199
Көзде жас!
Сүттей ай
Терең сай:
Бұлбұл,
Гүл –гүл
Екі жан
Ыстық қан.
Жан ессіз,
От сүйіс
Орман
Тынған.
Белдер –
Гүлдер.
Күбір,
Сыбыр.
Тұман –
Таң-таң [7,85].
«Біраз Фетше» аталатын бұл өлеңінің мазмұнында Абай кестелеген махаббат елесінің
жаңара бедерленетіні байқаймыз. Мағжан дәстүр сілемінен аулақтаудың бір амалы ретінде
үш буынды ырғақ жүйесін тәжірибе түрінде пайдаланған. Ессіз сүйіспеншілік, кернеуі мол
асқақ, тап-таза сезім пернесі аө сөзбен көп ұқтыратын жағдай сипатына сәйкес тым келте,
бірақ мағынасы кең жолдар арқылы өрнектелген.Әрине, тұтас өлең бітімін дауыс
құбылыстарына, ой қозғалысына қарай бөлшектеуге де болар еді. Бірақ ақын суреттейтін
көрініс – жекенің жымдасқан жиынтығы. Негізінен егіз ұйқас нысанындағы өлшем кейде
шұбыртпалы ұйқасқа ұласа жаздайды. Сөз үндестігінде мін жоқ. Қоршаған орта –обьект,
субекть –ғашықтар, психологиялық кезеңнің түрлі сәттері, табиғаттың өзгерісі, қимыл, сезім,
бәрі-бәрі атау сөйлемді тармақтардағы нышан-таңбаны қабылдау шағында қиял арқылы
толықтыру әрекетімен бірге әсем өмір сәнін тәкаппар айшықтаған. Әр бөлігі он екі тармақтан
тұратын, кезекті ұйқастың жалқы түрін құлпырта жаңғыртатын, өзі жеке тың ұйқас аталуға
лайық құрылым жасайтын «Еділдің сағасында» туындыларынан жеті буынды көне түркі
өлең формасына Мағжан ақын тұлпар тыныс ашып бергенін көруге болады.
Мағжан поэзиясының жанрлық ерекшеліктері Шығыс поэзиясымен сарындас,
үндес, идеялас, тіпті түр жағынан да ұқсас болып келеді. Бұл шығармаларды танып білу
арқылы біз бүгінгі қазақ әдебиетіндегі поэзия жанрының өмірге келу жолдарын, қазіргі қазақ
тілінің даму сатыларын, халқымыздың өткендегі әдет-ғұрпын, салт-санасын тереңірек
ұғынатын боламыз.
Халық эстетикалық көркемдік ойлау деңгейіне сәйкес Шығыс әдебиеті ықпалдарын
бойына сіңіре дамыған ақындар шығармалары, жыршылар өнері арқылыұрпақтардың
санасына сіңірген. Қазақ әдебиеті туындыларының әлемдік озық көркемдік дәстүрлерді
осылайша бойына сіңіре танылуы, даму халықтар арасындағы рухани жақындықтың мәңгілік
мызғымастығын айқындайды.
Әдебиеттер тізімі:
1 Бартолдь В.В. Тюрки: Двенадцать лекций по истории турецких народов. Средней
Азии. – Алматы: Жалын, 1993. - 192
2 Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1996. -240 б.
3 Бердібаев Р. Гүлістанның бұлбұлдары. – Алматы: Жазушы, 1970. - 240 б.
4 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Атамұра, 2005. -275 б.
5 Әуезов және Алаш. – Алматы: Санат, 1997. – 247 б.
6 Оғыз-наме. Мұхаббат-наме/Құраст.: Ә.Дербісалин, М.Жармұхамедов, Ө.Күмісбаев. –
Алматы: Ғылым, 1986. – 207 б.
7 Жұмабаев М. Сүй, жан сәулем. – Алматы: Атамұра, 2002. – 253 б.
200
Статья посвящена жанровым особенностям поэзии Востока и проблеме традиций и
новоторства в поэзии М.Жумабаева. Произведения поэта рассмартиваются в контексте
восточной
литературы.
Выявляется
художественно-поэтический
мир
поэзии
М.Жумабаева, а также анализируются типологические признаки и теория жанров
(маснауи, газал, муфрад). Наряду с этим, рассматривается композиционное построение
стихов поэта, содержательно-формовые, стилевые, жанровые поиски в поэзии
М.Жумабаева. В статье определяются проблемы традиций и новаторства, влияние
восточной литературы на поэзию поэта, как одно из наиболее важных вопросов,
определяющих характерные черты стиля М.Жумабаева.
The article is devoted problemme tradition and innovation in poetry of the M.Zhumabayev. In
the context of oriental literature. Revealed poetical world of poetry of the M.Zhumabayev and
typological features are analyzed and the theory of genres (masnaui, gaza,mufrad).At the same
time, examines the compositional structure of the poet, content– shaped, stayle,genre searches
poetry of the M.Zhumabayev. The paper defines the problem of tradition and mutual eastern
literature poetry.
ӘОК 801.81 (5Қ)
С.Н. Жәмбек, Ж. Қадыров
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Көкшетау, Қазақстан
www.s_jambek@mail.ru
С.ТАЛЖАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛЕСТЕРІ
Мақалада С.Талжановтың шығармашылық белестері қарастырылады. Қазақ
әдебиетінде үлкен орны бар, аударма өнерін өрелі белестерге көтерген, көркем аударманың
да хас шебері болған жазушының аудармашылық қыры назарға алынады. А.С.Пушкин,
Салтыков-Щердин,
М.Ф.Достоевский,
В.Г.Белинский,
М.Горький,
Н.Добролюбов,
М.Шолохов шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті. Ал М.Әуезов, Б.Майлин, С.Сейфуллин
шығармаларын орыс тіліне тәржімалаудағы шеберлігі жан-жақты талданады.
Кілт сөздер: аударматану, стиль, көркемдік дәстүр, көркемдік эстетика
Қазақ көркем сөзінің тарихына бажайлап, көз жүгіртсек кейінгілер басшылыққа алар
зерделі ойы мен парасат-пайымы, көркемдік тұғыры? Жазғандары оқырмандарын сүйініске
бөлейтін толғамды еңбектері бар біртуар таланттардан кенде еместігімізді пайымдаймыз.
Осындай қазақ көркем сөзінің қадыр-қасиетін бір кісідей асқақтатуға елеулі үлесін қосқан
саңлақ таланттарымыздың бірі – төл әдебиетімізде өзіндік өрнегі бар танымал қаламгер, ірі
ғалым, белгілі аудармашы Сәйділ Омарұлы Талжанов.
Замандастары, өскен ортасы жазушы Сәйділ Талжановты абзал адам, терең ғалым,
білгір аудармашы деп білді. Артық – кемі жоқ әділ баға. Ол – қазақ мәдениетінің аса
көрнекті қайраткері болды. Әдебиет пен өнердің заманайы мәселелерін әлемдік өркениет
биігінен, озық парадигма тұрғысынан танып-бағалаған, жаңаша пайым, зерде көзімен
талдап-таразылаған концептуалдық тұлға. Ол сонысыменде ерекшеленеді.
Тағдыр ауырда да азапты құмырды бұйыртқан жазушы оған мойымайтын өр рухтың
иесі еді. Зобылаң тағдырдың дегеніне көнбей қайсар мінез танытып, қажырлы қайратпен
Достарыңызбен бөлісу: |