195
байланыстырған сауда - экономикалық қатынастардың үздіксіз жүргендігі; екіншісі – бүкіл
араб, парсы, түркі халықтары мемлекеттеріне кеңінен тараған ислам дінінің ықпалды әсері.
Қазіргі Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қазақстан Республикаларының өзара шектес жатқан
алқаптарын арабтар Мауренахр деп атап, бұл мекеннің араб, парсы, үнді елдерімен
Қытайдың құрамына енгізілген Шығыс Түркістан өлкесімен материалдық және рухани
мәдениет арналары бойынша ықпалдастық байланыстары ешқашан үзілген емес. Аса қуатты
ықпалмен дамығаны – рухани мәдениет саласы. Бұл орайда аталған Шығыс халықтарының
сөз өнері шығармаларының өзара араласуына, сіңісуіне бағдарлы ықпал жасаған рухани арна
көзі – ислам діні.
VIII-XX ғ.ғ. арасындағы Шығыс халықтары әдебиеттерінің тақырыптық, идеялық-
композициялық, жанрлық, стильдік жақтарынан өзара араласуы, осы ислам дінінің
географиялық таралу кеңістігінің әсерінен болғандығы анық. Шығыстанушы, академик
В.В.Бартолдьт (1869-1930) исламның әр түрлі халықтарды қамтыған таралу қуатын тарихи
таным тілмен бағалануы. «...ислам теперь является единственный в ностоящем смысле слова
мировой религией, т.е. религией, распростространениие которой не ограничивается
народами. Одного происхождения или одного культурного мира» [1.55].
Араб-парсы поэзиясындағы өзара ұштаса тұтасқан жанрлардың қатарында мәснәуи,
рубаи, қаилда, ғазал, қосбәйіт, қытажанрларындағы шығармалар өзара үндескен жымдасқан
қалпымен осы екі халық ақындарына ортақ болып жырланды. Әрине аталған жанрлардың
кейбірін араб, ал басқалары парсы поэзиясында көбірек қолданды. Шығыс тарихшы ғалым
О.Күмісбаев «Араб поэтикасы» атты мақаласында арабтың классикалық әдебиеттеріндегі
жанрлардың қазақ поэзиясындағы белгілі бір түрлерге жақындық үндестігін атайды: «Бұл
жанрлардың тілінен қазақтың халық поэзиясына жақын келетіндері де бар Мысалы, ғазалы –
ғашықтық жырларға, мадх– мадақтап сыпаттауға, тардлиат– аңшылық туралы өлеңдерге,
фарх – өзін-өзі мақтауға, хиджа – күлкі сықақ,риса – жоқтауға жақын келеді» [2. 33].
Шығыстың классикалық мұраларында араб сөз өнеріне жалғаса дамыған үлкен бір
саласы – парсы әдебиеті. Ислам дінінің таралуы ықпалын мол сіңірген парсы мәдениеті
арабтың тілін, әдеби-фольклорлық ықпалдарын бойына сіңіре дамыды. Араб поэзиясымен
ортақтастық жағдайында дамығанмәснәуи, рубаи, қаилда, ғазал, қосбәйіт, қыта
жәнеэпикалық дастан жанры да классикалық дәстүрлерді берік қалыптастырды. Профессор
Р.Бердібаев парсы сөз өнері тағылымының әлемдік және ұлттық ұлағатын атап көрсетеді:
«Шығыстың көне даңқты әдебиеттерінің ішінде тәжіктің классикалық әдебиетінің алатын
орны ерекше. Парсы тілінде сөз маржанын тізген, атағы әлемге рухани қазынасы болып
табылады. Аржағы Рудакиден басталып, Фирдоуси Омар, Сағди, Хафиз, Жәмилермен
жалғасатын ғажайып көркемдік әлем мұрагері бола білген халықтың қалай мақтаныш етуге
де хақы бар... Бұлардың жырлары ел мен елді, нәсіл мен нәсілді, адам мен адамды рухани,
эстетикалық бірлестікке тәрбиелейтін көркемдік елшілігі қызметі де атқарған» [3.60-61].
Шынында да парсы әдебиетінің классикалық мұралары әлемдік сөз өнері дамуына елеулі
ықпал жасады.
Классикалық жанрлар – әлем әдебиеттерінің ілгері өрлей дамитын дәстүрлерінің
мәңгілік арқа сүйейтін, табан тәрейтін іргетасы. Сөз арқауындағы әдебиеттің классикалық
жанрлары (лирикалық және эпикалық) ислам діні көзқарастарын басшылыққа ала отырып
дамығаны – тарихтың шынайы шығады.
Шығыстың классикалық әдебиетіндегі лирикалық және эпикалық жанрлар жүйесін
әңгімелегенде «дидактикалық әдебиет», «дидактикалық поэзия» атауларын да қолданамыз.
Профессор С.Негимов дидактикалық поэзияның сипатына кең анықтамалық сипаттама
береді: «Дидактикалық мазмұндағы туындыларда халықтық философия, педагогика, мораль,
этика мәселелері гуманистік сарындар баяндалады. Халықтың көркемдік және эстетикалық
түсініктері, сан замандар мен ғасырлар бойы жинақталған білік, ақыл, тәжірибе, әдет-ғұрып,
тұрмыс-салттары жарқын дәстүрлер әңгімеленеді» [4,81]. Демек, Шығыстың классикалық
әдебиетіндегі поэзиялық жанрлар дидактикалық мазмұнмен жырланды. Осындай игі
дәстүрлермен қаруланған қазақ ақындары Шығыстық дәстүрдегі лирикалық және эпикалық
196
шығармаларын халықтың қабылдау көзқарастарына сәйкес жырлай білді. Халықтың
эстетикалық көркемдік ойлау деңгейіне сәйкес Шығыс әдебиеті ықпалдарын бойына сіңіре
дамыған ақындар, шығармалары жыршылар өнері арқылы ұрпақтардың, санасына сіңген.
Қазақ әдебиеті туындыларының әлемдік озық көркемдік дәстүрлерді осылайша бойына
сіңіре танылуы, дамуы халықтар арасындағы рухани жақындықтың мәңгілік мызғымастығын
айқындай түсетін ерекшелік.
Алтын Орда дәуіріндегі жазушылар да әулие –пайғамбар жайында емес, қыз бен
жігіттің мөлдір таза махаббаты арқылы, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, білімділікті,
еңбек сүйгіштікті дастандарға негізгі тірек етіп алды. Жалпы, дастандардағы аңыз сюжетке
қарай отырып, жазушылардың өзі өмір сүріп отырған дәуірдің көптеген көкейкесті
міселелеірн көруге болады. Шығыс поэзиясының ең таңдаулы үлгілерін көркем аударма
жасаудың кеңінен тараған кезінде өзіндік бірнеше түрлі дәстүрі, әдісі болған. Мәселен,
назирагөйлік әдісінде өзінен бұрынғы ақын жазған сюжетті, образды, тақырыпты, бетке
ұстай отырып, аудармашы идеясы мен мазмұны, көркемдігі мен формасы жағынан мүлдем
жаңа шығарма жазып шыққан. Ал көркем аударма әдісі бұдан өзгешелеу болып келеді.
Мұндай әдісті қолданғанда аудармашы – ақын өз жанынан азды-көпті өзгерістер, жеке
эпизод, ой-пікірлер енгізуі мүмкін болған. Дегенмен, түпнұсқаның жанры мен негізгі
ерекшеліктері сақталып отырған .
Поэзия адамзатта сұлулық туралы ұғым пайда болғаннан бастап туа бастаған болар деп
жорамалдауға болады. Сол поэзияның алғашқы саби дәуірінен бермен қарай толассыз
жырлап келе жатқан сұлулық болса, сұлу қыз – онымен ежелден бірге жасасып келе жатқан
өзекті тақырыптардың бірі. Сұлу қызды аспандағы ай мен күнге, жұлдызға теңеу қазақ
поэзиясының қай дәуіріне де ортақ сипат. Мұнв жалпы Шығыс әдебиетіне тән ерекшелік деп
қарағанның өзінде М.Жұмабаев пен орта ғасыр поэзиясының арасындағы жақындықтың
төркіні бір өреде екендігі көрінеді. Қазақ поэзиясында лирикалық сыршылдықтың шыңына
лайық, поэмаларында суреткерлік пен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын өлең өлкесінде
өшпес мұра қалдырған ұлы ақын – Мағжан Жұмабаев.
Мағжан поэзиясының тіл кестесі, лирикасындағы нәзік сезім мен терең ой тоғысы
ерекше ілтипатқа бөленген ақын. «Мағжан бала күнінен халық фольклорын, ауыз әдебиетін,
елдің дарынды сөзін бойына сіңіріп өсумен қатар, қаршадай күнінен арабша, орысша хат
танып, артынан оқу орындарын аяқтап,сүйегіне біткен сұңғыла, зерек, қиялщыл қасиеттеріне
орай, Шығыс пен Батыстың поэзиясын терең біліп, көңілге тоқып, жүрекке ұялатып, бойына
сіңіру арқасында таза, талғамы биік парасат, үздік көркемдік нысаналарға тіпті ерте жеткен»
[5,96] деген әдебиетші ғалым Р.Нұрғали пікірі де түсері хақ. Мағжан поэзиясының
тақырыбы әр алуан. Мағжан Жұмабаев шығармаларының эмоционалды-экспресивтік
әсерлілігін одан әрі еселендіре түсу үшін сипаттау, көріктеу, айшықтау, түйдектеу тәрізді
әдіс-тәсілдерді шебер қолданады. Өлеңдерінде Алаш, күн, от, ой, у, дерт, жел, өмір, өлім,
жан тағы басқа сөз-символдар жиі кездеседі. «От» сөзі символикалық мәнге ие. Ежелгі түрік
жұртының киелі тотемі саналатын «от» ұғымы Мағжанның «От» деп аталатын өлеңінде
негізгі ойды білдіріп, өзінің ішкі болмысын, рухын танытқандай. Ақын поэтикасының басқа
да компоненттері сияқты өлең құрылысының да өзінен бұрынғы поэтикалық формалық
дәстүрмен ұқсас және ұқсас емес, яғни мирасқорлық және жаңашылдық жақтары бар.
М.Жұмабаев пен орта ғасырдан басталатын қазақ поэзиясы үлгілерінің көбіне-көп жеке
адамдарға арнау түрінде туған ортақ қасиетімен қатар, стильдік жағынан, яки ішкі жанрлық
ерекшеліктері тарапынан өзара айырмалары да жоқ емес. Бұл айырмашылық, әрине, олардың
түпкі төркіні бірлігін теріске шығармайды және табиғи түрде туған өзгешелік. Мәселе мұнда
аталған екі топ туындының бірі жазба әдебиет туындысы ретінде туып, екінші бөлігінің
ауызша туып, ғасырлар бойы ауызша сақталуында. Орта ғасыр поэзиясы бірден өз тұсында
«наме» түрінде жазылып, сондағы барша ерекшеліктерін бірден өз бойына сақтап қалса,
Асан қайғыдан басталатын ақындық жолдар кейінгі дәуірлердің неше түрлі өңдеу-
жөндеулерінен, қосымшаларынан өтіп, біздің заманымызға жеке үздіктер дәрежесінде ғана
жетті, сондықтан олардың тілінде, мазмұнында да өз дәуірінің іздері мейлінше аз сақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |