219
17 Әуезов М. Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі. Таңдамалы. – Алматы: Қазақ
энциклопедиясы, 1997.
18 Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000 ж.
19 Мөңкеұлы М. Кітапта. Зар заман. Жыр-толғаулар. – Алматы, 1993.
20 Дулат. Замана сазы. – Алматы: Жазушы, 1991. – 160 б.
21 Орманбетұлы Н. Шығармалары. – Қарағанды: Болашақ, 1998. – 356 б.
22 Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. – Алматы: Ғылым, 1993. – 415 б.
23 Қамзабекұлы Д., Омарұлы Б., Шәріп А. Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік. –
Алматы: Арна, 2013ж. – 192 б.
24 Есім Ғарифолла. Адам-зат. Философиялық эсселер мен новеллалар, зерттеулер. –
Астана: Фолиант, 2002. – 312 б.
В статье рассматриваются проблемы "Период (Заман)" и "Время (Уақыт)" в
традиционном казахском культуры и литературы. А также определяются понятий
"Қилы Заман", "Зар заман (трудные времена)", "Тар Заман", "Кер Заман", "Aқыр Заман
(конец света) и тд. Автор объясняет и анализирует понятия «Период» и «Время» на основе
поэзии поэта и рассказчика. В этой статье понятие "Заман" широко объяснено в
сочинениях «Зар Заман акындары».
In kazakh literature definition and the view of notions "Kyly zaman (different times)", "Zar
zaman (hard times)", "Tar zaman (tight times)", "Ker zaman", "Akyr zaman (end of the world)" are
determined in the article named "The image of concepts "Period (Zaman)" and "Time (Uikit)" in
traditional kazakh culture and literature". The author explains and analyzes the concepts "Period"
and "Time" on the basis of poet's and storyteller's poetry. In this article the concept "zaman" is
widely explained in the writings of "Zar zaman" stream's representatives.
ӘОК 821.512.122.
Л. Мұсалы, С. Дәрібайұлы
әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Алматы, Қазақстан
mj_laila@mail.ru
І.ЖАНСҮГІРОВ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ
ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫ
Бұл мақалада қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің орыс
тіліне аударылу ерекшелігі сөз болады. Атап айтқанда, "Гималай", "Ағынды менің
Ақсуым"өлеңдерінің орыс тіліндегі аудармаларына тоқталып, сапасына баға береді.
Түпнұсқа
және
тәржіма
мәтіндерді
қатар
алып,
мазмұндық
тұрғыдан
салыстырмалы талдау жасайды. Жалпы Ілияс ақынның өлеңдерінің орыс тіліне аударылу
тарихына шолу жасап, тәржімашыларды атап кетеді. Ақын өлеңдерін орыс тіліне
аударған белгілі аудармашылардың пікірлерін келтіреді. Осылайша, ақынның көркем
аудармаға деген өз көзқарасын саралайды.
Тірек сөздер: көркем аударма, түпнұсқа, тәржіма мәтін, аударма сапасы
220
Қазақ көркем аудармасы өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар өз алдына өнер түрі ретінде
қалыптасты деп айта аламыз.
Әсіресе орыс тілінен қазақ тіліне аудару ісі жақсы дамып, жүйелі түрде жалғасты.
Шетел, орыс классикалық туындыларын қазақ тіліне аударумен қазақ қаламгерлері
айналысты. Ал керісінше қазақ қаламгерлерінің туындыларының орыс тіліне аударылу
тарихы мен тәжірибесі әлі терең зерттелмей келеді. Ілиясты өзге ұлт тілдерінде таныта білу –
аудармашының міндеті.
Ақынның әлем тілдеріне аударылған әдеби мұрасына баға беріп, ғылыми тұрғыдан
саралау біздің зерттеуіміздің өзекті әрі ғылыми сұранысқа ие тақырыпқа арналғандығын
байқатады. Бұған дейін Ілияс шығармаларының орыс тіліне аударылуы әртүрлі деңгейде
зерттелгенімен, оның ағылшын тілдеріндегі аудармасы салыстырмалы түрде жүйелі, арнайы
зерттелген емес.
Жансүгіровтің шығармашылық мұрасын тұтастай алғанда да, жеке бір туындысын
бөліп алып қарағанда да мазмұн мен мағынаның, мәннің байлығы мен тереңдігі ерекше
байқалады. Олардың әрқайсысын тану, қабылдау оңай емес.
Сондықтан да аударма теориясындағы қабылдау, түсіну, пайымдау, бағалаулар
мәтіндегі мәнді танудың бірден бір кепілі болғандықтан, негізгі мәнді танымай тұрып оны
нақтылау, айқындау және интерпретациялау мүмкін еместігіне көз жеткіземіз.
Біз
бұл
шағын
мақаламызда
қазақтың
біртуар
ақыны
І.Жансүгіровтің
шығармаларының орыс тіліне аударылуы жөнінде сөз етпекпіз. Қазақ поэзиясын, әсіресе
үздік өлеңдерді өзге тілде сөйлетіп, әлемге таныту, насихаттау, әрі бұл ол өлеңдердің
аударылу сапасын зерттеу тұрғысынан алғанда болашақта мұндай ізденістердің өзектілігі
даусыз.
Жалпы қазақ әдебиеті туындыларының орыс тіліне аударылуы жайлы айтар болсақ,
саны бар болғанмен, сапасы көңілден шыға бермейтіні жасырын емес.
Қазақтың қаламгер аудармашыларының орасан зор еңбегімен орыс, батыс классикалық
әдебиетінің көптеген шығармалары қазақ тілінде сөйледі, ал қазақ жазушылары
туындыларының орыс тіліне аударылуы онша қарқынды болмады, әрі керемет сапалы болып
шықпады деуге болады.
Бұл салада көбіне науқаншылдық басым болды, тапсырыспен, қысқа мерзім ішінде, әрі
ақылы түрде орындалғандықтан, көбіне көп ұлттық колорит әлсіреп, кейде тіпті өрескел
қателіктерге жол берілді. Қазақ ақын-жазушыларының орыс тілінен аударылған романдары
мен повестері, әңгімелері мен өлеңдері, поэмалалары жыл сайын ондаған баспа табақ
көлемінде онмыңдаған тиражбен шығып жатады.
Қазақ әдебиетінің таңдаулы үлгілерінің өзінің аударылу сапасы жоғары деуге келмейді.
Шындығында, күні бүгінге дейін Абай поэзиясы, Әуезов прозасының өзі орыс тілінде өзінің
бар сапасында көріне алмай отыр. Бұл сөзді өз шығармалалары мен туған әдебиетінің
өркендеуіне атсалысып жүрген жазушылардың бір талайы жөнінде-ақ айтуға болар еді.
Сапасыз аудармалардың тууының, жақсы деген кейбір аудармалардың өзінің түпнұсқадан
көп төмен жатуының сыры неде?
Аудармашы әрі аударматанушы қаламгер Г.Бельгер осы құбылыс туралы өзінің
“Аударма жауапкершілігі” деген мақаласында былай дейді: «Қазақ әдебиеті үлгілерін орыс
тіліне аударудағы ең басты кемістік - түпнұсқаның жайдақталып кетуінде. Аудармашы
шығарма авторының ойын түсінбеуі мүмкін, сол шығарма жазылып отырған тілді білмеуі, не
шалағай білуі мүмкін, тіпті болмаса өз ісіне салдыр-салақ қарауы да мүмкін.
Осының нәтижесінде мақтаулы тәуір деп жүрген шығармаларымыздың өзі
сұрғылт,ортақол туынды болып шыға келеді.
Жайдақтап аударушы қашан да өз ісіне жауапсыз қарайды, түпнұсқаның бар көркін
сақтауға тырыспайды, ”бас қатырып” қиналып жатпай жекелеген үзінділердің жалпы
мағынасын ғана сақтап, өз қалауынша төтелеп тарта береді. Кейде тіпті аудармашының
түпнұсқаға сай сапалы тәржіма жасауға қабілеті жетпеуі мумкін. Бұл әдіс ең алдымен тілі
нәрлі, өзіндік қолтаңбасы бар көрнекті жазушылардың шығармаларының жұты» [1,4].
Достарыңызбен бөлісу: |