68
This article analyzes the multiple nominations. This phenomenon is described in the material
of different types of modern Russian-language discourse. Multiple nominations may affect how the
relationship nominative of identity (1 referent – 2 or more identity name) and the characterization
of the relationship / predication (1 referent – 2 or more predicate name). In the first case, the
combined category – either synonyms or variations of the word, and the context is usually updated
by the proper linguistic differences of these designations. In the second case involved units have
significantly different structure of their content, respectively, multiple nomination focuses on the
differences in the skill and the interpretation referred to.
УДК 80
Г.Т. Карипжанова, Б.Қ. Жумабекова
С.Торайыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Павлодар, Казақстан
adon70@mail.ru,
beibitnur@mail.ru
М.Ж. КӨПЕЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ТАҒДЫР» КОНЦЕПТІСІ
Мақалада қазақ тіл біліміндегі «тағдыр» концептісі М.Көпеев шығармалары арқылы
сипатталады. Ұлттың өмір мен тағдыр туралы танымы әрбір ұлттық тілдің ішкі
құндылықтарын құрайтын негізгі концептілердің бірі ретінде қарастырылады.
Кілт сөздер: концепт, тілдік таным, концептуалды дүниетаным, гештальт.
«Тағдыр» концептісі-өмірлік мәні бар адамзатқа ортақ концептілердің бірі.
Зерттеушілер ғаламның тілдік моделін тануда ең алдымен ұлттың өмір мен тағдыр туралы
танымына тоқталады. «Тағдыр» концептісін зерттеу жалпы халықтың дүние тану шеңберін
айқындауға негіз болып табылады. Дүние болмысы-адамның өз болмысы. Бұл бірлікті халық
санасында «Тағдыр» деген түсінікпен білдірген. Тағдыр-халықтың концептуалды
дүниетаным әлемін қалыптастыратын сананың маңызды категорияларының бірі. Зерттеуші
В.А.Маслова мынадай пікір айтады: «Судьба управляется космосом. Своя судьба есть у
всего: у людей, вещей, событий, явлений. Судьба – это божественно установленные
сущность и будущность каждой вещи и каждого человека, но это неразумная сущность, в
религиозном сознании – это Бог» [1, с. 207]. Зерттеушілер ғаламның тілдік моделін тануда,
ең алдымен, әр тілдегі ұлттың өмір мен тағдыр туралы танымына тоқталады. Тағдыр танымы
– әрбір ұлттық тілдің ішкі құндылықтарын құрайтын негізгі концептілердің бірі. «Славян
халықтары дүниетанымында «судьба» - құдіреттің өмірді басқарып, бағыттап отырар күші.
Орыс тіліндегі бұл сөздің этимологиясы да осыны айғақтағандай: түбірі – «суд» - «Божий
суд» (құдайдың әмірі) – «чему быть, тому не миновать»; «не судьба».Бұл концептің
семантикалық аясында тағдырды Құдайдың жазмышы хақында түсінетінін көрсететін
«доля», «участь», «суждение» лексемалары бар» [2, 60 б.].
«Тағдыр» сөзіне философиялық сөздігінде мынадай анықтама берілген: «Тағдыр-адам
ғұмырындағы барлық жағдайларды алдын ала пешенісіне жазып қоятын табиғаттан тыс күш
туралы діни мистикалық түсінікті беретін ұғым.Кейін келе тағдырды әлемнің әміршісі
әділетті Хақ тағала түрінде түсіне бастады. Тағдырды жазмыштың ісі ретінде түсіну қазіргі
барлық діндерге тән (фатализм)» [3, 409 б.]. «Фатализм (лат.satalis - қашыпқұтылмайтын) -
антидеалект. дүниетанымдық тұжырымдама, оған сәйкес дүниеде болатын барлық процестер
бостандыққа,
шығармашылыққа
орын
қалдырмайтын
қажеттіліктің
үстемдігіне
бағындырылған. Бастапқыда фатализм мифологияда адамдардың және тіпті құдайлардың
69
мағынасы, мақсаты жоқ тағдырға сөзсіз бағыныштылығы туралы түсінік ретінде дамыды»[3,
450 б.]. Тағдырдың белгісіз әсер ететін бір күш екені жөніндегі ұғым көптеген халықтардың
сөздіктерінде айтылған. Қазақ тіліне «тағдыр» сөзі араб тілінен енген. «Тағдыр» сөзі қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде былай түсіндірілген:
1. Діни: «құдіреттің жазуы, жазмыш» Сүйіп қосылған күйеуім өліп, бақытым күйді,
тағдыр
мені
бір
емес,
аямай
екі
соқты
(С.Омаров,
Күншуақ).
2.
Өмір,
тұрмыс,тіршілік.Бәтеспен екеуіміздің ілгергі күндері тағдырымыз қандай боларына көзім
жетпейді (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). 3. Ауыс. Бір нәрсенің жай-күйі, келешегі, болашағы.
«Тіршілік» газетінің архивымен бірге жоқ болған Сәкен қоңыр дәптерінің де тағдыры бізге
белгісіз (А.Сатаев, Ақын ізі) [4, 530 б. ].
Тағдыр-әркімнің басынан өтетін жақсылық пен жамандық, байлық пен кедейлік, бақ
пен дәулет, қызмет іспетті істерді Алланың алдын ала белгілеп қоюы. Иман шартынан
саналатын қадер мен қаза, сенім негіздерінің алтыншысы немесе ең соңғысы.
Тағдыр Алланың жазуы, яғни бұйрығы деген түсінік қазақ танымында бар. Осыдан
барып Хақ жазуы, жазмыш ұғымы шығады. Бұл қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде былай
беріледі: «Жазу ауыс. діни. Алланың басқа салуы, пенденің тағдырының алдын ала
белгіленуі. Алланың [Құдайдың, тәңірінің, жаратқанның, жасағанның] жазуы. діни.
Тағдырдың, талайдың бұйырғаны, Алланың пендесіне белгілеген тағдыры. Қай күні дәм
таусылса қаза жетер, Алланың жазып қойған жазуы екеу (Шал ақын, Өлеңд.) »[5, 550 б.].
«Жазмыш зат. 1. Діни.филос. Діни наным бойынша, әуелден белгіленіп қойылатын
талай-тағдырдың бұйрығы, тағдыр иесінің жазуы. Мәңгілік күлкі дірілдеп, жайлап қана гүл
атты. Ал одан соң ғазиз жан оқыды өз жазмышын (Қ.Аманжолов, Өлеңд.). Жазмыштан
озмыш [озбас] жоқ. Алланың пендесіне бұйырған алдын ала белгіленген тағдырынан артық-
кем ештеңе болмайды, басқа салғаннан қашып құтыла алмайсың деген мағынада.
«Жазмыштан-озмышозбас» деген сөзді бекер деп айту жарамайды. «Алланың, адам басы,
добы» деген, Қуса да қалай қарай домалайды (А.Байтұрсынов, Шығ.)» [5, 548 б.].
Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде және қазақ тілінің сөздігінде «тағдыр»
сөзінің синонимдік қатарлары: құдірет, бұйрық, жазмыш, жазу, пешене, маңдай, бақ, салым
сияқты сөздердің мағыналарының барлығы бір-біріне жуық екекні көрсетілген. «Пешене
ир.зат. Жазмыш, тағдыр.-Жалғыздың жары құдай, шырағым,-деді ол, Тотыжан туа жалғыз
емес еді, қайтейін, пешенесінде бар екен (Р.Райымқұлов, Жасыл.). Пешенесге бітті [тиді].
Нәсіп болды, бұйырды.- Мұндай келін пешенеге бітсе, арманың не ?-деген Нұрила сөзін
Қаншайым жақтырмай қалды (Ш.Құмарова, Қос шынар). Пешенеге жазған. Маңдайға
жазған, бұйырған. Бір күні олар екіге бөлініп, пешенеге жазғанды өз беттерінше көрмек
болады (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Пешенесінен көрді. Маңдайға жазғанын көрді.Зауал
шағымда менің жан аларым Қаратаз боп келсе, пешенемнен көрермін,- деді Кәлен
(Ә.Нұршайықов, Қан мен тер)» [6, 668 б.].
Парсы тілінен енген пешене (парсы: «пишани») сөзі 1. маңдай; 2. Тағдыр дегенді
білдіреді. Қазақ тіліндегі «пешенесіне/ маңдайына жазылған» сөз тіркесі бағы бар немесе
тағдыры жөнінде айтылады. Осы мәселеге байланысты ғалым Ә.Нұрмағамбетов мынадай
пікір айтады: «Маңдай бастың жоғары жағының алдыңғы бөлігі тілімізде осылай аталады»
[7, 220 б.]. «Халықтық танымда маңдай «бақ» қонар жер болуға тиіс, сондықтан да оны
жабуға болмайды деген түсінік болғанға ұқсайды: «маңдайының ырысы бес елі».Қарама-
қарсы мағынадағы сор (парсы «шур») 1. тұзды; 2. бақытсыздық та маңдайға орналасады деп
түсінген: «маңдайының соры бес елі», «сор маңдай»- бақытсыз дегенді білдіреді » [2, 62 б.].
Сонымен қазақ танымында маңдай бақ пен сор тұрақтайтын жер деген ұғыммен қатар
Алланың жазуы да маңдайға жазылады деп түсінеді. Бұған дәлел «маңдайына жазылғаны
болады» деген сөз.
Ғалым Р.С.Әміренова мақаласында қазақ халқының концептуалды дүниетаным әлемін
қалыптастыратын «тағдыр» концептісінің төмендегідей гештальттерін қарастырады:
1.Тағдыр – тұлға, адамнан күшті, сондықтан да қазақ халқында «Алла», «жаратушы»,
«жоғары ие», «шарасыздық», «амалсыздық», «белгісіз әсер ететін күш», «тағдырға қарсы
Достарыңызбен бөлісу: |