259
және сөздердің мағынасын түсіну үшін керек. Сонымен қатар оқытушы білім алушыларға
мәтіндегі сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс жасауға үйретеді. Бірақ ол кідіріс алғашқы
(сөз бен сөздің арасындағы) кідірістен ұзақ болады. Мәтіндегі мағыналы бөлшектерді
аңғарту үшін, кідірістің атқаратын өзіндік қызметі бар. Сөйлеудің ауызша түрінің тағы бір
ерекшелігі дауыс интонациясына байланысты. Ол ауа толқынының жиілігі мен қозғалысына
(күшіне, жылдамдығы мен баяулауына) байланысты. Дауыс ырғағының құбылуының, яғни
қуану, ренжу, риза болу, наразылық білдіру, қабылдау, растау, нақтылау, сенімсіздік білдіру
және т.б. өзіндік мәні бар. Бұл секілді көзқарасты білдіру мәтінге дауыс арқылы қосылады
да, оның мәнін аша түседі. Сонымен бірге ауызша тілдің ым, бет құбылыс, бас шайқау,
қолмен белгі беру және т.б. өзіндік ерекшеліктері бар. Осылайша сөйлеудің ауызша түрінің
бұл белгілері мәнерлеп оқу арқылы мазмұндау, әңгімелесу, сөйлеу тәжірибесі арқылы
үйретіледі. Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауысты жай ғана құбылту емес, мәтіннің идеялық
мазмұнын саналы меңгеруден туған дыбыс үйлесімі мен мағыналық екпін, дауыстың әсері,
мәтін ырғағы. Бұл жағынан мәнерлеп оқуды мәтін талдау жұмысының сапалық көрсеткіші
деуге болады. Сол себепті білім алушыны туындымен таныстырмай тұрып одан мәнерлеп
оқуды талап ету дұрыс емес. Мәтінді оқытушы алдымен өзі оқиды. Содан соң білім
алушыларға шығарма мазмұнын, идеясын аңғаруға мүмкіндік береді. Кейінірек білім
алушыларға мәнерлеп оқудың сыр-сипаты мен техникасы туралы түсінік беріледі.
«Мәнерлеп оқу – мәтіннің мазмұнын сапалы меңгеруден туған дыбыс үйлесімі мен
мағыналық екпіннің мәнді ырғағы. Ана тілінің дыбыстық ерекшеліктері, дыбыстау
мүшелерінің қызметі, дауыс екпіні, дыбыстың үндесуі мен грамматика заңдылықтары
мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Оқу, сөйлеу техникасы дұрыс
тыныс алуды, дауыстың, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын, тұтас
септелуін қажет етеді. Ол сөйлеу аппаратының (дыбыстау мүшелерінің) шынығуына да
байланысты. Мәнерлеп оқу үшін қажетті шарттарға дауыстың естілуі, үнділігі мен жуан-
жіңішкелігі, әуені, яғни дауыс күші, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оқу қарқынының бірде
жылдам, бірде баяулауы, лебіз жылылығы мен қатаңдығы секілді талаптар кіреді. Оқу
техникасына сөйлемдегі сөздің, сөздегі буынның ашық, айқын оқылуы да жатады. Оны сөз
мақамы (дикция) дейді. Бұл да дыбыстау мүшелерінің ақаусыз қызметіне орай болатын
нәрсе. Сонымен бірге үннің тазалығы дауыс ырғағы – интонациясы деген ұғымға да
байланысты. Интонация экспрессивтік, эмоциялық болуы мүмкін. Интонацияның құрамына:
дауыс екпіні, оның фразалық және логикалық түрлері, дауыс кідірісі (пауза), оның логикалық
және психологиялық түрлері, дауыс мөлшері (темп), яғни сөздердің бірде көтеріңкі, бірде
баяу, бірде жылдам оқылуы, сөз ырғағы (ритм), үннің әуені мен дыбыс саздылығы жатады»
[6, 47]. Мәнерлеп оқуға жаттықтыру жолдары: оқытушының өзі мәнерлеп оқу; шығарманың
мәнін, әсерлілігін, көркемдігін сезіне оқу; әр сөздегі ойдың мәнін түсіну; дауысты құбылтып,
тиісті жағдайда сөздерге рең беріп оқу; БАҚ-ты (радио, теледидар, ғаламтор), сонымен қатар
дыбысталатын техника құралдарын кең пайдалану арқылы; мәнерлеп оқу бойынша
теориялық біліммен қарулану (интонация, екпін, дауыстың өзіндік белгілері: күші,
жоғарылығы, қарқыны, тембрі (құбылуы) және т.б. Ауызша сөйлеу тілінің интонациясы
арқылы тілді үйретудің көмекші құралы мыналар: аудиотаспалар, дисктер, тілді үйрететін
бейнебағдарламалар, компьютерлік технологиялар және т.б.
Интонация дегеніміз – дауыс ритмі (ырғағы), үні, құбылуы. «Кәсіби дауысқа тән негізгі
сапалық белгілер: дауыстың динамикалық диапазоны; дыбыстың тасымалдануы; дауыс
ырғағындағы икемділік, шапшаңдық; дауыстың шарықтауы; дауыстың төзімділігі» [5, 29].
Ауызша тілдің нормасын білім алушыға үйрету және дыбыстарды, сөзді, сөз тіркесін мәтін
оқудан бастап, білім алушы тілін дамытуда оқытушының үнемі үздіксіз атқаратын қызметі
болып табылады. Дауыстағы әрбір екпін, әрбір кідіріс тыңдап отырған білім алушының
қабылдауына әсер етеді. Бір ғана сөздің өзі дауыс ырғағына қарай әр түрлі әсер қалдыруы
мүмкін. «Дауыстың әр діріліне, дыбыстың әр үніне, сұлу сөздің сиқырлылығына ғажап мән
бере біл! Оған қоса өзіңнің табиғилығыңды таныта біл, қазақтың шетсіз де шексіз дариядай
толқын сөзінің нақышын, бай ойнақылығын, қорғасындай салмақтылығын, алмас қылыштай
260
алғырлығын кәдеңе жарат», – дейді [7, 11]. Қазақ тілінде ауызша әдеби сөйлеудің өз
интонациялық көріністері мен белгілері бар және олардың алатын орны ерекше. Мәселен,
солардың кейбіріне тоқталсақ:
«Сұраулы сөйлемдердің сұраулық шылаулары сөйлемнің соңында қолданылғанда,
негізгі тонның көтерілуі де сол шылаулармен байланысты болады. Ал сұраулы есімдіктері
басында тұратын сұраулы сөйлемдердің тоны да жоғары басталып, соңына қарай
бәсеңдейді» [2, 65]. Сұраулық шылаулар арқылы жасалған сөйлемдер мағынасы мен
құрылымына қарай жалпы сұрақ интонемасына жатады. Ал сұрау есімдіктері арқылы
жасалған сөйлемдер арнаулы сұрақ интонемасына жатады. «Сөйлемнің ортасындағы қаратпа
сөздер тар тоналды және шамалы динамикалық диапазондармен, орташа тоналды деңгейде,
баяу қарқынмен айтылады» [2, 74]. Мысалы: Сондықтан, құрметті депутаттар, былтыр я
биыл өткізген өтініштеріңізді қайтесіздер?
«Сөйлемнің соңындағы қаратпа сөздер интонацияның төменгі тоналды деңгейінде
тұрып, тар диапазонмен, жылдам қарқынмен және шамалы интенсивтілікпен ерекшеленеді»
[2, 74]. Сонымен, қазақ тілінің мағына жағынан тиянақты интонемалары хабарлы жай
сөйлемдерде, жақты сөйлемдердің және құрмалас сөйлемдердің соңғы компоненттерінде,
сонымен қатар сөйлемнің соңында орналасатын оқшау және бірыңғай сегменттерде
кездеседі.
Интонация белгілі бір тілде беріліп отырған материалды тұтастай қабылдауға, сондай-
ақ жеке сөздерді, фонемаларды және олардың тіркесін түсінуге үйретеді. Ритм, мелодика,
екпін, мимика, жест – ауызша сөйлеу тілін интонациялық жағынан көркемдеуге
көмектесетін компоненттер. Интонация – ауызша сөйлеу тілінің күрделі құрылымымен
үздіксіз байланыста болатын тілдің таңбалануын көрсетуші құралдардың бірі.
Интонация көп ұлтты мемлекетте мемлекеттік тілдің орнын белгілеуге, мәртебесін
арттыруға психологиялық әсер етудің маңызды құралы ретінде ерекше рөл атқарады.
Республикамыздың барлық аумағында көрсетілетін ресми тележаңалықтар ауызша әдеби
сөйлеу тіліне негізделген хабар болғандықтан, ондағы хабарды жүргізуші дикторлар мен
арнаулы репортаж жасаушы тілшілердің айтқан сөздерінің интонациялық ерекшеліктеріне
егжей-тегжейлі тоқталу қазақ тілінің интонациялық ерекшеліктерін тиімді меңгеруге
қатысты мәселелерді жан-жақты зерттеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар еліміздегі
«Хабар» телеарнасынан берілетін қорытынды жаңалықтардың спутниктік байланыс арқылы
шет елдерде көрсетілетінін ескерсек, онда ауызша сөйлеу тілінің интонациялық
ерекшеліктерін түбегейлі қарастырудың маңызы зор екені түсінікті болып отыр. Өйткені
өзіне таныс емес тілдегі сөзді түсінбегенмен, оның интонемасын аңғарған адам сол тілдің
интонациясының, әуенінің ерекшеліктерін байқай алады, сол арқылы тілдің әдемілігіне баға
береді. «Үннің құлаққа жағымдылығы, музыкалығы да қатты әсер етеді. Үн (дыбыс)
гармониясы – адамның жан дүниесі қажет ететін заңдылықтардың бірі» [8, 7].
Сондай-ақ теледидардан берілетін ақпаратты күнделікті көру, радионы тыңдау арқылы
да белгілі бір тілді және сол тілдің интонациялық ерекшелігін үйренуге болады. Бұлар тілді
үйренудің маңызды элементтері болып табылады, дегенмен диктордың, тележүргізушінің
тілі, жалпы алғанда телехабарлар тілі басты рөл атқарады. Хабарды жүргізу барысында
тележүргізуші интонацияны психологиялық әсер ету, түсіну дәрежесіне жеткізу құралы
ретінде қарастырғаны дұрыс. Диктордың дауысы тыңдаушы мен көрерменнің интонацияның
әр түрлі белгілеріне бағдар жасауға міндеттейді, ақпаратты дұрыс түсінуге және көпке дейін
есте сақтауға, сондай-ақ терең меңгеруге мүмкіндік береді, өз ойын дұрыс интонацияланған
түрде жеткізуге көмектеседі.
Үйренушінің көңілі коммуникативтік мәні зор және басқа тілдердікінен ерекшеленетін
интонациялық заңдылықтарға аударылады. Диктордың немесе арнаулы репортаж жасаушы
тележурналистің хабар жүргізу барысында өз тілінде интонацияның белгіленген үлгілерін
үнемі қолдануы көрермен мен тыңдаушының жадысында тиісті бейнелерді, яғни
стереотиптер мен штамптардың өңделуіне әкеледі. Бұлар хабар беріліп отырған тілді
меңгеруге және сол тілге тән интонациямен айтуға көмектеседі. Осы жұмыс түрін
Достарыңызбен бөлісу: |