203
Александр Сергеевичтің адалдығын айтып жеткізу қиын, оның үстіне ол негізгі
принципінен таймайтын жан. Өзіне ұнамаса бетіне тура айтуды А.С.Пушкиннен үйрену
керек. Көп адамда кездеспейтін мінез онда бар, ең қызықтыратын қылығы, ұлы адам
екендігі, міне осында жатыр» [1,41-42].
Телегей тарихшы, әдебиет, тіл тарихы, оның теориясының аса білгірі С.Талжанов
талғамы жоғары әдебиеттің кірпияз жанды сыншысы да болатын. Оның қаламынан туған
«Адамның жан жүйесін тебіреткен ақын», «Мұхтар аға туралы», «Ілияс аға туралы»,
«Ғабиден аға туралы», «Сапар аға туралы» мақалалары белгілі тұлғалардың әдеби
портреттерін тамаша самдаған, туған әдебиетіміздің келелі мәселелерін кеңінен толғаған ой-
толғамдарға толы болатын.
Ол әдебиеттің теориялық мәселелерінің де жай-жапсарын, оның ұңғыл-шұңғылын да
жетіп білетін сұңғыла дарын болатын. Әсіресе әдеби даму, әдеби байланыс, әдеби әсерлер
жайлы толғамды ойлары теориялық тереңдігімен, зерделілігімен, байыптылығымен тәнтә
етеді. Көркем әдебиеттегі әдеби әсер жайлы айта келіп, оның көршілес әдебиеттен бұрын,
алдымен белгілі бір әдебиеттің ұлы тұлғасының ең алдымен өз әдебиетінің ішіндегі әсеріне
тоқталады. Мысалға орыс әдебиетіндегі Гогольдік суреткерлік әсері салтыков-Щедринге,
Чеховтарға көп әсер еткен. Бұлар Гоголь стиліндегі жазушылар саналады. Ал
Ф.М.Достоевский, И.С.Тургенев сияқты одан стилі бөлекше жазушыларға Гоголь әсері,
ықпалы зор болғандығын, Гогольдің өзіне А.С.Пушкин сатирасы ерекше рух беретіндігін
айтуы оның тұжырым-пайымдауларының биік өресін айқындаса керек. Пушкин мен
Байронның бір-біріне өзара ықпалы да қызықты әңгіменің өзегі іспеттес.
Гогольдің «Шинеліндегі» Акакий Акакиевич Башмашкин мен Достоевскийдің
«Бишараларындағы» Макар Алексеевич Девушкиндерді салыстыра алуы да ортақ типтердің
басындағы жайлар туралы терең толғамнан туған зерделі байлам.
Бұдан кейін қазақ әдебиетіндегі Гоголь әсерін жан-жақты сипаттайды. Қазақ
жазушылары М.Әуезовтің стиліндегі Гоголь, Тургенев, Толстой әсері, Ғ.Мүсірепов
стиліндегі Гоголь, Горький әсері, Бейімбет стиліндегі Чехов, Гоголь әсерлері теориялық
тұрғыдан шынайы талданады.
Көршілес жатқан белгілі бір ұлттық әдебиеттері бір-біріне көркем аударма арқылы да
немесе жай әдеби ауыс-түйіс, мәдени байланыстар арқылы да әсер етеді. Өз-ара әсер дегенде
көркемдік дәстүр эволюциясын да ұмытпағанымыз жөн.
Көркемдік дәстүр эволюциясы көркем өнердегі көркемдік эстетикалық санадан
туындайтын күрделі құбылыстардың қатарынан орын алады. Ол ежелгі әдеби мектептер,
ағымдар, бағыттар мен өзектес жатқан арналы құбылыс. Көркемдік дәстүр дегенде өнердің
жалғасы, оны бойытушы, жаңғыртушы өнердің құбылысы деп қарастырғанымыз жөн.
Дәстүр табиғатын сөз еткенде оны өнердегі көркемдік өз ара әсер категориясымен де
байланыстыра қараған жөн бе деп ойлаймын.
Белгілі эстетика теоретигі Ю.Борев көркемдік өз-ара әсерге ғылыми тұрғыдан келіп
былайша жүйелепті:
Көркемдік өз-ара әсер – 1) аманат, 2)класс, 3) деңгей, 4) тек, 5) характер, 6) тип, 7)
түр[3].
Көркемдік әсер жайындағы аталмыш жайттар нақты шығармалар арқылы алынып,
талданады.
Көркемдік арнасы дәстүрлі этикалық үлгіден бастау алатын қазақ жазушыларының
шығармаларындағы орыстың классикалық әдебиетінің көркемдік өз-ара әсер ықпалы нақты
мысалдар арқылы алынып, қарастырылады.
Мысалға Б.Майлиннің «Шұға» повесі, «Талақ» әңгімесі, А.П.Чеховтың «Қайғы»,
«Мұң» әңгімелерімен, Гогольдің «Өлі жандары» мен «Ревизор», «Талтаңбайдың тәртібі» мен
«Азамат Азаматычымен» Ғ.Мүсірепов пен М.Горькийдің ана туралы әңгімелері, Гогольдің
«Ревизоры», Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы персонаждармен стильдік-әдістік
тұрғыда аналогиялық тәсілмен талданып өз-ара әсер ықпалдық терең тамырластығына
тоқталады. Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке» романындағы мына бір эпизодға назар
204
аудартады: «Әлденеден аса қуанышты жайын жасыра алмай ойнақтап тұрған Сикорский тез
қоштасып, тез шығып кетті. Ұзамай, екі қара көктің Ақбұйрат жолына түсіп алып,
құйындатып жөнелгенін терезден көріп:
- Хлестанов! – деді Ушаков ішінен (452 бетте)
Енедеше, Ғабит Гоголь кейіпкерлерін түгел біледі. Сыртқы атын былай қойғанда, ішкі
маңызын да терең ұғады. Уралдан Рязанов жіберген ақымақ ревизор Сикорвский
Хлестановқа айна-қатесіз дәл келеді. Ушаков та оны жиіркеніп айтып тұр. Ғабит те оған
әдейі айтқызып тұр».
Және сонымен қатар: «Гоголь, Крылов, Сервантес, Шекспирлерді оқығанын автор өзі
тура айтады» - деп қосады [1,57].
Қазақ
жазушыларының
шығармаларындағы
реминисценция,
контоминациялық
сипаттарды да көрсетіп өтеді. Жоғарыда аталып өткен жайттар С.Талжановтың қарымды
қаламгер, шебер аудармашы ғана емес, білім мен білігі мен әдебиеттанушы ғалым екендігін
де айғақтайтын мәселелер.
Сәйділ Талжанов білгір ғалым болуымен қатар қазақ көркем сөзін байытып, жаңа
белеске көтеруші сөз мойталманы, жазушы да еді. 1957 жылы «Сейфолланың Сәкені», 1961
жылы «Қайп қарттың әңгімесі», 1965 жылы «Адам туралы талғау», 1968 жылы «Бидай кегі»
атты прозалық туындыларын жариялады. «Ақкелін» атты романы да болған.
Өз саналы ғұмырын ол көркем аудармаға арнады. Тек аударып қоюмен айналасқан
жоқ. Аударма өнерінің ғылыми негіздері мен теориясын да зерттеген ғалым. Бұл оның
талант қырының ерекшелігі еді. Өз кезеңінің бірегей білгір зияткері, көп қырлы талант иесі
Сәйділ Талжанов қазақ мәдениеті мен руханиятында өшпес терең ізін қалдырған тұлға.
Әдебиеттер тізімі
1.
Талжанов С. Өткен күндер сөйлейді. – М., 1979.
2.
Талжанов С. Кәлилә мен Димнә. – А., 1987. – 7 б.
3.
Борев Юрий. Эстетика. – М., 1975.
4.
Талжанов С. Сейфулланың Сәкені. – А.,1959.
В статье рассматривается творчество писателя и переводчика С.Талжанова.
Анализируется мастерство в художественном переводе трудов А.С.Пушкина, Салтыков-
Щердина, М.Ф.Достоевского, В.Г.Белинского, М.Горького, Н.Добролюбова, М.Шолохова на
казахский язык, также переводы произведении С.Сейфуллина, М.Әуезова, Б.Майлина на
русский язык.
The article discusses the work of the writer and translator S.Talzhanova. We analyze the skill
in the art translations of Pushkin, Saltykov-Scherdin, M.F.Dostoevskogo, V.G. Belinsky, Gorky,
N.Dobrolyubov, М.Sholokhov the Kazakh language, also translated the works of S. Seifullin,
M.Auezov, B.Mailin into Russian.
Достарыңызбен бөлісу: |