы қолданылады, ал екінші жағдайда ар мен абыройдың жеке-жеке ұғымдар
ретіндегі сипаты емес, екеуі тұлғаның бойындағы құлықтық қасиеттері болуына орай бір
парадигмаға топтасып, жақындасуына сәйкес мен жалғаулық шылауының орын алуы заңды.
Сонымен бірге, мен/бен/пен, және жалғаулық шылауының функционалды-семантикалық
табиғатының анықталуында объективті дүние де ат салысады: тышқан мен мысық түрінде
бұл хайуандар бір әрекет үстінде көрінгенде қолданылса, тышқан және мысық түрінде бұл
хайуандардың әр қайсысы жеке-жеке нысан ретінде қарастырылғанда қолданылады.
Семантикамен айналысқан лингвист М.А. Кронгауздың алдында бірінші орынға
мағына дегеніміз не деген сұрақ емес, мағынаны қалай беру, оны жазуды қойып отыр. Міне
сондықтан да лингвистикалық семантикада негізгі проблемалардың бірі метатіл проблемасы
болып есептеледі. Сондай-ақ семантикалық ұғыммен тек лингвистер таныс емес, қарапайым
тіл иелері де таныс екендігін айта кету керек. Сөздікті оқып отырған адам дәл осы
семантикалық ұғыммен кездеседі емес пе, себебі сөздіктегі сөздерді түсіндіру мағынаны
таныстырудың мүмкін себептерінің бірі. Және әрбір тіл иесі оның көзқарасынша қандай да
бір сөздің дұрыс не бұрыс түсіндіріліп жатқандығын бағалай алады (өзіне таныс сөздері
үшін).
М.А. Кронгауз оқулықтарда негізінен зат есімдер (забор, стол, холястяк және т.б.) мен
етістіктердің (арестовывать, касаться және т.б.) түсіндірілетіні қарастырылатындығын
айтып кетеді. Әр түрлі теориялық ұғымдар да ең алдымен осы сөз таптары мысалдарында
түсіндіріледі. Тек сын есімдер мен үстеулердің сипатталуы аздап қозғалады. Жалпы
пайымдаулардан шыға отырып, жоғарыда келтірілгендерден айтарлықтай ерекшеленуі тиіс
шылау сөздерді түсіндіру туралы мүлдем айтылмайды деуге болады [1].
Предлогтар мен шылаулардың бар айырмашылығын бір жағынан және етістіктердің
ерекшелігін, екінші жағынан, түсіндіруде олардың принциптері ортақ болып қала береді.
Мұның барлығы предикатты сөздер, сондықтан сәйкес предикатты сөздерді түсіндіруге тура
келеді, ал түсіндіруге өзгермелі сәйкес семантикалық валенттілікті қосуға тура келеді.
Белгілі бір айырмашылықтары да бар: кейбір сөз типтері үшін жағдаятқа қатысушыларды
емес, жағдаяттың өзін білдіретін өзгермелі жаңа типтер енгізіледі, яғни әңгіме неғұрлым
жоғарырақ тәртіптегі предикаттар жайлы болып тұр. Предлогтар мен шылаулар жағдайында
жеке сөз немесе конструкция түсіндіріліп тұр ма, жоқ па ажыратуға болмайды.
В.З. Санников орыс тіліндегі салалас конструкцияларды түсіндіреді, бұған қоса сөйлем
мүшелерінің де, сөйлемдердің де салаласуы нені сипаттайтындығын айта кетеді, яғни
салалас шылаулардың барлық қолданыстары сипатталады. Осылай жалпы салалас
шылаулардың сипатталуы туралы айтуға болады.
Зерттеу нысаны болып отырған жалғаулық шылаулардың семантикасын саралағанда,
біз олардың сөйлемдегі қызметі негізінде анықтай келіп, оларға грамматикалық мағынаны
телиміз де, объектив дүниемен байланысы жағына тереңдеп бара бермейміз. Осы тұрғыдан
алғанда мына пікірді ескеру маңызды деп ойлаймыз: «Сөз семантикасы туралы сөз болғанда,
ең алдымен, оның лексикалық мағынасы ойымызда болатыны анық. Бірақ бұл лексикалық
мағына сөздің бірден бір мағынасы, басқа мағына болмайды деген сөз емес.
Сөздің мағына құрамында лексикалық мағынамен бірге грамматикалық мағынаның да
болатындығы анық. Бұл екі мағына бір сөздің бойынан табылғанымен, екеуі бір түрлі қызмет
атқармайды.
Лексикалық мағына грамматикалық мағынаға қарағанда жетекші қызмет атқарады да
объектив дүниедегі заттармен, құбылыстармен байланысып жатады. Лексикалық мағына
дербес, басқа сөздердің мағынасына байланыспай-ақ өмір сүретін болса, грамматикалық
мағына лексикалық мағынамен байланыспай өмір сүре алмайды, сөйлем құрамында ғана
анық бой көрсетіп, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады не олардың
байланысуына себепші болып дәнекерлік қызмет атқарады. Сондықтан да сөз мағынасы
Достарыңызбен бөлісу: |