[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет129/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   164

257 
 
тілінің  ажырамас  бөлігі  ретінде  қарастырған  ғалым  В.А.  Артемов  былай  дейді:  «Ауызша 
сөйлеу  интонациядан  тыс  жүзеге  асырылмайды»  [1,  36].  Ауызша  сөйлеу  тілінде  әр  алуан 
құралдар, нақтырақ айтқанда, интонацияның мынадай акустикалық сыңарлары: дауыс тоны, 
дыбысталу  интенсивтілігі  немесе  күші,  сөйлеу  қарқыны  (темп)  және  дауыс  тембрі 
қолданылады.  
Интонация – ауызша сөйлеу тілінің негізгі құрамдас бөлігі. Дауыс интонациясы ауызша 
сөйлеу  тілін  жазба  тілден  ажыратады,  оны  анағұрлым  мән-мағыналы,  мәнерлі  ете  түседі, 
оған  қайталанбас,  жеке  дара  сипат  дарытады,  жан  бітіреді  және  тыңдаушыларға  әсерін 
арттыра  түседі.  Білім  алушы  жазбаша  тілде  интонацияның  синтаксистік  рөлін  тыныс 
белгілері  арқылы  анықтайды.  Жазуда  шартты  түрде  үтір,  нүкте,  нүктелі  үтір,  қос  нүкте, 
сызықша, сұрақ белгісі, леп  белгісі және сол сияқты басқа да тыныс белгілерімен берілетін 
мағына  ауызша  әдеби  сөйлеу  тілінде  сөйлеушінің  дауыс  интонациясы  арқылы 
жандандырылады  және  оның  логикалық  екпін,  пауза  (кідіріс),  темп  (қарқын),  сөйлеудің 
негізгі  тоны,  мелодика  (әуен),  ритм  (ырғақ),  интенсивтілік,  просодикалық  тембр  тәрізді 
интонациялық  компоненттерінің  көмегімен  құбылып  отырады.  Олар  ауызша  сөйлеу  тілін 
анағұрлым  мәнерлі,  сазды  етіп,  әсемдейді  және  соның  нәтижесінде  тыңдаушылар  мен 
көрермендерге әсер ету күшін үстемелей түседі.  
Интонация  тонының  адамдардың  қарым-қатынас  жасау  қызметінде  үлкен  орын 
алатыны мәлім. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап, ол сөздің қандай сезіммен айтылып 
тұрғанын  білу  қиын  емес.  «Интонацияның  тоны,  ұзақтылығы,  интенсивтілігі,  тембрі  және 
тағы  да  басқа  компоненттерінің  қасиеттері  сөйлемнің  коммуникативтік,  эмоциялық 
мағынасына зор әсер етіп, оны өзгертіп және түрлі реңкке бояп отырады» [2, 57].  
Интонация  мәселесі  оның  коммуникация  кезіндегі  маңызды  рөліне  орай  қызықты  әрі 
өзекті.  Интонация  коммуникацияның  маңызды  факторларының  бірі  болып  табылады. 
Интонацияның  коммуникативтілігі  түсінігінің  астарында  оның  сөйлем  мағынасымен  және 
синтаксистік  құрылымымен  байланысын  көрсету  жатыр.  Бұл  интонацияның  негізгі  қызметі 
болып  табылады.  Аяқталған  ойдың,  яғни  сөйлемнің  коммуникативтік  типін,  нақтырақ 
айтқанда, сөйлемнің лепті, сұраулы, хабарлы түрін, не болмаса оның аяқталған я аяқталмаған 
сипатын анықтау интонация қызметтерінің бірі болып табылады.  
Интонацияның  эмоционалдылығы  түсінігінің  астарында  оның  модальдылықпен 
байланысы жатыр.  Интонация аяқталған ойдың мағыналық және эмоционалдық алуандығын 
ажыратады, сөйлеушінің жағдайын және көңіл-күйін білдіреді, олардың бір-біріне және сөз 
болып  отырған  нәрсеге  қатынасын  көрсетеді.  Тілдік  бірліктердің  эмоциялық  көркемдігі 
жоғары  болған  сайын,  ауызша  сөйлеу  тілінің  интонациялық  ресімделуі  де  соншалықты 
жоғары  болады.  Сондай-ақ  үйренушінің  сөйлеу  қызметі  мен  есте  сақтау  қабілеті  де 
соншалықты нәтижелі болады. Интонациялық бірліктер, интонемалар формасы жағынан да, 
мағынасы  жағынан  да  сипатталады,  себебі  олар  ойды  жеткізу,  білдіру  қызметін  ғана  емес, 
айтылған  ойдың  мазмұндық  жағына  да  әсер  етеді.  Интонация  сөйлемнің  қажетті 
құрылымдық  бөлігі  бола  отырып,  онда  белгілі  бір  семантикалық  қызмет  атқарады.  Тілдік 
интонация сөздің, сөз тіркесі мен сөйлемнің мағыналық мазмұнын көрсетеді. Ол лексикамен 
бірге  қабылданады,  тілдік  белгілер  бойынша  ақпараттың  негізгі  мағынасын  түсінуге 
мүмкіндік береді.  
Дикция  (сөз  мақамы),  дұрыс  демалу,  дауыс,  орфоэпия,  ауызша  сөйлеу  тілінің 
логикалық-интонациялық  заңдылықтары  –  тіл  мәдениеті  қарастыратын  тіл  шеберлігінің 
белгілері.   
Кез келген тілдің интонациясын меңгеру өте күрделі жұмыс болып табылады. Әр тілдің 
интонациялық ерекшелігі өзгеше болады. Л.В. Щерба интонация түсінігінің астарында дауыс 
жоғарылығының өзгерісін, жеке дыбыстардың ұзақтығын және қандайда бір тілдік бірліктің 
дауыс  тембрі  сияқты  жалпы  элементтерді  пайымдайды  [3,  87].  Әрине,  әрбір  тілдің 
интонациялық  бояулары  әр  алуан,  соның  көмегімен  тілдің  мағыналық  қырын  нақтылауға 
болады.  Бұл  қандайда  бір  тілдің  интонациялық  бояуының  көркемделіп,  ресімделуін  дұрыс 
әрі  тиімді  меңгерту  тілді  тәжірибеде  игеруде  маңызды  рөл  атқарады.  Тілді  интонация 


258 
 
арқылы меңгертуді үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде үйренуші қысқа сөйлемдерді 
ауызша айтуға дағдыланады және негізгі ойды ажыратуға үйренеді. Екінші кезеңде тіркестер 
арасындағы  логикалық  байланысты  анықтауға  үйренеді.  Үшінші  кезеңде  ақпаратты  сондай 
интонациямен ауызша жеткізуге машықтанады.  
Жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне жүргізілетін «Қазақ тілі» пәнінен 
негізгі курсты оқытумен бірге сол тілдің интонациялық ерекшеліктерін де қатар меңгертудің 
маңызы  зор  және  оның  тиімді  жолдарын  білу  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізуге  көмектеседі. 
Оқытушының  білім  алушының  жан-дүниесін  баурап,  кәдімгідей  ұйытып  алатын  өзіне  тән 
әдіс-тәсілдері  бар,  соның  бірі  –  үннің  маңыздылығы;  дауыс  ырғағы;  көңіл-күй;  тілдің 
тартымдылығы.  «Интонация  сөзге  рең  береді,  ал  сөздің  дұрыс  құрылуы  интонацияның 
мүмкіндіктеріне жол ашады» [4, 2]. 
ЖОО-ның орыс бөлімі студенттеріне оқытылатын практикалық қазақ тілі сабақтарында 
оқытушы  білім  алушының  сабаққа  ықыласы  мен  қызығушылығын  арттыру  мақсатында, 
мәтін  талдау  жұмысын  көбінесе  туындыны  сәнді  үн,  әсерлі  дауыс  ырғағымен  оқудан 
бастайды. «Дауыстап оқу – бұл таза байланыс жасау, жазбадағы әрекетсіз, әсері аз ойлардың 
жандануы.  Егер  дауыстап  оқуға  ұқыпты  дайындалмаса,  әдетте,  оқып  беруші  берілген  ойды 
және  оның  тілдік  көрнекілігін  толық  игере  алмауы  мүмкін»  [5,  33].  Сөйтіп,  білім  алушы 
көңілін жаңа мәтінге аударады, оның туындыны меңгеру құштарлығын оятады. Сабаққа шын 
ынта  болған  жерде  аудиторияда  тәртіп  те  орнайды.  Сонымен  қатар  білім  алушының  пәнді 
меңгеру құштарлығына қоса оқытушыны құрметтеу сезімі де оянады.  
Қазақ тілінде мәдениетті әрі  сауатты ауызша сөйлеуге үйрету үдерісінің табыстылығы 
көп  жағдайда  қазақ  тілінде  берілетін  материалдың  интонациялық  бояуына  және  сол  тілдің 
интонациялық ерекшеліктерін меңгеріп, жан-жақты пайдалануға байланысты. Оқытушының 
жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып білім алушыларға ұсынатын 
мәтіні  мазмұны  жағынан  қызықты  әрі  танымдық  қызметі  жоғары  болумен  қатар  әдеби  тіл 
нормасына сай тілі тыңдарманға түсінікті болса да, ол мәнерсіз, әлсіз дауыс тонымен берілсе 
немесе  тым  қатты  оқылса,  онда  тыңдарманның  мәтіндегі  ой  желісін  қабылдауы  қиынға 
түседі. Оқытушының сыртқы келбеті мен сөйлеу мәнерінің қаншалықты мәні болса, сабақты 
жүргізу  барысында  оқытушы  мен  білім  алушының  дауыс  интонациясы  да  соншалықты 
маңызды  рөл  атқарады.  Оқытушы  өзінің  сазды,  салиқалы,  салмақты,  жұмсақ  дауыс 
интонациясының  арқасында  студенттер  назарын  бірден  өзіне  аударып,  баурап  алудың 
нәтижесінде  олардың  сеніміне  ие  бола  алады.  Ал  тыңдаушы  қауым  дауысы  жағымды 
адамдардың сөзін тыңдай беруден ешқашан жалықпайды. 
Егер  мәтіннің  интонациясын  өзгертіп,  яғни  қатар  тұрған  сөздердің  ырғақтық 
топтасуын, сонымен байланысты паузасын жылжытса, оның стилистикалық реңкі ғана емес, 
сөздердің  грамматикалық  мағынасы  да  өзгеріп  кетуі  мүмкін.  Сөйлемнің  қай-қайсысы  да 
интонемасыз  сомдала  алмайды,  толық  аяқталып,  коммуникативтік  қызметке  ие  бола 
алмайды,  олардың  әрқайсысының  өзіне  тән  интонациясы  бар.  Сондықтан  ЖОО-ның  орыс 
бөлімі студенттеріне «Қазақ тілі» пәнін оқытуда интонацияға ерекше мән берген жөн.  
Іштей оқу мен дауыстап нақышына келтіріп оқудың тыңдаушыларға әсері мен ықпалы 
бірдей  емес.  Себебі  дауыстап  мәнерлеп  оқығанда  шығарманың  мазмұны  мен  идеясы, 
көркемдік ерекшеліктері қажетті дауыс ырғағы, кідірісі мен интонациясы, тиісті дауыс күші 
мен созылыңқылығы, дауыс әуені мен жылдамдығы арқылы ажарлана түседі. Сөз және оның 
дыбысталу, естілу бейнесі арқылы жанданады. Мәнерлеп оқу дегеніміз –дауыс интонациясы 
арқылы  автордың  ойын  білу;  мазмұндық  ой  екпінін  дұрыс  қоя  білу;  оқығанды  түсініп, 
туындыдағы субъектілердің көңіл-күйін сезіне білу.  
Сыртқы  сөйлеудің  (адамның  ойы  дыбыстау  түрінде  тыңдаушыға  арналады)  оқу 
барысында алатын орны, атқаратын қызметі зор. Сыртқы сөйлеу – адам ойын басқаға жеткізу 
шеберлігінің  айнасы.  Білім  алушының  сөйлеу  тілінің  жетістігі  мен  кейбір  кемшіліктері 
сыртқы сөйлеу арқылы көрінеді.  
Оқу  кезінде  оқытушы  білім  алушыларға  мәтіндегі  әр  сөздің  арасында  болатын  кідіріс 
жасауға үйретеді. Ол аяқталған ойды білдіретін сөйлемдегі сөздердің ара жігін көрсету үшін 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау